Қазақстан тарихының кезеңделуін сипаттаңыз. Қазақстан аумағындағы тас дәуіріне сипаттама беріңіз


Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығына сипаттама беріңіз (1771-1781 жж.). Оның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары



бет13/35
Дата17.05.2023
өлшемі149,05 Kb.
#94080
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
Қазақстан тарихы ДСК

22. Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығына сипаттама беріңіз (1771-1781 жж.). Оның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771 – 1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.
Абылайдың бүкіл ішкі саяси қызметі бір орталықтан басқарылатын тәуелсіз мемлекет құруға бағытталды. Абылайдың сыртқы саясаты оның алыстан болжайтын көрегендігімен ерекшеленді. Абылайдың сыртқы саяси қызметі Қазақстан аумағының ешкім қол сұға алмайтын тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталды. Мәселен, Абылай Ресеймен өзара қарым-қатынасында тату-тәтті көршілік саясат ұстануға тырысты. Ресей мемлекетімен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты. Қол астындағы халықты Ресей әскери қызметкерлерінің орынсыз талаптары мен әрекеттерінен батыл қорғай білді.

23. ХVII-ХVШ ғғ. билердің қоғамдық рөліне сипаттама беріңіз. Төле, Қазыбек және Әйтеке билердің қызметі.
1 - Төле би, Қазіргі Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Жалпақтас жайлауы, Қызметі, Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандар тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған Билер кеңесінің мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, Жеті жарғы заңдар кодексін шығарушылардың бірі, Төле би қарлығаш әулие, қарлығаш би атанған, себебі парасатты, білгір, әулие кісі болған, Шыққан тегі - Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руы

2 - Қазыбек би Келдібекұлы (1667-1764), Туған жері, қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Теректі бұлағындағы қыстау, Қызметі, қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған Билер кеңесінің мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, Жеті жарғы заңдар кодексін шығарушылардың бірі, Шыққан тегі - Орта жүздің Арғын тайпасыны

3 - Әйтеке би (1644-1700 жж)
Туған жері, Өзбекстан, Қазбибі тауы, Қызылша мекені, Қызметі, қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, қазақ хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған Билер кеңесінің мүшесі, Жеті жарғы заңдар кодексін шығарушылардың бірі, Шыққан тегі - Кіші жүздің Әлімұлы руы
Билер қоғамдағы күрделі мәселелерді ,дауларды шешіп отырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет