Батыс түрік қағанаты - Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 - 704).Батыс Түрік қағанатының негізін Торэмен қаған қалаған деген ғылыми дерек те бар.Батыс түрік қағанаты «ежелгі үйсін жерлеріне» ірге тепті, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Батыс Түрік қағанатының соңғы 23-қағаны Синь (Ашина Синь) 704 ж. Құлан қаласында түргештердің басшысы Үшлік (Учжилэ, Үшелік) қолынан қаза тапты. 704 жылы Батыс Түрік қағанатының орнына Түргеш қағанаты құрылды.
Түргеш және Қарлұқ қағанаттары.
Түргеш қағанаты — Түргештер (704-756 жж.) дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".
699-706 жж аралығында елді Үшелік қаған басқарды. Ол Жетісуда өз билігін орнатты. Бас орталықтары Суяб пен Күнгіт қалалары болды.
Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711) таққа отырады.Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. "Сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды.Соның салдарынан 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады.940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.