Қазақстан тарихы «Өзгеріс пен сабақтастық» концептісінің негізінде құрастырылған қысқа мерзімді жоспарлар жинағы Негізгі мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан, 2019 ӘОЖ


Қосымша 2  Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті кім әкелді: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма?



Pdf көрінісі
бет44/123
Дата13.07.2022
өлшемі1,57 Mb.
#37636
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   123
Қосымша 2 
Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті кім әкелді: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма? 
Қазақстан жерінде XI-XIII ғасыр аралығында Алтай тауымен Еділ өзенінің 
аралығында қыпшақтар өмір сүрді. Қыпшақтардың этникалық дамуы өте ұзақ процесс 
болды. Оның дамуын үш кезеңге бөліп қарастырамыз: бірінші – қимақ қағанатымен 
байланысы, екінші Алтай тауынан бастап, Еділ өзеніне дейінгі аралықта қоңыстануы; 
үшінші – хандықтың күшею кезеңі.
XI ғасырда қыпшақтар Русь, Византия, Венгрия мемлекеттерімен тығыз 
этномәдени қатынас жасады. 
Махмұд Қашқари еңбегі бойынша 
Дешті Қыпшақ даласында 
түркі тілдес қимақ, құман, қарлұқ, ежелгі башқұрт, оғыз тайпалары мекендеді. 
Әбу-л-
Ғазиздің хабары бойынша Ыстық көл мен Талас жағалауына қоныстанған қаңлылар да 
кірген. Рашид-ад-Диннің жазуына қарағанда, қыпшақ қоғамында ұран тайпасының беделі 
ерекше болған. 
Тайпалардың бірлестігі бойынша ассимилияцияға ұшырағандығын 
көруімізге болады. Оның себебі шаруашылықтың бірдей болуы, қоғамдық құрылыстың 
ұқсас болуы, тілдердің ұқсауы себеп болды. Артынша Қазақстан жеріне моңғолдар 
шабуыл жасап, бүкіл қазақ жерін жаулап алады. Қазақ жерінде қыпшақтардың үстемдік 
құрғаны соншалық, моңғолдар түркіленіп кетеді. Оған дәлел ретінде бүкіл Жошы 
ұлысында қолданыстағы тіл моңғол тілі емес, қыпшақ тілі еді. Сонымен қатар 1265 жылы 
Берке хан, одан 45 жылдан кейін өз елінің дінін ресми түрде ислам діні деп қабылдаған 
Өзбек ханның тұсында мемлекеттік дәрежеге ие болып, көшпенділер арасында да кеңінен 
тарала бастады.
Шыңғысхан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне 
жасаған жорығы болды, бұл жорық моңғолдарға Шығыс Европа мен Алдыңғы Азияға жол 
ашты.
1219-1224 жылдары Қазақстан мен Орталық Азия жерін толық жаулап алып, ұлан-
ғайыр көп жерлерді Шыңғысхан көзінің тірісінде төрт ұлына бөліп берді. Ертістен Орал 
тауларына дейінгі, одан батысқа қарай ежелгі Ұлы Даланы, Каспий мен Арал теңізінің 
оңтүстік бөлігін үлкен баласы Жошының иелігіне берілді. Екінші баласы Шағатайдың 
үлесіне Мәуереннахр, Жетісу мен Қашқар енді. Ордасы Іле алқабы болып белгіленді. 
Үшінші баласы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай жері қарады. Оның ордасы 
қазіргі Шәуешек қаласының маңы. Ал кенже баласы Төлей, Шыңғысхан жұрты 
Моңғолияны басқарды. Сонымен Қазақстан жері Шыңғысхан империясының үш 
ұлысының құрамына: үлкен бөлігі – Жошы ұлысының, оңтүстік және оңтүстік-шығыс 
Қазақстан – Шағатай ұлысының, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысының 
құрамына кірді. 
Басқару жүйелерінде өзгерістер туындады, Орта Азия елдерінде әскери мыңдық, 
жүздік, ондық жүйесі құрылды. Көшпелілердің ұғымында таңба, мөр ұстау қалыптасты. 
Осы уақытта құрылтай жүйесінің ауқымы мен ролі ұлғая түсті. Қазақстан мен оның көрші 
аймақтарында этностық құрамында өзгерістер орын алды. Шапқыншылыққа дейінгі 
кезеңде Қазақстан жеріне шығыстан керей, меркіт, найман, жалайыр тайпалары 
тұрақтанса, моңғолдардың шапқыншылығынан кейін мұнда қиат, барлас, маңғыт, 


қоңырат, татар т.б. тайпалар қоныс аударды. Шыңғысханның жорықтары Қазақстан 
жерінде көптеген қалаларды қиратты егін шаруашылығын құлдыратып, халықтың 
мәдениетіне зардабын тигізді. Оңтүстік Қазақстан жерінде Ұлы жібек жолы саудасының 
тоқталуына себеп болды. Моңғолдар араб және парсы тілдерінде тарихи шығармаларды, 
кітапханаларды, шамамен отыз шақты қалаларды толығымен жойып жіберген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет