Қазақстан тарихының кезеңделуін сипаттаңыз. Қазақстан аумағындағы тас дәуіріне сипаттама беріңіз


Үйсіндер мен қаңлылар мемлекеттерінің саяси тарихына, қоғамдық құрылысына, шаруашылығы мен тұрмысына талдау жасаңыз



бет3/35
Дата17.05.2023
өлшемі149,05 Kb.
#94080
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Үйсіндер мен қаңлылар мемлекеттерінің саяси тарихына, қоғамдық құрылысына, шаруашылығы мен тұрмысына талдау жасаңыз. Б.д.д. ІІ ғасырда Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалар ерте мемлекеттік билік құрылымын қалыптастырды. Бұлардың этникалық тарихы Орталық Азияны сол кезге дейін үстемдік құрған сақ тайпаларымен тығыз байланысты болған Үйсіндер мен Қаңлылар. Тиграхауд сақтардың жерін мұра еткен үйсіндер Жетісуға Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Олардың жерлері өте ауқымды болды: солтүстігінде Балқашпен ұштасса, батысында Таласқа тіреліп Қаңлылармен шектесті, шығысында Ғұндармен шекаралас болды, ал оңтүстігінде Ферғанамен ұштасып жатты. Оның негізгі орталығы Жетісудағы Іле аңғары, ал астанасы Чигучен (Қызылалқап) Ыстық көлдің жағасында орналасты.
Қытай жазбаларында алғаш ежелгі Қазақстан жерінде құрылған мемлекеттерінің шаруашылығы, қоғамдық және мемлекеттік құрылымы, тәлім-тәрбиесі, діні мен әдет-ғұрпы жөнінде бағалы мәліметтер баршылық. Қытай деректерінде үйсін халқында сақ пен юэчжилердің қаны араласқан делінеді. Қазакстан жерінде тарихта елеулі із қалдырған ірі мемлекеттік құрылымдардың бірі — Қаңлы мемлекеті. Бұл туралы алғаш рет б.д.д. II ғасырдағы жазба деректерде айтылады. Осы деректерге сүйенсек, бұл мемлекеттің территориясы Оңтүстік Қазақстанның ауқымды аймағы мен Ташкент ойпаты кіреді. Шығысында Талас бойы, батысында Арал өңірімен ұштасып отырды. Бірлестік билеушісі Дуанның (Ферғана) астанасы Эрти қаласынан солтүстік-батыста ірге тепкен Битянь қаласында орналасқан. Ғалымдардың бірі түркі тілдес десе, екіншілері Иран тілдес халық деседі. Бесінші ғасырдаң ортасында Қаңлының күш-қуаты кеміп, Эфталит мемлекетінің құрамына енеді. Бұдан кейінгі кезеңде ол тайпа атауымен ғана белгілі. Шаруашылықтың маңызды бір саласы – мал өсіру болған. Хорезм, Арал өңірі, Ташкент оазистерінде суармалы егіншілік жетекшілік орын алды. Дәнді дақыл егіп, бау-бақша өсірген туралы Қытай деректерінен көруге болады. Елді мекендерінің жұртынан бидай, бидай сақтаған ыдыстар, қол диірмен, астық пен бау-бақша өнімдерін сақтайтын құмыралар табылды. Жерді тас кетпендермен өңдеген, жер өңдеуге сүйектен жасалған құралдар да қолданылған. 





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет