Қазақстан тарихы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет62/98
Дата25.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#127340
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   98
Байланысты:
file185

Қазақстандағы 
қайта қҧру және Желтоқсан оқиғасы.
Қоғамды реформалауға бағытталған ҽлеуметтік-экономикалық жҽне 
саяси шаралар жҥйесі тарихқа 
қайта құру
деген атпен енді. 1985 
жылдың сҽуір пленумында қоғамды демократиялық бағытта қайта қҧру 
жҿнінде шешім қабылданды. Ол М.С.Горбачевтің СОКП-ның 
басшылығына келуімен тікелей байланысты болды. КСРО-ғы билік 
тізгінін қолына алған Горбачев іле-шала ҽлеуметтік-экономикалық оң 
ҿзгерістер бағытын ҧсынды. Бірақ оның мҧнысы ҿзіне дейінгі 
басшылардың билікке жетісімен ҿздерін іскер де демократияшыл 
реформатор етіп кҿрсеткісі келетін айла-шарғыларының жалғасы еді.
Кеңестік жҥйенің ҧлттар мен халықтардың мҽдениеті мен тарихын 
жҽне ҧлттық сана-сезімін тҧншықтыруға бағытталған ҽрекеттеріне 
қарсы жаңа наразылық пен жаңа кҥш туып келе жатты. Бҧл кҥш 1986 
жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде айқын кҿрінді. Желтоқсан 
оқиғасының басталуына республика басшылығын ауыстыру жҿніндегі 
Мҽскеудің ҽміршілдік ҽрекеті ғана себеп болған жоқ. Жаңа басшылыққа 
республика халқына мҥлдем таныс емес Г.В.Колбиннің келуі жылдар 
бойы жинақталған ашу-ыза мен наразылықтың буырқана сыртқа атылып 
шығуына тҥрткі болды.
1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы ОК-нің У 
пленумы болды. Бҧл жиын небҽрі 18-ақ минутқа созылды. 17 желтоқсан 
кҥні Орталық Комитеттің шешіміне қарсылық білдірген жастардың бір 


92 
тобы алаңға жиналды. Алаңға жиналған жастар Пленум шешімі жҿнінде 
тҥсінік берілуін талап етіп, сол шешіммен ҿздерінің келіспейтіндігін 
білдірді. Саяси наразылықты билікке тҿнген қатер деп есептеген 
республика басшылығы жастар наразылығын тҧрақты армия бҿлімдерін 
қолдана отырып басып-жаншу мҽселесін қойды. Кҥшпен басылған 
Желтоқсан оқиғасының зардаптары да ауыр болды. Толық емес 
мҽліметтер бойынша ішкі істер 
министрлігінің 
деректерінде 
ҧсталғандардың саны 2336, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің 
деректері бойынша 2401 адам болды. Уақытша қамау орындарына, 
арнаулы қабылдау жҽне тергеу изоляторына жеткізіліп, сонымен бірге 
ҧсталып қала сыртына апарып тасталған адамдарды есептегенде 
ҧсталғандардың барлық саны 8,5 мың адам болған. 99 адам сотталып, 
271 адам оқудан, 319 адам жҧмыстан шығарылды, жҥздеген адам партия 
жҽне комсомол қатарынан қуылды. 
«Халықтар достығының 
лабораториясы» аталып келген Қазақстан бір күннің ішінде «қазақ 
ұлтшылдығының ұясы» атанып шыға
келді. 
Мҽскеу мен оның жергілікті жердегі ҿкілі Колбиннің Желтоқсан 
оқиғасынан кейінгі қызметінің басты бағыты қазақ интеллигенциясын 
жаныштауға бағытталды. Бірақ саяси кҥреске ҥлкен серпін берген 
Алматы оқиғасын жҽне оның қорытындыларын тҧншықтыруға 
Орталықтың шамасы келмеді. Желтоқсан оқиғасы бҥкіл кеңестік 
аумақтағы ҧлттық қайта серпілудің басында тҧрды. Бҧған Баку, 
Тбилиси, Сумгаит, Ферғана, Ашхабат, Рига, Вильнюс, Душанбе, Жаңа 
Ҿзен оқиғалары жалғасты. Уақыт ҿте келе бҧл оқиғаға да тарих ҿз 
бағасын бере жатар. Қалай болғанда да Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы 
кеңестік жҥйедегі екі кҥштің: жаңа басталып келе жатқан буыны 
қатпаған жас демократия мен сол кезде ҽлі де ҿз кҥшінде тҧрған 
ҽкімшіл-ҽміршіл жҥйенің алғашқы қақтығысы еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет