30. ХІХ ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедов, Есет Көтібаров басқарған қазақтардың көтерілістеріне сипаттама беріңіз.9 ғасырдың екінші жартысында Сырдария бойындағы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы өте ауыр болды. Мұндағы шекті, төртқара, шөмекей және т.б рулар қысты Сырдарияның төменгі жағында тек малшы көшпенділер ғана емес, сонымен қатар егіншілікпен айналысатын отырықшы қазақтар да тұрды. Бұлардың көпшілігі кедей жатақтар, олардың негізгі кәсібі суармалы егән шаруашылығы еді. Хиуа және Қоқан феодалдары Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы және Ырғыз, Торғай, Ембі өзендерінің аңғарларындағы қазақтарды өздеріне қаратуды көздеді. Хиуа хандығы жергілікті халықтардан алым-салық жинап отырды. Сөйтіп, қазақтар тек өз феодалдарына ғана емес, сондай ақ Хиуа және Қоқан билеушілеріне де зекет және ұшыр төледі. Алым-салық жинау үшін олар әскери күштерді пайдаланды. Хиуа және Қоқан хандықтарының үстемдігіне қарсы Сырдария қазақтары көтеріліске шыға бастады. Мұндағы қазақтардың көтерілісін Әлім руынан шыққан Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарды. Шекті рулары басшыларының бірі Жанқожа жай қарапайым халық арасында беделді әрі мақсаткер батыр ретінде данққа бөленді. Жанқожа Сырдария бойы қазақтарының, соның ішінде егінші бұқараның өте күшті отаршылдық езгіге түсті. Оның жасақтары Кенесары сарбаздарымен бірге Созақ қамалын корғауға қатынасқан болатын. 1842 жылдың күзінде Жанқожаның әскері Хиуаның ірі бекінісі Бесқаланы қиратып қала коменденты Бабажанды өлтірді. 1843 ж Жанқожа батырдың жасақтары қуандария бойындағы хиуалықтар тұрызған қамалды талқандады. Ал 1845 ж осы қамалды қайтадан қалпына келтіру үшін жіберілген 2 мың хиуа шоғырларын талқандап жеңді. Осыдан кейін Сырдария қазақтарымен Хиуа билеушілерінің арсындағы күрес күшейе түсті. 1847 жылы Хиуа хандығының әскері өзен бойындағы қазақтарды егістікпен және пайдалы мал жайылымынан айыру үшін Қуандария өзенін бөгеп тастады, сөйтіп олардың қазақ жеріндегі озбырлығы одан ары қарай жалғасты. Орыс отарлаушыларына қарсы Сыр қазақтарының көтерілісі 1856 ж желтоқсан айында басталды. Көтерілістің басында Жанқожа батыр тұрды. 1856 ж патша әскерлерімен көтерілісшілер арасындағы тікелей соғыс қимылдары басталды. Бұл кезде Жанқожаның әскерінің саны 1500-ге дейін жетті. Көтеріліске басқа рулар да, соның ішінде құмды аймақтардағы көшпелілер де қатысты. Нәтижесінде көтерілісшілер саны ең әуелі үш мыңға , ал 1857 жылдың қаңтар айында бес мың адамға жетті. Бұл көтеріліс кезінде Жанқожа өзінің жақсы меңгерген әскери әдісін қолданды. Кө терілістің кеңінен таралуы Орынбор генрал губернаторлығы әкімшілігін қатты састырды. Оның бұйрығымен көтерілісті басу үшін Ақмешіттен генерал-майор Фитингоф бастаған әскери топ жіберілді. Оның құрамында 300- казак-орыс, 320 жаяу әскер, үш зеңбірек және екі ракеталық зеңбірек кірді. Көтерілісшілермен шешуші шайқас 1857 жылы 9 қаңтарда Қазалыға жақын жердегі Арықбалық мекенінде жүрді. Зеңбірек мылтықпен жақсы қаруланған Фитинговтың әскеріне қарсы Жанқожаның ақ туын көтерген көтерілісшілер бірнеше рет шабуыл жасады. Бірақ Жанқожа сарбаздарының шабуылы сәтсіздікпен аяқталып, аман қалғандары бытырап тарап кетті. Ауыр жараланған Жанқожаны сарбаздар шайқас болған жерден алып ығып қауіпсіз жерге жасырды. Көтерілісшілерді жеңген Фитингоф қазақтарың 212 үйін өртеп 20 мыңнан астам ірі қарасын тартып алып кетті. Жанқожа бастаған көтерілісшілер Сырдарияның оң жағалауына ондағы Хиуа хандығының жеріне өтуге мәжбүр болды. Жанқожамен бірге 20 шақты қазақ ауылдары көшп кетті.жанқожа мұнда Хиуа, Бұқара, Қоқан хандары тарапынан өзіне одақтас іздеді бірақ оның бұл саясатынан ештеңе шықпады. Жанқожа бастаған көтеріліс осылайша аяқталды. Патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы бас көтерулердің бірі –Есет Көтібарұлы бастаған кіші жүз қазақтарының көтерілісі. Көтерілістің шығуының басты себебі Арал теңізінің басты жағындағы Үлкен және Кіші Борсықты, Сам құмын, Сағыз ж/е Жем өзендерінің бойын мекендеген Шекті руына түтін салығы салынуы және жылдан-жылға патша үкіметінің қысымының күшеюімен байланысты еді. 20ғ 50 жылдарындағы Есет Көтібарұлы орыстардың отарлауына қарсыбелсенді күрес жүргізіп, Арал теңізіне бет алған Ресей әскерлеріне қатты қарсылық көрсетті. 1855 ж жазында Көтерілісшілер ме патша әскерлерінің арасында қырғын шайқастар жүрді. 8-шілде күні Есеттің жасақтары күтпеген жерден А.Жантөрин сұлтанның лагеріне шабуыл жасап, сұлтанды және он-шақты би старшындарды өлтірді. Аайда оқ дәрісі мол мылтықтармен қаруланған патша әскерлерімен көтерілісшілер шегінуге мәжбүр болды. 1858 ж қыркүйекте Бородин басқарған патша әскерлері Есет батыр бастаған көтерілісшілерді Сам құмында біржолата талқандады. Сөйтіп, патша үкіметінің отарлау саясатына және жергілікті бай шонжарларға қарсы бағытталған кіші жүз қазақтарының Есет батыр бастаған тағы бір көтерілісі сәтсіздікпен аяқталды.
31. ХІХ ғ. 2-ші жартысындағы Шоқан Уәлихановтың ғылыми қызметіне, Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметіне, Абай Құнанбайұлының шығармашылығына сипаттама беріңіз.
Шоқан (Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов – XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің алғашқы және талантты өкілдерінің бірі. Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. 1856 жылы полковник М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді. 1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты. Шоқанға дейін ол өлкеде бірде-бір зерттеушінің болып қайтуының сәті түспеген еді. Қазақтың ұлы ойшыл-ағартушылары Шоқан мен Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық бағытында, тарих пен заман мәселелерін түсінуі мен талдауыңа, әсіресе, мәдени мұраны меңгеру, дамыту, оны елдің рухани қажетіне жарату әрекетінде мол үндестік байқалады.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 жыл – 6 шілде 1904 жыл) — ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер.Бұл Абай мен Шоқанның ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін жас кезінен санаға сіңіріп,арғы түбі шығыс елдерінен таралған, араб,түркі тілдеріндегі қисса соның ішінде олардағы фольклорлық нұсқалармен терең таныстығынан да көрінеді. 1882-1885 жылдары – «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңдерін жазады және Лермонтовтан 2 аударма жасайды.
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді.
32. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы үдерісіне сипаттама беріңіз. Қазақстанның оңтүстігінің қосылуы. Әлеуметтік-экономикалық салдары.
Казакстаннын Ресейге косылуына
коптеген саяси-экономикалык
аятышарттар болды. Орыс укіметі өзінін шекарасын Шығыста улгайткысы келді.
Ресейде мемлекеттік биліктін кушейуімен катар Шығыс мемлекеттерімен, көрші жаткан
халыктармен сауда айырбас жасауга
және озге де карым-катынастарды
дамытуға мумкіндік туды. Казакстаннын
Ресейге бодандығы XVIII F. 30-шы
жылдары басталып, узак және курделі урдістен кейін ғана XIX тасырдын 60 жж. аякталды. Казак жуздерінін косылуы әртурлі ішкі саяси жагдайда іске асты.
Кіші жуздін көп және Орта жуздін кейбір
аудандары Ресейге XVIII - XIX FF. басында
косылды. Патшалык империя Орта Азияға байланысты алга койған
стратегиялык максаттарына жету ушін
Орта жуздін улкен бөлігін жане Онтустік
Казакстаннын калалык бөлігін еш
аяушылык көрсетпей, катан әскери
кушпен бағындырды. Казакстаннын Ресейге косылуы уш
кезеннен турады: -Бірінші кезен XVIll F.
30-шы жылдарынан басталып 19 г. 20-шы
жылдарына дейін. Бул жузжылдыктын ішінде Ресей мен Казак хандырынын
арасында протекторат карым-катынасы
орнады. Ресей бекіністері мен шептері казак жерінін солтустік шекарасын жан-
жактан коршады. Казак хандарынын
сырткы шаруаларына орыс билігі тығыз араласты және бекітіп отырды. -Екінші кезен - вассалитет кезені, XVIII г. 60-шы жылдары аяктады. Онын негізгі көрінісі 1822 жылы кабылданган Сібір казактары туралы Жарты мен 1824 жылы кабылданган Орынбор казакгары туралы
Жарғы осы жаргылардын натижесінде хандык билік кушін жойып, Ресей бодандығындағы казак өлкесінде округтер мен бөлімдер ашылды. 0 круг
басшылары - aға султандар мен султан-
правительдер генерал-губернаторлыктарта бағынды. Оз
кезегінде округтерде болыстыктар мен дистанциялар ашылды. -Ушінші кезені
таза бодандык, 1860-шы жылдары
басталады. 130 жылға
созылған казак - орыс жаугершілігі акыры Казакстаннын онтустігіндегі калаларды
жаулап алумен аякталды.
XIX ғасырдын бірінші жартысындағы
казактын улт-азаттык козгалыстары
женіліспен аякталып, Казакстаннын букіл территориясынын Ресей билігіне өтуіне
алғы - шарт болды.
33. 1867-1868 жж. Уақытша ережелерге сипаттама беріңіз. 1868-1869 жж. Торғай және Орал облыстары қазақтарының бас көтеруі. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс
1867 – 1868 жылдардағы реформалар «уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, ХIX ғ. 80-90 жылдарға дейін қолданылды.
1. Аумақтық өзгерістер:
ІІ Александар патша 1867 ж. 11 шілдеде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы», 1868 ж. 21 қазанда «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы» уақытша ережелер жобасын бекітті. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Олар: Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан. Батыс Сібір генерал-губернаторлығына – Ақмола, Семей; Орынбор генерал-губернаторлығына – Орал, Торғай; Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді. 1870 ж. Маңғыстауьприставтығы – Кавказ әскери округына, 1872 ж. Бөкей ордасы – Астрахан губерниясына қарады.
2. Басқарудағы өзгерістер:
1867 – 1868 жж. басқару жүйесі өзгеріссіз қалды. Генерал-губернаторлықты генерал-губернатор, облысты әскери-губернатор, уезді уезд бастығы, болысты болыс, ауылды ауыл старшыны басқарды. Облыс орталықтарында – полицейлік басқармалар, уездік қалаларда – полицейлік приставтықтар сияқты тәртіп бақылау мекемелері құрылды. Отаршылдық билеудің күшейгені сонша, сайланған болыс пен ауыл старшынын бекіту не бекітпеу әскери губернатордың қолында болды. Егер ол сайлау нәтижесін бекітпей қайта сайлау жүргіземін деп шешсе, оған ешкім қарсы келе алмайтын еді. Отырықшы тұрғындар мен қоныс аударушылар құқық тұрғысынан Ресейдегі селоның және қаланың тұрғындарымен теңестірілді. Бұл ереже қазақ жеріне сырттан көшіп келгендердің мәртебесін арттырды. Қазақ ақсүйектері барлық артықшылықтарынан айырылды.
3. Сот жүйесіндегі өзгерістер:
Халық дәстүрі мен ислам қағидаларына сүйенген халық соты қатаң түрде билік орындарының бақылауында болды. Христиан дініне қарсы әрекет, жаңа басқару жүйесіне наразылық таныту, алым-салық төлеуден және мемлекет үшін әртүрлі міндеттер атқарудан бас тарту сияқты қылмыстар билер сотының қарауынан алынып, жергілікті отаршылдық биліктің құзіретіне берілді. 1867-1868 жылдардағы ережелер бойынша болыстық соттың үш буыны болған еді: билердің төтенше съезі, билердің болыстық соты, бидің жеке соты. Билердің төтенше съезі тек әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды, ал сот процесі уезд бастығы немесе Облыстық басқарма құқығына ие болған шенеунік қатысқан жағдайда ғана заңды болды. Билер 3 жылға сайланды, олардың қызметін уездік начальник қатаң бақылап отырды.
4. Салық жүйесіндегі өзгерістер:
1867 – 1868 жж. реформалар бойынша қазақ халқы жылына бір рет «түтін салығын» төлейтін еді. Оның мөлшері: Орынбор, Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 3 сом, Түркістан генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 2 сом 75 тиын болып белгіленді. Шыңғыс ұрпақтары салықтан босатылды. 1867-1868 жылғы ереженің қазақтарға ең басты ауыртпалығы жер мәселесі болды. Онда қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланып, қазақтарға «қоғамдық пайдалануға» берілді.. 1868-1869 жж. Торғай және Орал облыстары қазақтарының бас көтеруі.
Орал облысында 1869 жылы 12 қаңтарға дейін 11 болыс шеп бойындағы қазақтардан ғана құрылды. Торғай облысында 1 ақпанға дейін 9 болыс құрылды. Алайда көп ұзамай ұйымдастыру комиссиясы өз жұмысын бірінші Орал облысында, кейіннен Торғай облысында тоқтатып, шепке кейін қайтуға мәжбүр болды. Комиссия сөзіне қарағанда, «Уақытша Ережені» қабылдамауды қазақтардың барлығы бірігіп шешкенге ұқсайды. Ал комиссияның бетін қайтарған қазақтардың қатары толыға түсті. Өздеріне орыс бастықтарының тағайындалуына, түтінге санақ жүргізуге наразылардың қатары өрши берді.
1869 жылы ақпанда комиссия күзетші жасақ пен бұрынғы сұлтандарды ертіп қайта шықты. «Уақытша Ережені» қабылдамай қайсарлық көрсетушілерге қарсы әрі Елек комиссиясына көмекке Ембі постындағы күшке қоса екі зеңбірегі бар 200 казак жіберілді. Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский мен Орал облысы әскери губернаторы Н.А.Веревкин қарсылық көрсетушілер Жем өзені бойындағы жайлаудан айырылатындығын ескертіп, қорқытумен болды.
Комиссия Елек өзенінің бастауы тұсындағы 30-дистанцияға қарасты қазақтардың күштірек қарсылығына кезікті. Бұған басқа да дистанцияларға қарасты халықтың көтеріліске шыққан бөлігі қосылды. Комиссия қоршауға түсіп, оның төрағасы Плотниковты «енді қайтып келмеймін» деген тілхатын алғаннан кейін ғана босатады.
Бірінші кақтығыс 1869 жылы 21 қаңтарда Гурьев уезін ұйымдастыру комиссиясына қарсы болды. Адайлардың, 400 ысық руы қазақтарының Тентек, Сағыз өзендері бойында көрсеткен қарсылығынан Жемнен әрі қарай өте алмаған комиссия мүшелері Каспийдің қатқан мұзы үстімен кейін қайтты.
1869 жылдың көктемінде жекелеген ауылдардың ашынуы көтеріліске ұласты.
- 1870 жылғы Маңғыстау қазақтарының көтерілісі
Басқару реформасын жүзеге асыру Маңғыстау аймағында да қарсылыққа кезікті. Реформаны енгізгенде патша үкіметі қазақтардың, жекелей алғанда адайлардың, қоғамдық-экономикалық даму деңгейімен тарихи ерекшеліктерімен (санаспады. «Уақытша Ереже» Орал облысына қарасты Маңғыстау түбегіндегі адайларға кешірек 1870 жылы енгізілсе де, «Уақытша Ереже» бойынша түтін салығын 2 жылға қатар төлеу міндеттелді.
1868 жылғы «Уақытша Ережеге» сәйкес жоғарыда аталған екі жылдың ауыр алым-салық түрлерін қарулы жасақтың көмегімен жинау басталды.
Маңғыстау приставы подполковник Рукин Баймұхамбет Маяев пен Ғафур Қалбин сияқты би шонжарлардың көмегімен салықты 1869—1870 жылдарға бірақ жинамақ болады. Мұның өзі әрбір шаруашылықтан, әл-ауқатының қандай екеніне қарамастан бірден 8 сом күміс ақша төлеуге міндетті деген сөз. Адайлардың көпшілігінің мұндай ақша төлейтін жағдайы жоқ еді.
Рукин 1870 жылы 15 наурызда 40-тан астам казак-орыс және 60-ка жуық адай билері мен старшындарын алып, қару-жарақтарын 35 түйеге артты да, салық жинауға шықты. Бұл хабарды естіген халық Досан Тажиев пен Иса Тіленбаев, Алғи Жалмағамбетовтың бастауымен Рукин жасағына қарсы көтерілді. Көтерілісшілер Рукин жасағымен 22 наурызда кездесті. Көтерілісшілердің тегеурініне төтеп бере алмай жасақ кейін шегінді.
Көтерілісшілерге Ұсақ құдығы маңында Бозащы көтерілісшілері қосылды, Рукиннің жасағы біржола талқандалды.
34. ХІХ ғ. Қазақстанның материалдық және рухани мәдениетіне талдау жасаңыз. Ән өнерінің дамуы. Ақан сері Қорамсаұлының, Біржан сал Қожағұлұлының шығармашылығы.
Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы мәдениеті ежелгі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.
Материалдық мәдениеті: Қазақтардың XVІІІ-XІX ғасырлардағы материалдық мәдениетінің күйі қоғамның экономикалық даму деңгейімен анықталды. Оның даму барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда-саттық, көрші халықтардың ықпалының маңыздылығы да аз болған жоқ.
Отырықшы халықтар өмірінде жер шаруашылығы үлкен рөл атқарса, көшпелі халықтарда мал шаруашылығы маңызды болды. Қазақ көшпенділерінің салт-дәстүрі, діни-наным сенімі, тұрмысы көшпенділік өмірмен тікелей байланысып жатты. Көшіп-қону мал өсірушілерге маусымдық жақсы жайылымдарды пайдаланып отыруға мүмкіндік берді. Көшіп-қону көбінесе меридиан (оңтүстіктен солтүстікке) бағытымен жүрді. Ірі рулар мен олардың бөлімшелерінің қоныстары негізінен бір территорияда болды. Әрбір рудың өзінің көш жолдары болды. Қазақтың мал шаруашылығының өріс, қоныстары жылдың төрт маусымына қарай қыстау, көктеу, жайлау және күзеу деп төртке бөлінді. Жаздық жайылым қазақтардың ортақ пайдалануында болып келсе, көктеу мен күзеу бір орында болды. Қыстауда малшылар құйма кесектен қаланған үйлерде қыстады, жылдың басқа мезгілдерінде киіз үйлерде тұрды.
Рухани мәдениеті: Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы - қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт-дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мұны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған. Соның үшін қазақ қауымы “жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары” дейді. Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде құрметтеліп “шежірешілер” деп аталды. Ерте заманда шежіре ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілсе, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар: “Көшен-Қарауыл шежіресі” (ХVІІІ ғ.), “Жәңгір хан шежіресі” (1835), Ш.Уәлиханов жазып алған “Ұлы жүздің шежіресі” және т.б
XІX екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Домбыра, қобыз, сыбызғы сияқты музыкалық аспаптар арқылы түрлі эпостарды, тарихи дастандарды, аңыз-әңгіме мен жырларды орындап отырды. Аталған композиторлардың дүниетанымы тарихи тұрғыда шектеулі бола тұрса да, олардың шығармаларында әлеуметтік қайшылықтар бейнеленді. Біржан Қожақұлы, Мұхит Мералиев, Ақансері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Құлтума Сармұратұлы сияқты және тағы басқа көптеген ақын, әнші, композиторлардың шығармашылық және орындаушылық шеберлігі арқасында қазақ ән мәдениетінің классикалық үлгілері дамып, жоғары дәрежеге көтерілді.
Біржан сал Қожағұлұлының: «Біржан сал», «Жамбас сипар», «Жайма-шуақ», «Жонып алды», «Айтбай», «Ләйлім шырақ», «Көлбай-Жанбай», «Жанбота», «Алтын балдақ», «Телқоңыр», «Көкек», «Адасқақ», «Бурылтай», «Ақсеркеш», «Ақтентек», «Талай заман», «Теміртас», «Ләйлім» деген ән-өлеңдері бар.
Ақан сері «Заманға қарап айтқан сөз», «Жақсы мен жаман», «Асыл мен жасық» өлеңдерінде достық пен қастықты, ерлік пен ездікті, жақсылық пен жамандықты салыстыра жырлаған. Дидактикалық сарындағы «Жақсы мен жаман» өлеңінде
35 . ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басындағы Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуін сипаттаңыз. Өнеркәсіптің, қалалардың, көлік жүйесінің дамуы.
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы - Қазақстанның жалпыресейлік экономикаға тартылуы. Банк және несие жүйесінің дамуы. Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының нәтижесінде аймактың экономикалық өмірінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты:
аймақ жалпыресейлік еңбек бөлінісі мен жалпыресейлік және дүниежүзілік рынокқа тартылды;
ортақ салмақ, өлшем, ақша белгілері жүйесі орнады;
ауыл шаруашылығының тауарлық салалары есті;
тау-кен және өңдеу өнеркөсібі дамыды.
Қазақстанда капитализмнің алдыңғы қатарлы белгілері пайда болып дамыды:
қалалар мен темір жолдар салынды;
тауар-ақша қатынастары дамыды;
көшпелі қазақтар шаруашылықтың жартылай көшпелі және
отырықшы түрлеріне ауыса бастады;
әлеуметтік жіктеліс тереңдеп, жаңа әлеуметтік топтар пайда болды (жұмысшылар, жатақтар, батырақтар және т.б.).
Алайда Қазақстанға капиталистік қатынастар өте баяу енді, мұнда көпке дейін экономиканың артта қалған түрлері үстем болды. Қазақстан шаруашылық жағынан тек шикізат көзі тұрғысынан ғана игерілді. Өз кезегінде ресейлік өнеркәсіп орындары шығарған тауарларды өткізетін рынокқа айналды.
Сонымен қатар Орталық Ресейдің сауда-өнеркәсіп және монополистік буржуазиясының капиталы салынатын аймаққа айналды. Орыс, шетел және аз-маз жергілікті капитал негізінде тау-кен және мұнай орындарын игеретін акционерлік өндірістер құрыла бастады. Банк тораптары мен несие мекемелері құрылуы нәтижесінде капитал елдің шеткері аймақтарына да келіп жетті.
Қазақстандағы несие жүйесін барлық Ресей империясындағы сияқты Мемлекеттік банк бөлімшелері, акционерлік, коммерциялық банк филиалдары, өзара несие қоғамдары, қалалық қоғамдық банктер жүзеге асырды. Мемлекеттік және ірі коммерциялық банк бөлімшелері XIX ғасырдың 70—80-жылдары Оралда, Петропавл, Семей, Омбы, Верный қалаларында ашылды.
XX ғасырдың басында өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының дамуы ақша рыногын кеңейтіп, несие жүйесі ресурстарын ұлғайтты. Бұл кезеңде елкеде ірі коммерциялық банктердің бөлімдері: Орыс-Азия, Халықаралық коммерция, Орыс сыртқы сауда, Орыс сауда-өнеркөсіп, Сібір сауда, Еділ-Кама, Мәскеу көпестері банктері ашылды.
Қазақстан мен Қырғызстан аумағында 1914 жылы 44 банк мекемелері мен 345 несие және карыз жинақтау серіктестіктері жұмыс істеді. Өлке облыстары арасында несиелік мекемелер саны жағынан Ақмола облысы бірінші орынға шықты. Петропавл осы аудандағы сауда-өнеркәсіп қызметінің орталығына айналды. Мал, мал шаруашылығы өнімдері саудасы және үн тарту өнеркәсібінің ірі орталығы Семейде орналасты. Ал Орал және Қостанай Еділ өңірін мал өнімдерімен жабдықтап тұратын маңызды пунктке айналды.
Сауда өнеркөсіп топтары өлкенің бай табиғи ресурстарын игеруге ат салысты. Аймақта сауда өнеркәсіп өндірісімен салыстырғанда біршама жоғары деңгейде болды. Саудада орта және ұсақ сауда өнеркәсіптерінің үлес салмағы үлкен болды. Кішігірім бөлшек сауда дүкендері де сауда операцияларына белсене араласты. Қазақстан мен Қырғызстанда несие көлемі жағынан бірінші орынды — мал және ет саудасы, екінші орынды — нан, үшінші орынды өнеркөсіп тауарлары иеленді.
Қазақстанның өндіргіш күштерінің өсуіне темір жолдардың салынуының үлкен маңызы болды. Темір жолдар торабы жүк тасудың, сыртқы сауданың өсуі капиталистік ендіріс тәсілінің орнығуындағы басым факторға айналды. XIX ғасырдың соңында Рязань — Орал, Самара — Орынбор, Самарқан қаласын Каспиймен қосатын темір жолдар, Сібір темір жолы құрылысының аяқталуы Ресеймен байланысты күшейте түсті. Осы кезеңде Қазақстанға шаруалардың жаппай қоныс аударуы жүріп жатқандықтан, сырттан келгендер осы маңызды темір жол, тас жол, су жолдары бойларына орналаса бастады.
36. 1905-1907 жж. бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстанның жағдайына сипаттама беріңіз.
Революция-күш қолдану арқылы жүзеген асырылатын қоғамдық –саяси жүйедегі түбегейлі өзгерістер.
Бірінші орыс революциясы – 1905ж қаңткрдан 1907ж маусымға дейін болып өткен, революциялық сипаттағы бас көтерулер, толқылар.Революция 1905жылғы 9 қаңтарда Петербургте жұмысшылардың демонстрациясынан басталды.Ресейдегі революциялық толқулар Қазақстанға да әсерін тигізді.Мысалы;1905-1907жылдары Орынбор,Омбы,Орал,Семей ,Петропавл,Перовск қалаларында толқу мен демонстрациялар болып өтті. Ең үлкен жұмысшылар толқуы 1907жылы желтоқсанда Успен кенішінде болып.оған 300жұмысшы қатысты. Жұмысшылар «орыс-қырғыз альнсын» құрып кеніштің ағылшын қожайындарына өз талаптарын қойды. 1905жылы 17 қазанда патша өкіметі манифест жариялап ,оған сәйкес Ресейде жеке бас бостандығына ,ар-ождан, сөз ,жиналыстар мен ұйымдардың бостандығына кепілдік берді. Ең маңызды жаңашылдық – Мемлекеттік Думаға депутаттар сайлаудың жариялануы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |