Қазақстан тарихы оқулық


Қазакстаннын Ресенге косыла бастауы



Pdf көрінісі
бет24/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

6.2. Қазакстаннын Ресенге косыла бастауы
Қазан және Астрахань хандықтарын жаулап алғаннан кейін 
Ресей патшасы «бүратаналар» мен «кәпірлерге» қарсы тонаудың 
жыртқыштық жаңа 
саясатын күшейтті. Ермак жорығы 1580 
жылы Батыс Сібір халықтарын адам шошырлықтай аяусыз тонап, 
жәбірледі. Сойтіп, патшаның қанауынан шаршаған басыбайлы 
шаруалар мен ерікті адамдар, холоптар Еділ мен Сібірге бет 
алды. 
1577 жылы Иван Грозный бүл «карақшы казактарды» 
жазалау үшін әскер аттандырды. Патша мемлекеттік шекараны 
қорғау үшін «әскерге» адамдар алып, оларға жер боліп берді. 
Олар сонымен катар жаңа жерлерді иелену үшін және «Жоғары 
мортебелінің қоластындағы сенімсіздерді бағындыру» үшін одан 
орі соғыс кимылдарын жалғастырды. Сойтіп, Сібірді Камчаткаға 
дейін жаулап алып, Қазақ даласының батыс жоне солтүстік 
шекарасын бойлай әскери бекіністер сала бастады.
XYII1 ғасырдың басында патша окіметі мен орыс копестері 
шығыстағы мемлекеттік шекараны бекіте түсу үшін 
жаңа 
күшпен қайта кірісті. Бүл жолы бірінші кезекте Ертіс бойымен 
Тара қаласынан өзеннің жоғарғы бастауына дейінгі созылып 
жатқан аймаққа шықты.
Отаршылдықты шығыста күшейте түсу үшін Жайық бойы 
желісін кеңейту жедел қолға алынды, ал 1640 жылы негізі 
қаланған Гурьев қаласы Қазақстанмен коршілес батыс аудандар- 
дағы Ресейдің сауда-экономикалық мүдделерін қорғауды қамта- 
масыз етуде әртүрлі жағдайларды реттеуге жәрдемдесті. Сауда- 
герлер, дипломатиялық мисссиялардың мүшелері, саяхатшылар, 
шытырман оқиға іздеушілер Шығыс Түркістанның, Оңтүстік- 
Батыс Сібірдің орта азиялык иеліктерінен Сібір жоне оңтүстік 
Орал бойы мекендеріне оралғанда Ертістің арғы жағында жатқан 
«азия елдері» туралы осіре айтылған моліметтерін таратты.
Ресейдің жаңадан иеленген жерлерін қолға үстап түру, Орта 
Азия елдерімен озара сауда қатынастарын орнату бүл елдін 
табиғи ресурстарға, осіресе патша үкіметі үшін оте қажет алтынға 
деген қажеттілігімен қабысты. Коз тіккен жерге қуаты артқан
120


Жоңғар хандығының үстанған саясаты белгілі еді, ал қазақ 
хандарының өзара алауыздығы, үш жүздің басы қосылмай, 
қырғи-қабақ болуы жат көздердің назарынан тыс қалған жоқ. 
Осының бәрі, сайып келгенде, алыстағы Индия мен Қытайға 
шығуға тіке жол іздеген I Петр кезінде басталған Ертіс 
бойындағы аймақтарды иелену жоспарын жүзеге асыруды 
жеделдету саясаты еді. Бүның бәрі Ресейдің Швециямен арадағы 
үзақ жылдарға созылған соғыс әрекеті салдарынан қаржыдан 
тапшылық коріп, енді жаңадан қаржы көзін тауып, елді қайта 
қалпына келтіру қажетгігімен де байланысты.
Орыс мемлекеті Қазақстанды өзіне қосып алу мақсатын іс 
жүзінде орындауға кірісті. I Петр Кронштадта швед флотымен 
болатын теңіздегі шайқасқа шығар алдында шығыста бекіністер 
салу жөнінде мәлімдеп, 1717 жылдың 22 мамырында «Әулие 
Наталья» кемесінде мынадай жарлыққа қол қойды: «Подпол­
ковник И.Д.Бухгольцтің басшылығымен қүм алтыны бар жерді 
иелену үшін экспедиция жасақталсын».
1715 жылы 1 қазанда И.Д.Бухгольцтің экспедициясы Ямышев 
көліне жетіп, сол жерде жаңа бекіністің іргетасын қалады. 1716 
жылы Омск, 1717 жылы 
Железнинск, 1718 жылы- Семипала­
тинск, ал 1720 жылы - Усть-Каменогорск бекіністері салынды, 
бүл соңғы бекініс Ресейдің Цинь империясымен шекарадағы 
оскери-инженерлік ең шеткі бүйірдегі нүктеге орналасқан қүры- 
лыс болатын, сондықтан редуттар, маяктар, форттағы қүры- 
лыстар арқылы едәуір аймақ бақылауға алынды. Осы жылы 
Ресей бірнеше бекіністер салды, оның ішінде: Чернорец, 
Чернояр, Верблюжская, Осморыжская, Убин, Семьяр бекіністері 
бар. Бүлар Сібір. Ертіс және Колыбан үш әскери-саяси желілер 
бойы үшін негізгі тірек болды.
Осы кезде Беркович-Черкаскийдің экспедициясы 
Каспий 
теңізінің шығыс жағалауын зерттеп, Арал жағалауын картаға тү- 
сірді. I Петр сенаттың көшірме түсірушісі (тіркеушісі) И.Кирил- 
ловқа және сыртқы істер Алқасының аудармашысы А.И.Тевке- 
левке қазақтарды Ресей қоластына қаратудың жобасын жасауды 
тапсырады. Бүл орайда ол Тевкелевке кеңес беріп, егер «ол орда 
қоластымызға қарағысы келмесе, шығын молшері-не қарамастан
тіпті оған миллион қаржы керек болса да, қалай болған жағдайда 
да олар бір парақ қағазға қол қойып, Ресей империясының 
протекциясында болуды міндетіне алса болғаны» деген. Бірақ, 
I Петрдің өлімі бүл жобаны жүзеге асыруға кедергі жасады. ХҮІІІ
121


ғасырдың басында қазақтар Ресейге бірнеше мәрте елшілер 
жіберіп, 
онда 
орыстардың 
иелігіндегі 
казактар 
мен 
башқүрттардың, қалмақтардың 
қазақ қоныстарына 
шабуыл 
жасауын тоқтату талабымен қатар Жоңғарияға қарсы әскери 
одақ қүруын үсынды. 
Ресей үкіметі бір жағынан қазақтарға 
көмек беруге уәде берсе, екінші жағынан Сібір әкімшілігіне 
жоңғармен татулықты бүзбай, қажеті болса олармен сауда-саттық 
катынасты дүрыс жолға қоюға тырысу керектігін айтты.
1726, 1730 жылдардағы қазақтардың жоңғарларға қарсы 
соғысындағы жеңістері олардың тарапынан болатын қауіпті 
бәсеңдетті, дегенмен түтастай алғанда, Қазақстандағы жағдай әлі 
де қиын еді. Оның үстіне Кіші жүзде Әбілхайыр, Орта жүзде 
Сәмеке (Шахмүхамед), Үлы жүзде Жолбарыс хан бастаған қазак 
жүздері арасындағы алауыздық жағдайлар күшейді. Осындай 
қиын кезде Кіші жүздің ханы Әбілхайыр орыстардың қоластына 
қарайтындығына ниет білдіріп, Петербургке елші жіберді. Онда 
Ресей империясының қоластында болу арқылы Жоңғариямен 
жойқын соғысты 
аяқтап, Қазақстандағы қиын жағдайды 
пайдаланып отырған ежелгі жаулары 
башқүрттармен, орта 
азиялық хандармен, сібір казактарымен арадағы күресті тоқтату 
мақсаты көзделді. Бүл ыдырай бастаған қазақ одағының сыртқы 
саясатындағы күрделі бетбүрыстың бастапқы кезі еді.
1726 жылдың басында Әбілхайыр өзінің елшісі Қойбағар 
Көбековты патша үкіметімен келіссөз жасасуға Петербургке 
аттандырды. Кіші жүздің қазақ 
старшиналарының Ресейдің 
сыртқы істер жөніндегі Алқасына жазған хатында еділ қалмак,- 
тары сияқты Ресейдің «протекциясында» болсак деген үсыныс 
айтылды. Сонымен қатар олар Уфадағы түтқындарды айырбас- 
тауға рүқсат сүрап, башқүрттар мен Жайық казактарының 
шабуылынан қорғауды және Жайык, бойында емін-еркін кошіп- 
қонуға кепілдік беруін өтінді. Бірақта Жоңғариямен екі арадағы 
жағдайдың шиеленісіп кетуінен қауіптенген әрі қазақтарды 
қоластына қаратудың қазірше ешқандай пайдасы жоқ екендігін 
түсінген 
патша 
үкіметі 
Әбілхайырдың 
хатын 
жауапсыз 
қалдырды. Осымен келіссөз үзіліп, тек 1730 жылы Кіші жүз 
старшиналары Жоңғарияға қарсы соғыста Ресеймен әскери одақ 
жасасу жөнінде шешім қабылданғаннан соң қайта қолға алынды. 
Онда Әбілхайырға тиісті келіссөз жүргізу тапсырылды. Бірақ бүл 
келіссөзде ол одақтасу емес, Ресейдің қоластына кіру туралы 
үсыныс жасады. Қыркүйек айында батыр Сейтқүл Қойдағүлов
122


пен Қүтлымбет Қоштаев би бастаған қүрамында жеті адамы бар 
Әбілхайырдың елшілігі Уфаға барды. Қазан айында Петербургке 
жетіп, Ресейдің қоластына қарау туралы өтінішті қабылдау 
жөніндегі жазылған хатты патша Анна Иоанновнаға тапсырды. 
Ханның өтініші қанағаттандырылды. 1731 жылы 19 ақпанда 
Анна Иоанновна «Әбілхайыр ханға және барлық қазақ халқына 
олардың 
Ресейдің қоластында болуын қүптайтыны туралы» 
грамотаға қол қойды, онда Әбілхайыр хан өзінің қоластындағы 
адамдармен Ресейдің қоластында болуы мынадай тармақтар 
арқылы жүзеге асатындығы келтірілген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет