Қазақстан тарихы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет32/98
Дата25.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#127340
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   98
Байланысты:
file185

Моғолстан.
ХІV ғасырдың ортасында Шағатай ҧлысының 
ыдырауына байланысты Оңтҥстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан 
жерінде жаңа кҿшпелі мемлекет пайда болды. Моғолстан деп аталған 
бҧл жаңа мемлекеттің аумағы Мҧхаммед Хайдардың «Тарих-и-Рашиди» 
шығармасы бойынша шығысында Ертіс ҿзенінен солтҥстігінде Балқаш, 
Қараталға, батысында Тҥркістан, Ташкентке дейін, ал оңтҥстігінде 
Ферғана, Қашқар, Ақсумен шектеседі. Жетісудағы ең қуатты тҥрік 
тайпаларының бірі болып саналатын дулат тайпасы кҿсемдерінің 
қолдауымен 1348 жылы Шағатай ҧрпағы 18 жастағы Тоғылық Темір 
Моғолстанның алғашқы ханы болып сайланады. Дулат тайпаларының 
кҿсемі Поладшы ҿздерінің ықпалындағы адамды хан тағына тағайындай 
отырып, дулат ақсҥйектерінің ел ішіндегі ықпалын кҥшейтуге 
ҧмтылумен қатар ҿз иеліктерін Ферғана мен Мауераннахр тарапынан 
болатын шапқыншылықтан қорғауға жҽне кҿрші елдердің ісіне 
араласуға да тырысты. Мемлекеттің саяси орталығы Алмалық қаласы 
болды. 
Ноғай Ордасы.
ХІV ғасырдың аяғы мен ХV ғасырдың басында 
Алтын Орданың ыдырауы мен Ақ Орданың ҽлсіреуі кезінде осы 
мемлекеттің бҿлшектенген қалдықтарының орнында пайда болған ірі 


51 
мемлекеттік қҧрылымдарының бірі Ноғай Ордасы болды. «Ноғай 
Ордасы» деген ҧғым осы иеліктің алғашқы билеушісі Ноғайдың 
есімімен байланыстырылады. Ноғайлықтар ҿздерін маңғыттар, ал ҿз 
ҧлысын «Маңғыт жҧрты» деп атаған. Ноғай Ордасының жеке мемлекет 
ретінде бҿлініп шығуы Едіге ханның тҧсында кҥшейіп, оның баласы 
Нҧрадиннің тҧсында мемлекет ретіндегі қалыптасуы аяқталды. Ноғай 
Ордасының негізгі аумағына Еділ мен Жайық ҿзендері арасындағы 
жерлер кірді. Астанасы Еділдің тҿменгі ағысындағы , кейінен Жайық 
бойындағы Сарайшықта орналасты. Ноғай Ордасының этникалық 
қҧрамы негізінен тҥрік жҽне тҥріктенген моңғол тайпалары мен 
руларынан қҧралды. Маңғыттармен бірге Ноғай Ордасында қыпшақ, 
найман, қоңырат, арғын, алшын, қаңлы, ҥйсін, тама жҽне т.б. тайпалар 
кірді. Ноғай Ордасына кірген тайпалар қазақ халқының қалыптасуына 
тікелей қатысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет