Қазақстан тарихы оқулық


  XIX ғасырдың 20-шы жылдарындағы Жоламан



Pdf көрінісі
бет30/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

7.2. 
XIX ғасырдың 20-шы жылдарындағы Жоламан
Тіленшиев пен Саржан Қасымов бастаған көтерілістер
Табын руының батыры Жоламан Тіленшиев алғашқы рет XIX 
ғасырдың 20-шы жылдарда-ақ патша отаршыларына қарсы 
шыққан еді. Оған Жаңа Елек ауданындағы өзендері мен түз 
қазбасы бар жайылымға бай жерлерді ресейліктердің тартып 
алғаны себеп болды. Жаңа Елек бойында 29 бекініс түрғызылды. 
Кіші жүз қазақтарының Жайық, Елек, 
Бердянка және Қүрат 
өзендері бойындағы ең жақсы деген 7 мың десятина жері тартып 
алынған болатын. Патша үкіметі бүл өңірге өз шаруаларын және 
Орынбор мен Орал әскерлерінің казактарын орналастыра 
бастады. Міне, тап осы оқиға Жоламан Тіленшиевтің көтеріліс 
жасауына себеп болды. Ол алғашқыда қазақтардың қүқықтарын 
бейбіт жолмен шешуге тырысты. 1822 жылы Орынбор әскери 
губернаторы Эссенге жолдаған хатында Жоламан былай деп 
жазды: «Әбілхайыр хан кезінде қырғыздарға (қазақтарға.-Г.А*.) 
Жайықтың сырт жағын пішен шабу үшін пайдалануға және сол 
өзеннен балық аулауға рүқсат етілді: 1810 жылға дейін қазақтар 
бүл қүқықты кедергісіз иеленіп келді, бірақ Ресей Елек өзенін 
алғаннан кейін шекара бекетін ығыстырып, бүрынғы берілген 
жерлерді пайдалануға тыйым салды, ал қазақ ауылдары не 
орманы жоқ, не жөнді су көздері жоқ далада коп қиындық 
көруде. Нарын қүмы беткейіндегі Өзен және Самара өзендері 
маңында орыс солдаттарының үлкен күзеті бар, олар қазақтарға 
мал жайғызбайды, сондықтан біз шекара бекеті мен күзетті алып 
тастауды өтіндік, бірақ әлі күнге дейін тиісті рүқсат алған 
жоқпыз. Біз 1810 жылға дейінгі кезеңде Жайық пен Елек өзендері 
арасындағы даланы кедергісіз пайдалану туралы қүқығымызды
142


қайтаруға екінші мәрте рұқсат сүрадық, бірақ бүл да жауапсыз 
қалды».
Орынбор губернаторы Эссенге осындай хаттар жазылғанымен, 
оның бәрі де жауапсыз қалдырылған. Сонымен қатар Орынбор 
шекара комиссиясы Жоламанға мүндай келіссөзді тек Шерғазы 
хан арқылы жүргізуге тиіс екендігін ескертті, ал Жоламан бүл 
ханды өз халқын сатқан опасыз адам ретінде жек көретін. 
Ж.Тіленшиевті қудалау мақсатымен дала төсіне бірнеше мәрте 
жазалау отрядтары үйымдастырылды. Жоламанның сарбаздары 
шекара бекеттері мен сүлтан-билеушілерінің қоныстарына 
шабуылын бастады. Көтеріліс 1835 жылы ерекше қарқын алды. 
Бүл күреске Орск мен Троицк желілерінің арасындағы он шаршы 
шақырымнан асатын жерінен айырылған жағалбайлы, жаппас, 
алшын, арғын, қыпшақ рулары қатыса бастады. Қазақтың осы 
аталған руларының жағдайы өте-мөте ауыр болатын. Мал аштан 
қырылмас үшін олар амалсыздан шекара аумағына көшуге және 
қонысты пайдаланғаны үшін үлкен мөлшерде ақы төлеуге 
мәжбүр болды. Қазақтың бүл рулары жер саясатына наразы 
болып, желілер бойындағы бекіністерге, сауда керуендеріне және 
сүлтан-билеушілерінің ауылдарына жиі шабуыл жасады.
1837 
жылы 
Кенесары 
Қасымов 
бастаған 
Орта 
жүз 
қазақтарының көтерілісі басталды. Бүл Кіші жүз қазақтарының 
едәуір бөлігін бірлескен күреске жүмылдырды. Жоламан өзінің 
адамдары арқылы шекараға жақын маңда көшіп қонатын барлық 
қазақтарды елдің ішіне өтуге және Кенесары көтерілісіне 
қатысуға шақырды. Көтеріліс әсіресе 1837 жылы кеңінен қанат 
жайды, сол кезде Кіші жүздегі Бөкей ордасында халық 
көтерілісін Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастады. 
Жоламанның 3 мыңға жуық сарбаздары болды. Көтерілісті басу 
үшін патша үкіметі үш отряд жіберді. Полковник Мансуровтың 
отряды Орскіден, қүрамында 750 әскері бар полковник 
Лазуровтың отряды Орынбордан, полковник Гекенің отряды 
Електен көтеріліс болып жатқан аймаққа аттанды. Бірақ бүл 
жасақтар өз міндеттерін орындай алған жоқ.
Жоламан Тіленшиев бастаған көтерілісшілер отаршылдыққа 
қарсы шығып, қазақтардан тартып алынған жер мен жайылымды 
қайтаруды мақсат етті. Орта жүздегі Саржан Қасымовтың 
қозғалысы да алдына осындай мақсат қойды, сонымен қатар 
Абылай ханның үрпақтары - қазақ хандығын қайта қалпына 
келтіруді талап етті. Саржанның бүл қозғалысты бастауына 1822
1 4 3


жылғы қабылданған «Сібір қырғыздары туралы жарғының» 
күшіне енуі себеп болған еді. 1824 жылы Қазақ даласында 
алғашқы Приказдарды ашу мақсатымен екі экспедиция жабдық- 
талды, оның бірін Омбы облысын баскарушы полковник 
Броневский Қарқаралыға бастаса, екіншісін 
подполковник 
Григоровский Кокшетауға алып келді. 1824 жылы 8 ақпанда 
сүлтандар мен билердің белсенді катысуымен патша окіметі 
бірінші Қарқара Приказының негізін қалады, оған аға сүлтан 
болып подполковник Түрсын Шыңғысов тағайындалды. Сол 
жылы подполковник Григоровский Кокшетау Приказының 
негізін қалады. Бүл Приказдар Қазакстанды болашақта одан орі 
езгіде үстаудың амалы еді. Қарқаралы жоне Кокшетау Приказ- 
дарына қарасты бүқараның бытыранкы котерілісін Кенесары 
Қасымовтың бауыры - сүлтан Саржан баскарды. ол 1824-1836 
жылдар аралығында патша отаршылары мен аға сүлтандарға 
қарсы жан аямай күресті. Ол Приказдарды жоюды, Қазақ 
даласынан оскерлерін алып кетуді және бүрынғы еркіндікті талап 
етті.
1826 жылы 31 қаңтарда болған ашық қақтығыс Саржан 
сүлтанның жеңілісімен аяқталды. Оның түтқынға түскен үзеңгі- 
лестері Омбыдағы әскери сотқа берілді. Сүлтан озінің жактаста- 
рымен қуғыннан қүтылып, Орынбор маңындағы көп ауылдармен 
бірге кошіп-қонып, Троицк каласына жақын Кидель-Қыпшақ 
болысында қыстады. 1826 жылы Саржан оз ордасын Бүғалы жоне 
Тағалы жайлауларына кошірді. Бүл жерде оған қазактардың 
Қаракесек, Үйсін, Жағалбайлы, Шор болыстары қосылды. Ол 
озінің інісі Есенгелдімен ауылдарды аралап, отаршылдық билікке 
жоне оларды қолдаушыларға қарсы күреске шақырды. 1826 
жылы тамызда Саржан озінің отрядымен Қарқаралыға жорық 
үйымдастырды. 
Саржанның Қарқаралы 
маңына 
келгендігі 
туралы хабар патша окіметі мен аға сүлтандарын таңқалдырды. 
Түрсын Шыңғысов тез арада Омбы облыстық оскери қорғаныс 
бастығы полковник Броневскийден комек сүрап, озіне жүз басы 
Карбышевтің командасы мен отрядын тез арада жіберуді отінді. 
Бүл 
отрядтың 
дол 
уақытында 
жетуі 
Қаркаралының 
талқандалуынан 
сақтап 
қалды. 
Карбышев 
экспедициясы 
жергілікті қазақтардан 100 қой, 36 жылқы 10 кілем жоне т.б 
тартып алды.
1832 жылдың басында Саржан қайтадан котеріліске шықты. 
1832 жылы I наурызда ол озінің екі інісімен жоне 400 жасакпен
144


Қарқаралы округінің Ресейдің қол астына караған билерінің 
ауылына күтпеген жерден шабуыл жасап, олардың 1600 
жылқысын тартып алды. Саржанды үстау үшін жүзбасы 
Потаниннің отряды жіберілді. Сүлукол жайлауының маңында 
қызу шайқас болды. Артиллериямен қаруланған Потанин 
отрядына Саржан жасағы тотеп бере алмай кері шегінді. Қасым 
Жақсыбеков сүлтан мен 
торт қазақ түтқынға алынды жоне 
коптеген котерілісшілер қа^а тапты. Осы жеңілістен кейін 
Саржан 1832 жылы патша үкіметіне карсы бірлесіп күресу 
жонінде Ташкент билеушісімен одақтасты. Саржан ташкенттік 
қүшбегімен бірге едәуір әскер жинап. қазактарды котеріліске 
шақырды. Бүл орекет патша окіметін шошындырды. Батыс-Сібір 
генерал-губернаторы Вельяминов дереу бірнеше топ жасақтап. 
котерілісшілерге қарсы шықты. Көтерілісшілер үлкен шығынға 
үшырады. Оларды тек белсенді қолдаған Қарқаралы жоне 
Кокшетау округтарының қазақтары болды. Сондықтан да 
окіметке көтерілісшілердің жекеленген беліктерін басып-жаншу 
онша қиынға түскен жоқ. Көтерілісшілердің ізіне түскен патша 
оскері Сарысу өзені бойындағы ташкенттік қүшбегі түрғызған 
және оған иелік ететін екі бекіністі қоршады.
Бірақ, осындай сәтсіздіктерге қарамастан Саржан күресті 
тоқтатқан жоқ. 1833 жылы шағын жасақпен Ресей патшалығы- 
ның қоластындағы сүлтандар мен билердің ауылдарына, сондай- 
ақ сауда керуендері мен бекеттеріне шабуыл жасады. 1834 жылы 
мамырда Саржан бастаған ташкенттік қүшбегінің 6 мың әскері 
Орта жүз аумағына келіп, Үлытауға бекінді, бүл Көкшетау 
округінан 200 шақырым жерде болатын. Көтерілісшілермен 
соғысқа генерал-майор Броневский басшылығымен 6 зеңбірегі 
бар мың адамдық отряд жасақталды. Ол 1834 жылы көктемде 
Ақмоладан шығып Үлытауға жетті, олардың жақындап қалғанын 
біліп қалған қүшбегі Қорғанда азғантай әскёр қалдырып, Бетпақ 
далаға қашты. Осыдан кейін ташкенттік қүшбегі отаршыларға 
қарсы жорық жасаған жоқ. Патша отрядтарының қыспағына 
үшыраған Саржан Қоқан ханының қолдауына сеніп, озінің 
сарбаздарымен Үлы жүздің өңіріне оралды. Мүнда осы жүздің, 
сондай-ақ ташкенттік қүшбегіне қарайтын Сырдария бойындағы 
қазақтарды біріктіруге тырысты. Бүл Орта жүз қазақтарын өзіне 
бағындыру үшін Саржанды пайдалануға тырысқан қүшбегінің 
мақсатына қайшы келді. Осындай келіспеушіліктер салдарынан 
ташкенттіктер 1836 жылы жазда Саржан мен оның үлдарын
145


айуандықпен өлтірді. Ташкенттіктер 1840 жылы Саржан мен 
Кенесары Қасымовтың әкесі Қасым төрені де өлтірді. Саржан 
сүлтанның он жылдан астам уақыт азаттық жолындағы күресі 
халықтың көкейінде қалды, ауыз әдебиетіндегі жырларда оның 
патшаның отарлау 
саясатына 
қарсы 
күресін 
кіші 
інісі 
Кенесарының жалғастырғаны жырланады.
7.3. Бөкей хандығынын қүрылуы. И.Тайманов пен 
М. Өтемісов бастаған халык-азаттык көтерілісі
1801жылы 11 наурызда Ресей патшасы I Павелдің жарлығына 
сәйкес, Жайық пен Еділдің төменгі сағасында Ішкі, яғни Бөкей 
хандығы қүрылды. Осы хандықтың бірінші ханы Бөкей 
болғандықтан, оны Бөкей хандығы деп атаған. Бөкей ордасы 
патша үкіметіне бағынышты болды. Ішкі саясатқа қатысты 
мөселелердің көбін хан Орынбор әкімшілігімен келісіп шешті. 
1812 жылы шілдеде Орал қаласының маңында Орынбор 
әкімшілігінің жоғарғы шенді адамдары мен қазақтың ақсүйектері 
қатысқан жиынында Бөкей ресми түрде хан болып сайланады. 
Хан тағына мүрагерлікті ру басшылары мен билер, сондай-ақ 
патша үкіметі жақтады. Елді басқару ісінде ханға еркіндік 
берілді. Орданың 
қаржы-салық саясатын, жерді пайдалану 
тәртібін белгілеу мен аумақтық-рулық басқару мәселелерін, 
шаруашылықты үйымдастыру тәсілдерін ханның өзі шешетін 
болды. Бөкей хан 1815 жылы қайтыс болды, ол хан тағын үлы 
Жәңгірге өсиет етті, ол кәмелет жасына толғанша орданы 
басқару өзінің туған інісі Шығай сүлтанға тапсырылды. 1823 
жылы 22 маусымда I Александр Жәңгірді Ішкі орданың ханы деп 
тану жөнінде жарлыққа қол қойды, ал 1824 жылы 26 маусымда 
ол хан тағына отырды.
Хан тағына отырған Жөңгір патша әкімшілігінің тарапынан 
көрсетілген қолдауға сүйене отырып, түрғындардың қоғамдық- 
саяси өмірі мен жекелеген саласын, сондай-ақ жергілікті 
басқарудың дәстүрлі жүйесін қайта қүруды қолға алды. 1827 
жылы Жөңгір хан Жасқүс жайлауында түрақты хан ордасын 
салуға шешім қабылдады. Орда қүрылысы қарқынды басталып, 
он жыл ішінде ағаштан қырық үй салынды, ал 1846 жылы мүндай 
үйлердің саны 89-ға жетті. 1841 жылы хан Торғын өзені бойында 
өзінің жазғы ордасын салды. Осы жылы қазақ балалары үшін 
бірінші орыс мектебі ашылды. Медресе мен ауылда бастауыш
146


мектептер салынды. Балаларды Астрахань, Саратов және Қазан 
қалаларына, Орынбордағы Неплюев кадет корпусына оқуға 
жіберу қолға алынды. Осыған орай Ішкі орданың балалары үшін 
аталған оқу орындарында он балаға арнайы орын бөлінді. Жәңгір 
хан халық ағарту ісіне ерекше мән берді. Бөкей хандығы әскери 
желілермен күзетілген Жайық бойы, балық кәсіпшіліктері 
орналасқан солтүстік Каспий жағалауы арқылы Астрахань, 
Саратов, Орынбор губернияларының жерімен шектесті. Оның 
аумағы ықшам, шаруашылығы шағын болды, жалпы жері 
шығыстан батысқа дейін 350 шақырым, ал солтүстіктен 
оңтүстікке дейін 200 шақырым еді. Жайылымдардың тарлығы 
әуелгі бастан хандықтың жерді тиімді пайдалануына икемдеді. 
1830-1845 жылдары Жәңгір хан жерді жеке меншікке иеленудің 
1517 актісін берді. Осылайша жердің біртіндеп жеке меншікке 
айналып, жер қатынастарының өзгеруі қазақ қоғамындағы 
«қауымдастық-рулық» пайдалану принципіне мүлдем қайшы 
келді. Мәселен, Жәңгір ханның өз меншігінде көлемі 400 мың 
десятина жер болса, оның інісі Мендігерей де тап осындай жер 
көлемін иемденді. Балқы би Қүдайбергеновтың 300 мың десятина 
жері болды. Небәрі 20-30 ауқатты отбасылары бүкіл хандык 
жерінің 85% меншіктеп алды.
Бөкей хандығының 
саяси қүрылымында да 
өзіндік 
ерекшеліктер байқалды. 1827 жылы қүрылған хан кеңесі 
12 
биден қүралды, яғни әр рудан бір би сайланды. Хан өз билігімен 
әр руға жерді бекітіп, оны жеке меншікке де берді. Бүл орайда 
сүлтандардан сайланған 10 депутат жергілікті жерлерде барлык, 
мәселелерді хан атынан шешті. Сонымен қатар ханның ерекше 
тапсырмаларын орындайтын есаул ретіндегі 12 старшинасы мен 
«базар сүлтандары» болды. Олар ішкі орданьің баж салықтарын 
жинауға, қазақтардың (ордадан тыс жерде) мүдделерін қорғауға, 
сауда орындарындағы тәртіпті қадағалауға міндетті болды.
Басқару жүйесін өзгерту, ханның қанау саясатының күшеюі, 
жылдан жылға 
салықтардың 
көбеюі қазақтардың дәстүрлі 
қүқықтарының әлсіреуіне әкеп соқтырды. Яғни билік күшейіп, 
қарапайым халық езгіге үшырады. Мүндай езгіге төзбеген қазақ 
шаруалары 
бас көтеріп, хандықты дүр сілкінтті. Халықтың 
көтерілуіне жер дағдарысы, алым-салық ауыртпалығы, патша 
шенеуніктерінің қанауы, сондай-ақ Жәңгір хан мен оның 
туысқандарының, әсіресе Қарауыл қожа Бабажановтың қысым- 
шылық жасауы себеп болды.
1 4 7


Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар 
көтерілісінің барысы үш кезеңнен түрады. Бірінші кезең 1833- 
1836 жылдарды қамтиды, бүл қарулы котеріліске дайындық 
кезеңі еді. Екінші кезең - көтерілісшілердің ханға қарсы шығуы 
(1837 ж.), бүл 1837 жылдың қарашасына, яғни котеріліс жеңіліске 
үшырағанға дейін созылады. Үшінші 
кезең Исатай 
мен 
Махамбеттің 
аз ғана топпен Жайықтың сол жағасына отіп, 
Ақбүлақ өзеніне жақын манда (1838 ж.) болған шайқаста 
түпкілікті жеңілуімен аяқталды.
1837 жылдың жазы мен күзінде котерілісшілер хан 
ауылдарына шабуыл жасайды. 16 қыркүйекте котерілісшілер 
200 адаммен Қарауыл кожа Бабажанов ауылын талқандап. 50 
адамды түтқынға алады, оның ішінде Қ.Арысланов пен
С.Ақмурзин сүлтандар бар еді. Бүқара халық алған бетінен 
қайтпай, ханды күшпен басқару ісіне реформа жасатуға итер- 
меледі. 24 қазан күні Исатай мен Махамбет 1500 котеріліс- 
шілерімен хан ордасынан 40 шақырым жерге келіп тоқтады. 
Қоршау екі аптаға созылды. Ал Орынбор губернаторы 
көтерілісшілерді қоршап алып, жойып жіберуді ойластырды. 
Осыған орай тез арада 1000-нан аса оскер жинақталды, оның 
қүрамында 400 хан жасағы, екі зеңбірегі бар 300 Астарахань 
және 
Орал 
казактарының 
бірнеше 
отрядтары 
болды. 
Котерілісшілерге қарсы күресті үйымдастырып, оны басып- 
жаншу үшін Орынбордан подполковник Геке жіберілді.
15 қараша күні таңертең қүрамында 2 мың әскері мен хан 
нокерлері бар Геке көтерілісшілермен 
Тастөбе шатқалында 
кездесті, жойқын шайқас үзаққа созылған жоқ, котерілісшілер 
100 адамынан айырылды. Патша мен хан әскерлері котеріліс 
басшыларын қолға түсіре алмады. Исатай ТаПмановты үстап 
берген адамға 500 сом күміс ақша тағайындалды.
1837 жылы қарашаның 13-нен 14-не қараған түні Исатай мен 
Махамбет Жаманқала бекінісі маңында Жайықтан отіп, арғы 
жағындағы кең далаға беттеді. Олар алған беттерінен қайтпай, 
осы жерде күш жинап, патшаның жазалаушы отрядымен жоне 
жергілікті феодалдармен ақтық шайқасқа шығамыз деп жоспар- 
лады. 1838 жылы коктемде котерілісшілердің қуатты оскері 
жасақталды. 1838 жылы 12 шілде күні қүрамында 500 жігіті бар 
котерілісшілер жасағы Ақбүлақ пен Қиыл озендері аралығында 
подполковник Геке бастаған жазалаушы отрядпен кездесті. 
Күштердің арасалмағы тең емес еді, котерілісшілер бүл жолы
148


жеңіліп, олардың қолбасшысы Исатай Тайманов каза табады. 
Содан 
кейін 
котерілісшілердің 
күресі 
олсірей 
бастады. 
Болшектелген 
отрядтары 
Томенгі-Жайық 
маңында. 
Ойыл 
бойында 
соғысты. Махамбет Өтемісов елдің арасына кетіп, 
казак ауылдарын ханға карсы күреске шакырды. Казак жүздіктері 
мен жазалаушы отрядтар котеріліске катысқан белсенділерді 
колға түсірді, коптеген ауылдарды талкандады. Котеріліске 
катысушыларды дүре соғып, каторгаға айдады, Сібірге жер 
аударды, мүліктерін тәркілеп, мәңгілік коныстарынан айырды.
Бүл котерілістің тарихи маңызы зор. Ол отаршылдыкка 
карсы. азаттык үшін. олеуметтік езгіні жоюға бағытталған күрес 
болды. Бүл үлт-азаттык котеріліс тек жер үшін күреспен 
шектелген жок. ең негізгісі елдің олеуметтік-экономикалык 
моселелерін шешуге үмтылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет