Қосымша 1
Т/Ж 1-тапсырма. Кәртішкелерде жазылған қоныстандыру салдарын жіктеп,
нөмірлерін себетке салып, таңдауыңды түсіндір.
ЖАҒЫМДЫ ЖАҚТАРЫ
ЖАҒЫМСЫЗ ЖАҚТАРЫ
Қосымша 2
2-тапсырма.
Мәтіндегі
ақпаратты
және
меңгерген
біліміңді
пайдаланып,
қоныстандырудың демографиялық және экономикалық жағдайды қалай өзгертті. Қандай
өзгеріс көбірек болды? Диаграммада белгілеп көрсет.
Қоныстандырудың демографиялық және экономикалық салдары
Қазақстанның
барлық
аймақтарына
қоныстандыра
бастау
Қазақстан
тұрғындарының ұлттық құрамын өзгертті. Қазақ жері көп ұлтты аймаққа айнала бастады.
Елімізде тұратын украин-орыс шаруаларынан басқа,
ұйғырлар, дүнгендер, саяси
себеппен жер аударылған поляктар, немістер саны артты. Жетісу жеріне қоныстанған
3
Жайылымдардың азайып,
қолданыстағы жер
шектеулігіне
қарамастан
салықтар саны көбейе
берді. Қазақстанның
далалық облыстарында
(Жетiсуды қоспағанда)
1880-1905 жылдар
аралығында қой мен ешкi
саны 24,9%-ға, 1905-1914
жылдар аралығында
жылқы саны 4,1%-ға
кемiген.
1
Патша үкіметі 1860-90
жылдары құнарлы
жерлерді қазақтардан
тартып алып,
қоныстанушыларға
таратуға кірісті.
Қазақ
халқы ғасырлар бойы
көшіп-қонып, дәстүрлі
мал бағумен
айналысатын
жайылымдарынан, егін
егетін жерлерінен айрыла
бастады.
2
Мал жайылымы болған
жерлердің
азаюы қазақ
шаруаларының
отырықшылыққа көшуіне
ықпал етті. Дәстүрлі
көшпелі мал
шаруашылығы Орталық
Қазақстанда,
Бетпақдалада,
Маңғыстауда, Семей,
Ақмола облыстарында,
Сырдарияның шөлді
аймақтарында сақталды.
5
XIX ғасырдың 70-80-
жылдары кедейленген
қазақтар күнкөріс үшін
тау-кен
орындарындағы
және қалалардағы ірілі-
ұсақ кәсіпорындарға
жалданып жұмысқа
кірісті. Оларды
жатақ деп
атады.
6
Өндіріс орындары көп
шоғырланған қалалар
мен қоныс тұрғындары
арасында қазақтар саны
артты. Жатақтар –
қазақ ұлтының жаңадан
қалыптаса бастаған
алғашқы
жұмысшы
табы десек болады.
4
Ақмола облысында 1855-
1890 жылдары
қазақтардан 250 мың
десятина жерді тартып
алған. Ол жерлерге 11
мыңға жуық орыс шаруа
қоныстанушылар
шаңырақтарынан 24 село
ұйымдастырылды
.
орыс шаруалары тұрғындардың 10%-ын ғана құрағанымен, егістік жерлердің толығымен
дерлік иесі болды.
1897 жылғы
халық санағы көрсеткендей, қазақ өлкесіндегі орыс ұлтының саны
едәуір артты:
• Ақмола облысында – 56%,
• Оралда – 40,8%,
• Торғайда – 37,5%,
• Семейде – 24%,
• Жетісуда – 23,5%,
• Сырдария облысында – 6,2%.
Қалаларда тауар алмасу мен сауда-саттық қатынастары дамыды. Бірақ қазақ
халқының құқы жиі бұзылатын айырбас саудасы қалыптасты.
Қоныс аудару кең етек алған Солтүстік Қазақстан
аймақтарында егін егу кең
таралды. Малдың құрамында жылқыдан басқа сиыр көп өсірілді. Қазақтар мал жаюдан
бірте-бірте отырықшылыққа көшіп, қысқы азық дайындау, шөп шабу, пішен дайындауға
ауыса бастады.
Солтүстік аймақтарда егін шаруашылығы тұрғындарды астықпен тұрақты
қамтамасыз етіп тұрды. Басқа аймақтарда, атап айтқанда,
Сырдария, Жем, Ырғыз,
Сарысу өзендерi алқаптарында да егіншілік жақсы дамыды. Далалы қуаңшылық
аудандардың жерлерін суландыру әдісі жақсы нәтиже берді.
Дегенмен ХХ ғасыр басына дейін қазақ халқында дәстүрлі көшпелі, отырықшы
егін шаруашылығы, жартылай отырықшы мал шаруашылығы сақталды.
Қоныстандыру саясаты ХХ ғасырдың басына дейін жалғасты. 1917 жылға қарай
қазақ халқының 45 млн. десятина жері тартып алынды.
Дерек көзі:
Достарыңызбен бөлісу: