Қазақстан тарихы пәнінен студенттердің өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар


-сұрақ. ҚР қоғамдық қозғалыстарының құрылуымен көп партиялық жүйенің қалыптасуы



бет49/52
Дата02.12.2023
өлшемі165,98 Kb.
#132761
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
?àçà?ñòàí òàðèõû ï?í³íåí ñòóäåíòòåðä³? ?ç³í-?ç³ òåêñåðó ?ø³í ñ?ð

91-сұрақ. ҚР қоғамдық қозғалыстарының құрылуымен көп партиялық жүйенің қалыптасуы.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін көппартиялықтың қалыптасуының шынайы кезеңі басталды. Партия рөлінің күшеюі әлеуметтік топтардың саяси бағыттарының және әлеуметтік-экономикалық реформаларға ықпал етуге тырысуымен анықталды.Қазақстанда көппартиялЫҚТЫҢ қалыптасуы жалғасуда және толыққанды тұрақты партиялық жүйе туралы, саяси күштердің айқын түрде анықталуы туралы айтуға әлі де болса ертерек. Республиканың саяси партиялары алдында дәстүрлі міндеттермен қатар, партия дамуының ортақ тенденцияларын және өтпелі қоғамды Қазақстанның ерекшеліктерін анықтайтын жаңа міндеттер де тұр. Келешекте партиялық жүйенің одан ары нығаюы және Парламенттегі партиялық өкілдікті кеңейту Қазақстандағы саяси процестерді демократияландыруды жеделдетеді.
92-сұрақ. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер.
1999 жылғы санақ жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық бөлінісіне сәйкес, оның әкімшілік-территориялық бірлігінен 84 қала және 200 кент, 2036 округ және 7684 ауылдың елді меккендер кіреді. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан тұрғындарының 56%-і қалалық елді мекемеерде, 44%-і ауылдық елді мекендерде тұрады.
Әдетте қазақтардың көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан онжылдықтағы олардың қалалықтарға айналу қарқыны жоғары.
Консулдық қызмет департаменті басқармасының соңғы мәліметі бойынша, әрбір үшінші қазақ шет елдерге тұрады. Алыс және жақын шетелдердегі жалпы қазақтың саны 6 млн 100 мың адам.
Қазақтардың 2000 жылдың басындағы барлық саны:
Қазақстанның өзінде 8 млн 590 мың. Бұрынғы посткеңестік, қазіргі дербес республикаларда 3 млн 837 мың.
Шалғай шетелдерде 2 млн 263 мың. Ал 1999 жылдың аяғы мен 2001 жылдың басындағы өтпелі Маргиналдар мен метистері қосқанда исі қазақ саны 15 млн-ға толады. Соның 12,5 млн таза қазақтар қалғандары ұлттық менталисті анықталмаған ділі шала қазақтар.
Олардың орналасуы бойында санын көрсетсек: Алыс шетелдерде және жақын шет елдердегі қазақтар:
Өзбекстанда 2560 мың
Ресейде 1000 мың
Түркіменстанда 140  мың
Қырғыстанда 95 мың
Украйнада 15 мың
Белоруссияда 5 мың
Азербайжанда 4 мың
Грузияда 3  мың
Молавада 3 мың
Прибалтикада 2,5 мың.
Қытайда 2000 мың
Монғолияда 100 мың
Ауғанстанда 30 мың
Түркияда 25 мың
АҚШ-та 14 мың
Иранда 10 мың
Алманияда 9 мың
Канадада 7  мың
Францияда 9 мың
Иракта 5 мың
Алыс және жақын шетелдегі қандастарымыздың саны 6 млн 100 мың (метис пен маргиналдарымызбан бірге).
Қазақстанға миграциялық ағым осы Республика мен елдер жағынан біртіндеп күшейе түсуде.
Біздің есептеуіміз бойынша соғыстан бергі соңғы жылдары Қарақалпақстандағы қазақтардың үштен бірі, Түркіменстандағылардың үштен екісі өздері шыққан атамекені Қазақстанға қайтқан. Бұл процес осылайша стихиялы түрде жүре отырып 2020-2030 жылдары қазақтың етек жеңі біршама жиналып қалады. Біздің есептеуіміз бойынша алдағы он жылдықта Қазақстанға 300 мыңдай қазақ қайтуы ықтимал, 1996 жылы Монғоиядан 130 мыңға жетерлік бауырларымыз көшіп келген екен.
Осындай миграцияның 12-17 мыңдық мөлшері жыл сайын алда сақтала бермек. Дәл бүгінгі күні жыл сайын бұрынғы Одақтас Республикалардан Қазақстанға 10-15 мыңға жық қазақтар қайтып оралуда. Ол 1992 ж 24 мыңға дейін жетті. Алда осы сияқты өз еліне береке молшылық ала келетін “Майтабандар” көші-қоны бұданда кең етек жояды. Бұл қозғалыс жақын болашақта Республикамыздағы қазақтар саны келесі ғасырдың ортасына дейін 4-5 млн қомақты үлес қоса алады.
Қазіргі таңда Президенгтіміздің жолдауы бойынша әр жыл сайын мемлекеттік квотаның көлемін кең дегенде 15 мыңның үстінде ұстап отырып, экономикамыздың дамуына орай квоталар санын бұдан 2 есеге көбейту жоспарланып отыр.
Үкіметтің жоспарлап отырған  жылына 15000 квота мен біз шете елдердегі қандасатрымызды жақын арада көшіріп алу мүмкін емес. Шет елдердегі қандастарымыз жағдайы келгендері яғни өз күшімен көшіп келе алатындары квотаға қарамай өз қаражатарымен келеуде.
Оралмандар өз тарихи отанына келу үшін көптеген қиыншылықтарға кездеседі:
—Тұрғылықты жерінен отанына қайту үшін  рұқсат алуы керек. Ол мемлекет Қазақстан Республикасымен  Көші-қон туралы келісім шарт жасасқан болса онда қандасымызға виза алу көп қиындық болмайды. Ал егер де ондай келісім-шарт жасалмаса онда  виза алу да көп қиындықтар болады.
—Қазақстанға келгеннен кейінгі азаматтық алу қиындықтары. Азаматтық алғаннан кейін берілмейтін жәрдем ақының тоқтатылуы. Мамандығы бойынша жұмыс табу, егерде мамандығы болмаса жұмыс табу қиындығы, әлеуметтік жағдайының нашарлауы т.б.
Көшіп келудің түрлі қиындықтарына  қарамастан  көшті тоқтатпау керек.Үкіметтің осы мақсатта жүргізіліп жатқан жұмыстары да оралмандарды қолдау мақсатында жүргізілуде. Шет елдердегі ұандастарымызды көшірудегі мақсаттың бірі ол өмір  сүріп жатқан халыққа сіңісіп кету қауіпі. Мысалыға: Өзбекстандағы қазақтардың көпшілігінің өзбек болып жазылып кетуде. Қаржы қиынықтарына байланысты ол елдегі мектептердің жабылуы, Соңғы уақыттағы екі ел арасындағы салқындықта екі ел арасындағы көші-қон мәселесін тежеуде. Осы мәселелерді шешуде екі жақты келісөздер жүргізілуде.
Қытай Республикасының батысты игеру мақсатында жүргізіліп жатқан саясаты яғни қытайлардың саны аздау батыс аймағын игеру бұл.Батысты мекен ететін қазақ ұлтына қиындықтар туда, өйткені саны көп қытайлықтар аз санды қазақтарды жұтып жіберуі мүмкін . Міне осы жағдайларды ескере отырып Қытайдағы қандастаымызды тез арада көшіріп алу жолдарын қарастыруымыз керек. Осы елдермен қатар тарыдай шашылған қандастарымызды көшіріп әкеле алсақ. Президентіміз айтқандай 2020 жылы Қазақстандағы халықтың санын 20 млн адамға жеткізуге болады. Қандастарымызды әкелу өз республикасында саны аз қазақ ұлтының көбеюіне яғни үлес салмағының артуына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет