әкімшілік жүйе болды. От пен оқтың күшімен алып империя құрған Шыңғыс хан өзінің әр
ұлына үлес бөліп берді. Бөлінген жерлер – ұлыс деп аталды.
Ұлыстардың әскерлері
жүздіктерге, мыңдықтарға, түмендерге бөлінді. Шыңғыс хан империясының халқы да осы
әкімшілік бөліністер бойынша бөлінді. Бағындырылған халыққа ауыр алымдар салынып,
міндеткерліктер жүктелді. Әскери міндеткерлік ерекше ауыр болды – халық моңғол
әскеріне жауынгерлер беріп отыруға міндеттелді. Отырықшы
халық та әскери қызмет
атқаруға тиісті болды.
Дереккөзі: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том.–
Алматы:«Атамұра»,1996. –419-448 бб.
Достарыңызбен бөлісу: