Қазақстан тарихы оқулық



Pdf көрінісі
бет15/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

салдарынан
аймақтың шаруашылық жүйесі бүзылды. Билік тізгінін үстаған 
Шыңғыс үрпақтары 
арасында шаруашылықты жүргізуге 
қатысты екі көзқарас болды. Біріншісі - моңғолдың бүрынғы 
заманғы ескі дәстүрлерін көкседі. Олар отырықшы омірге, егін 
шаруашылығына, қала салуға қарсы шықты, табиғат байлығын 
көшпенділердің салт-санасына орай пайдалануды жақтады. 
Мүндай көзқарас кезінде Солтүстік Қытайды жаулап алғанда 
анық байқалған еді, көшпенді ақсүйектер 
Шыңғысханнан 
отырықшы халықты түгелімен қырып, жерін жайылымға айнал- 
дыруды талап еткен болатын. XIII ғасырда кошпелі моңғол 
тайпаларының Жетісуға тығыз орналасуы қалалық модениеттің 
жойылуына әкеп соқтырды. Шыңғыс түқымынан шыққан билеу- 
шілердің екінші көзқарасты жақтағандары бағындырылған 
елдерді бір орталықтан басқару мен мүсылмандықты жақтады. 
соған орай мемлекеттік аппарат пен қаржыны нығайтуға күш 
салып, моңғол-түрік көшпенділерінің ақсүйектерін бір орталық- 
тан басқаруға көндірмекші болды. Сондықтан қалалық омірді 
қалпына келтіру, көпестердің сауда жасауы, ондіргіш күштерді 
жинақтау, қазынаға түсетін салықты жолға қою мәселелері қолға 
алынды.
Халықтардың көпшілігі көшпелі мал шаруашылығымен 
айналысты. 
Моңғол-көшпенділер 
империясының 
қүрылуы 
малшылардың дәстүрлі қоныстарын өзгерте алған жоқ, айталық, 
ІІІығыс Дешті-Қыпшақ тайпалары қыстауға Сырдария бойына, 
Қаратау жоталарына көшті. Батыс Қазақстан тайпаларынын 
қыстаулары Еділ сағасында және Каспий теңізінің солтүстік 
жағалауында, Сырдарияның төменгі сағасында орналасты, ал 
жазда Еділ, Жайық, Ембі өзендері бойларымен жоғары өрледі.
Моңғолдар 
Қазақстан 
аумағына 
Шыңғысханның 
Үлы 
жасағын ( ясак, яса) енгізді, олардың дәстүрлі қүқығы қамтылған 
бүл қүжатта халықтың әдет-ғүрпы мен билеушінің омірі туралы 
айтылған. Үлы жасақ екі болімнен түрады: бірінші болімі «Білік» 
-«Шыңғысханның нақыл создері» жинағында, нақты жағдайға 
байланысты айтқан ойлар, ақыл-кеңестер, заңдық шешімдер 
қамтылған. «Білікте» мынадай жолдар бар: «Шыңгысханның
68


басына бақ қонғанда халқы оның бүйрығымен қасына жиналды, 
ол оны қатал жасақ арқылы басқарып отырды. Кім ақылды, іскер 
болса, сол адамды әскердің бектері ( басшылары) етті; кім ширақ 
әрі епті болса, қолына қүрық беріп жылқышы етті, қолынан түк 
келмейтін ақылсыздарға шолақ қамшы беріп мал бақтырды. Сол 
себепті Шыңғысханның бастаған ісі жаңа туған ай секілді, күн 
санап алға басты; Көк, Қүдіреті күшті Қүдай жеңістерге 
бастайды, ал оның жердегі қолдауы игіліктерге, жаз жайлаудағы 
шаттануға, той тойлауға үласады, ал қыстаққа кошу де 
кереметтей қуаныш сыйлайды. Мен Үлы Қүдайдың шапағатына 
бөленгенде 
бүл 
туралы 
ойланып-толғанып, 
оның 
мон- 
мағынасына терең үңілдім, сол себепті де тыныштық, шаттану 
және той тойлау осы күнге дейін жалғасуда. Егер үрпақ өріп, 
өмірден өз орнын тапса, олар осыдан кейін бес жүз, тіпті ондаған 
мың жыл бойы Шыңғысханның мүра етіп қалдырған жасағын 
сақтайды әрі өзгертпейді, ол халықтың бәріне қажет, өйткені, 
оларға Көктен нүр жауады, өздері әрқашан көңілді болып, той 
тойлайтын болады; Дүниенің Қүдайы (Қүдірет) 
оларға 
шапағатын төгеді; адамдар табынады, олар мәңгілік болып, 
игіліктерді иеленеді. Осыған байланысты мынадай түйін жасауға 
болады: мейірімділік, қаталдық-мемлекеттің беріктігі».
Жасақтың екінші бөлімінде әскери, азаматтық заңдар жинағы 
қамтылған, 
онда 
заңда 
көрсетілген 
талаптарды 
бүзуға 
байланысты жазаның түрлері көрсетілген. Мемлекетті әскери 
түрғыдан басқару, соған сәйкес ондықтардың қүрылуы түркі- 
моңғолдардың генеалогиялық қүрылымына кері эсер етті. Әрбір 
көшпенді-азамат қандайда бір ондық қүрамына енді, оның жеке 
басшысы болды, ондықтардан жүздіктер қүрылды, жүздіктер -
мыңдықты, ал 10 мыңдық -түменді және одан да коп әскерді 
қүрады, осы сатылардың бәрін жеке басшылары басқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет