Қазақстан тарихшыларының Ұлттық конгресі қазақстан тарихы: инновациялық ТҰжырымдамалар мен дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет26/39
Дата03.03.2017
өлшемі3,02 Mb.
#6455
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39

Әдебиеттер
1.  Алтын бесік. - 2011.- № 3.
2.  Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Т. Мамашевтің Дүниежүзі 
қазақтарының ІV құрылтайында сөйлеген сөзі.
3.  Алтын бесік. - 2011. -№ 4.  – 9-б.
4.  Дүниежүзі қазақтары қуымдастығының 20 жылдығында Т. Мамашевтың баяндамасы.
5.  Ұлттың ұлы жиыны. Дүниежүзі қазақтары ІV Құрылтайының құжаттары, дерек-дәйектері және фотосурет-
тер. – Алматы, 2012. – 79-б.
ҚОЖАХАНОВАҚ.К.
т.ғ.к., ТЭИ ғылыми қызметкері
(Алматы қ.)
ӘЙГІЛІ ТАРИХШЫ М.Қ. ҚОЗЫБАЕВ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨПҰЛТТЫЛЫҒЫНЫҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕККЕ ЗОРЛЫҚПЕН МӘЖБҮРЛЕУ
Академик  М.Қ.  Қозыбаевтың  шығармашылық  қызметі  сан-салалы.  Соның  бірі  Кеңес  үкіметі 
кезеңінде кең көлемде орын алған – Қазақстанның көп ұлттылығы және оның тарихы. 
Қазақстанның  тәуелсіздік  алуы  тек  қазақ  халқының  ақтаңдақ  беттерін  ғана  ашып  қойған  жоқ. 
Елімізге атамекендерінен қулып, күштеп қоныс аударылған, бүгінде екінші отанында тұрақтап қалған 
басқа да ұлт өкілдерінің өткен тарихының көлеңкелі тұстарының шынайы беттері ашылды. Отан та-
рихында еңбек армиясының өмір сүруі және онда болғандардың ауыр да азапты еңбектері мен оларға 
ұсталған қатаң тәртіптердің орын алуының себеп-салдарын ашық та айқын талдап көрсеткен, тарихын 
жазған көрнекті ғалым академик М.Қ. Қозыбаев болды.  
Академик М.Қ.Қозыбаев Қазақстан халқының көп ұлттылығының тарихын зерттеу, көпқырлы және 
қиын мәселе екендігіне көбірек көңіл бөледі. Осы уақытқа дейін Кеңес өкіметінің тарих ғылымында 
еліміздің көпұлттылығын, онда тұратын халықтардың және жергілікті қазақ халқының трагедиялық 
тағдырларын, оның зардаптары, халықтарға тағылған кінәнің үрдістері және көшірілген топтар туралы  
нақты еңбектер жоққа шығарылып келді. Қазақ халқын, күштеп қоныс аударылған халықтармен аралас-
тыру тарихи тұрғыдан ғылыми негізде жазу тек 80-ші жылдардың екінші жартысында ғана қолға алы-
на бастады. Бірақ жаңа заман зерттеулерінде жоғарыда айталған мәселе екпінді  жазылғанмен, онымен 
тығыз байланыста жатқан зардаптары (құқық, еңбек және мәдениеті) төменгі дәрежеде жазылғандығын 
нақтылы деректерден белгілі. 
Айтулы  мәселеге  орай  М.Қ.Қозыбаев  еңбектеріндегі  Қазақстанның  көпұлттылығының  саяса-
ты 1937-1938 жж. күшіне ене бастағандығы, дәлірек айтқанда елімізге әртүрлі этникалық топтардан 
1 121 шаруашылық  келгендігі  белгілі. Олардың бәрі Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарына 
қоныстандырылғандығы туралы мұрағаттық мәліметтерден  кеңінен қолданыс тапқан 1.
Қазақстанға  көпұлттылықтың  негізі  соғыс  жылдары  –  халықты  жазалау  мақсатында  автономи-
яларын жойып, тарихи туған жерлерінен басқа елдерге күштеп қоныс аудару болды. Қазіргі кезде-
гі  Қазақстанның  140  ұлт  өкілдерінің  ішіндегі  кейібірі,  яғни  түріктер,  күрдтер,  шешен-ингуштер, 
балқарлар, қарашайлар, қалмақтар, әзірбайжандар, Қырым татарлары, Еділ бойынан немістер лег-легі-
мен Қазақстанға әкелініп шоғырландырылды. Кейіннен өз Отандарына қайтып бару әртүрлі себептер-
мен, шектеулермен байланыса отырып іске аспай қалды. Сондықтан олар соғыстан кейінгі жылдары да 
көшірілген жерлерінде тұрақтап қалды. 
Осылайша бірнеше халықтарды сыпыра жер аудару барысында тоталитарлық кезеңде, жазалау сая-
саты үстемдік құра бастады, соның әсерінен Кеңес Одағында еңбекпен түзеу лагерлері көбейді. 

175
Соғыс тарихында тылда еңбек ету үшін зорлық-зомбылық көрсетіліп, халықты әдейілеп қоныс ауда-
ру,  еңбек армиясына еріксіз еңбек ету және басқа да айла тәсілдер қолданылды. 
Бұл еріксіз еңбек армиясын ұйымдастыру тәжірибесі, елімізде индустриаландыру науқаны басталар 
кезден бастау алды. Қоныстанушылар топ-тобымен, белгіленген топ бойынша да үкімет адамдарының 
қатаң бақылауымен келіп жатты. 
Ұлы  Отан  соғысы  зардабынан  көптеген  халықтар  жерінен,  материалдық  техникалық  т.б.  бай- 
лықтарынан  айырылып  жатқанда,  барлық  мүмкіндіктерді  күшейтіп,  қорғаныс  өндірісінің  жұмысын 
ұйымдастырып,  азық-түлік,  су  базасының  жұмысын  жақсарту,  яғни  соғысты  нәтижелі  аяқтау  үшін 
барлық мүмкіндіктерді сөзсіз іске қосу керек екендігі түсінікті де. Бұл жұмыстарды жан-жақты жүргізу 
үшін соғыс кезінде арнайы заңдар шығарылып, актілер қабылданды. Осыған байланысты барлық еңбекке 
жарамды және әскери қызметке бара алатын азаматтар соғысқа баруға тиісті болса, соғысқа жіберуге 
болмайтын, жекелеген ұлттардың өкілдері, моральдық – саяси көзқарасы дұрыс емес деп танылған 
азаматтар, әдейі жер аударылғандар мен көшірілгендер, 30-жылдардағы дүниелері тәркіленген бай-
кулактардың отбасы мүшелері, сонымен бірге сол жылдары кедейлер көтерілісіне қатынасқандар еңбек 
армиясына жіберілді. Осы тәртіп бойынша соғысқа бармай еңбек армиясына баратындарды қоғамнан 
тыс қалғандар деп төменгі дережеде ұстады және де соғысқа дейінгі кең көлемде өндіріс орындарының 
құрылыс жұмыстарын жүргізу, жаңа табылған табиғи көздерін, кен байлықтарын игеру үшін арзан 
жұмысшы күші ретінде ауыр жұмыстарға пайдаланды. 
Соғыс талап еткен шығындар төтенше жағдайлар еді. Елімізде тез арада соғыс құралдарын өсіру 
керек болды. Неміс басқыншыларымен соғыста әр айда көптеген техникалар, снарядтар, жылу, темір, 
ағаш, темір жол құрылысына қолданылатын шпал т.б. құралдары талап етілді. 
Соғыс жылдарында батыс аудандардан шығыс жаққа зауыт, фабрикалар көшірілді. Жаңа ашылған 
шахталар, рудниктер, мұнай өндіру кәсібі, байытатын кәсіпорындар және жаңа темір жолдар салынды. 
«Бәрі соғыс үшін, бәрі жеңіс үшін» ұранымен істелініп жатқан осы жұмыстарды атқаруға миллиондаған 
адамдар қажет етілді. 
Соғыс кезінде қара жұмыстарға ең алдымен жер аударылғандармен бірге 16 жастан жоғары сенімсіз, 
соғысқа жіберілмейтін азаматтар, әйелдер, қарттар т.б. жіберілген еді. Оларды ХКІІ қызметкерлерінің 
бақылауымен  құрылыс  жұмысшы  күші  колонналары  деп  атады.  Сөйтіп  еңбек  армиясының  қызу 
жұмысы  тоқтаусыз  жүргізілді.  Оған  қабылдау  әскери  комиссариаттар  бөлімдері  арқылы  жүргізілді. 
Оларды мамандық таңдамайтын жұмысшы күші ретінде, шахта, құрылыс, орман жұмыстарына жібер-
ді.
Кеңес  өкіметінің  тоталитарлық  кезеңінде  еңбекпен  түзеу  лагерлері  Солтүстікте,  Оралда,  Қиыр 
Шығыста,  Сібірде,  Орта  Азияда  т.б.  жерлерде  көбейе  берді.  Кеңес  Одағындағы  лагерлердің  бас 
басқармасына (ГУЛАГ) қарасты жазалау орындары тоқтаусыз жұмыс істеді және ондағы адам саны да 
жыл сайын өсе берді.
Еңбек армиясындағыларды жазалау орындар, яғни лагерлердің саны негізінен 100-ден астам – деп 
көрсетеді зерттеуші А.Дик. Мысалы, Соликамск, Котлас, Воркута, Якутия, Архангелскі облысы, Ивдель, 
Челябинск, Гурьев, Нижний Тагил, Уфа, Қарағанды, Тула, Копейск, Кемерево, Краснотурьинск, Орск, 
Киров, Иркутск, Куйбышев, Новосибирск т.б. лагерлерде еңбек армияшылары ормандарда, шахта, за-
уыттар, бұрғылау бағаналары мен теміржолдар, көпірлер салып, мыс, көмір өндірді [2].
Бұл еңбекпен түзеу мекемелері саяси «сенімсіздер» мен «опасыздардың» жалған санын көбейтіп, 
елжандылыққа тәрбиелеуден гөрі азап пен өлімнің бетпе-бет кездесу орны болды. 
Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан территориясында 11 лагерь жұмыс істеген. Осы лагерлерде 
тек қана «отанын сатқандар» ретінде 1946 жылы  0618 адам қамалса, ал 1947 жылы 13 035 адам жазаға 
тартылған. Сол сияқты 1948 жылы 17 171 адам ұсталып, 1949 жылы 12 091 адам тұтқындалған [2]. 
Тұтқындардың күшімен аса ірі қорғаныс зауыттары мен комбинаттар салынды. Қорғаныс өнеркәсібі 
орындарында  380  арнайы  колонналар  құрылды.  ГУЛАГ  640  зауытпен  құрылыстарды  жұмысшы 
күшімен қамтамасыз етті. Оның қарауында 414 совхоз болды. Бұл жүйеге 425 еңбекпен түзеу және 770 
өнеркәсіп колонналары қарады [3]. 
Еңбек армияшылары да түрме тұтқындары сияқты қамауда ұсталып, жазаланды. Ал еңбек армиясы 
ешбір ұлтты айналып өткен жоқ, онда қазақтар сонымен бірге негізінен соғыс жылдарында «сенімсіз» 
деген ұлт өкілдері жіберілді. 
Соғыс жылдарында корей, неміс, поляк, ингуш, шешен, қалмақ, балқар, түрік, қырым татарлары, 
қарашай,  күрд  халықтарын  Қазақстан,  Орталық  Азия  және  Сібірге  1  млн.  200  мың  адамды  күштеп 
көшіріп жіберсе, олардың 80 пайызы неміс ұлтының өкілдері болды [4].
Қазақстанның  көп  ұлттылыққа  ұласуы  кезеңінде  әсіресе  немістер  «еңбек  армиясы»  құрылыс 

176
отрядының барлық этаптарынан өтті десек те болады. Себебі фашистік Германия жағында соғысқан 
КСРО жерінде тұратын фин, румын, венгер, болгар соның ішінде, әсіресе немістерді гитлершілердің 
сыбайластары  ретінде  қарады.  Сондықтан  оларға  қатаң  бақылаулар  қойылып,  ерекше  қудаланып, 
еңбек  армиясының  негізгі  контингенті,  немістер,    ХКІІ  жұмысшы  колонналарында,  қорғаныс 
өнеркәсіптерінде, ормандарда ағаш дайындау, шахталарда, қорғаныс құрылыстарында жұмыс істеді 
және жол құрылыстарына, балық кәсібіне жұмылдырылды. Олар топ-тобымен әр елдерге және ауыр 
жұмыстарға еріксіз жіберілді. 
Немістер  күштеп  айдалғаннан  кейін  көп  ұзамай  СНК  СССР  1941  жылы  30  қаңтардағы  №  57-К 
«Неміс ұлтының өкілдерін өнеркәсіпті аудандар мен ауыл шаруашылығына бөлу туралы» жарлығы 
шықты [5]. 
Бұл сансыз көп қаулылардың бастамасы ретінде оларды кез-келген жұмыстарға қолдану басталды. 
Еңбек  армиясының  ГКО  қаулысымен  1942  жылы  10  қаңтарда  «жер  аударылған  немістерді  17 
жастан 50 жас аралығында жұмысқа қолдану тәртібімен» 14 ақпанда «17-50 жас аралығындағы не-
міс азаматтарын еңбекке жұмылдыру туралы» қаулы шықты. Бұл қаулылар 7 қазандағы «Немістерді 
халық шаруашылығына қатынастыру туралы» қосымша қаулысымен жалғасты. Осы соңғы қаулыда 
жұмысшы  колонналарында  барлық  соғыс  жылдарында  неміс  ер  азаматтарының  15-16  және  51-55 
жас  аралығындағы  және  неміс  әйелдерінің  16-дан  45  жастағыларды  кірістіру  туралы  айтылған  еді. 
Олардың жас шамаларын ескерместен ауыр, төзімсіз жұмыстарға, күннің ыстық-суығына, тамақтың 
нашарлығына қарамастан аяусыз жұмсады [6]. 
Қазақстанға  қоныстандырылған  көп  ұлттың  ішінде  немістерге  арналған  үсті-үстіне  шығарылған 
қаулылар тез арада іске асырылып отырды. Солардың бірінде 1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында 
майдан шебінде жүрген 33516 неміс ұлтының азаматтары кері қайтарылды. Кері қайтарылған неміс 
азаматтардың 1609 адам – офицерлер, 4292 адам - сержанттар, 27724 адам - қатардағы солдаттар еді. 
Олардың  жартысынан  көбі  еңбек  армиясына  жіберілді.  Мысалы,  тек  Челябинскіге  металлургиялық 
зауытқа немістерден 25 мың адам еңбекке тартылды [7]. 
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майданнан басқа, тарихта орын алған күрделі мәселелерді жа-
зып, Қазақстан тарих ғылымының дамуына зор үлес қосқан, әйгілі ғалым, ғылыми ұйымдастырушысы, 
қоғам  және  мемелекет  қайраткері,  академик    Манаш  Қабашұлы  Қозыбаев  1995  жылы  Қазақстанда 
өткен ұлы Жеңістің 50 жылдығына байланысты еңбек армияшылардың І съезінде жасаған баяндама-
сында, бар қырынан жан-жақты талдап көрсетті [8]
Еңбек  армиясы  қатарында  жүрген  жұмысшыларға  қатал  талаптар  қойылып,  жоспарды  орындау 
үшін кез-келген нормалар берілгендігі т.б. мәселер ашылды. Мысалыға алатын болсақ, «Күндік нор-
маны орындау мүмкін емес еді»,- дейді, еңбек армиясына қатынасқан делегаттардың бірі, - мен құмды 
жерде жүк тасушы болдым. Бір күнде 36,5 текше жүк басу жүктелді. Ал әр текшеде 1800 кг болды, яғни 
күніне 66 тонна жүк басуым керек болды. Ал күндікке берілетін тамақ 300 г. нан мен 1 табақ горох 
еді»[9]. 
Ал, «1942 жылы ақпанда ХКІІ Ивдельлагеріне 15 мың немістерді әкелді. Олар орманда жұмыс істей-
тін. Бір жылдан кейін олардан қалғаны 3 мың ғана, қалған 12 мыңы өлді»,- дейді Ташкент қаласында 
тұратын неміс ұлтының өкілі Иоган Фрезе [10]. 
Сонымен бірге еңбек армиясына жіберілгендердің ауыр азапты жылдардағы бір-біріне тіреу болғаны 
турасында мынандай оқиғалар да кездеседі. «... Многие женщины сами отправились вслед за мужьями 
и помогали им выжить. Одной из таких «немецких декабристок», например, стала жена академика 
Бориса Викторовича Раушенбаха – Венера Михайловна, добровольно последовавшая за своим мужем 
в Тагиллагерь» [11]. 
Сол сияқты, Фрунзе қаласының тұрғыны Челябметаллургстройдың № 7-ші құрлыс отрядында жұмыс 
істеген Вернер Штриц «…күніне 100 адам өліп отырды», -деуі адам төзгісіз талаптар мен қатігездіктер 
жүргізілгендігін көрсетеді [12]. 
Барлық дерлік қайнаған ауыр жұмыстың ортасына, басқа қоныс аударылғандарға қарағанда әсіресе 
неміс ұлтынан болса, әйел, бала, қарт демей бірінші жіберіліп отырды.
Академик М.Қ.Қозыбаевтың Еңбек армияшылардың І съезінде (Немецкая газета. Апрель. - 1995. 
№ 13.) еңбек армиясындағыларға қолданылған қатал тәртіптің орын алғандығын тың деректермен ба-
янайды. 
Көмір және мұнай кәсіпорындарына 1942 жылы 7 қазанда неміс әйелдері мен ерлері жіберілсе, ал 
1943 жылдың күзінде шахталарға немістердің 15 жастағы жасөспірімдері мен әйелдері  алынды. Жастар 
арасында жұмыстың ауырлығынан қашу көп болды. Оларды қашқаны үшін 7 жылдық қатаң тәртіпті 
жұмыстарға  жіберді  және  де  барлық  немістерге  ерекше  тексерулер  қойылып,  қатаң  түрде  күзету, 

177
бақылауды жан-жақты ұйымдастыру үшін, мыналар ұсынылды: колонадан тыс тұрып жатқан неміс-
терді коллона ішіне кіргізу, яғни адамдар тұратын тұрғын үйдің айналасы қоршалып, онда ГУЛАГ-тың 
әскери қызметшісі жүретіндей болуға тиіс; алаңның ішіне таңғы және кешкі тексеруде кіріп-шығу, 
қатаң тәртіппен пропускі арқылы жіберілді, ал үйдің ішінде жүріп-тұруға тиым салынбады. Сонымен 
бірге ішкі тәртіпті бұзғаны үшін, отряд, колонна бастықтарымен бригадирлердің айтқан жұмыстарын 
орындамағандары үшін, жұмыста белгіленген норманы орындай алмағаны және лагердің, колоннаның 
бір заттарын жоғалтқандары үшін, немістерге мынандай айыптар тағылды: 
а) жеке басына сөгіс және ескерту,
б) қатар (строй) алдында сөгіс,
в) ақшадай айып-пұл,
з) тәртіпті бұзғаны үшін 20 тәулікке дейін қамау,
е) қатаң жазалау, 10 тәулікке дейін қамауда ұстау. Қамауда ұстағандардың қаржысы, сол азаматтардың 
еңбек ақысынан ұсталып отырды.
ж) сотқа беру.
Ал қатаң тәртіппен қамауға алынған адам  жеке камерада отырады, жұмысқа шығарылмайды.
- тақтай үстінде ұйықтайды.
- ыстық тамақ бір күннен кейін беріледі.
- ыстық тамақ берілмеген уақытта, оған шай, нан, су беріледі.
- далаға шығару бір рет, мерзімі 30 минуттан, оларды қарулы күзетшілер ертіп шығарды [13].
Бұл бұғаудан немістер Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін ғана бостандық алды. Бірақ 
бұнымен олардың азапты өмірі аяқталды деу ертерек еді. КСРО немістері 20-80 жылдар аралығында 
көптеген өзгерістер мен жанкешті жаңалықтарды басынан кешірді. 
Бұндай жағдайдан Қазақстан халықтары да «ұмыт» қалған жоқ.  Онда еңбек армиясына Орал, Сібір, 
Орталық Ресейде құрылыс объектілерін салуға 700 мыңнан астам қазақстандықтарда еңбекпен түзеу 
колонналарына шақырылды [14].
Еңбек  армиясында  еңбек  етіп  жүргендердің  әрқайсысынан  өз  еңбектеріне  деген  құштарлықты, 
қажеттілікті  талап  етті,  алауырған  жағдайда  қарапайым  дәрігерлік  көмектер  де  берілмеді.  ХКІІ-нің 
шақыруымен  еңбек  армиясынан  бас  тартқандар  немесе  қашқандар  кездессе,  оларға  сот  үкімі,  яғни 
соғыс заңы бойынша ату жазасы берілді. 
Мұның бәрі берілген жоспарды орындау барысына байланысты болды. Әдейі қоныс аударылған 
халықтар мұндай жағдайларға төзе алмай, аштықтан, суықтан, түрлі аурулардан өліп жатты. Мысалы, 
1944 жылдан 1948 жылға дейін 101036 шешендер, ингуштер, балқарлар өлген [15]. 
Соғыс жылдарындағы күштеп қоныс аударылған халықты үкімет арзан-жұмысшы күші ретінде пай-
даланды. Халық шаруашылығын қайта құру қысқа мерзім ішінде өндіріс базаларын орнату, шығыстағы 
алып құрылыстардың орын алуы, Кеңес армиясын керекті құрал жабдықтармен, қарумен қамтамасыз 
ету, барлық халықты елін қорғауға жұмылдыру Кеңес Одағының жеңісінің айғағы болды.  Мұндай 
қантөгіспен көп адамның өмірін жою, алыста ұзақ арпалыспен келген жеңіске және де соғыстан кейінгі 
қираған шаруашылықты қайта қалпына келтіруге-еңбек армиясына қатынасқандардың да қосқан үлесі 
зор.
Еңбек  армиясы  1942  жылдан  1946  жылдар  аралығында  жүргізілді.  Еңбек  армиясындағылардың 
және немістердің ең негізгі қатаң режимі фашистердің Кеңес одағы жерінен тазартыла бастағаннан 
кейін,  яғни  1944  жылға  дейін  созылды.  1945  жылы  қазанда  зоналардан  күзеттер  алынды,  еңбек 
армиясындағылардың күн тәртібі және тұрмыстық жағдайлары басқа жұмысшылар сияқты жалпы ре-
жимге көшірілді. Ал 1946 жылы 5 және 8 қаңтарда ХКІІ бұйрығымен лагерлер жойылды, онда болған 
қудаланған халықтар жатаханаларға ауыстырылып, отбасыларын тұрақтап қалған және жұмыс істеп 
жүрген жерлеріне көшіріп әкелу құқығы берілді. 
Бүгіндері Кеңестік еңбек армиясында, жазалау лагерлерінде, еңбек колонналарында қанша адам жі-
беріліп, өлгендігі туралы арнайы құжаттар мен деректер сақталынбаған. Онда өлгендердің тізімі неме-
се олар туралы жеке қағаздары, жерленген жерлері де белгісіз, ашылмаған күйінде қалып отыр [16]. 
1946 жылы еңбек армиясындағылар колонна жұмысшыларынан арнайы жер аударылғандар стату-
сына ауыстырылды. Бірақ, сол жұмыс орындарында мәңгі қалдырылды, яғни олардың кейінгі жұмысқа 
пайдалану жағдайы халық шаруашылығындағы әрқалай еңбек түрлерімен жалғасып жатты. 
Жер аудару Қазақстанды тауар өнімдері мен азық-түліктің күрт азайып кеткендігінің айғағы бол-
ды.  Соғыс  кезінің  қиыншылықтарына  қарамастан  Қазақстанның  тұрғылықты  халқы  соғыс  жылда-
рында  күштеп  қоныстандырылғандарды  тығырықтан  шығуына,  аман  қалуына  барын  аямай  көмек 
көрсетті.  Қазақстан  соғыс  ошағына  негізгі  керек-жарақтарымен  қамтамасыз  етіп  тұрды.  Осы  орай-

178
да  ұмыт  қалған  немесе  ескерілмей  келген  еңбек  армиясы  мен  оған  қатысушыларды  еске  алу  және 
тоталитарлық режимнің содырлықтарын қатал сынға ала отырып еңбек армияшылар съезі (1995 ж., 
1997 ж.) ұйымдастырылды.    
Академик  М.Қ.  Қозыбаев  Қазақстанға  әдейі  әкеп  шоғырландырылған  халықтар  саясатына 
жасалынған сан қырлы мәселерін Отан тарихына қатысты жаңа пайымдаулар мен тыңғылықты зерт-
теулер  жүргізіп,  ақиқатты  қалпына  келтіруде  елеулі  жұмыстар  атқарды.    Бүгіндері  академик  М.Қ. 
Қозыбаев жеткізген пайымдаулар мен ақиқаттар өз жалғасын табуда. Олардың кейінгі болашағының 
дамуының  дағдарысына  тиген  үлкен  соққылар  жан-жақты  талданып,  жер  аударылған  халықтардың 
Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  еңбек  армиясы  мен  соғыстан  кейінгі  кезеңдері  халық  шаруашылығын 
өркендетуге, еліміздің ғылым және мәдени саласына жан аямай істеген еңбектері және ерте жастан 
еңбекке араласқан уақыттары ескеріліп, бағалануда. 
Әдебиеттер
1. Козыбаев М.К. «Материалы круглых столов» и семинаров. –Алматы, 1996. – с. NeyesLeben. Nr.7. S.8.
2.ДильмановС.Д. Исправительно-трудовые лагеря на территории Казахстана (1930-1956 г.г.):дисс. ... д.и.н. 
– Алматы, 2002. – С.11.
3.Әбдәкімов Ә. Тоталитаризм: күштеп қоныс аудару және зиялыларды қуғындау. – Қарағанды, 1997. - 26-б.
4.Алдажұманов Қ.С. Күштеп көшіру: жымысқы саясат, басқыншылық әрекет // Қазақ тарихы. - 1997. - № 7. 
- 34-б.
5. Мобилизовать немцев в рабочие колонны…И.Сталин 1940-е годы. - Москва. 1998. – С.10.
6.На вечное жительство. - Астана: Общество немцев «Видергебурт», 2003. - С. 43-44.
7.Земсков В.Н. Заключенные, спецпоселенцы, ссыльно-поселенцы, ссыльные и высланные //История СССР. 
- 1991. - № 5. - С.152-165.
8.Немецкая газета. - 1995. - апрель.
9. Шевченко О. Бойцы лагерной армий // Доживем до понидельника.- 1995.- 7 апрель. - С. 10.
10. Фитц А. Боль в наследство советские немцы: история через судьбы. - Ташкент. -1990. - С. 40.
11. Ауман В.А. Две жизни – одна судьба. - М.: Брайтенарбайт, 2004. - С. 22.
12. Фитц А. Боль в наследство советские немцы: история через судьбы. - Ташкент. -1990.– С.40.
13. Қозыбаев М.Еңбек армиясындағылар отанын қорғау жолында // Доче Альгемайне. – 1995. - № 216.
14. Қозыбаев М. Еңбек армияшылардыњ І съезінде // Немецкая газета. -   1995. – апрель. - № 13. - С. 3.
15. АлексеенкоА.Н. Сельское население Казахстана 1920-1990 гг. - А.1994. - С. 25.
16. Штраус А. Два периода в трагических судьбе советских немцев. - Бишкек: Илим, 2000. - С. 11.
ЖАППАСОВ Ж.Е.
т.ғ.к., Әл-Фараби ат. ҚазҰУ
«ҚЫРҒЫЗДАРДЫҢ (ҚАЗАҚТАРДЫҢ) ЖЕР ПАЙДАЛАНУ МАТЕРИАЛДАРЫ...»  - ХІХ Ғ. 
СОҢЫ МЕН ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕГІ РЕТІНДЕ
Қазақ халқының Кеңес үкіметі орнағанға дейінгі сақталып келген ру-тайпалық құрылымының тамы-
ры тым тереңде жатқаны баршамызға мәлім. Бірақ дәстүрлі рулық-тайпалық құрылым адамзат арасында 
жік тудырып, ұлтшылдыққа, жікшілдікке алып келеді деп тоталитарлық режим бұл мәселені тереңнен 
зерттеуге  тыйым  салды.  Бүгінгі  тәуелсіздігімізді  алғаннан  кейінгі  жағдайда  тарихымызды  жаңаша 
концептуалдық ұлттық тұрғыда зерделеудің қажеттілігі, бұл мәселені де зерттеу аясынан шығарған 
жоқ. Қазақстан республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев «Өз руын, тайпасын, ата-бабасын жеті 
атасына дейін білу әрбір қазақтың ру аясындағы міндеті және сол білігі арқылы өз халқының дәстүрін 
сабақтастырып отырудың шарты болған. Мұның өзі қазақтардың этникалық ерекшелігін танытып әрі 
орнықтырып отырған, тағдыр тәлкегінде тегінен көз жұмып қалмауға және ассимиляцияға түспеуіне 
себепші болған»[1, 32-33 бб.], - деп әрбір қазақ өзінің шыққан тегін, ата-бабасын білуі қажеттілігін 
негіздеген.
Кеңестік жүйеге дейін қазақтың әрбір руының өзіндік ата-қонысы, шаруашылықтық көшу жолдары, 
ел басқарған ру басылары болған. Бірақта қазақ халқының сол кезеңде өмір сүрген ру-тайпалар тари-
хы туралы толық әрі жүйелі жазылған еңбектер жоқтың қасы. Тек бүгінгі таңда өз ата-бабаларының 
төл  тарихына  ғылыми  тұрғыда  зерттеп,  баға  беруге  кіріскен  «Алаш»  тарихи-зерттеу  орталығының 
қажырлы еңбегі мен ізденісінің арқасында біраз ру-тайпаларымыздың жүйелі әрі ғылыми дәйектелген 
еңбектері жарық көруде.

179
Біз төл тарихымызды, қоғамымызға тән дәстүрлі рулық-тайпалық құрылымымызды зерттеп, ғылыми 
тұрғыдан тану үшін міндетті түрде жазбаша, ауызша, археологиялық деректерге сыни талдау жасап, 
обьективті төл-тума тарихымызды қайта жаңғыртуымыз қажет.  
Қазақтың  ру-тайпалық  құрылымы  мен  этникалық  тарихын  зерттеген  М.Мұқанов:  «Қазақтардың 
рулық-тайпалық құрылымына талдау жасаудың бір мәні сонда, ол – қазақ шежіресінің маңызды тари-
хи деректемесі екенін де көрсетеді. Мәселен, әр түрлі таксономиялық жіктерді зерделей келіп, белгілі 
бір рудың өмір сүрген уақыты мен ата қонысын, рулар арасындағы өзара қатынастарды анықтау үшін; 
сондай-ақ қазақ қоғамындағы туыстық байланыс мәселелері мен соған байланысты аталық әулеттердің 
тарау,  тармақталу  құбылыстарын  және  тұтастай  алғанда  революцияға  дейін  үстем  болып  келген 
патриархалдық-феодалдық қатынастардың мәнін ашу үшін рулық-тайпалық құрылымдарды зерттеудің 
ғылым үшін орасан зор пайдасы бар»[2, 146 б.], - деп айтқан болатын. Сондықтанда бұл мәселені XIX 
ғ. соңы - XX ғасырдың басында пайда болған «Қырғыздардың жер пайдалану материалдары...» дерек 
көзін талдау арқылы зерделеудің бүгінгі таңда маңызы зор.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы қазақы дерек көздерінің маңызды бір саласы 
– жазба шежіресі дәстүрінің қалыптасу кезеңі болды. Ауызша дерек көздерді жазба нысанға көшіру 
ісі  М.  Көпеев,  Ш.  Құдайбердіұлы,  Н.  Наушабаев,  Қ.  Халид,  М.Тынышпаев,  Ә.  Бөкейханов  сияқты 
ғалымдардың ғылыми-шығармашылық қызметімен тікелей байланысты болды. Олардың қалдырған 
бай  мұрасын  «Қырғыздардың  жер  пайдалану  материалдары...»  дерек  көздерінде  сақталынған 
мәліметтермен  салыстыра  талдау  деректің  шынайылығы  мен  тарихи  оқиғалардың  обьективтілігін 
дәлелдей түседі. Сонымен қатар ілгеріде әртүрлі баспалардан өздерінің жинап-тергендерін жариялаған 
шежірелік кітаптардың да маңызы зор. Оларды деректанулық талдаудан өткізіп, дұрыс-бұрысын айы-
рып, зерттеулерде пайдалануға болады.
Жалпы қазақ халқын құраған ру-тайпалар XV-XVІ ғғ. қай өңірлерде өмір сүрсе XVІІІ-XIX ғғ. да сол 
аймақтарды мекендеген[3, 22 б.]. Біз осы принципті жағдайды негізге ала отырып, XIX ғ. соңы - XX 
ғ. басындағы ру-тайпалардың атаулары мен орналасуына «Қырғыздардың жер пайдалану материалда-
ры...» бойынша деректанулық талдау жасамақпыз. 
А. Левшин 1832 жылы жарияланған өзінің танымалы «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кай-
сацких орд и степей» атты еңбегінде «леть черезь 100 большая часть вычисленныхь нами названій 
отраслей Киргизскаго народа останется только вь нашихь архивахь и вь памяти немногихь стариков», 
- деген екен, ал «Қырғыздардың жер пайдалану материалдары...» дерегінде Ресейдің бұл ойлағандары 
іске аспағандығын былайша жеткізеді: «Со времени написанія этихь словь прошло уже более 80 леть, и 
жизнь показала иное. Не старики только, а все взрослые киргизы-казаки превосходно знають, кь какой 
орде, роду и его подразделенію они относятся. Местныя изследованія Переселенческаго Управленія 
техь районовь, где обитають киргизы-казаки, зарегистрировали и опубликовали несколько варіантовь 
общихь родовыхь схемь казачьихь ордь и целый рядь детальныхь схемь отдельныхь ветвей родослов-
ной и дали матеріаль кь исправленію и значительнымь дополненіямь составленной А.Левшинымь схе-
мы»[4, 15 б.], - деген болатын. Бұл бір жағынан біздің ата-бабаларымыздың өз шыққан тегін ұмытпай, 
атадан балаға жеткізіп отырған дәстүрлі мұрасы болса, екінші жағынан А. Левшиннің сөзі империяның 
отарлау саясатында қазақ халқының ру-тайпалық құрылымын ұмыт қалдыруға тырысқан әрекеттерінің 
дәлелі бола алады. Мұндай мәліметтерді жинау қазақтардың тарихы мен тұрмысын, этнографиясын 
зерттеу үшін құндылығын зерттеушілер жасырмай жазды.
Одан әрі қазақтар арасында ру-тайпалық құрылымның рөлі туралы: «Родовой строй еще очень си-
лень вь среде киргизь-казаковь и, хотя неизбежный, не скоро еще вь полной мере совершится пере-
ходь казаковь на положеніе оседлаго народа. Брачные союзы, калымь, кунь, судь, выборы туземной 
администраціи,  группировка  населенія  вь  аулы  и  волости,  земельныя  отношенія  между  соседними 
аулами, летнія передвиженія населенія на джайляу, - все это большею частью имееть своимь осно-
ваніемь родовыя отношенія отдельныхь группь населенія, иногда выявляеть исторически сложившійся 
антогонизмь ихь или, наобороть, известную уступчивость и добрососедскія отношенія, исходящія изь 
сознанія общности интересовь своего рода»[4, 15 б.], - деп зерттеушілер қазақ қоғамында ру-тайпалық 
құрылымның әсерін, рулар тарихын жан-жақты зерттеуге құлшыныс танытқан.
Қазақстанның  ежелден  бергі  тұрғындары  қазақтар  Евразияның  ірі  көшпелі  және  түркі  тілдес 
халықтарының бірі болып табылады. ХІХ ғ. соңы - ХХ ғасырдың басында Қазақстан территориясында 

180
мекендеген қазақ халқының саны 1897 ж Ресей империясының бірінші жалпы халықтық санағының 
материалдары бойынша 3392751 адамды құрады.  
Қазақтар үш Ұлы, Орта, Кіші жүзден құралатыны баршамызға мәлім. Жүздердің өзінде әрқайсысы 
өзіндік  ерекшеліктері  бар  ру-тайпалық  құрылымдардан  құралады.  Ол  тайпа,  ру,  ұсақ  топтар  мен 
тармақтар. Бұл туралы деректе: «В свое время киргизы делились на три орды: большую, среднюю и 
малую. Каждая орда имела своих ханов, вела до известной степени обособленную жизнь и занимали 
определенныя места кочеваний»[5, 59 б.], - делінген.
Бұл  жүздердің  құрамындағы  ру-тайпалардың  дәстүрлі  көш-қоны,  орналасқан  мекендері  болды. 
Мәселен Ұлы жүз қазақтары Жетісу, Іле өзені аңғарында, Жоңғар, Іле Алатауы мен Қырғыз, Қаратау 
бөктерінде, Шу мен Талас, Сырдария өзендерінің жоғарғы және орта ағысы бойында орналасқан. 
Орта жүз қазақтары орталық, солтүстік және шығыс Қазақстан территориясында және оңтүстіктегі 
Сырдария өзенінің орта ағысында қоныстанған. ХІХ-ХХ ғғ. Орта жүз қазақтарының саны шамамен 
– 1300-1350 мың болды. Олар Қыпшақ, Арғын, Найман, Керей, Қоңырат, Уақ тайпаларының бірлес-
тігінен құралған. 
Кіші жүз қазақтары батыс Қазақстандағы Ырғыз, Тобыл, Торғай мен Каспий теңізінің шығыс бөлігі 
және Оралдың төменгі, Сырдарияның орта және төменгі ағысын мекендеді. Кіші жүз қазақтары үш ірі 
бірлестіктерден құралды: Әлімұлы, Байұлы, және Жетіру. 
Жалпы көптеген деректерде қазақтардың облыс, уез бойынша жалпы саны беріледі де, ал олардың 
ру-тайпалық  құрылымы,  саны  мен  орналасу  ареалы  туралы  мәліметтер  кез-келген  деректе  кездесе 
бермейді. Осы тұрғыдан алып қарағанда «Қырғыздардың жер пайдалану материалдары...» сақталған 
мағлұматтардың маңызы мен құндылығы жоғары болып келеді.
Ең  алдымен  «Қырғыздардың  жер  пайдалану  материалдары...»  ХІХ  ғ.  соңы  –  ХХ  ғ.  басындағы 
қазақтардың  ру-тайпалық  құрылымы  туралы  мәлімет  беріп  қана  қоймайды,  дерек  көзінде  сонымен 
қатар,  ІІ,  VI-XII,  XIII-XVIII  ғасырлардағы  тарихы,  тарихи  тұлғалары  туралы  біршама  мәліметтер 
сақталынған.  Мәселен,  Сырдария  облысы,  Әулиеата  уезінің  жергілікті  халқына  арналған  2-тара-
уда: «Еще в ІІ веке до Р.Хр. около озера Иссыкь-куль и вь верховьяхь Чу обитали народы саки, геты 
(юечжи), усуни. В VI в. по Р. Хр. сюда пришли изь Алтая тюркскія племена, обьединенныя общимь 
именемь тукіу, которыя вь конце этого века образовали здесь, на месте бывшаго расположенія усуней, 
западно-тюркское государство, со столицей Суябь (вблизи настоящего местоположенія г. Токмака)», - 
делінген. Одан әрі қарай зерттеушілер Шу мен Талас бойындағы араб, саманид, қарлұқ, қараханиттерге 
жалпылама тоқталып, тарихи қалалар туралы біршама мәліметтер қалдырған. Онда: «Қараханиттер 
әулеті билеген кезеңде Шу өзені бойында Баласағұн қаласы салынғаны белгілі. Оның нақты қай жерде 
орналасқаны туралы  белгісіз, бірақта Шу өзенінің жоғарғы ағысы бойында, Алатау тауларына жақын 
жерде орналасқан деп топшылауға негіз бар. ХІ ғ. Баласағұнда түрік тайпаларынан шыққан қарақытайлар 
жаулап алған», - деп, ежелгі қала туралы айтылған. Деректе осыдан кейінгі моңғолдардың басшысы 
Шыңғыс хан, Әмір Темірдің жорықтары туралы жалпылама XV ғ. дейінгі шолулар жасалынып, Қазақ 
хандығының құрылуы туралы да біршама айтылған. Онда: «Даланың шығысында (Дешті-Қыпшақтың) 
көшіп жүрген түркі-моңғол тайпалар XV ғ. ортасында екі топқа бөлінді. Батысындағылар өзбек ата-
уын алып, Темір әулетінің иелігін жаулап алды, ал шығысындағылар Жетісу мен Шу өзені аңғарын 
иеленді, онда түрлі моңғол тайпаларының күшеюімен, қырғыз-қайсақ одағы құрылды»[4, 12-13 бб.], 
- деп қазақ ордасының құрылу тарихын баяндайды. Деректің Әулиеата уезіне арналған жеке томында 
да Қазақ хандығының құрылуы туралы осылайша баяндалып, соңында «...оның қалдықтарынан (Қазақ 
хандығының) үлкен, орта және кіші орда құрылды», - деп 18 ғасырларда Ұлы, Орта, Кіші жүздер пайда 
болып, қазірге дейін өміршең екендігі баяндалған[6, 48 б.].
Наймандардың шежіресі мен тарихына қатысты зерттеу жүргізген Ә.Марғұлан 1930 ж жарық көрген 
«Найманы»  атты  мақаласында  осы  руға  байланысты  халық  арасынан  жинастырған  мағлұматтарын 
қазақтың  зиялы  азаматы  М.Тынышпаевтың,  Ф.А.Щербина  экспедициясының  материалдарымен  са-
лыстыра талдаған. Автор Найман тайпасының шежіресін, ру-тайпалық жүйесін, қоныстануын зерт-
тей отырып: «Между Щербинскими таблицами и нашей записью особенного расхождения нет», - деп 
тұжырымдайды[7, 330-332 бб.].    

181

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет