48.XV- XVIII ғғ. қазақтардың шаруашылығы мен материалдық мәдениеті Қазақ халқы бірыңғай көшпелі мал шаруашылығымен ғана айналысып қоймай, жартылай мал шаруашылығымен де шұғылданған. Қысқы көште қыстауда, көктемгі көште – көктеуде, жазғы көште – жайлау, күзгі көште – күзеуде болатын. Қыстау қазақ халқының негізгі тұрақты қоныстарының бірі. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, қазақтар егін шаруашылығымен де айналысқандығын дәлелдейтін арық-тоғандардың іздері табылған.Қазақ егіншілері бидай, арпа, тары, сұлы екті. Жер жырту саймандары тесе, кетпен, соқа, қол орақ күрек болды.
Материалдық мәдениетке мыналар жатады: тұрғын үй, құрал-сайман, қару-жарақтар т.б.
Сәулет өнері XVI ғасырдың екінші жартысынан бастап қалалық отырықшылық мәдениеттің жандана бастауының нәтижесінде XIV-XV ғасырларда ірі архитектуралық құрылыстар салына бастады.
Арыстан баб кесенесі – орналасқан жері: Сырдария өзеніне жақын, Отырар қаласының батыс жағы. Кесенені қайта салғызған Әмір Темір.
Қожа Ахмет Йассауи кесенесі – орналасқан жері – Түркістан қаласының ортасы. 1397 жылы Әмір Темір салдырған.
Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі – орналасқан жері – Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің шығысы. Бегім 1485 жылы қаза тапқан.
Тұрғын үй: Қазақтарда тұрғын үйдің екі түрі болды: жаздық киіз үй, қыста тұратын жер үйлер (ағаш, тас, кірпіш). Киіз үй үш бөлімнен тұрды - шаңырақ, уық, кереге. Сықырлауық –есігі.Үйді жауып тұратын киіздер –туырлық, үзік, түндік деп аталды.
49.XV- XVIII ғғ. қазақтардың рухани мәдениеті. Тіл және жазу ХУ-ХУІІ ғасырларда қазақ халқының өзіндік мәдениеті қалыптасты.Қазақ тілі Қазақстан территориясындағы ежелден тұратын, тегі жағынан бір – біріне жақын тайпалардың тілдері негізінде шықты.
ХУ ғасыр – қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды. XIV-XV ғасырларда ауызша әдебиетпен қатар жазбаша әдебиет те дами бастады. Олардың көпшілігі қыпшақ тілінде жазылған. Олар: «Кодекс куманикус», «Оғызнама» туындылары.
Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551жж.)- 1546 жылы парсы тілінде жазылған «Тарих-и-Рашиди» еңбегі.
Ауызша әдебиеті Қазақ халқының ауыз әдебиеті ХУ-ХУІІ ғасырларда өркендеді. Ауыз әдебиет – қоғам өмірінің айнасы. Халық арасында көп тараған батырлық эпостар: «Қобыланды», «Ер Тарғын» т.б.
Музыка өнері Қазақ халқының музыка өнері бірнеше салаға бөлінеді – айтыс, терме, толғау, ән, күй, би өнері. Аспаптық музыка туындылары да осы, ғасырларда дамыды. Олар: «Ескендір», «Қамбар батыр» т.б. күйлер және Алтын Орда дәуірінен келе жатқан «Жошы ханның жортуы», «Ақсақ құлан», «Сағыныш» сияқты күй – аңыздар.