53
Қазақ хандығының пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісу
мен Тҥркістанның кең-байтақ аумағындағы ҽлеуметтік-экономикалық
процестердің заңды қорытындысы болды. Аралас экономикалы, кҿшпелі
мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік, қала шаруашылығы
қалыптасқан ҿлкелердің табиғи интеграциясы негізінде ХІV-ХV ғғ.
тҧтас экономикалық ауданның қҧрылуы аймақтың бҥкіл жерінің бір
саяси қҧрылымға бірігуіне қолайлы жағдай ҽзірледі. Аймақтың кҿшпелі
жҽне
отырықшы халқының экономикалық, мҽдени, қоғамдық-саяси
байланыстарының нығаюы қазақ рулары мен тайпаларының этникалық
жағынан бірігуіне, халықтың ҧзаққа созылған
қалыптасу процесінің іс
жҥзінде аяқталуын себепші болды.
Қазақ хандығы ҿзінің ең жоғарғы қуаттылығына ХVІ ғ. бірінші
ширегінде, ҽсіресе Қасым хан (1511-1523 жж.) тҧсында жетті.
Хандықтың шекарасы Жайық ҿзені алабына дейін кеңейді. Оңтҥстікте
Қасым ханның иеліктері Сайрам уҽлаятын қоса Сырдарияға дейін жетті.
Солтҥстік пен солтҥстік-шығыста Қасымның иеліктері Ҧлытау мен
Балхаш кҿлінен ары аса алысқа созылып жатты. Біршама жетістіктерге
қарамастан, Қасым хан тҧсында Қазақ хандығы толық бір орталыққа
бағынған мемлекет бола алмады. Қасым хан қайтыс болғаннан кейін, 20-
жылдары Жошы ҽулеті сҧлтандарының ҿзара
талас-тартыстары Қазақ
хандығын уақытша ҽлсіретіп тастады.
ХVІ ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысы мен 30-жылдары
біршама ҽлсіреген қазақ хандығының қайтадан бой кҿтеріп, қуатты елге
айналуы Хақназар есімімен байланысты. Хақназар ҿзінің ҽкесі
Қасымның тҧсындағы қазақ хандығының аумағын қалпына келтіруге
тырысады. Ол Ноғай Ордасының Қасым хан тҧсында қазақ елінің
қҧрамында болған жерлерін қайта қосып алады. Бҧл туралы 1557 жылы
Ноғай билеушісі Ысмайл Иван Грозныйға «менің немерелес туыстарым
Жайықтың арғы бетінде қалып қазақ ханына қосылып кетті» деп
хабарлайды. Хақназардың даңқты есімі туралы халық аңызында кҿп
айтылады. Оның тҧсында Қазақ хандығы Қасым хан заманындағы
деңгейіне жетіп, қуатты да кҥшті мемлекетке айналды.
Хандықтың
шекарасы батыста Жайыққа дейін, Солтҥстікте Есіл мен Нҧра
ҿзендеріне дейін созылса, шығыста Балқаш пен Шу ҿзендері жҽне
оңтҥстікте Ташкентке дейін созылды. Хақназарға сонымен бірге
қырғыздар мен башқҧрттардың да бір бҿлігі бағынды.
Хақназардан кейін Қазақ хандығының
тағына сексен жастағы
Шығай отырады. Ол хандықты небҽрі екі-ақ жыл билейді. ХVІ ғасырдың
ІІ-ширегінде, ҽсіресе Тҽуекел ханның тҧсында қазақ хандығы саяси
жағынан Хақназар кезіндегідей ҿрлеу ҥстінде болды. Тҽуекел хан Орта
Азияның сауда орталықтарына жол ашу ісіндегі Хақназар ханның
саясатын жалғастырды. 1583 жылы Сырдариядағы Оңтҥстік Қазақстан
қалалары мен Ташкентті басып алды. 1598 жылы Самарқан мен Бҧхараға
жорық
жасау кезінде жараланып, қайтыс болды.