Қазақстан тарихының кезеңделуін сипаттаңыз. Қазақстан аумағындағы тас дәуіріне сипаттама беріңіз


Моңғол дәуіріндегі Қазақстанның тарихына сипаттама беріңіз. Қазақстан Алтын Орданың құрамында



бет8/35
Дата17.05.2023
өлшемі149,05 Kb.
#94080
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Моңғол дәуіріндегі Қазақстанның тарихына сипаттама беріңіз. Қазақстан Алтын Орданың құрамында.

Моңғол тайпалары ХІІ ғ. ортасына қарай Моңғол Алтайының аумақтарынан және Ертіс жоғары басынан наймандар, қыпшақтарды ығыстырып, түркітілдес топтарды өзіне ұқсатып, түріктерден материалдық мәдениет, шаруашылық және тұрмыстың нысандары, көшпелі салттар мен мал тұқымдарының көптеген элементтерін өзіне алып, Орхон мен Керуленнен батысқа қарай бет бұрды. Осы уақыттан бастап, көптеген уақыт бойы сақталған түрік пен моңғолдарды орналастыру шекаралары орнатылды. Моңғолдар мекенденген аумақ солтүстікте Байқалдан Ертіс және Енисей жоғарғы жағынан оңтүстікте Гоби шөл даласына дейін созылып жатты.1218-1219 жылға қарай моңғолдар көрші елдердің көптеген халықтарына өзіне бағындырды. Енисей қырғыздары мен буряттардыңжерлері жаулап алынды, танғұттардың мемлекеті құлады, Ұйғыр Турфан патшалығының билеушісі моңғол азаматтығын өз еркімен қабылдады. Цинь империясының әскерлерін құлдырағаннан кейін моңғолдар Солтүстік Қытайды мекендеді.
Алтын Орда— Басында моңғол— кейінірек түркіленген— 1240 жылдары Русь кінәздіктері жауланып алынғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық; ол қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан. Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты. Оңтүстігінде Орданың жері Қара теңізбен, Кавказ тауларымен және моңғол Хулагу мемлекетінің қол астындағы Персиямен шектесіп жатты.Қайтыс боларының алдында Шыңғыс хан өз иелігіндегі жерлерді төрт ұлына бөліп берді. Жошының үлкен ұлдары Бату мен Орда-Еженнің еншісіне моңғол иеліктерінің қиыр батысында жатқан оңтүстік Ресей мен Қазақстанның жерлері тиді. Бату Алтын Орданы, Орда-Ежен Ақ Орданы билей бастады.


  1. Ақ Орда, Моғолстан мемлекеттерінің тарихына талдау жасаңыз: этникалық құрамы, аумағы, саяси тарихы.

Ақ Орда — Алтын Орданың шығысындағы протоқазақтық ұлыс, кейіннен тәуелсіз мемлекет.XIV-XV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан моңғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың астанасы - Сырдария өзенінің орта ағысы бойында орналасқан Сығанақ қаласы.Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды.14 ғ. ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «моңғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен14 ғ. ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «моңғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет