Қазақстан тарихы пəні бойынша тақырыптар тізімі



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата30.12.2016
өлшемі1,15 Mb.
#747
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2. 1986  жылғы  Желтоқсан  оқиғасына  орталықтың  өктемдік  əрекеттері  мен  демократиялық 

принциптері  арасындағы  қайшылықтар  жəне  шовинистік  саясат    қалыптасқан  жағдайлар  нарызылықтың 

негізгі себептері болды.  

Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V 

пленумы  болды.  Пленумда  Г.П. Разумовский  ұсынысымен  Қазақстанды  көп  уақыт  бойы  басқарған 

Д. Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы 

партия  комитетінің  бірінші  хатшысы  болған  Г.В. Колбин  тағайындалды.  Ел  басшылығының 

ауыстырылуына  арналған  бұл  пленум  18  минутқа  ғана  созылды.  Орталықтың  бұл  əрекеті  барып  тұрған 

саяси қателік жəне қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.  

1986  жылы  17  желтоқсанда  Алматыда  жастар  толқуы  басталды.  Кейін  бұл  толқу  республиканың 

басқа  қалаларына  тарады.  Шеру  бейбіт  жəне  саяси  сипатта  болды.  Жастар  шеруі  құқық  бұзушылық, 

ұлтшылдық  сипаттан  аулақ  болды.  Наразылықтың  басты  қозғаушы  күші  студенттер,  жастар  болды. 

Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез 

тарауын  талап  етті.  Шеруді  тарқату  мақсатында  республика  басшылары  Алматы  Гарнизоны,  басқа  да 



 

73

əскери  күштер  көмегімен  жастар  жиналған  Брежнев  алаңын  қоршады.  Демонстрацияны  тоқтату 



мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі əскер бөлімдері əкелінді.  

Осыншама  ірі  күштер  сапер  күрегі,  үйретілген  иттер,  су  шашатын  машиналар,  сойылдар  сынды 

қарулар  көмегімен  демонстрацияны  тоқтатты.  Қоғамдық  тəртіп  сақшылары  өрескел  қатыгездікке  барып, 

көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады.  

Шеруге  қатысқандарды  тергеу  ісі  өте  қатал,  заңсыз  жүргізілді.  Тергеу  камераларына,  қаланың 

сыртына  əкетілгендерінің  саны  8,5  мың  болды.  Көптеген  жастар  оқу  орындарынан,  комсомолдан 

шығарылды.  

Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Лəззат Асанова, 

Сəбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол 

кезде  айыпталған  99  адамның  46-ы  ақталды,  83  адам  1,5  жылдан  15  жылға  дейін  бас  бостандығынан 

айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығарылды. 1138 адам комсомолдық 

сөгіс  алды,  жоғары  оқу  орындарының  12  ректоры  қызметінен  алынды,  271  студент  оқудан  шығарылды, 

ішкі  істер  министрлігінен  1200  адам,  денсаулық  сақтау  жəне  көлік  министрлігінен  309  адам  жұмыстан 

шығарылды.  Желтоқсан  құрбаны  Қайрат  Рысқұлбеков  1988  жылы  мамырда  қайтыс  болды.  1996  жылы  9 

желтоқсанда  оған  «Халық  каһарманы»  атағы  берілді.  1987  жылғы  КОКП  ОК-ті  Алматыдағы  1986  жылғы 

желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады.  

Желтоқсан  оқиғасы  КСРО-ның  ыдырауын  тездетті.  Кейіннен  партия  желтоқсан  оқиғасында 

жіберілген  қателерді  мойындады.  КСРО  халық  депутаттарының  1  съезінде  ақын,  қоғам  қайраткері 

М.Шаханов  желтоқсандағы  орталықтың  жүргізген  іс-əрекетін  қатты  сынап,  тұңғыш  рет  мінбеде  сөз 

сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.  



3. 80  жылдардың  аяғына  қарай  демократиялық  процестің  жандануына  байланысты  Қазақ  КСР-де 

қоғамдық  ұйымдар  құрыла  бастады.  1989  жылдың  көктемінде  Қазақстанда  алғашқы  болып  «Невада  - 

Семей»  экологиялық  қозғалысы  құрылды.  Бұл  қозғалыстың  лидері  ақын  О. Сүлейменов  болды. 

Қозғалыстың  мақсаты  –  республика  жеріндегі  Семей  жəне  басқа  полигондарды  жабу,  полигон  зардабын 

шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы -  О. Сүлейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың 

бастамасымен  Балқаш  жəне  Арал  проблемалары  бойынша  комитет  құрылды.  Комитеттің  негізгі  мақсаты 

Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына 

үкімет назарын аудару болды.  

1989  жылы  «Əділет»  қоғамы  құрылды.  Қоғамның  негізгі  мақсаты  ұжымдастыру  кезіндегі 

ашаршылық,  сталиндік  репрессия  шындығын  ашу  болды.  Бұдан  басқа  Қазақстанда  «Азамат»,  «Ақиқат», 

«Қазақ тілі», «Мұсылман əйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.  

1990  жылы  «Азат»  азаматтық  қозғалысы  құрылды.  Басты  мақсаты  Қазақстанның  мемлекеттік 

егемендігін  алу  болды.  1990  жылы  ұлтаралық  «Единство»  қозғалысы  құрылды.  Қозғалысқа  ғылыми-

техникалық  интеллигенция  өкілдері  кірді.  Осы  кезде  «Желтоқсан»  партиясы  құрылды.  Бұл  партияның 

құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді.  

1991  жылы  «Азат»  азаматтық  қозғалысының  партиясы  құрылды.  Жастар  өздерінің  саяси  қозғалысы 

«Алаш»  партиясын  құрды.  1991  жыл  Қазақстан  социал-демократиялық  партиясы  құрылды.  1990  жылы 

Қазақстанда  100-ден  аса  қоғамдық-саяси  қозғалыс  болды.  Алматыда  ғана  40-қа  жуық  саяси  қозғалыс 

жұмыс  істеді.  Бұл  кезде  Қазақстандағы  көптеген  қоғамдық  –  саяси  қозғалыстар  əлсіз  жəне  қалыптасу 

кезінде  болды.  «Невада  -  Семей»,  «Қазақ  тілі»  сияқты  қоғамдық  қозғалыстар  біршама  мықты,  көптеген 

мүшелері мен белгілі дəрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды. 1990 жылдың аяғына қарай 

қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғұрлым көп 

саяси күш болды.  

Дегенмен,  бүкіл  елімізде  компартияға  деген  халықтың  сенімсіздігі  күшейді.  Бұл  жағдай  компартия 

беделінің  түсуіне  айтарлықтай  əсер  етті.  1990  жылы  компартия  мүшелерінің  42%-ы  өз  еркімен  партия 

қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді.  

90-жылдардың  басына  қарай  Қазақстанда  бұрын  патша  үкіметінің  жазалаушы  күші  болған  қазақтар 

ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 

400  жылдығын  мерекелеуге  шешім  қабылдады.  Бұл,  шындығында,  қазақ  халқының  ұлттық  мүддесімен 

санаспағандықтың  дəлелі.  «Азат»,  «Желтоқсан»,  «Парасат»  қозғалыстары  бұл  əрекетке ашық  түрде қарсы 

шықты.  Жаппай  қақтығысқа  ұласа  жаздаған  бұл  əрекет  жоғарыда  аталған  қозғалыстар  мен  құқық  қорғау 

органдарының  араласуымен  тоқтатылды.  Кез-келген  қоғамдық  ұйымдардың  абайсыз  іс  -  əрекеттері  үлкен 

қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.  

 

14-тақырып. Тəуелсіз Қазақстан (1 сағат)    

1. Қазақстанның тəуелсіздігінің жариялануы. Тəуелсіз мемлекеттер достастығын құру (ТМД). 

2. Экономикалық даму. 

3. Қоғамдық-саяси даму. Рухани дамуы. 

 

 


 

74

СӨЖ



 тапсырмалары: 

1. КСРО-ның ыдырауы мен Тəуелсіз Қазақстанның құрылуының күрделі кезеңіне сипаттама беру. 

2. 16.12.91 жылғы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік    Тəуелсіздігі туралы» Заңының негізгі 

қағидаларын анықтаңыз. 



1. 1991  жылы  8  желтоқсанда  РСФСР,  Украина,  Белорусь  басшылары  Минск  қаласында  кездесті 

(Беловеж  келісімі).  Талқыланған  негізгі  мəселелер  -1922  жылғы  КСРО  құру  туралы  келісім-шартты  жою, 

Тəуелсіз  Мемлекеттер Достастығын құру.  Бас қосуда  осы  мəселелер  туралы  қағаздарға қол  қойылды.  Бұл 

кездесуге  Қазақстан  Президенті  Н.Ə. Назарбаев  та,  басқа  Ортаазиялық  республикалардың  басшылары  да 

шақырылмады.  

1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Түркіменстан, Тəжікстан басшылары 

Ашхабадта  бас  қосты.  Орта  Азия  мемлекеттерінің  басшылары  Минск  (Беловеж  келісімі)  шешімін 

қолдайтындықтарын  білдірді.  1991  жылы  20  желтоқсанда  Қазақстан,  Қырғызстан,  Өзбекстан,  Тəжікстан, 

Түркіменстан,  РСФСР,  Украина,  Белорусь,  Армения,  Молдова  Алматыда  бас  қосты.  Оған  Грузия 

бақылаушы есебінде ғана қатысты.  

1991  жылы  21  желтоқсанда  аталған  11  республиканың  басшылары  КСРО-ны  ыдыратып,  ТМД-ны 

құру  туралы  келісімге  қол  қойды.  Алматы  кездесуі  кезінде  келісілген  мəселелердің  аса  бір  маңыздысы 

ядролық  қаруға  қатысты  бірлескен  шара  жөніндегі  келіссөз  еді.  Оған  қолдарында  ядролық  қаруы  бар 

мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Ресей Федерациясы жəне Украина республикаларының басшылары 

қол  қойды.  Мемлекеттер  келісімі  бойынша-қатысушылар  ядролық  мəселе  жөніндегі  саясатты  бірлесе 

жасап,  Тəуелсіз  Елдер  Достығына  енетін  барлық  республиқалардың  ұжымдық  қауіпсіздігін  қамтамасыз 

етуге тиісті болды. 

Қазақ  КСР-ның  жоғарғы  Кеңесі  1991  жылғы  қазанның  16-сындағы  қаулысында  1991жылғы 

желтоқсанның  1-інде  сайлау  өткізу  жөнінде  қаулы  шығарды.  «Президент  сайлауы  жөніндегі  Заң» 

қабылданып,  ол  бойынша  1991  жылғы  желтоқсанның  1-інде  бүкілхалықтық  сайлау  қорытындысымен 

Н.Ə. Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы 

күні Президенттің таққа отыру рəсімі болып, ант берді.  

Кеңестік  жүйенің  ауқымынан  босап  шыққан  республикалар  «кеңестік»,  «социалистік»  деген 

атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында 

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.  

КСРО-ның  ыдырау  процесін  тездеткен  1991  жылғы  тамыз  бүлігі  1991  жылдың  қазанына  қарай 

көптеген  республикалардың  өз  тəуелсіздігін  жариялауына  септігін  тигізді.  1991  жылы  16  желтоқсанда 

Республиканың  Жоғарғы  Кеңесінің  жетінші  сессиясында  «Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік 

Тəуелсіздігі  туралы»  Заң  қабылданды.  Осы  күні  Қазақстан  өз  тəуелсіздігін  жариялады.  Сонымен,  1991 

жылғы 16 желтоқсан Республиканың тəуелсіздік алған күні.  

Қабылданған  Заң  бойынша  Қазақстан  тəуелсіз  демократиялық  құқықтық  мемлекет  ретінде 

анықталды. Ол өз аумағында барлық үкімет билігін толығынан қолданады, ішкі жəне сыртқы саясатты өз 

бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-

қатынасын  орнықтырады.  Қазақстан  Республикасының  шекаралары  біртұтас  бөлінбейді  жəне  оған  қол 

сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының жəне оның атқарушы үкіметінің басшысы Президент болып 

табылады. Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тəуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы 

бар оқиға болып табылады.  

2.  1992  жылы  Н.Ə.  Назарбаевтің  «Қазақстанның  егемен  мемлекет  ретіндегі  қалыптасуы  мен 

дамуының стратегиясы» еңбегі жарияланды. Бұл еңбектің маңызы:  

- Тəуелсіздік жолына түсудегі басты бағыттар көрсетілді. 

- Ел дамуының түбеғейлі концепциясы алғаш рет анықталды.  

- Ішкі жəне сыртқы саясат саласындағы, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі міндеттер сараланды.  

- Қазақ халқының тарихи миссиясына тоқталып, жергілікті ұлт мүддесі ерекше ескерілетіні қажеттігі 

айтылды.  

«Ұлт  өзінің  мемлекеттігінсіз  ұлт  болып  өмір  сүре  алмақ  емес…  Біздің  мемлекетімізде  тұрғылықты 

ұлттың-қазақтардың мүдделері жекелеген мəселелерде ерекше атап айтылатыны əбден орынды, мұның өзі 

мемлекеттердің бірқатарында тап, осылай етіледі де», - деп атап көрсетті Н.Ə. Назарбаев.  

1991  жылдың  соңында  егемендігін  жариялаған  Қазақстан  өз  мемлекеттігін  құрудың  жолына  түсті, 

мемлекеттік  тəуелсіздігін  қамтамасыз  ету  мақсатында  1992  жылғы  қаңтарда  оның  ішкі  істер  əскері 

құрылды.  Қазақстанның  тəуелсіз  мемлекет  болып  қалыптасуы  кезек  күттірмейтін  міндет  ретінде  оның 

мемлекеттік  нышандарын  (символдарын)  қабылдауды  талап  етті.  Бүкілхалықтық  талқылаудан  кейін  1992 

жылғы  маусымда  Жоғарғы  Қеңестің  сессиясы  Республиканың  жаңа  мемлекеттік  Туы  мен  Елтаңбасын 

бекітті.  Ту  авторы  -  суретші  Шəкен  Ниязбеков,  Елтаңба  авторлары  -  сəулетшілер  Жандарбек  Мəлібеков, 

Шот-Аман  Уəлиханов.  1992  жылғы  11  желтоқсанда  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  Əнұранның 

мəтіні  бекітілді.  Мəтінін  жазғандар  -  Мұзафар  Əлімбаев,  Қадыр  Мырзалиев,  Тұманбай  Молдағалиев, 



 

75

Жадыра Дəрібаева.  Əуенін  жазғандар  -  Мұқан  Төлебаев,  Евгений  Брусиловский,  Латиф  Хамиди  (1944  ж. 



нұсқасы сақталды).  

1993  жылғы  қаңтардың  28-інде  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш  Конституциясы  қабылданды. 

Негізгі  Заң  4  бөлімнен,  21  тараудан,  131  баптан  тұрды.  Оның  Құрамдас  бөлімі  еліміздің  қоғамдық  даму 

ерекшелігін бейнелейтін өтпелі кезең жағдайларына арналған тарау.  

ТМД-ның кейбір елдерінде КСРО мемлекеттік банкі мен Ресей банкісінің 1961-1992 жылға банкнот 

айналымының  тоқталуына  байланысты,  Қазақстанға  осы  банкноттардың  заңсыз  түрде  енгізілуі  күрт 

жоғарылады.  Оның  салдары:  елдегі  барлық  қаржы  жүйесі  құлдырады,  ақша  құнсызданды,  тұрғындардың 

тұрмыстық  деңгейі  төмендеді.  Осы  себептерден  Қазақстан  өзінің  ұлттық  валютасын  енгізуге  шешім 

қабылдады.  1993  жылғы  5  қарашада  «Ақша  жүйесін  тұрақтандыру  жөніндегі  шұғыл  шаралар  туралы» 

Президент жарлығы шықты.  

1995  жылғы  1  наурызда  мемлекет  басшысы  жанындағы  қоғамдық  консультациялық-кеңесші  орган-

Қазақстан  халықтарының  Ассамблеясы  құрылды.  Мақсаты:  қоғамдық  тұрақтылықпен  ұлтаралық 

татулықты нығайту.  

1995  жылғы  24  наурызда  Қазақстан  халықтары  Ассамблеясы  (ҚХА)  сессиясы  ашылды.  Онда 

қаралған  мəселелер:  Президент  Н.Ə.  Назарбаевтің  өкілеттігін  2000  жылға  дейін  ұзарту  мақсатында 

бүкілхалықтық  референдум  өткізу  туралы  ұсыныс  енгізу.  Елбасының  бұл  қызметте  болуының  бірінші 

конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.  

1995 жылы 29 сəуірде Президент Н.Ə. Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін 

ұзарту  жөнінде  бүкілхалықтық  референдум  өткізілді.  Сайлаушылардың  95,4%-ы  Н.Ə. Назарбаевтың 

өкілеттілігін  ұзартуды  қолдады.  Бұдан  кейін  əкімшілік-басқару  аппаратын  қысқарту  жəне  құрылымдық 

оңтайландыру  жөнінде  батыл  шаралар  қолданылды.  Орталық  үкімет  қайта  құрылып  сан  жағынан 

ықшамдалды,  жергілікті  жердегі  басқару  құрылымдары  қысқартылды.  Нəтижесінде  1997  жылы 

министрліктер  мен  ведомстволар  50-ден  25-ке  азайды.  Əкімшілік  ауданның  220-ның  30-ға  жуығы 

таратылды.  Əкімшілік  облыстар  19-ден  14-ке  кеміді.  1997  жылы  22  сəуірде  Торғай,  Талдықорған 

облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазіргі 

кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.  

