қарсы шыққандар Әбілхайыр кейін
орыс үкіметіне сүйеніп,
өзінің
позициясын біртіндеп нығайтады да
өздерін жүзді
басқаруға қатыстырмай тастайды деп ойлады. Тевкелев күзетін-
дегі бір башқүрт ханға қарсы партияның калайда келіссозді
бүзып, грамотаны қабылдауға жол
бермеу әрекетінің жасалып
жатқанын ескертті. Башқүрттар, оның ішінде Таймақ Шаймиев,
кейін Ресейге адалдығы үшін тархан атағын алған. Ол орыс
елшісіне даңқты Бөгенбай батырдың, оның күйеу баласы Есет
батырдың, немере ағайыны Қүдайменді мырзаның қолдауына
сүйену керектігін айтты. Бүл кеңестің пайдасы тиді, Бөгенбай
батырдың араласуы жағдайды жақсартты. Ресей империясының
сенімді өкілі Тевкелев алға қойған мақсатына жету үшін
небір
тәсілдерді қолданып, хан ордасындағы кері пікірлерді өзгертуге
қол жеткізді. Осының нәтижесінде 1731 жылы 10 қазанда
империяның қоластына қарауға алғашқы болып Әбілхайыр хан
ант берді. Одан кейін старшина Бөгенбай, сосын Есет батыр,
Қүдайменді мырза ант беруге тілек білдірді. Ханнан басқа, 29
старшина атағы барлар ант қабылдады. Міне, осылайша қазақтың
Кіші жүзінің жері Ресейге қосылды. 1732 жылы 24 қарашада
Тевкелевтің
елшілігі
еліне оралды.
Қазақстанның Ресейге
қосылуы алғашқыда бейбіт түрде басталды, бірақ XIX ғасыр-
дың 50-60 жылдарында бүл әскери-күш қолдану әрекетінің
нәтижесінде аяқталды.
ХҮНІ ғасырдың 30-шы жылдарының ортасында жоңғарлар
тағы да қазақ жеріне, әсіресе Орта жүзге қауіп төндіре бастады.
1734 жылы 10 шілдеде орыс патшасы Анна Иоанновна оз отініш-
тері бойынша Орта жүз қазақтарын Ресейдің қол астына қабыл-
дау туралы жарлыққа қол қойды. Сәмекенің (Шахмүхамедтің)
қайтыс
болуына байланысты
жаңадан хан болып сайланган
Күшік пен Барақ сүлтан 1735 жылдың желтоқсан айының аяғын-
да Орта жүздің Ресей қоластына қарайтындығын бекітіп алды.
1736 жылы Орта жүздің батыры Жәнібек озінің руларымен бірге
осындай
шешім
қабылдады.
Барак сүлтан (екінші
рет),
Әбілмәмбет сүлтан ( Орта жүздің болашақ ханы, Сомекенің туған
інісі) озінің руымен Ресей қоластына өтті. 1740 жылы Кіші жүз
бен Орта жүздің
старшиналары мен сүлтандары окілдерінің
съезінде Әбілмәмбет хан қатысып, онда қазактардың үш жүзі
ішінде зор беделге ие болған Абылай сүлтан Ресей қоластына
отуді қолдады. 1733-1734 жж. Үлы жүздің
кейбір ықпалды
адамдары Ресей қоластына өтуді жақтады.
Жолбарыс хан осы
124
үсыныспен Петербургке отініш білдірді. 1734 жылы 10 шілдеде
император Үлы жүздің белгілі ру басыларын орыс қоластына алу
туралы жарлығын шығарды. Бірақ
Үлы жүздің Ресейден
қашық орналасуы мен халықаралық және ішкі жағдайлардың
қиындығы Үлы жүздің шын мәнінде Ресейге қосылуын біраз
жылға кейін шегерді, сонымен қатар Үлы жүзді Ресейге қосуды
жақтаушылардың бірі Жолбарыс хан 1740 жылы 5 сәуірде
опасыздықпен олтірілді.
Түтастай алғанда, Әбілхайыр
мен оның айналасындағы
адамдардың, ал кейін Орта жүздегі белгілі шыңғыс түқымда-
рының Ресейдің қоластына кіруі Орталық Азиядағы мемлекет-
аралық жағдайлардың айтарлықтай озгеруіне тигізген осерін екі
бағытта қараған жон: бір жағынан, қазақ халқы озге келеңсіз
жағдайлармен қатар, ойраттардың дүркін-дүркін шабуылынан
жоне оның қайғылы оқиғаларынан сақтанды; екінші жағынан,
қазақтың кең даласындағы егістік жерді орыстардың біртіндеп
отарлауы үшы-қиырсыз корінген бүл
өлкенің елсіз орі бақылауы
жоқ деген жалған пікірді қалыптастырды. Бүл озі мал
шаруашылығын өркендетудің ерекшелігіне байланысты жерді
иеленудің түрінен мүлдем хабары жоқ отаршылдардың түбірімен
кате әрі біржақты пікірі болатын.
Достарыңызбен бөлісу: