Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Сабақтың басы 4 минут
БЫМ Білімді жаңғырту:
1. Қасым ханның билік еткен жылдары?
2. Қасым хан тұсында орын алған ішкі және
сыртқы саясаттағы өзгерістер?
3. Қасым хан сыртқы саясатта қандай бағыт
ұстанды?
Оқушылар өткен сабақта алған білімдерімен бөліседі.
Мұғалім сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен
таныстырады. Сабақ тақырыбының тарихи концепті
өзгеріс пен сабақтастық екендігін айтып өту қажет.
Сабақтың ортасы 7 минут
15 минут
10 минут
Б Оқушыларға келесі тапсырманы орындауға ұсыныс
жасаңыз:
Көз алдарыңызға елестетіп көріңіздер, сіз Қазақ
хандығын біріктірген белгілі хансыз.
Сіз өз билігіңізбен мемлекетіңізді нығайту үшін не
істер едіңіз?
Дескриптор:
1. Мемлекетті нығайту үшін пайдаланатын 3-тен
кем емес қадамды жазады.
Оқушылар өз нұсқаларымен бөліседі.
Ж) Қасым хан Қазақ хандығының билігін нығайту
үшін жасаған іс-әрекеттерді анықтау үшін (Қосымша 1) оқушыларға дерек беріп, жеке жұмыс ұйымдастыру
қажет. Оқушылар тапсырма барысында «Қасым
ханның қасқа жолы» заңымен танысады.
Дескриптор: 1. Қазақ хандығын біріктіру үшін ұйымдастырған
Қасым ханның іс-әрекетін анықтайды.
2. Не себепті Қадырғали Жалайыр: «Жәнібек
ханның ұлдарының арасында аса белгілі
болғаны Қасым хан еді...» деп жазғаның
түсіндіреді.
Оқушылардың жауаптарын сыныптық талқылауға
салып, өзара тексеріс ұйымдастыру.
Д Картамен жұмыс.Оқушыларға Қазақстанның
кескін картасы үлестірілді. Ең алдымен оқушылар
оқыған дерек негізінде және өткен сабақта алған
білімдерін пайдалана отыра Қасым ханның сыртқы
саясатына қатысты ақпаратпен бөліседі. Содан кейін
картамен жұмыс жасайды.