1995  жылы  30  тамызда  еліміздің  жаңа  Конституциясы  қабылданды.  Бұл  негізгі  Заңымызда 

республиканың  экономикалық  қүш-қуаты  мен  мүмкіндіктері  ғылыми  тұрғыдан  тиянақталып,  халықтың 

əлеуметтік топтарына тиісті мəселелерді шешу ескерілді. Конституцияның ерекшеліктері: 

1. Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды. 

2. Парламент екі палаталы болды: Сенат жəне Мəжіліс депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды.  

3. Жалпы  жəне  төрелік  соттар  жүйелері  біріктірілді.  Олардың  қызметіне  араласуға  жол  берілмейді, 

ісіне  қол  сұғуға  болмайды.  Судьялар  нақты  істері  бойынша  есеп  бермейді,  тек  Конституция  мен  Заңға 

бағынады.  

4. Билік  тармақтарына,  мемлекеттік  лауазым  иелеріне  Конституциялық  құқықтарды  бұзуға  жол 

берілмейді.  

5. Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүдесін қорғайды.  

6. Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.  

Тарихи маңызы:  

-  Егеменді  Қазақстанның  əлем  қоғамдастығы  алдындағы  бар  болмысы,  өркениетті  даму  кезеңіндегі 

ерекшеліктері, əлемдік демократия даму кезеңіндегі ерекшеліктері, əлемдік демократиялық құндылықтары 

көрініс тапқан.  

- Республиканың одан əрі даму кезеңіне арналган тарихи құжат.  

Қазақстан қоғамын реформалау барысында астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру идеясы туындады. 

1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады. 

Нəтижесінде  1997  жылы  9  желтоқсанында  Ақмолаға  мемлекеттік  рəміздер  эталоны  жəне  Қазақстан 

Президентінің байрағы жеткізіліп, осы жылдың 10 желтоқсанда Ақмола ресми астана болып белгіленді, ал 

1998  жылы  6  мамырда  Президент  Ақмола  қаласын  Астана  деп  атауға  жарлық  шығарды.  1998  жылы  10 

маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті.  

1997  жылы  қазан  айында  Президент  Н.Ə.  Назарбаевтың  «Қазақстан-2030»  Жолдауы  жарияланды. 

Жолдауда қаралған мəселелер: 

1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.  

2. Реформаларды аяқтау.  

3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.  

4. «Қазақстан барысын» қалыптастыру.  

Жолдауда  болашаққа  болжам,  қазіргі  жағдайға  талдау  жасалып,  ішкі  жəне  сыртқы  саясаттың 

ерекшеліктері  айтылды.  Бұл  бағдарламада  еліміздің  саяси,  əлеуметтік-экономикалық  дамуының  жақын 

арадағы  жəне  стратегиялық  ұзақ  мерзімдегі  даму  жолдары  көрсетілген.  2030  жыл  –Қазақстан  күрделі 

жолдан ойдағыдай өткен жəне дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.  


 

76

3. Тəуелсіздік  алғаннан  кейін  Қазақстан  Республикасында  жоспарлы  экономикадан  нарықтық 

экономикаға  көшу  үрдісі  басталды.  Алдымен  экономикалық  реформалар  жүргізілді.  Қазақстанда 

жүргізілген экономикалық реформалар республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлін, орны 

мен  функциясын  түбегейлі  өзгерту  жолдарын  қарастырды.  Министрліктердің  ендігі  міндеттері  -  басқару 

емес,  өнеркəсіптердің  техникалық  дамуына,  салааралық  өркендеуіне  дұрыс  бағдар  таңдау  жұмыстарымен 

айналысу.  

Экономикалық  реформаны  дамыту  жағдайында  35  станционарлық  қоғам,  75  салааралық  сыртқы, 

экономикалық  ассоциациялар,  30-ға  жуық  концерндер  мен  консорциумдер,  30-дан  астам  коммерциялық 

банктер құрылды.  

Нарықтық  құрылымының  дамуын  жеделдету  мақсатында  мемлекет  меншігінен  алу  жəне 

жекешелендіру  жоспары  жасалды.  Ең  бірінші  кезекте  нəтижесіздік  танытқан  мемлекеттік  секторларды 

жекешелендіру қажет болды. Қазақстандығы жекешелендіру салық салу реформасы, бағаны қалыптастыру, 

еңбекті өтеу жəне бөлектену саясатымен қатар жүзеге асырыла бастады.  

Жекешелендірудің мақсаты :  

1. Кəсіпкерлікті дамыту.  

2. Кəсіпорындарды мемлекет иелігінен алу. 

3. Еркін баға орнату.  

4. Жеке меншік секторлар құру.  

5. Бəсекелестік ортаны қалыптастыру.  

Нарықтық  экономиканың  дамуын  жеделдету  мақсатында  мемлекет  меншігінен  алу  жəне 

жекешелендіру жоспары жасалды. «Монополиялық қызметтің шектелуі тұралы» заң қабылданды.  

Мақсаты:  

- Нарықты басқару механизмін еңгізу.  

- Ерікті бақталастық пен кəсіпкерлікті, сұранымдылықты қорғауды қамтамасыз ету.  

-  Тұтынушылардың  мүддесін  қорғау.  Бұл  заңда  Монополиялық  басқару  құрылымын  тарату,  товар 

нарқында сапасыз бақталастықты жою шаралары белгіленген.  

Іскерлік  белсенділіктің  өсуі  жаңа  банктік  құрылымның  жасалуына  əсер  етті,  бірақ  құрылымдық 

өзгерістер  республикада  материалдық  əл-ауқатты  жақсартпады.  Өндірістік  тұтыну  товарлары  мен  қызмет 

көрсету қысқартылды.  

1992 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен Республика бағаны босатты. 

Баға  алғашқы кезеңде  –186,4  есеге  өссе,  1992  жылы  сəуірде  554,5  есеге  өсті.  Нəтижесінде  ақшаның  құны 

түсті. Халықтың тапқан айлық жалакысы тамағынан аспады. Ауыл мен ауыл арасындағы қатынас мүлдем 

қиындап  кетті.  Қаңтар  айынан  тамызға  дейін  өндірістік  товарлардың  бағасы  бірнеше  есе  өсті.  Нарыққа 

көшу саясатының бұрмалауынан өз жағдайын алыпсатарлық, делдалдық, пара алумен түзеген адамдар тобы 

пайда болды. Қалаларда қайыр сұраған адамдар көбейді.  

Нарықтық экономика саясатының негізгі белгілері:  

1. Экономиканы мемлекет иелігінен алу.  

2. Жекешелендіру. 

3. Кəсіпкерлікті дамыту. 

4. Монополияны жою.  

5. Бағаны босату. 

6. Қатал ақша –несие жəне қаржы саясатын жүзеге асыру.  

1991 жылы жекешелендіру процесі басталды. Жекешелендіру процесі үш кезеңге бөлінді:  

Бірінші кезең 1991-1992 жылдар аралығын қамтыды. Оның міндеті: 

1. Мемлекеттік меншіктің көлемі мен құрылымын белгілеу.  

2. Меншіктік құқық беруді дайындау. 

3. Шағын жекешелендіру объектілерінің 50%-н жекешелендіру. Бұл кезде негізі көңіл кіші бизнестің 

дамуына аударылды.  

Жекешелендірудің  екінші  кезеңі  1992-1993  жылдар  аралығын  қамтыды.  Міндеті:  орта  жəне  ірі 

кəсіпорындарды жекешелендіру.  

Көптеген шағын жекешелендіру объектілері жергілікті мемлекеттік мүлік комитеттерінің шешімімен 

байқау  (конкурс)  немесе  аукцион  өткізілмей,  өте  төмен  бағаға  берілді.  Қазақстан  Парламенті  бұл 

стихиялық процесті реттеуге күш салды.  

Жекешелендірудің үшінші кезеңі 1993-1995 жылдар аралығын қамтыды.  

Міндеті:  

1. Мемлекет иелігінен алудың ұлттық бағдарламасын қабылдау. 

2. Меншікті мүлікті басқару жөніндегі комитеттің қолына көшіру. 

3. Инвестициялық купондар енгізу.  


 

77

1993 жылғы наурызда мемлекет иелігінен алу жəне жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған 



ұлттық  бағдарламасы  қабылданды.  Барлық  меншік  Мемлекеттік  мүлікті  баcқару  комитетінің  қолына 

көшірілді. Бұл комитеттің міндеті:  

1. Меншік республика азаматтарына тегін таратылып берілуге тиіс.  

2. Арнайы төлем құралдары-жекелендіру инвестициялық купондарын енгізу.  

Инвестициялық  купон  иесі  оны  əр  түрлі  инвестициялық  қорларға  салуға  мүмкіндік  алды. 

Купондарды  өнеркəсіптік  кəсіпорындар  акцияларына  ауыстыруға  жəне  сатуға  рұқсат  берілмеді.  200-ге 

жуық  инвестициялық  қорлар  құрылды.  Мақсаттары  купондарын  жинастырып,  аукционға  шығарылатын 

өнеркəсіптік  кəсіпорындардың  акцияларын  иелену.  Бірақ  1995  жылдың  басында  жекешелендіру 

бағдарламасының  жүзге  аспайтындығы  белгілі  болды.  Жекешелендірудің  мына  негізгі  мақсаттары 

орындалмады:  

1. Тиімді жұмыс жасайтын жеке меншік секторды құру. 

2. Қалыпты бəсекелестік ортаны қалыптастыру.  

3. Экономикалық-əлеуметтік жағдайдың төмендеуін тоқтату.  

Бірқатар ірі кəсіпорындар өте төмен бағамен шетелдік компанияларға сатылды. Шетелдік фирмалар 

иелігіне берілген маңызды объектілер:  

1. Қарағынды металлургия жəне Соколов-Сарыбай комбинаттары. 

2. Жезқазған, Балқаш мыс қорыту комбинаттары. 

3. Павлодар алюминий заводы.  

4. Павлодар атом-энергетикалық кешені кəсіпорны т.б.  

1998  жылдың  көктеміне  қарай  төленбеген  қарыздар  көлемі  шексіз  өсіп,  18  млрд.  долларға  жетті. 

Осыған байланысты əлеуметтік жағдай əбден нашарлады.  

1997-1998  жылдары  Кентау  (Оңтүстік  Қазақстан  облысы)  жəне  Жаңатас  (Жамбыл  облысы)  тау-кен 

өнеркəсібі  жұмысшылары  ереуілдерге  шығып,  аштық  жариялады.  Экономиканы  реформалау  процесінде 

халықты еңбекпен қамту саласындағы проблемалар одан əрі шиеленісіп кетті. Өндіріс жаппай құлдырады. 

Үкімет  тарапынан  жүргізіліп  отырған  қаржы,  несие,  баға  жəне  салық  саясаты  жетілдірілмеді. 

Жұмысшылардың жалпы саны қысқарды. Жұмыссыздар саны жылдан жылға көбейді. Мысалы, 1995 жылы 

еңбекпен  қамту  қызметтерінде  ресми  түрде  тіркелген  жұмыссыздардың  саны-  153  мың  болды.  Өндірістің 

толық  тоқтауы  салдарынан  ақысыз  демалысқа  шыққандар  -192  мың,  ал  өндірістің  жартылай  тоқтау 

себебінен  жұмыс  уақыты  толық  емес  режимде  істейтіндер  -  451мың,  90-жылдардың  соңындағы 

жұмыстардың жалпы саны - 643 мың.  

1997  жылы  экономика  саласында  істеп  жүрген  адамдар  саны  1996  жылмен  салыстырғанда  11,8% 

кеміді.  Республика  еңбек  рыногының  өзіне  тəн  ерекшелігі-жасырын  жұмыссыздық  деңгейінің  жоғары 

болуы  (9-11%).  Еңбекпен  қамту  проблемасы  ерекше  ауыр  болды  (жұмыссыздар  54,8).  Жұмыс  сыздықтың 

жергілікті шоғырланған аймақтары-шағын қалалар болды.  

Соңғы  жылдары  Қазақстанның  өнеркəсібін  жандандыруда  біраз  шаралар  іске  асырылды.  1999 

жылдың соңында жалпы өнім өндіру- 1-ға, өндіріс көлемін арттыру- 1,8-ға өсті. Республиканың алтын қоры 

2 млн.  долларға  жетті.  Инвестиция  мен  өндіріс  деңгейінің  төмендеуі  экономиканың  құлдырауға  түскенін, 

реформаның тиімсіздігін көрсетті.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет