Қазақстан тарихы «Өзгеріс пен сабақтастық» концептісінің негізінде құрастырылған қысқа мерзімді жоспарлар жинағы Негізгі мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан, 2019 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет70/123
Дата13.07.2022
өлшемі1,57 Mb.
#37636
түріСабақ
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   123
Байланысты:
аза стан тарихы « згеріс пен саба тасты » концептісіні негізін

Қасқа деп қазақ тілінде көшпенділердің тікелей өмірімен тығыз байланысты қасиетті 
жануар – жылқы малының дәл маңдайына орналасқан ақ теңбелді айтады. «Қасқа жол» 
деген сөз тіркесі ақ жол, халықты адастырмайтын тура жол, бақытқа жетелейтін сара жол 
деген мағына білдірсе керек.
«Қасым ханның қасқа жолының» басты тармақтары:
1. Мал-мүлік заңы. Онда мал, жайылым жер туралы арыз шағымдар белгілеме 
қамтылады.
2. Қылмысты icтep заңы. Онда адам өлтірушілерді мал-жанды тонаушыларды, ұры-
қары қатарлы қылмыстарды жазалау туралы белгілемелер қамтылады.
3. Әскери міндет өтеу заңы. Әскери қосын құру, әскери міндет өтеу туралы 
белгілемелер.
4. Елшілік заңы. Мұнда негізінен тап даудың басты шарттары белгіленген.
5. Азаматтық icтep заңы. Өлім-жітім, той-томалақ, мереке-мейрам, салт-сана жөнінде 
нақты белгілемелер. 
«Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған, халқының ұлттық, әлеуметтік жағдайына 
сай әдет-ғұрып пен биліктің жаңаша Дала заңының негізін қалаған, өз билігі кезінде Қазақ 


хандығын сол заманғы ең қуатты елге айналдырған, атақ-даңқына өз халқымен бірге көрші 
елдер де қанық болған, батырлық пен қайсарлық, кемеңгерлік пен табандылық, мейірім мен 
дарқандық, адам қызығарлық жан жомартығы сияқты ұлтының асыл қасиеттерін бойына 
жиған жұрт осы заңмен тәрбиеленген. Бір сөзбен айтқанда, «Қасым ханның қасқа жолы» -
қазақ жұртының елдік, ұлттық санасын негіздеуде шешуші қызмет атқарған өзгеше 
құжат болды. 
Бұл Қазақ хандығының саяси, әскери icтep, мәдениет, заң қатарлы жақтарында түбірлі 
заң сипатының төрт қағидаты. Ханның мемлекет жағдайының үйлесімі заң жасауына 
құқықты болатындығы белгіленгендіктен, заң нысаны арқылы қоғам тәртібін қорғап, 
үстемдік орнын нығайтуға болады. Батырдың міндетін белгілесе, әскери icтep жағында 
жеңіске кeпiлдiк ету арқылы мемлекеттің тұтастығы қорғалады. 
Қасым хан 1518 жылы (кей деректерде 1521, 1523 жылдарда) Қазақстанның 
батысында, Жайық бойындағы сәнді, салтанатты қала Сарайшықта дүние салады. Сүйегі 
Алтын Орда хандарының ежелгі зиратына, жеке күмбезге жерленеді. Қазір бұл жерде тау-
тау болып үйілген топырақ қана жатыр. 
Мағауин М. «Қазақ тарихының әлппесі». 22-23 беттер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет