77.Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі. Гитлерлiк фашизмнiң соғыс жоспары: Кеңес елiне шабуыл жасау үшiн фашистiк Германия “Барбаросса” жоспарын жасады.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін бұрын-соңды бастан кешкенбарлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. 1941 жылғы 22 маусымда гитлерлiк Германия Кеңес елiне соғыс ашты.
Қазақстандықтар Москва үшiн шайқаста
Москва үшiн шайқаста көптеген қазақстандықтар ерлiкпен шайқасты.
Олар:
Семенченко- танк әскерiнiң генерал-майоры, ең алғаш кеңес Одағының батыры атағын алды. Жаркентте құрылған, генерал-майор И.В.Панфилов және полк комиссары Егоров қолбасшылық еткен 316 атқыштар дивизиясы ерлiкпен шайқасты. Бауыржан Момышұлы,Төлеген Тоқтаров,Мәлiк Ғабдуллин – автоматшы, Кеңестер Одағының Батыры атағын алды. Рамазан Амангелдиев – А.Имановтың ұлы, Қызыл Ту Орденiмен наградталды.
1942 жылдың шiлденiң 17-нен 4 айға созылған Сталинград үшiн шайқас басталды. Каспий бассейнiнде соғыс жағдайы енгiзiлдi. Қазақстан жерiнде құрылған көптеген дивизиялар мен бригадалар ерлiкпен шайқасты.
Полковник Ғани Сафиуллин басқарған 73-шi гвардиялық дивизия “Сталинград дивизиясы” деген құрметтi атаққа ие болды.
Нұркен Әбдiров 1942 жылы 19 желтоқсанда Боковская-Пономоревка ауданындағы әуе шайқасында өз ұшағын жау танкiсiнiң шоғырына құлатып, ерлiкпен қаза тапты. Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
Азат етушiлер Батысқа бет алды Кеңес жауынгерлерiмен бiрге қазақстандықтар да Батысқа бет алды. Солардың қатарында:
Т.Бигелдинов, С.Луганский – ұшқыштар, екi мәрте Кеңестер Одағының Батыры атағы берiлдi.
Мәншүк Мәметова – 100-шi қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулеметшiсi, Невель түбiнде ерлiкпен қаза тапты. Кеңес Одағының Батыры атанды. Әлия Молдағұлова – 54-шi атқыштар бригадасының мергенi, Кеңестер Одағының Батыры атанды.
2-шi мамыр күнi гитлерлiк Германия тiзе бүктi. 9 мамыр күні Жеңіс туралы актіге қол қойылды.