Қазақстан тарихы оқулық


XIII ғасырда және XV ғасырдын бірінші жартысындағы



Pdf көрінісі
бет17/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

4.3. XIII ғасырда және XV ғасырдын бірінші жартысындағы
Қазақстаннын экономикасы мен мәдениеті
Қазақстан аумағында орта ғасырлардағы ең қуатты мемле- 
кеттер саналған Алтын Орда және Шағатай Ордасы ның пай да 
болуы бір жағынан сауда-саттық пен қала мәдениетінің 
оркендеуіне эсер етті. Барлық жерде пошта мен жәмшік 
қызметтері енгізілді. Орталық Қазақстан кошпенділерінің жерінен 
Азия мен Еуропаның отырықшы аудандарына әртүрлі мәліметтер 
таситын дипломатиялық және діни миссиялар кедергісіз отіп 
отырды. Отырықшылық пен көшпенділер мәдениеттері шын 
мәнінде бір-бірімен араласып отырды. Қала мен дала арасындағы 
орнатылған тығыз байланыс нәтижесінде қолөнер мен керуен 
саудасы жедел дамыды, экономикалық қуатының артуы арқасында 
Алтын Орда үзақ уақыт бойы омір сүрді.
Қалалықтар мен 
көшпенділердің шаруашылық жүргізу 
тәсілдерінде бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтар болды. 
Бірақта оның өзі кошпенділер қүрған мемлекеттің нығаюына 
оңтайлы жағдай туғызды. Алтынордалық қалалардың салынуы 
мен дамуы билікті бір орталықтан басқаруға үлкен ықпал етті. 
Қала қүрылысы оркендеп, сыртқы сауданың аясы кеңіп, орасан 
үлкен аумақты алып жатқан елде ақша айналымы пайда болды. 
Қалалар елдің әкімшілік орталықтарына айналды, онда атқару. 
басқару және салық мекемелері орналасып, билікті нығайтуға өз 
ықпалын тигізді.
80


Шаруашылықтың негізгі түрі көшпелі мал шаруашылығы 
болды. 
Көшпенді-моңғол 
империясын 
қүруға байланысты 
жүргізілген шаралар малшылардың дәстүрлі жайылымы мен 
қоныс тебуін өзгерте алған жоқ, Шығыс Дешті Қыпшақтың 
тайпалары қыстауға Сырдария бойына, Қаратауға келді. Батыс 
қазақтары тайпаларының қыстағы Еділ сағасында және Каспий 
теңізінің 
солтүстік-шығыс жағалауында және Сырдарияның 
төменгі сағасында орналасты, жазда Еділ мен Жайықтың 
шүрайлы жерлерін бойлай жоғары көтерілді.
XIII- XV ғасі^рларда Қазақстан түрғындарының әлеуметтік 
күрылымы сословиелік-таптық негізде болды. Моңғол шапқын- 
шылығынан кейін олар Қазақстан аумағында өздерінің билеуші 
«ақсүйектерін» қалдырған еді. Елді басқаратын жоғары билік 
Шыңғыс 
әулетінен сайланатын хан жөне шыңғыс үрпағы 
болғанымен хан бола алмайтындардан (сүлтан, оғлан) қүрылды. 
Олар мемлекетті басқаруда ру тайпаларының ақсүйектерін 
қүрайтын әмірлерге, бектерге, билерге, байларға сүйенді. 
Отырықшы және көшпенді халықтардың көпшілігі «қараша» 
«жай халық», «кедейлер» деп аталды.
Мемлекеттердің этникалық қүрамы жиі өзгерісте болды. XIII 
ғасырдағы үлы дүрбелең кезінде бүрынғы қоныстарынан ығысып 
көшкен халықтардың жаңа қоныс мәселесі шешілмеді. Қоғамды 
басқарудағы үлыс жүйесі олардың этникалық жағынан бірігуіне 
жол бермеді. Алтын Орданың бір орталықтан басқарылатын 
билігі күшейген кезде ғана этникалық бірігу процесі жүзеге аса 
бастады. XIII ғасырда 
дала тайпалары жалпылама түрде 
«қыпшақ» деп аталса, XIV ғасырда «ноғайлы», кейін XV ғасырда 
«өзбек-қазақ» деп аталды.
Алтын Орда дәуірінде көшпенділер 
отырықшылық өмір 
сүріп, егін шаруашылығының игілігін көрді. Алтын Орданың 
мәдениеті екі арнаға бөлінгенімен, бір-бірімен өзара үйлесім 
тапты. Демографиялық жағынан бүл мәдениетті Еуразияның 
көшпенділері мен отырықшы халықтары күрады. Соның 
нәтижесінде Сығанақтың, Женттің, Сауранның, Отырардың 
мәдениеті қайта қалпына келтіріліп, өркендеді. Қалаларда қыш 
өндірісі, кірпіш күйдіру, мыстау, қолалау, алтындау, зергерлік, 
әйнек өндіру, сүйек кесу, тас кесу, тоқыма мен кілем тоқу төрізді 
кәсіптер дамыды. XV ғасырдың ортасында сауда-саттық 
қайтадан жолға қойылып, Орта Азияда тауар-ақша қатынасының 
айтарлықтай дамығаны байқалады, оған Отырарда, Түркістанда
81


жэне баска Қазакстанның калаларында кейіннен табылған 
теңгелер дәлел.
Орталык Қазакстандағы Жошы хан (ХІУғ.) 
мазары, 
Тараздағы Дәуіт-бек мазары (XIV ғ.), Орталык Қазакстандағы 
Алаша хан мазары (XIV-XV ғғ.), Түркістандағы 
Қожа Ахмет 
Яссауи мазары (XIV-XV ғғ.), Сығанактағы 
Көк Кесене, 
Отырардағы мешіт ғимараты, монша кұрылыстары (XIV-XV гғ.) 
сол кезеңнің ғажайып сәулет ескерткіштері болып табылады. 
XIII-XV ғғ. рухани өмір кайта жаңғырғанымен, моңғол тілі 
Қазакстанда кең тарала алмады, Мөңке мен Батый хан тұсында 
бүкіл мемлекеттік жэне ресми кұжаттар түркі тілінде жүргізілді. 
Алтын Орда дәуіріндегі жазба әдебиет кыпшак, огыз жэне карлүк 
тілдерінде жүргізілді. XIII-XIV ғғ. Қыпшак тілінде діни- 
дидактикалык сипаттағы біркатар кітаптар мен сөздіктер шыкты. 
Бүл орайда мы на әдебиеттерді ерекше атауға болады: «Кодекс 
куманикус», «Оғызнама», сондай-ак авторлык туындылар, яғни 
Хорезмидің 
«Мухаббат-намасы», Кутбтың «Хұсырау мен 
Шырыны», Сайф Саранның 
«Гүлістан би-түркі», Дүрбектің 
«Жүсіп-Зылихасы», Рабгуздің «Киссас уль-ания» жэне т.б.
XIII-XV ғғ. жазба әдебиетпен бірге көшпенділердің дәстүрлі 
жанры - ауыз эдебиеті катар дамыды. Әсіресе бүл кезенде 
жыршылык дәстүрге ерекше мэн беріліп, Асан кайғы, Қазтуған, 
Доспамбет жэне Шалкиіз жыраулардың жырлары ел арасына 
кеңінен тарады. Мұндай көркемдік дэрежесі жоғары шығарма- 
шылык құбылыс Сыпыра жырау мен Кетбұғыдан басталады. 
Халыктың айтуынша, Кетбүғы Шыңгысханға арналған сазында 
Жошының өліміне байланысты жоктау айткан екен. Токтамыс 
ханның тұстасы болтан Сыпыра жырау Алтын Орда беделі үшін 
белсене күрескен. Жыраулардың есімі халыктың ауыз әдебиеті 
мен біркатар жырлары аркылы казіргі ұрпакка дейін жетіп отыр.
Ауызша айтылып келген эпостык шығармалардың орны 
ерекше. Эпостык жырлар («Едіге», «Қобыланды батыр», «Ер 
Тарғын», «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Ер Сайын») 
Алтын Орданың тарихын, хандардың кызметі мен батырлардың 
сырткы жаулардан елді корғаудағы ерліктерін мадактап, жырга 
косты.
XIV ғасырдың орта кезінде Қазакстан даласында ислам діні 
кеңінен тарады. Қазакстанда исламды насихаттау үшін діни 
суфизм ағымы - яссауи мен накшбанди пайда болды. Қыпшак 
тілінде дін уағыздарына байланысты зерттеу трактаттары
82


жазылды. 1430 жылы Қүранға, оның сүрелеріне түсіндірме 
берілген «Китаб мукаддима» еңбегі жарық көрді. 1421 жылы 
Египетте шыққан «Китаб ад-Дагва» еңбегінде исламның әдет- 
ғүрыптары, шариаттың мінез-қүлық ережелері, діни қүқықтары 
туралы жан-жақты жазылды. Дегенмен көшпелі бүқара халықтың 
санасында дәстүрлі діни нанымдар сақталып қалды. Қорыта 
айтқанда, XII1-XV ғасырлар кезеңі Қазақстан түрғындары үшін 
материалдық жағынан да, рухани мәдениеті жағынан да гүлдену 
дәуірі болды. Түтастай алғанда, бүл кезеңде қазақтардың 
материалдық және рухани мәдениетінің негізі қаланды.
83


Ү ТАРАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет