Қазақстан тарихының кезеңделуін сипаттаңыз. Қазақстан аумағындағы тас дәуіріне сипаттама беріңіз


Кенесары Қасымұлы басқарған халық-азаттық қозғалыс



бет17/35
Дата17.05.2023
өлшемі149,05 Kb.
#94080
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
Қазақстан тарихы ДСК

Кенесары Қасымұлы басқарған халық-азаттық қозғалыс. Көтерілістің басты қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. 80-нен астам би, старшын, сұлтандар көтеріліске қатысты. Ақсүйектер мақсаты – көтерілісті пайдаланып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу және көшпелі феодалдық дербес мемлекеттің бостандығын қалпына келтіру. Көтеріліске əртүрлі ұлттардың өкілдері қатысты – орыс, өзбек, қырғыз. Кейде көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. 1838 жылғы мамырда Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді. Бұл көтерілісшілерге рух берген ірі жеңіс болды. 1838 жылдың күзінде қозғалыс Кіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленшіұлы тобы қосылды. 1841 жылы көтерілісшілердің қоқандық əскерлер орналасқан Созақ, Жаңақорған, Жүлек, Ақмешіт бекіністерін қоршауы жəне бірнеше қоқан бекіністерін алуы сарбаздарды рухтандырды. Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды ұсынып, бірақ батыр оны қабылдамады.Кенесары Ресейдің билігін мойындауы үшін өзінің талаптарын қойды. Қазақ жеріндегі барлық патша бекіністерін жою, жазалаушы топтардың бассыздығын тыю, салық жинауды тоқтату. Екі жақ бір-біріне талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. Кенесары тобы Сарыарқадан оңтүстік аудандарға ығысуға шешім қабылдады. Сарыарқадан Ұлы жүзге қарай бет алуының себебі – Қоқан езгісіндегі қазақтардың дербестік алуына көмектесіп, өзіне тірек жасау болды. Кенесары əскерін Жетісу қазақтарының бəрі бірдей қабылдамады. Абылайдың баласы сұлтан Сүйік Ресей билігін мойындаса, үйсін, жалайыр, дулат руларының көпшілігі көтерілісшілерді жақтады. Кенесарының соңынан ермеген ауылдарды ойрандауы Жетісудағы белді руларды Ресейден көмек сұрауға мəжбүр етті.1841 жылы тамызда Кенесары хандық билікті қалпына келтірді. Билер сотын жойып, хандық сотты енгізді. Билік тізгіні Кенесарының өз қолында болды. Хандық кеңестің құрамы Кенесарының жақын туыстарынан, би, батыр, сұлтандардан тұрды. Хандық кеңеске негізінен ұрыста ерлік көрсеткен немесе дипломатиялық қасиеттерін көрсете білген өкілдер кірді. Кенесары жер шаруашылығын дамытуды қолдап отырды. Барымтаға, жиі қайталанып тұратын тартыстарға қатаң шек қойды. Алайда Кенесары сарбаздары сауда керуендерін шабуылдап, экономикалық байланыстарға нұсқан келтірді.Бұл көтеріліс үш жүзді қамтыған, отаршылдық езгіге қарсы бағытталған .19 ғасырдағы ең ірі көтеріліс болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет