Неолит кезеңі (б.з.б. 5—3 мыңжылдықтар) арасын қамтиды. Бүл тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезі. Тасты өңдеудің жаңа технологиялық тәсілдері: тегістеу, бүрғылау, аралау пайда болады.Қазіргі кезде Қазақстан жерінде ғылымға белгілі 500-ден аса неолиттік ескерткіш бар. Неолит түрақтары орналасу сипатына қарай төрт түрге бөлінеді: 1) бүлақ бойындағы; 2) өзен жағасындағы; 3) көл жиегіндегі; 4) үңгірдегі. Қараүңгір неолиттік түрағы — Оңтүстік Қазақстанның Түлкібас ауданында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысындағы Қызылсу өзенінің оң жағалауынан Сатшақыз түрағы табылды. Батыс Қазақстанда Келтеминар мәдениеті табылды. Сөйтіп, қорыта келгенде, тас дәуірінде адамның пайда болуы, қалыптасуы жэне алғашқы адамдардың Қазақстан аумағына қоныс аударуы мен игере бастауы үрдісі жүрді. Арал өңірінен найзаның ұштары, жалпақ пышақтар, екі жүзі де өңделген жебе ұштары табылған. Балқаштың солтүстігінде- шақпақ тастан жасалған ұсақ құралдар. Орталық Қазақстандағы Жезқазған өңірінен 150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары табылған. Қызылордадағы Сексеуіл тұрағы.
Қазақстан территориясы қола дәуірі кезеңінде.Дәуірдің ерекшелігі, шаруашылығы және әлеуметтік ұйымдасуы.
Қола дәуірі б.з.б 2800-900ж.ж.
Тас ғасырынан кейін қола дәуірі келді. Біздің жерімізде қола дәуірі б.з.д. 3-мыңжылдықта басталған. Қола дәуірі адамзат баласы тарихында ерекше орын алады. Бұл дәуірде адамзат металды игерді. Ал өндіріске металдан жасалған құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды, жаңаша әлеуметтік қатынастарды қалыптастырды.
Қазақстанның қола дәуірі, шамамен б.з.д. XVIII—VIII ғасырлар аралығын қамтиды. Кең тарихи-мәдени мағынасында қола дәуірінің алдыңғы (б.з.д. XVIII —XVI ғғ.) және ортаңғы кезеңдерінде (б.з.д. XV—XII ғғ.) тұстас.
Археологиялық қазба материалдары бұл кезеңде Қазақстан аумағында адамның негізгі кәсібі үй маңында мал өсіру болғандығын дәлелдейді. Негізгі мал түрі “ ірі қара, ал қой мен жылқы аз мөлшерде болған.
Мал шарушылығының жедел дамуы ең бірінші кезекте ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің, халықтың басқа бұқарасынан бақташы тайпалардың бөлініп шығуына негіз болды. әлеуметтік және әскери-саяси құрылымдарда рулық-тайпалық бөлімшелер пайда болды.