Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары



бет5/60
Дата28.11.2023
өлшемі127,9 Kb.
#131083
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
stud.kz-94406

Сақтардың саяси тарихы. Парсылардың патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Кир сақтарды, массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Кир сөйтіп, Сақ жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Кир де, әскерлері де өлтіріледі.



  1. Сақ тайпаларының шаруашылығы мен мәдениеті.

Сақ тайпалары көшпелі мал шаруашылығы (әсіресе қой шаруашылығы) және кей жерлерде жартылай отырықшылықпен айналысты.
Көшпелі мал шаруашылығы Батыс және Орталық Қазақстанның далалы, шөлдері мен шөлейтті аймақтарында жыл бойы көшіп-қонып жүрумен сипатталды. Бұл жерлерде егіншілік дамымаған, ал шөп шабу аздаған жерлерге ғана таралды. Өсірілетін мал түрі: негізінен, қой, түйе, жылқы, ал ірі қара аз болған.шаруашылықытың қосалқы түрі ретінде аң аулау дами бастаған.
Қоғамдық құрылысы. Сақ тайпасын- тайпа көсемі басқарды ол әрі әскердің қолбасшысы болды. Тайпа одақтарының көсемдері: жайылым, көш, жер бөлу, жер дауы, ру мен тайпа арасындағы дау жанжалдарды қадағалады. Сонымен қатар сақ қоғамында адамдардың үш әлеуметтік тобы болды. Олар: жауынгерлер, абыздар және қауым адамдары болды. Әр қоғамдық топтың өзіне тән киімі болды. Жауынгерлер - қызыл, абыздар – ақ ал қауым адамдары – сары және көк болды.
Мәдениеті. Сақтарда ата-баб аруағына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сыйыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген туыстарының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүниелік өмір бар деген сенімге негізделді. Осыған байланысты өлген адам бұл дүниедегі дәрежесі, материалдық игіліктерімен қоса жерленген.



  1. Үйсін мемлекеті. Шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық ұйымдасуы.

Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі '''үйсіндер''' мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады.Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен шектесті, солтүстігі Балқашқа дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты.Қытай тілінде үйсін патшасын гуньмо деп атаған.
Шаруашылығы:
Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген.
Қоғамы:
Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Ол малға, жер-суға тараған.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет