Түркіленген моңғол тұқымдары. 2. Қазақтар – Қыпшақ, тағы басқа қазақ тайпалары. 3.
Маңғыттар – Қарақалпақтар мен ноғайлар. XIV-XV ғасырларда қазақ жеріндегі ру-тайпалар
әр түрлі хандықтың құрамында болғанына қарамастан түрік (қыпшақ) тілінде сөйледі. XV
ғасырдың басында хандық өкіметтердің ішінде саяси бытыраңқылық күшейді. Ру-тайпалар
басқа хандықтарға ауа көшті. Көшудегі басты мақсат – барған жерлеріндегі ру-
тайпалармен бірігу, тыныштықта өмір сүру. Қазақтың халық болып қалыптасуын
жеделдеткен басты себеп – екі этникалық топтың бірігуі. Олар:
- Орталық, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстандағы қыпшақ тайпалар одағы.
- Оңтүстік Шығыс Қазақстандағы үйсін тайпалар одағы.
Жәнібек пен Керей
хандармен бірігіп көшкен ру-тайпалар алғашқы кезде «өзбек-қазақтар» деп аталды.
Ал, Алаш – орта ғасырлық және одан ерте кезеңдегі деректерде қазақтың өз алдына ел
болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы.
Алаш аты тарихта
кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады. Моңғол-татар-қазақ шежірелерінде Алаш
(Алашы) хан туралы айтылады.
Қазақ атауының шығу төркіні жөнінде алуан түрлі ғылыми болжамдар мен
көзқарастар бар. Бірақ әлі де нақтылы, толық дәлелденген пікір айтыла қойған жоқ. Шығыс
Дешті Қыпшаққа орта ғасырлық және одан ерте кезеңдегі деректерде қазақтың өз алдына ел
болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы. Алаш аты тарихта
кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады. Моңғол-татар-қазақ шежірелерінде Алаш
(Алашы) хан туралы айтылады. «Қазақ» атауы ІХ-Х ғасырларға әлеуметтік мағынада
қолданылса, ал ХІ-ХІІ ғасырларда осы аттас этникалық әлеуметтік топтардың болғандығы
байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: