Қазақстан территориясындағы қола дәуірінің археологиялық мәдениеттері.
Еуразия даласында қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың қалдырған мәдениеті тарих ғылымында «Андронов мәдениеті» деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері «Андронов» деген селоның жанында ашылған. Бұл село Оңтүстік Сібірдегі Ачинск каласының жанында орналасқан. Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Ал б.з.д. XII—VIII ғасырларда соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптаскан. Академик Әлкей Марғұланның анықтауынша, Беғазы - Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі - ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан.Бұл дәуірде көбінесе өлген адамның сүйегін жартылай өртеп қойған. Адамның денесін қабірден тыс жерде өртеп, содан соң күйген сүйектерін қабірге жерлеген болуы керек. Өйткені адамның сүйектерімен қатар қойылған қыш құмыраларда, әшекей заттарда, қару-жарақтарда оттың ізі, белгісі жоқ.
Шығыс Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері төрт кезеңге белінеді. Олар:
1. Усть-Бөкен кезеңі (б.з.д. XVIII—XVI ғғ.).
2. Қанай кезеңі (б.з.д. XV—-XIII ғғ.).
3. Кіші-Красноярка кезеңі (б.з.д. XIII—IX ғғ.)
4. Трушниково кезеңі (б.з.д. IX—VIII ғғ.)
Сақ тайпалары. Саяси тарихы.
Сақтар біздің жыл санауымызға дейінгі 3-2 ғасырларда өмір сүрген. Сақ әулетінің негізін Алып-Ер Тұнға (Афрасияб) қалаған. Діні-Тәңірінің діні. Жазуы- көне түркі тілі. Сөйлеу тілі- Алтай тіл тобына жататын түркі тілі. Сақтардың мекен жайы- Орта Азия мен Қазақстан және Шығыс Түркістан өңірі. Сақтар тарихи жылнамалар мен көркем әдебиетте «Азиялық скифтер, Құдіретті еркектер, Жүйрік атты турлар, Скиф- сақтар, Савроматтар » деп аталады. Сақтар туралы алғашқы мәліметтер антикалық авторлардың еңбектері мен парсы-иран жазбаларында кездеседі.
Шығыстанушылардың пікірінше сақтар үшке бөлінген. Олар: теңіздің ар жағынан келген сақтар, хаома сусынын даярлайтын сақтар және шошақ бөрікті сақтар.
Теңіздің ар жағынан келген сақтар: Қара теңіздің солтүстігін, Арал маңын және , Сырдариянның төменгі ағысын мекендеген
Шошақ бөрікті сақтар: Сырдарияның орта ағысы, Тянь- Шань мен Жетісуды мекендеген.
Хаома сусынын даярлайтын сақтар: Мургаб алқабы мен алтынға бай Алтайды мекендеген.