Қазақстан тарихы оқулық


ХҮ-ХҮН ғғ. Қазак хандығының эконом и калы к және



Pdf көрінісі
бет21/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

5.4. ХҮ-ХҮН ғғ. Қазак хандығының эконом и калы к және
әлеуметтік күрылысы
ХҮ-ХҮІІ ғғ. қазақтар табиғи-климаттық жағдайларға сәйкес 
қүрғақ дала мен шөлейт аймақтарда көшпелі және жартылай 
көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Көшіп-қону бағытта- 
ры жыл маусымына байланысты, әсіресе саяси оқиғалардың 
басты әсерімен, жиі өзгеріп отырды. Түтастай алғанда, қазақ 
руларының мекендеген аумағы Еділ жағалауынан Алтай мен 
Тянь-Шаньға дейін, Сырдария жағалауынан Сібірге дейін 
созылды. Сонымен қатар ХҮ ғасырда Қазақ хандығы түрік 
тайпалары мекендеген аумаққа қарағанда айтарлықтай аз жерді 
қамтыды. 
Мысалы, 
Мухаммед Хайдар 
«Тарих-и-Рашиди» 
еңбегінде оңтүстік батыс Жетісуды (Шу, Қозы Басы) Керей мен
101


Жәнібектің бастапқы шекарасы деген. ХҮІ ғасырдың басында 
«Михман нәма және Бүхара» кітабының авторы Фазаллах 
Рузбиханның айтуынша, қазақтардың қонысы батысқа қарай 
(Еділ), қыстайтын жері Сырдария бойында болған. Қазак 
хандығына Хорезмнің солтүстік шекарасынан Жайык. өзеніне 
дейінгі аумақты қосып алу Хақназардың түсында (1538-1580 
жж.) жүзеге асты. Ноғай Ордасының біржолата қүлауына 
байланысты ноғай жүрты оның қол астына кірді. Өзара тартыстар 
мен қырқыстар Ресейдің, қалмақ хандығы мен қазақтардың ішкі 
ісіне араласуы бүл кездегі қуатты Алтын Орда қалдықтарының 
біржолата 
талкандалуымен тынды. Сөйтіп, XY1 ғасырдың 
ортасында шаруашылық-мәдени қүрылыстары ортак үш жүзден 
түратын қазақтардың этникалық аумағы қалыптасты.
Дербестігін алған күнінен бастап Қазақ хандығы Сырдария 
жағалауындағы қалалар үшін белсенді түрде соғыс жүргізді. Олар 
көшпенділер өмірінде аса маңызды рөл атқарды. Шығыс 
авторларының 
мәліметтеріне 
қарағанда, 
Сығанақ 
Дешті 
Қыпшақтың «сауда орталығы» болған, яғни бүкіл экономикалык 
және саяси өмірдің өзегі тап осы жерде тоғысқан. Ташкент (Шаш), 
Түркістан (Яссы), Сайрам, Отырар тәрізді қалалар Қазақстанның 
оңтүстігіндегі ірі сауда-экономикалық орталықтарына айналды. 
Бүл қалалардың айналасында шағын елді мекендер орналасты. Әр 
қаланың өзіндік ерекшеліктері болды. Мысалы, Сауран қаласын 
қоршаған қорғаныс қүрылыстары және суаратын арықтар осы 
күнге дейін сақталған. Түркістан қаласы 
қазақ хандығының 
астанасы, діни өмірдің орталығы (пантеон). Ташкент, Сайрам орта 
ғасырлардағы мәдениеті мен шаруашылығы дамыған дербес 
қалалар болды.
Қазақстанның көшпенділері оңтүстіктегі қалалармен негізі- 
нен сауда-саттық қарым-қатынаста болды. Түркістан қалалары- 
ның негізгі кәсібінің көзі сауда еді, бүл елді мекендер арқылы 
Индияға, Қытай мен Еуропаға керуен жолдары отті. ХҮ-ХҮІІ 
ғасырларда бүл қалалар саяси орталықтарға айналып, онда қазақ 
хандары мен сүлтандары қоныстанды. Сонымен қатар Қазақ- 
станның Үлытау мен Жетісуға баратын жол бойындағы 
қалашықтарда емір қыз-қыз қайнап жатты. Көптеген тайпалар 
оздерінің қыстауларын отырықшы-егін шаруашылықтарымен 
айналысатын орталықтардың маңайына салды. Қазақ кошпенді- 
лерінің көршілес елдермен жиі қақтығыстары оларды осы 
аймақтарда отырықшылыққа көшуіне мөжбүр етті. Сонымен
102


қатар қалаға тән әртүрлі шаруашылық-мәдени дамудың өзара 
бірлігінің экономикалық түрғыдан маңызды екенін көрсетті.
Деректерге қарағанда, қазақтар ондаған, тіпті жүздеген мың мал 
өсірген. Мал шаруашылығында қой өсіруге аса мән берілді, 
қойдың еті мен сүтін тағам етіп, жүні мен терісінен киіз, киім- 
кешек, ыдыс-аяқ және т.б. бүйымдар дайындады. Қой да жылқы 
сияқты қысы-жазы жайылымға бейім әрі төзімді келеді. Бүл 
туралы Италияның копесі Барборо (ХҮғ.) былай деп жазады: «Мен 
сирағы 
үзын, 
жүні 
қалың 
ірі 
қойларды 
көрдім, 
оның 
қүйрықтарының үлкендігі сондай, салмағы он екі фунтқа жетеді. 
сондықтан оның күйрығын жылжымалы дөңгелектерге салып 
алып жүреді екен». Кошпенділер өмірінде жылқының орны 
ерекше. ХҮ-ХҮІІ ғасырларда казақ қоғамы мемлекеттіктің 
көшпелі дәстүрін сақтады. Ол Еуразия жеріндегі ертедегі көшпелі 
мемлекеттердің шаруашылығымен тығыз байланыста болды. 
Қазақтардың әлеуметтік қүрылымы туысқандық, отбасылық, 
шаруашылық, генеологиялық, саяси, әскери, мәдени және басқа 
адамдар арасындағы сан қырлы қатынастарға негізделді, олар 
өмірдің барлық салаларында пайда болып, әлеуметтік қүрылымдар 
мен институттардың күрделі жүйесін қүрды.
Ақсүйектердің ішінде бәрінен жоғары түратын 
төрелер 
түқымы, немесе сүлтандар болды. Олар Шыңғысханның билеуші 
мүрагерлері бүтақтарының бірінен тарады. Қазақ хандығы пайда 
болған кезден бастап түркінің «төре» термині «мырза», «князь», 
«ханзада» деген сөздердің орнына қолданды, бүл атау Шыңғыс 
ханның үрпағының ер адамдарына алатын орны немесе 
атқаратын әлеуметтік қызметіне қарамастан берілді. Төре 
түқымына сүлтандар тобы ( сүлтан 
арабтың «билік», немесе 
«билеуші» деген сөзі), яғни қазақ жерінде ақсүйектік билікті 
жүзеге асыратын Шыңғыс ханның мүрагерлері жатқызылды, 
оуелгі бастан қазақ қоғамының барлық жүйелеріндегі олардың 
ерекше қүқықтары мен артықшылықтары' айқындалды, оның 
ішінде олардың саяси үстемдігі және жоғарғы билігі де болды. 
Қазақ сүлтандары әскери қимылдарға қатысудан, негізінен әскер 
қолбасшылары болудан басқа ешқандай борыш өтеген жоқ. 
Олардың бәрінде «хан таңбасы» деп аталатын таңба болды. 
Сыртында безендіріп жазылған латынның «т» әрпіне үқсас белгі 
болған. Кремнийден жасалған сәнді оюлары бар жеке мөрде 
өздерінің Шыңғыс үрпағынан екендігін айырықша білдіретін
103


үрандары «архар» деген соз жазылған, бүл созді қарапайым 
халықтың айтуына қүқығы болмады.
Торенің артықшылық жоніндегі ережелері қазақтың дәстүрлі 
қүқығы - адаттың коптеген нормаларыңда заңды түрде 
рәсімделген. Сүлтанға тіл тигізгені үшін жиырма алты бас мал 
айыппүл салынды. Өлтірілген сүлтанның қүны жеті қарапайым 
адамның қүнына тең болды. Қазақ қоғамының барлық калған 
мүшелерінен төренің артықшылығы оньщ билер соты емес, тек 
хан соты соттай алды. Осы әлеуметтік топтың ойелдері үшін 
катаң эндогамды тежеу белгіленді: қарапайым жай адамға 
күйеуге шыққанда ол өзінің сословиесінің артықшылықтарынан 
айырылды, ал қарапайым жай адамның кызы сүлтанға түрмысқа 
шықса, бірден төре сословиесіне жатқызылды. Қарапайым 
қазақтар - қауым мүшелері сүлтанмен әңгімелескенде оның атын 
атамай, тек «тақсыр» деген сөзді қолдануға тиіс болды. Ал 
сәлемдескен кезде ең алдымен олар «Алдияр!» деп екі қолын 
кеудесіне қойып немесе оң қолын оң тізесіне апарады.
Қазақ сүлтандарының әлеуметтік белгісі оның сыртқы 
киімінің түсінен және түрғын үйінің ішкі жиһаздары мен сыртқы 
түрінің ерекшелігінен байқалатын, атап айтқанда, әртүрлі реңкті 
(алкызыл, сия көк, сарғыш) қызыл шүғадан (мауыттан), немесе 
барқыттан тігілген шапан және төбесі сүйір келген ак матадан 
тігілген, жиегі түлкі терісімен әдіптелген бөрік киді, киіз үйі ақ 
киізден тігіліп, ішіне киіз төселді. Қазақтардың дәстүрлі 
қоғамдық санасында қызыл және ақ түс адамдардың шығу тегін 
білдіреді деген үғым бар. Шыңғыс ханның түқымдары өздеріне 
саяси билік етуді қүдай берді деп білген, ал дала қазақтары билік 
етіп, ел басқару қүдайдың ісі деп түсінген. Міне, осындай 
үғымдардан ортақ көзқарас қалыптасқан.
Хан лауазымы тікелей мүрагерлікпен берілмеді, казак 
аксүйектерінің жиналысында (күрылтайда) қандай да бір 
сүлтанды хан етіп сайлау үшін алдымен ресми түрде акт 
жасалып, оны салтанатты түрде ақ киізге отырғызып хан 
котерген. Дала дәстүрі бойынша ханды тек сүлтандардан 
сайлады, хан болуға заңды үміткерлер ішінде әкесі де, шешесі де 
торе түқымынан шықкандарға артықшылық берілді. Қазак 
коғамында мүндай сүлтандарды «нағыз төре» деп атады. 
Аналары Шыңғыс түқымына жатпайтындарға Караганда олар хан 
тағына толық үміткер бола алды.
104


Сондай-ақ ақсүйектерге сейіттер ( арабтың «саийд» созі -
косем басшы) және қожалар (парсының хаджа созі - қожайын, 
мырза) жатады. Сейіттерге Орталық Азияның мүсылман 
аксүйектерінің мүрагерлік өкілдері жатқызылады. Олар оздерінің 
генеологиялық түп тамырын Мүхаммед пайғамбардан (б.з. 632ж. 
кайтыс болды), оның немере інісі әрі күйеу баласы, қызы 
Фатиманың күйеуі төртінші халиф Әли (б.з. 661ж. қайтыс болды) 
арқылы таратады. Сейіттер қарапайым халықтың, сүлтандардың 
арасында зор беделге және озіндік артықшылықтарға ие болды. 
Сейіттер қазақ даласы мен Орталық Азия шектесетін аймақтарда 
исламды таратушылар болғандықтан мүсылмандар арасында 
үлкен күрмет пен артықшылықтарға ие болды. Сейіттерді олім 
жазасына кесуге, дүре соғуға рүқсат етілмеді, жоғарғы 
билеушілермен қарым-қатынасы тең дәрежеде болып, олардың 
қателіктері мен заңсыз әрекеттеріне ескерту жасай алды. 
Сейіттердің артықшылықтарының бірі оның окілдері некелесу 
кезінде эндогамия принципін қатаң сақтады. Бүл аталған 
олеуметтік топтың әйелдеріне қатысты, мүсылман елдерінде 
оларды қүрметтеп «саийда», «ситти», яғни «менің ханымым» деп 
атады. Мүндай қадір түтушылықтың мәнін былайша түсіндіруге 
болады, егер «әулие» үрпақта үл болмаған жағдайда қалыптасқан 
дэстүр бойынша оның діни атағы мен лауазымы, жинаған мүлкі 
қыздарынан тараған үрпақтың мүрагерлігіне өткен. Осыған 
байланысты 
сейіттер ешқашан қыздарын басқа әлеуметтік 
топтан шыққандарға күйеуге бермеді. Өйткені, ондай некеден 
тараған үрпак ер адамға қатысты әлеуметтік шығу тегіне 
қарамастан сейіт атағының өзін және сейіттердің қүқықтары мен 
артықшылықтарын иеленген.
Мүсылман «әулиелері» әлеуметтік тобының артықшылық- 
тарға ие болған «ақсүйек» әлеуметтік бірлестігінің^тағы бір 
тобын қожалар қүрайды. Қазақстанда XX ғасырдың басына дейін 
«кожа», Орта Азияда «ходжа» деп аталған олар - торт халифтерін 
Әбу Бәкір, Омар, Осман және Әлидің түқымдары саналатын 
қүрметті атақты иеленген адамдар (оған Әлидің Мүхаммед 
пайғамбардың қызы Фатимамен некесінен туған үрпақтар 
жатпайды). Қожалардың төре мен сейіттерден ерекшелігі 
олардың ортақ генеологийсы болған жоқ. Олар салықтан 
босатылды, дүре соғуға және өлім жазасына кесілмеді. Тек ауыр 
қылмыс 
жасаған 
жағдайда 
ғана 
қожалар 
жиналысының 
шешуімен жалпақтығы үш елі 
белбеумен дүре соғылды;
105


вакуфтық (дін аумағына кіретін) жерлерден түсетін кірістерді 
пайдалану қүқығын иеленді, сондай-ақ өзіне қолайлы кез келген 
уақытта әр деңгейдегі билеушілерге еркін кіре алатын болды. 
Төрелер сияқты қожалардың да өзіндік «Алла» деген әскери 
үраны болды, оны қарапайым көшпенділердің қолданылуына 
рүқсат етілмеді. Олардың жарты ай бейнеленген ерекше таңбасы 
болды. Қожалардың лауазымды адамдарымен кездескенде хан 
мен сүлтандарға сөлемдескендегідей «Алдияр» («Қүдай жар 
болсын») деп бас ию дәстүрі болды. Қожалардың әлеуметтік 
бейнесінің ерекшелігін «ақ шалмасы» мен «ақ шапаны» көрсетіп 
түрды, сондай-ақ олар софылық үлгідегі «сары матадан тігілген» 
шапан киіп, оның жүріс-түрысында «паң жүріс пен асқақ келбет» 
тәрізді өзіндік ерекшеліктер болды.
Қожалардың өлеуметтік міндеттері мүсылман уағыздарын 
таратып, ел арасында исламның өнегелік және этникалық 
дәстүрлерін енгізу. Сондай-ақ олар зікір салып, бақсы болып діни 
салттар мен дәстүрлерді жүргізді (неке қию және сүндетке 
отырғызу, қайтыс болған адамдарға қүран оқу, жерлеу рәсімдері), 
бал ашып, болашақты болжау, түмар тағу, ауруларды емдеу, 
балаларды оқыту міндеттерін де орындады. Осындай салт- 
дәстүрлі 
әрекеттерді 
жүзеге 
асырғаны 
үшін 
көшпенді 
мүсылмандар оларға сыйлық беріп отырды.
«Ақсүйекке» жатпайтын халықтың қалған тобы «қара бүқара 
халық» деп аталды. Қоғамды осындай топтарға бөлу олардың 
белгілері бойынша қатаң түрде жүргізілді.
Жоғарыда аталған топтар екі түрге бөлінеді, оның біріншісіне 
ақсүйектер мен ру басшылары, екіншісіне түрғылықты халықтың 
негізін қүрайтын тәуелсіз көшпенділер кірді. Экономикалық 
қатынастарда әлеуметтік қайшылықтар болды деп айтудың жөні 
жоқ. Өйткені, әлеуметтік топтың айырмашылығы ауқаттылыққа 
емес, билігіне байланысты. Қоғамның сыртқы және ішкі 
проблемаларын шешуде халық жиналысының рөлі зор болды. 
Қазақ ханының билігі шектелді, оны ру басшылары өз 
бақылауында үстады. Хандықтың дербес шешім шығаруға 
үмтылған өрекеттерінің бөрі басынушылық болып саналды. 
Мүндай жағдайда ру топтары ханға ашық қарсы шығып немесе 
басқа иелікке көшіп кеткен.
Қазақ қоғамында жекелеген рулар мен тайпаларға бөліну 
көшпенділердің күнделікті тіршілігінде маңызды рөл атқарды. 
ХҮІІ ғасырда қазақтың рулары мен тайпалары үш топқа бөлінді.
106


Олар Үлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз деп аталды. Революцияға 
дейінгі орыс тіліндегі тарихи әдебиеттерде «жүз» деген сөздің 
орнына «орда» сөзі қолданылды.
Бүқара қара халықтың кейбір өкілдерінің қоғамдағы орнына 
келетін болсақ, олар би немесе қарапайым көшпенділер 
түқымдарынан шыққанына қарамастан оның рулары мен 
тайпаларына өзіндік артықшылықтар берілді. Әр жүздің рулары 
арасындағы кездесетін ағалық дөстүр жүздердің ішінде де орын 
алды. Мәселен, Үлы жүз Орта жүзге қарағанда біраз 
артықшылықтарға 
ие 
болды 
және 
т.б. 
этнографиялық 
зерттеулерге сүйенсек, ағалық дәстүр тәртібі қатаң сақталған:
1) соғыс жағдайында алатын орнын айқындау;
2) әскери олжаны бөлісу кезінде;
3) үйге кіргендегі төрге шығу тәртібі бойынша;
4) салтанатты жиындар ашу кезінде;
5) той-домалақтарда тағамдарды тарту кезегі.
ХҮІІІ ғасырдан бастап бүкіл 
қазақтың ең соңғы ханы 
Тәукенің өлімінен кейін (1717-1718) әрбір жүз дербес саяси 
қүрылым ретінде өмір сүрді. Қазақ хандығының тарихы осымен 
аяқталып, енді қазақ хандықтарының (жүздердің, ордалардың) 
тарихы басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет