YI ТАРА У
_____________________________________________
ХҮІІІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАВДЫ ҒЫ
6.1. XYI1 ғасырда және XY11I ғасырдың басындағы
жоцғар-қазак соғысы
XY1 ғасырдың екінші жартысында жоңғарлар (қалмақтар,
ойраттар, элюттер) - батыс моңғол тайпалары (чоростар,
торғауыттар, дербеттер) өз одағын қүрып, ХҮН ғасырда Жоңғар
хандығы деген атпен белгілі болды. Жоңғарлардың Қазақстанға
шапқыншылығы ХҮ ғасырда-ақ басталған болатын. Бүл кезде
ойраттардың күш-қуатының артқаны сондай, олар Қытайдың
Мин империясын жеңіп, оның императорын түтқынға алды.
Қазақ хандығының қүрамына енген тайпалардың ішінде
ойраттардың шабуылына алғаш үшыраған керейлер болатын.
Жоңғарлардың әскері 1430 жылдары үйсіндер мен қырғыздар
мекендейтін Ыстықкөлге дейін жетті, 1447 жылы Сырдарияда
Әбілхайыр әскерін талқандап, ал 1459 жылы ойрат елшілігі
Гератқа келіп орналасты. Бүл кезде ойраттарды айлакер де
ақылды Эсен-тайшы басқарған. Ол тайпаларының басын қосып,
бір одаққа біріктірді, өзінің билігін тіпті Шығыс Моңғолияға да
жүргізді. Бірақ Эсен-тайшының өлімінен кейін (1455) ойраттар-
дың саяси қуаты біраз әлсіреп қалған еді. Кейінірек қазақтардың
ханы болған ержүрек Тәуекел сүлтан 1556 жылы ойраттарға
соққы берді..
ХҮІІ ғасырдың басында ойраттар арасында алғыр әрі батыр
көсемдер шыға бастады. 1600-1610 жж. қалмақтар Тар жөне
Түмен уездерін талқандады. 1634 жыль! Хара-Қүла-тайшы
қайтыс болып, ойрат иеліктеріндегі билік оның үлы Батыр-
қонтайшының қолына көшті. Жоңғар хандығының 1635 жылы
қүрылғаны ғылымда дәлелденген. 1640 жылы Іле өзені бойын-
дағы Батыр ордасында өткен қүрылтайда жоңғар тайшылары
өздерінің қуаты мен қүдыретін дөріптейтін «Дала заңдарының
жинағын» қабылдады. ХҮІІ ғасырдың алғашқы онжылдығында
өзара қырқысқан Қазақ хандығына қарағанда, бір одаққа біріккен
Жоңғар хандығының күш-қуаты басым болды.
Ойраттардың ықпалы біртіндеп күшейе берді. Екі жақтың
арасындағы
әскери
қақтығыстар
мен уақытша
келісімге
келушілік арқылы қазақ хандары мен сүлтандары ойраттардың
115
алғы шебін өздеріне бағындырып алды.
Тәуекел хан орыс
патшасына жазған хатында озінің «қазақтар мен қалмақтардың
ханы» екендігін айтады. Ойраттар тарихындағы
маңызды
оқиғаның бірі 1627-1628 жж. бүрынғы ойрат одағының ыдырауы:
хошоуттар Тибетке өтіп кетті, ал торғауыттар (250 мыңдай адам)
Хо-Урлуктің басшылығымен ойрат одағынан бөлініп, Солтүстік
Қазақстан арқылы Еділдің төменгі сағасына қарай көшіп кетті.
Қалмақтар
деген атпен XY11 ғасырда Қалмақ хандығының
негізін қалады. Оңтүстік және Батыс Сібірде қалған ойраттар
чоростардың
басшылығымен
Ертіс
жағалауында
Жоңғар
хандығын қүрды.
Есім ханның үлы және мүрагері Жәңгір ханның өмірі
жоңғарлармен шайқасумен өтті. Ол 1643 жылы қазіргі Алматы
облысының Орбүлақ деген жерінде жоңғарларға күйрете соққы
беріп, үлкен жеңіске жетті. Сол жылы қыс түсе жоңғарлардың
мыңдаған қолы Қазақ хандығының иелігіне басып кірді. Шабуыл
түтқиылдан болғандықтан Жәңгір ханның тек 600 адамды
жинауға шамасы келді. Бірақ ол таулы жердің жағдайын шебер
пайдаланды, жасақтарын дүрыс басқарып, тамаша жеңіске жетті.
Адамдарының жартысын «отты қарулармен» ор қазып бекіндіріп,
«өзі үш жүз батырымен жартастың артында түрды». Ойраттар
орға шабуылдаған кезде мылтықтан атылған оқ борасыны қарсы
алды, Жәңгір тылдан соққы берді. Қарсыластарының есі шығып,
қатар жүрген екі шайқаста «он мыңдай адамынан» айырылды,
сөйтіп, жоңғарлар кері шегінді. Батыр хонтайшы олгеннен кейін
Жоңғар хандығында қырғи қабақ алауыздық басталды, Қалден-
Бошакту-хонтайшының билікке келуімен (1670-1697) жорықтар
қайта жалғасты. Бүл шапқыншылықтар 1681,1683,1684 жылдары
болды. 1684 жылы Сайрамды алды. Билікке хонтайшы Цеван-
Рабтан (1697-1727) келгесін қантөгіс кырғын қайта күшейді.
1710 жылы
Тәуке хан кезінде Қарақүм аймағында
қазақтардың қүрылтайы болып, онда жоңғарларға қарсы бірігіп
соғысу мәселесі талқыланды. 1710-1711 жоне 1713 жылдары
болған соғыстарда қазақтар басым түсіп, бүрын айырылып
қалған қоныстарын қайтарып алуға мүмкіндік туды, көптеген
жоңғар өскерлерін түтқынға алып, тіпті Жоңғар хандығының
шекарасына шабуылдай бастады, бірақ 1717 жылы Қайыр хан
мен Әбілхайыр бастаған
қазақтың отыз
мың әскерлері
жоңғарлардан Аягөз өзенінің бойындағы шайқаста жеңіліп
қалды. Әдебиеттерде айтылғандай, 1718 жылы коктемде жоңғар
116
әскері Түркістанға жақын маңдағы Боген, Шаян мен Арыс
озендері бойында «қазақтарды қырып салды». Жоңғарлардың бүл
кезде күштілігі соншалық, Ресеймен және Қытаймен әскери
қақтығыстарда болды. Ойраттардың мүндай
жетістіктерге
жетуіне 1709 жылы Полтава түбінде орыстарға түтқынға түскен
швед армиясының сержанты Иоганн Густав Ренат коп көмектесті.
Тобыл қаласында бекініс жасаған ол Ертіс бойындағы Бухгольц
экспедицияға қатысқан, 1716 жылы ойраттарға түтқынға түсті,
онда 1733 жылға дейін болып, оларға темір қорытуды, зеңбірек
қүюды, снаряд жасауды үйретіп, тіпті баспахана салып берген.
Сол кезде ойраттар соғысқа дайындалып жатты, ал ежелгі
жаулары қазақтар озара қырқысып, дау-дамаймен күндерін
өткізуде еді. 1718 жылы Тәуке хан кайтыс болғаннан кейін келте
хандар бас котеріп, үш жүздің оз билеушілері пайда болды.
Ойраттар мен қазақтардың иеліктері арасын
шамамен Ертіс
озені, Балкаш колі, және Шу мен Талас озендері боліп түрды.
А.Левшин А.Тевкелевтің жазбаларына сүйене отырып, 1748
жылы Ресейдің қоластына қараған қазақтардың деректеріне орай,
ойраттардың шабуыл жасаған уақыты 1723 жыл деп корсетеді.
1723 жылы жоңғарлар Қытайды билеп түрған маньжурлық
Цинь династиясымен бітім жасасты, сол арқылы Қазақстанның
шығыс жағындағы озінің тылын күшейтіп алды. 1723 жылғы
шабуылдан соң қазақтар мал-мүлкінен, туысқандарынан айырыл-
ды. Бүл кезді қазақтар «Ақтабан-шүбырынды» деп кеткен. Ал
Кіші ордада «Сауран айналған», яғни Сауранды айналып қашу
қасіреті болды. Үлкен ордада «Алқакол сүлама» дейді, жаудан
бас сауғалағандар ашығып, шаршап, озегі
талып, Ташкент
маңындағы Алкакөлге әзер жетіп қүлаған. Халықтың кобі жоңғар
әскерлерінің қолынан қаза тапты, ал
енді бір болігі Талас,
Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өзендерінен отерде суға
ағып кетті. Қашқан қазақ рулары Сырдариядан отсек қауіпсіз
боламьіз деп ойлады.
Саны жағынан басым ойраттардың түтқиылдан жасаған
шабуылдары, «отты қарулармен» - зеңбіректер мен мылтык-
тармен қарулануы, қазақтарға қарағанда жоңғар оскерлерін бір
адамның басқаруы, әскери қимылдың жақсы үйымдастырылуы
бастапқы шайқастарда ойраттардың жеңіске жетуін қамтамасыз
етті. Жоңғар басшылары қазақтар қыстауда отырған қолайлы
шақта, яғни маусымның басқа кезіндегідей емес, бір-бірінен алыс
орналасқан кезінде шабуылға шықты. Олар соғысты созбау үшін
117
қазақтардың негізгі әскери күші шоғырланған жерді басып алуға
тырысты. Өздеріне бағынғысы келмегендерді қырып салды.
Алғашқы кезде шыңғыс түқымдары
хандар мен сүлтандар
жоңғарларға қарсы соққы беруге, азаттық соғысын үйымдас-
тыруға қабілетсіз болып шықты. Елдің тәуелсіздігі үшін күресті
«қара халықтың» өкілдері - батырлар бастады. Халық жасақта-
рының бірігуі алғашқыда солардың арқасында үйымдастырылды.
Деректерге қарағанда, қазақтар жоңғарларға қарсы соғыс
қимылдарын 1724 жылы бастады.Үш жүз әскерлерінің басын
қосқан қазақтар 1726 жылы басқыншыларға қарсы үйымдасқан
түрде соққы беруге кірісті. 1728 жылы Торғай даласының
оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Бүланты өзені бойындағы «Қара
сиыр» деген жерде қазақтар ірі жеңіске жетті, кейін бүл жерді
«Қалмақ (жоңғар) қырылған» деп атап кеткен. Қазақтардың бүл
жеңісі қазақ жауынгерлерінің рухын көтеріп, болашақтағы
жеңістерге жетеледі. Бөгенбай, Қабанбай, Тайлақ, Саурық,
Малайсары, Жәнібек, Наурызбай тәрізді Әбілхайыр ханның
қасына жиналған батырлардың
рөлі жоңғарлармен соғыста
ерекше болды. Олардың ержүректігі мен жан аямай соғысуы
осындай ірі шайқастарда жаудан басым түсуіне мүмкіндік берді.
Осы кезеңде қазақ халқының басын қосуда үш жүз билерінің -
дулат руынан
шыққан Үлы жүздің биі Төленің (Төле
Әлібекүлының) (1663-1756), арғын руынан шыққан Орта жүздің
биі Қаз дауысты
Қазыбектің (Қазыбек Келдібекүлының)
(1667-1764),
Тәуке ханның ақылшысы әрі көмекшісі, Кіші
жүздің биі Әйтекенің (Айтық Бәйбекүлының) (1666-1740) ел
ішінде
ықпалдары
күшті
болды.
Олар
бір
орталықтан
бағындырылатын мемлекет қүруды аңсады және оның егемендігі
мен аумақтық түтастығы үшін күресті.
Шығыс шекарадағы
қалыптасқан қиын жағдай үш жүздің
басын қосуды талап етті. Шымкенттің батысында орналасқан
Ордабасы тауында өткен қүрылтайда қазақ әскерлерінің бас
қолбасшысы болып Кіші жүздің ханы Әбілхайыр сайланды.
Оның өскерінің осы жолғы сапарыньщ ізін Бүрылдай мен
Қошқар-Атаның жоғарғы жағындағы «Үлкен орда қонған» және
«Кіші орда қонған» деп аталатын жайлаулардың атаулары мен
«Әбілхайыр жалы» деген жердің аты дөлелдеп береді. Қазақтың
ауыз әдебиетінде Балқаш көлінің
оңтүстік-шығысында, 12
шақырым жердегі Аңырақай жазығында болган Аңырақай
шайқасы туралы оқиғалар
сақталған. Қазақтар Аңырақай
шайқасында үш жүздің басын қосу арқылы жеңіске жетті, бүл
айтулы оқиға 1729 жылы немесе 1730 жылы көктемде болған.
Жоңғарлар жеңілгеннен кейін
амалсыздан шығысқа шегініп,
Жоңғар хандығындағы өз аймағына кетті. Бірақ, жоңғарлардың
тағы да қайталап шабуыл жасау қаупі сейілген жоқ.
Аңырақай шайқасынан кейін қазақ билеушілерінің арасында
алауыздық пен іріткі туып, бөлініп кетті, ал оның себептері
әдебиеттерде айтылмайды. Осы аталған шайқастан кейін Әбілхайыр
хан батысқа орыс шекарасына қарай асығыс бет алды, ал Орта
жүздің ханы Әбіпмәмбет қазақ хандарының ордасы Түркістанға
көшіп кетті. Қазақ хандарының арасындағы алауыздықтың басты
себебі Қазақ даласындағы жоғары билікке таласушылык болды
деген жорамал шындыққа жанасады. Қазақ хандығына бірден бір
үміткерлер Орта жүзден Сәмеке, Кіші жүзден Әбілхайыр болды.
Әбілмәмбетгі хан сайлаған соң Сәмеке мен Әбілхайыр кемсініп,
өздерінің иеліктеріне кетіп қалды, мүның өзі қазақтардың Жоңғар
хандығына қарсы күреске кері әсерін тигізді.
Бүл жылдар қазақ тарихына «Ақтабан шүбырынды» деген
атаумен енді, бүл қазақ қоғамының өмірі мен санасында үзақ
жылдар бойы өзінің терең ізін қалдырды. Халық аңыздарына
сүйенсек, «Ақтабан шүбырынды» мен «Алкакөл сүламадан»
кейін «қайың сауған», яғни тек қайыңның шырынымен
қоректеніп күн көрген қасіретті заман болған.
Қазақтар Жетісудың шүрайлы жерлерінен айрылып, шаруа-
шылық және адам саны жағынан да көп шығынға үшырады.
Қазақстанның бүкіл аумағында ғасырлар бойы қалыптасқан
көшіп-қону қоныстарының бағыты өзгерді. Жоңғар шапқын-
шылығы жүздердің арасындағы шаруашылық, әлеуметтік-
саяси қарым-қатынастарды әлсіретті. Мүндай жағдай Қазақ-
станның бытыраңқылығын үдете түсті.
Жоңғар
шапқыншылығы
қазақ
қоғамының
әлеуметтік
қатынастарында да терең із қалдырды. Тоналған, таланған далада
кедейлер саны күрт өсті. Олардың көбі Қазақстанның батысына
және солтүстігіндегі орыс шекарасына қарай ойысты. Қазақтар-
дың Ресей қоластындағы Орал казактарымен және қалмақтармен
арадағы қатынастары күрделі шиелініскен күйінде қалып қойды.
Қазақстанның батыс
шекарасында бітім
жасасу
қазақ
хандарының
сыртқы саясатындағы маңызды мәселе еді. Ол
қазақтың басты жауы жоңғарларға тетеп беруге өте қажет болды.
XYII1 ғасырда орын алған маңызды оқиғаның алғышарты
119
осындай болатын, одан кейін Ресейге қосылу нәтижесінде
алдымен Кіші жүз тоуелсіздігінен айырылды, сосын басқа
жүздердің де Ресейге қосылуына тура келді, біртіндеп Қазақстан
Ресей отарына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |