генерал-губернатор қолына жинақталды, ал Түркістан генерал-губернаторы
оған қоса
Қытаймен және Иранмен елшілік келіссөздер жүргізу құқығына ие болды.
Әрбір генерал-губернаторлық құрылым облыстардан құралды. Орынбор генерал-
губернаторлығына Орал
және Торғай облыстары кірді, Батыс Сібірге-Ақмола және
Семей, Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу мен Сырдария облыстары қарады.
Бұрынғы Бөкей хандығының аумағы 1872 жылы Астрахань облысының құрамына енді.
«1868 жылғы уақытша ереже» бойынша Маңғышлақ
приставы Орал облысының
қарамағында қалып, Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды. 1870 жылы 2-сәуірде
тұрғындардың көтеріліс қаупінен сескеніп, Маңғышлақ
приставы Орал облысынан
шығарылып, Дағыстан командованиесінің қарауына берілді және ол әскери басқару
жүйесіне бағынды.
Бейнематериалда айтылғандай, енді облыстар уездерге, уездер
болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Осылай 5 сатылы басқару жүйесін енгізуді іске
асыру басталды.
Дерек көзі:
Қазақстан тарихы: Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 8-сыныбына
арналған оқулық.
/Ш.М. Аманқұлова, Л.А. Бердіғалиева, А.С. Мағзұмова, Т.К. Юсупова / сынама нұсқа. –
Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2018.
Достарыңызбен бөлісу: