Қазақстан тарихы оқулық


XIII ғасыр мен XV ғасырдың бірінші



Pdf көрінісі
бет14/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

IV ТАРЛУ
XIII ғасыр мен XV ғасырдың бірінші
жартысындағы Қазақстан
4.1. Шыцғысхан империясының қүрылуы
XII 
ғасырдың аяғы мен XIII ғасырдың басында Монголия 
жерінде Темешен (Темучин) (1155-1227) билік еткен ірі көшпелі 
мемлекет қүрылды. Темешен, яғни болашақ Шыңғысхан 1155 
жылы Онон өзенінің бойындағы Делигюн-Болдок жайлауында 
дүниеге келді. Оның әкесі Есугей-баһадүр Қият-Бөржігін руынан 
шыққан дала ақсүйегінің түқымы болатын, ол халық арасында 
беделі үстем болып, батырлығымен ерекшеленіп, баһадүр (батыр) 
атанды. Шыңғысханның он екінші атасы атақты Бөрте-Шона 
(Көк Бөрі) мен оның әйелі Гоа-Марал (Сүлу Марал) еді. Өзінің 
жеті атасын, тіпті одан әрі қарай шежірені тарата білу түркі 
халықтарында әлі күнге дейін сақталған. Балалар жастайынан 
өзінің тайпалары мен руларының тарихын ата-аналарының 
айтуымен жақсы біледі. Оның анасы Оелен-Эке (Ана-бүлт) 
қоңырат тайпасынан еді. Отбасының түңғышы 
Темешеннің 
дүниеге келуі Есугей-баһадүрдің 
та-та-тэр («татар» қытайша 
жазылуы) тайпасымен соғысып, осы тайпаның көсемі Те Му 
Ченді түтқынға алуымен түспа-түс келді. Осы жеңісінің 
қүрметіне түтқынға алынған Темешен есімін өмірге келген үлкен 
үлына қойды.
Темешен көзі өткір, дене қүрылысы шымыр, бойшаң жігіт 
болып өсті. Оған қоса үстамдылық, шыдамдылық қасиеттері тән 
еді, әрі алға қойған мақсатына жетпей қоймайтын, бір сөзбен 
айтқанда, билікке жастайынан араласты. Мінезінің тік болғанына 
қарамастан шын берілген адамдар оны түсіне білді. Ол жүрт 
алдында көсіліп сөйлемейтін, айтарын ойланып, толғанып барып 
бір-ақ айтатын болған. Темешен өз замандастарының арасында 
ақыл, айласымен ерекшеленіп, қасына өзіне шын берілген 
нөкерлерді жинай бастады, барымтадан түскен малды қайтару, 
басқа жерді жаулап алу тәрізді іс-әрекеттерде ерлігімен,
63


адалдығымен көзге түсіп, баһадүр атағына ие болды, 
XII 
ғасырдың аяғында моңғол даласындағы ірі қолбасшылардың 
біріне айналды.
Орталық Азиядағы билік үшін күресте Темешен қуатты керей 
үлысының билеушісі тоғрыл Ван-ханмен одақтас болды. 1185 
жылы керей ханы тоғрыл Ван-хан, Темешен және моңғолдың 
жаджират тайпасынан шыққан Жамуха әскерлері Селенга өзені 
бойында орналасқан көшпелі меркіттерді талқандады. Бүл жеңіс 
Темешенді күшейтіп, билікке таласушылармен иық теңестірді.
1198 жылы Темешен Керей ханы тоғрыл Ван-ханмен және Цзинь 
Чжурчжен мемлекетімен одақтасып, татар үлысына қарсы 
жорықка аттанып, оған күйрете соққы берді. Осы жорықтан 
жеңіспен оралған ол татарларға қарсы соғысқа қатысудан бас 
тартқаны үшін Керулен өзені бойындағы жүркін тайпасына 
шабуыл жасап, оны талқандап, билеушісін өлтірді. 1200 жылы 
Темешен және тоғрыл Ван-хан меркіттердің әскерін қырып 
салып, келесі жылы татарларды түпкілікті женді.
Ендігі Темешеннің 
қуатты бақталасы, найман үлысының 
билеушісі Даян хан болды. Төнген қауіпті алдын ала сезген ол 
1203-1204 жж. өздерінің жағына өткен Жамуха бастаған жаджи- 
раттарды, керейлерді, татарларды, ойраттарды, меркіттерді және 
т.б. маңайына топтастырды. Темешен уақыт оздырмай, 1204 
жылы көктемде 45 мың атты әскермен наймандарға қарсы 
жорыққа шықты. Найман ханының қарамағында 50-55 мың 
адам болды. Монгол әскерлерінің наймандарға Караганда саны 
жағынан аз болғанымен, жинақы, соғыс тәжірибесі 
мол еді. 
Соғысты моңғолдар бастады. Олардың басты күштері найман- 
дарды тауға тықсырып, кешке қарай 
Моңғолдардың негізгі 
әскері қарсы жақтың қапталын айналып өтіп, оларды оп-оңай 
қоршап алды. Түзаққа түскен наймандар қоршауды бүзуға күш 
салды, бірақ қараңғы түсіп кетуіне байланысты әскерлері жардан 
қүлап, көп шығынға үшырады. Даян ханның үлы 
Күшлік 
бастаған наймандардың бір бөлігі қоршаудан аман-есен сытылып 
шықты. Даян ханның озі шайқаста жараланып, қаза тапты. 
Наймандардың басым болігі Темешенге бағынып, екінші бөлігі 
Күшлікпен Жетісуға өтіп кетті. 1206-1207 жылдары Темешен 
өзінің үлкен үлы 
Жошы ханды 
Енисей-Ертіс аралығындағы 
«орман» халқын бағындыруға аттандырды, онда 
Енисейдің 
жоғарғы сағасындағы түркі тілдес қырғыздар түратын. Деректер- 
де моңғолдардың Енисейдің жоғарғы сағасына жасаған жорыгы
64


кезінде қалаларды, бекіністерді алу үшін таслақтырғыштар мен 
қондырғы атқыш-қүралдарды пайдаланғаны айтылады.
Осындай ірі жеңістерге қол жеткізген Темешен Орта Азия 
даласындағы бірден-бір қуатты билеушіге айналып, саяси 
түрғыдан да билігі нығайды. «Моңғолдардың қүпия шежіресінде» 
«Ол киіз үйде түратын халықты ақ жолға аттандырарда 
барыс 
жылы (1206) сейм (қүрылтай) шакырылып, Онон озені бойында 
бас қосты» деп жазылды. Мүнда он шашақты ақ ту тігіліп, 
Шыңғыс ханды таққа отырғызды. Қүрылтайда Кэкчу-Теб- Тәңірі 
былай деді: «Қүдыреті күшті Қүдай саған жер бетінде патшалық 
қүруды сыйлады. Енді жеңілген жерлердің әр Гур-ханы деп 
аталатын билеушілері мен патшалары және олардың билік ететін 
аймақтары сенің қоластыңа қарады, жаңа есімің «Шыңғыс» 
болсын. Сен патшалардың патшасы болдың, қүдыреті күшті Қүдай 
сенің атың Шыңғыс болсын деп бүйырды. Жиналғандардың бәрі 
бүл есімді қолдап, қуаттады. Шыңғыс патшалардың патшасы
билеушілердің әміршісі». Кейін бүл лауазым яшмадан жасалған 
мөрге «Қүдай - Көкте, Ха-хан - Жердің Қүдыретті Қүдайы. 
Адамзаттың билеушісі» деп ойып жазылды.
Орталық Азияның жазық таулары беткейінде қоныстанған 
моңғол халықтарын бір мемлекетке біріктіру мақсатын көздеген 
ІІІыңғысханның көзі енді Шығысқа түсті. Елі, жері бай, 
мәдениеті өркендеген, халқының жауынгерлік қабілеті төмен 
Қытай елі көшпенділер үшін үлкен олжа еді. Қытай жері екі 
мемлекетке - солтүстік Цзинь («Алтын патшалық») және 
оңтүстік Сун болып екіге бөлінген болатын. 1211 жылы көктемде 
бас қосқан моңғол әскері Керулен өзенінің жағасынан жорыққа 
аттанды. Үлы Қытай қорғанына дейін 750 шақырым жол жүруге 
тура келді, олар Гоби шөлінің шығыс бөлігімен жүріп, 
маусымның орта кезінде сусыз, шөпсіз шөл далаға жетті. Әскерді 
азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін сандаған табындар айдалды. 
Солтүстік Қытайдағы бес жылға созылған соғыс Шыңғысханның 
шығысқа мойнын бүрғызбады. 1215 жылы 
моңғолдар Цзинь 
мемлекетінің астанасы Чжунду (Пекин) қаласын жаулап алды. 
1217 жылы Цзинь империясы 
Хуанхэ өзенінің солтүстігінде 
орналасқан барлық иеліктерінен айырылды. Батыста моңғолдар 
1211 жылы алғаш рет Жетісу жеріне келгенімен үзақ түрақтай 
алмады, 1216 жылы Шыңғысхан өзінің үлкен үлы Жошыны 
қыпшақ даласында көшіп-қонып жүрген меркіттерді біржолата 
талқандауға 
аттандырды. Жошы шабуылды Торғай даласы
65


арқылы бастады, бірақ олар бүл жерде қыпшақтарға қарсы 60 
мың әскерімен жорыққа шыққан хорезмшах Мүхаммедтің 
қолымен кездесті. Екі жақ күні бойы шайқасты, ал түнде 
моңғолдар жаққан оттарын қалдырған күйі кері шегініп кетті.
1218 жылы Жебе Қарлүқ және Қараханид билеушілерімен 
бірлесіп, Күшлікке қарсы соғысты. Бүл кезде моңғолдар бүрын 
наймандар тыйым салған мүсылмандықты жария түрде үстануға 
рүқсат етті, сөйтіп отырықшы халықтың 
моңғолдар жағына 
шығуына комектесті. Баласағүн қаласы үрыссыз берілді. ал 
Күшлікті моңғолдар Бадахшанда (Рашид-ад-Диннің жазғаны 
бойынша 
Шығыс Түркістандағы Сарыколде) үстап, қүлағына 
қорғасын қүйып азаптап олтірді.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды жаулап алған моңғолдар 
енді Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол тартты. Бүл өңірге 
басып кіруге «Отырар апаты» деп аталатын оқиға сылтау болды. 
1218 жылы жазда Шыңғысханның тапсырмасымен қүрамында 
көпестері мен моңғол барлаушылары бар, барлығы 450 адамнан 
түратын 500 түйеге теңделген жүгі бар керуен Отырарға 
аттанады. Отырар билеушісі Қайыр хан Иналчык 
көпестерді 
жансыздар деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бүйырады, керуен 
тоналады. Бүған шамданған ІІІыңғысхан оның қарымтасы ретінде 
хорезмшах Мүхаммедтен Қайыр ханды үстап беруді талап етіп, 
елшілерін жібереді, ал хорезмшахтың келген елшілерді өлтіруі 
соғысқа сылтау болды.
1219 жылы қыркүйекте Отырарды қоршау басталды. Өзінің 
эскерін бірнеше топқа бөлген Шыңғысхан бір бөлігін Отырарды 
алу үшін үлдары Шағатай мен Үгедейге қалдырды, үлкен үлы 
Жошы бастаған екінші бөлігін Сырдарияның төменгі ағысына 
аттандырды. Өзі Бүқараға бет алды. Отырар билеушісі Қайыр 
хан ерлікпен шайқасты, оның қарамағында 20 мыңнан 50 мыңға 
дейін әскер болды, қаланы бес ай бойы үстап түрды. Бесінші 
айдың аяқ кезінде хорезмдік әскербасы 
Караджа-хаджиб 
опасыздық жасап, он мың әскерімен моңғолдар жағына шығып 
кетіп, оларды қалаға жіберіп қойды, кейін оның езі осы 
опасыздығы үшін өлтірілген. Бірақ. Отырар қүламады, Қайыр 
хан «арыстан жүректі» жауынгерлерімен қамалда тағы бір ай 
қорғанды. Қаланы қорғаушылардың бәрі қаза тапқан соң (1220 
жылғы ақпан) Қайыр хан түтқынға алынып, Шыңғысханға 
апарылды, ол Қайыр ханның козі мен қүлағына ерітілген күміс 
қүйып қорлап олтірді.
66


Сырдарияға жорыққа шыққан Жошы әскері 
1220 жылы 
көктемде Сығанаққа жетті. Жеті күн бойы қоршап, моңғолдар 
қалаға басып кірді, бекіністің тас-талқанын шығарды.
Жебе мен Сүбедей-баһадүр бастаған моңғолдың отыз мың 
әскері 1220 жылы Ираннан Кавказға жол тартты. Армян, грузин, 
алан, қыпшақ және орыс әскерлерін Калка өзенінің бойында 
талқандап, 1224 жылы Шығыс Дешті Қыпшақ даласы арқылы 
Қазақстандағы Шыңғысханның Ертіс бойындағы ордасына 
оралды. 1219-1224 жж. монгол шапқыншылығы Қазақстан мен 
Орта Азияны 
Шыңғыс хан 
империясының бір бөлігіне 
айналдырды.
1224 жылы Шыңғысхан Монголияға оралып, омірінің соңғы 
жылдарын Азияның осынау қиыр шетінде откізгісі келді. 
«Дүниені дүр сілкіндіруші» Ескі Дүние аумағының бестен торт 
болігін жаулап алып, 1 миллиардтан астам адамды өзінің 
қоластына бағындырды. Ол 1227 жылы 72 жасында Бүрхан- 
Қалден тауындағы Онон өзенінің бастауында «Гах», яғни Доңыз 
жылы қайтыс болды.
Шыңғысхан өлімінен кейін екі жыл бойы аза түтылды. 1229 
жылы монархияның уақытша билеушісі, императордың кіші үлы 
Толе жаңадан император сайлау және өзге де мемлекеттік 
мәселелерді 
талқылау 
мақсатында 
қүрылтай 
шақырды. 
Шыңғысханның айтып кеткен өсиеті бойынша қүрылтай оның 
үшінші үлы Үгедейді Үлы император етіп тағайындады. Сондай- 
ақ қүрылтайда Шыңғысханның мүрагерлері орындауға тиісті үш 
маңызды мәселе талқыланды: 1) Солтүстік Қытайды бағынды- 
руды аяқтау; 2) Индиядан шығып, Шығыс Иранды -жаулап 
үлгерген, парсы тағынан үміткер Джелал ад-Диннің (Мүхаммед- 
тің үлы) жолын кесу; 3) Еуропаға жорық.
1236 жылы Еуропаға жорық қайта басталды. Шыңғысханның 
немересі Батый (Бату) монгол әскерінің қолбасшысы болды.1236- 
1242 жж. Еділ бүлғарларын, орыс княздіктерін талқандап
Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молдавияны, Валахияны, 
Трансильванияны қаңыратып кеткен моңғолдар Адриат теңізіне 
шықты. Тап осы кезде үлы хан Үгедей қайтыс болған еді, бүл 
хабарды естіген монгол әскербасыларының 
көбі жасақтарын 
алып жаңа хан сайлауға қатысу үшін Моңғолияға қайта оралды. 
Әскерінің саны азайып қалған Батый 1243 жылы жорықты 
жалғастыруға уәуекел етпей, Еділдің төменгі сағасына келіп,
67


осында кейіннен Алтын Орда дел аталатын моңғол мемлекетінін. 
негізін қалады.
XIII 
ғасырдың бас кезіндегі моңғол, керей, найман, меркіт, 
татар тайпалары арасында болған соғыс кошпенділердің едеуір 
болігін 
қоныс аударуға мәжбүр етті, соның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет