Әдебиеттер
1 Осанұлы Ә. Тарихымыздан Сыздық сұлтанды таппадық // Ордабасы оттары. - 2002. - 9 ақпан.
2 Добросмыслов А.И. Города Сыр-Дарьинской области. - Ташкент, 1912. - 204 с.
3 Наши приобретения в Средней Азии. Чимкентский округ // Отечественная записки. - 1867. - №7.
4 Тилеукулов С. К истории присоединения Чимкента к России. // Ученые записки. Ташкентский государс-
твенный педагогический институт имени Низами. - Ташкент, 1960. – 60 с.
167
5 РМ ӘТМ. 1441-қ., 1-т., 143-іс.
6 РМ ӘТМ. 483-қ., 1-т., 84-іс.
7 ӨР ОММ. 715-қ., 1-т., 27-іс.
8 Бейсембиев Т.К. «Тарих-и шахрухи» как исторический источник. – Алма-Ата: Наука, 1987. – 200 с.; ҚРОММ,
383-қ., 1-т., 258-іс.
9 Кенесарыұлы А. Кенесары және Сыздық сұлтандар. – Алматы: Жалын, 1992.
10 Бартольд В.В. Туземец о русском завоевании // Собр. соч.: в 9 т. – М.: Наука, 1964. - Т.2. - Ч. 2. – С. 324-
358.
11 Перечень событий на Сыр-Дарьинской линии, со времени ея учреждения по 1860 г. // Русский Туркестан
/ под ред. В.Н. Троцкого. – СПб.: Общественная польза, 1872. - Вып. 3. – 246 с.
12 Туркестанский край. Сборник материалов для истории его завоевания 1864. / Сост. А.Г.Серебренников.
Том 18. - Ташкент, 1914.
13 Илхамов З.А. Аликули Амирлашкар и его место в политической истории Кокандского ханства: автореф. ...
канд. истор. наук. – Ташкент, 2004. – 23 с.
14 Черняев М. Султаны Кенесары и Садык // Русский Вестник. - 1889. - № 8.
15 Веселовский Н.А. Киргизский рассказ о русских зовоеваниях в Туркестанском крае. – Спб., 1884.
16 Сярковский Г. О Туркестанских походах 1864-1865 гг.// Военный сборник. - 1891. - №2.
17 Тереньтев М.А. Россия и Англия в Средней Азии. – Спб., 1875.
18 РМ ӘТМ. 483-қ,. 1-т. 84-іс.
19 ӨР ОММ. 715-қ., 1-т., 25-іс.
20 Туркестанский край. Сборник материалов для истории его завоевания. / Состав. А.Г. Серебренников. -
Т.18.(1864г.). - Ч.2. -Ташкент, 1914. - 207 c.
21 Перечень событий на Сыр-Дарьинской линии, со времени ея учреждения по 1860 г. // Русский Туркестан
/ под ред. В.Н. Троцкого. – СПб.: Общественная польза, 1872. - Вып. 3. – 246 с.
22 Мирзоолим Мушриф. Ансоб ус-салотин ва таворих ул-хавоқин (Қуқон хонлиги тарихи). – Тошкент: Ғафур
Ғулом номидаги Адабиёт ва санъат нашриёти, 1995. – 128 б.
23 Павлов Н. История Туркестана. - Ташкент, 1910. - С.121.
24 Майлықожа. «Дүние-ай». Өлеңдер, сықақтар. - Шымкент, 1993. 36-б.
25 О нападение Садыка Кенесарина на отряд Оренбургских казаков // Туркестанский сборник. - т.2. - С.33.
МҰҚАНОВ Қ.,
өлкетанушы, Мәдениет қайраткері
«Асыл мұра» орталығы
(Қызылжар қ.)
МАҒЖАН ЖӘНЕ СМАҒҰЛ САДУАҚАСОВ
Халқымыздың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармалары Кеңес билігі кезінде негізінен тиісті
бағасын ала алмады. Оның 1912 жылы қазан қаласында басылып шыққан «Шолпан» атты тұнғыш
өлеңдер жинағы халық арасына көп тарамады, сондықтан сол жинақ туралы сол кезде көп айтылған
жоқ. Мағжанның өлеңдерін түсініп, оның халық поэзиясындағы орынын дұрыс көрсетіп жариялай-
тын адамдар ол кезде аз болды. Ол үшін республика басшылығының дәрежесінде қызмет атқаратын,
саясатқа да әдебиетке де жетік, батыл әрі ақынды жақсы білетін адам болу керек еді. Міне, сондай
адамдардың бірі Смағұл Садуақасов еді.
Мағжан да, Смағұл да жерлестер. Мағжан қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы өзінің есімімен
аталатын ауданның Сарытомар ауылында 1893 жылы туса, Смағұл осы облыстың Ақжар ауданындағы
Жарқын ауылында 1900 жылы дүниеге келген.
Бұл екеуі алғаш Омбы қаласында оқып жүргенде танысады. Мағжанның 1913-1917 жылдары
Омбының мұғалімдер семинариясында оқығаны белгілі. Смағұл 1915 жылы Омбының ауылшаруашылық
техникумына оқуға түседі. 1914 жылы семинария шәкірттері Сәкен Сейфуллин, Нығымет Нұрмақов,
Мағжан Жұмабаев, Ахмет Баржақсин, т.б. «Бірлік» атты жасырын жастар ұйымын құрады. Оны сол
кезде Омбы мешітінің имамы болып жүрген Шәймерден Әлжанов басқарады. Кейінірек бұл ұйымға
Смағұл Садуақасов және тағы басқа бірсыпыра жастар кіреді. Бұл ұйым өзінің алдына мәдениетін,
өнерін, әдебиетін көтеру арқылы қазақ халқының ұлттық санасы мен сезімін оятуды мақсат еткен бо-
латын.
Смағұл «Бірліктің» жұмысына белсене кірісіп, оның бағытын жалғастырған «Жас азамат» ұйымын
құруға да білек сыбана қатысады.
168
«Жас азамат» ұйымы 1918 жылдың 5-13 мамыры күндері Омбы қаласында өткен жалпы қазақ
жастарының бірінші құрылтайының шешімімен құрылды. Ұйымның төрағалығына Ғазиз Мурзин,
басқарма мүшелігіне Асылбек Сейітов, Гулия Досымбекова, Әбдірахман Байділдин бекітілді. Смағұл
Садуақасов ұйымның хатшылығына сайланды. Ұйымның «Жас азамат» атты газетінің редакторы бо-
лып Қошке Кемеңгеров тағайындалды.
Газеттің бірінші саны 1918 жылдың 30 шілдесінде Қызылжар қаласында жарық көрді. Оның алғашқы
саны Смағұл Садуақасовтың «Жас тілек» атты бас мақаласымен ашылды. Онда мынадай тамаша сөздер
келтірілген: «Жас азаматтың» алтын идеалы, әулие мақсаты, негізгі жолы – ұлт бостандығы, ұлт тен-
дігі». Осы санда Мағжанның «Мен жастарға сенемін» деген әйгілі өлеңі де жарияланды. Бұл өлең
сол кездегі қазақ жастарының ел-жұрт алдындағы тарихи міндетін көрсетіп берген бағдарлама іспетті.
Өлеңнің беташары ретінде ақын мынадай сөздер келтіріпті: «Жастар! Алда жүрген Алаш жолына аян-
бай қызмет қылған адал жүрек ағалардан үлгі, өрнек алыңдар. Елдіктен, ерліктен айырылып, екі жүз
жылдай еңсесі түскен елді ойландар! Күнді - түн, жақынды - жат, пайданы – зиян деп жүрген, толық
саяси құқықтарын іздеп алуға ер жетіп, есі кірген елді ойлаңдар!».
Осылай дей келе ақын «Мен жастарға сенемін» өлеңін береді. Осы өлеңнің бір-екі шумағын кел-
тірейік:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін.
Мен сенемін жастарға!
Алаш атын аспанға
Шығарар бір таңда
Мен жастарға сенемін!
Осы жолдарды жазған Мағжанның өзі де әлі 25-ақ жаста еді. Ал Смағұл не бары 18 жаста бола-
тын.
Мағжан 1918 жылдың күзінен 1919 жылдың көктеміне дейін Омбы қаласында қазақ мектептері-
не мұғалімдер даярлайтын курс ашып, өзі соның директоры болды, әрі қазақ тілі мен орыс тілінен,
әдебиеттен, тарихтан сабақ берді. Смағұл бұл кезде Батыс Сібір кооператорлар одағының жұмысына
белсене араласуда болды. Ол Мағжанның 1912 жылы шыққан «Шолпан» өлеңдер жинағын және одан
кейін жазылған кейбір өлеңдерін оқыған және олардың мазмұны мен мақсатын жақсы түсінген бола-
тын. Түсініп қана қойған жоқ жалынды қайраткер, дарынды қаламгер 18 жасында «Трудовая Сибирь»
журналының 1919 жылғы № 1 санында «Киргизская литература» («Қазақ әдебиеті») атты мақала жа-
риялады. Онда қазақ поэзиясына біраз шолу жасай келіп, Абай өлеңдеріне мынадай баға берді: «Оның
(Абайдың –Қ.М.) тілі – ғажайып көркем. Бұл тұрғыда оған қазақ жазушыларының арасында тең ке-
летіні жоқ». Осыдан соң Мағжан поэзиясына назар аударады:
«Поэзия саласындағы соны күштердің ішінен жас ақын Мағжан Бекенұлы Жұмабаев жарқырай
көрініп келеді. Ол өзіндік дара бағыттағы лирик ақын. Оның өлеңдері жастар арасына кеңінен тарап кет-
ті. Үнділігі жөнінен олар Абай жырларынан кем түспейді. Ойының айқындығы, жырының көркемдігі
жөнінен ол өзіне дейінгі лирик ақындардың барлығын басып озып көш ілгері кетті».
Міне, бұл Мағжан поэзиясына Жүсіпбек Аймауытовтан да бұрын берілген тұнғыш әділ баға еді.
1920 жылы Мағжан Сібір ревкомы жанынан құрылған Омбы оқу бөлімінің аз ұлттар бөлімшесінде
инструктор болып қызмет істеді (Омбы облыстың мемлекеттік мұрағаты, 318 – қор, 1 тізбе). Бұл кезде
Смағұл РКСМ-ның Батыс Сібір бюросының қырғыз-татар секциясында қызметте болды және осында
«Еңбекші жастар» газетін шығарып тұрды.
Сол 1920 жылғы қыркүйектің 12-18 аралығында Мәскеуде өткен Күншығыс ұлттары жастарының I-
ші конференциясында өкіл болып барып сөз сөйледі. Сонда Күншығыс жастарының 9 кісіден тұратын
кіндік бюросына мүше болып сайланды. Ал қыркүйектің аяғында Орынборға шақырылып аймақтық
жастар комитетінің хатшысы болып тағайындалды.
1920 жылғы 4 қазанда жалпы қазақ Кеңестерінің I-ші съезінде қазақтың жас коммунистері аты-
нан сөз сөйледі. Сонда Қазақстан Орталық Атқару комитетінің президиум мүшесі және комитет
төрағасының орынбасары болып сайланды әрі «Ұшқыш» (қазіргі «Егемен Қазақстан» - Қ.М.) газетінің
алқа мүшесіне бекітілді. Сонымен бірге ол Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің мүшелігіне де
сайланды. Бұл кезде ол әлі 20 жаста ғана еді.
1920-1921 жж. Мағжан Сибревком жанындағы қазақ өкілдігінің тұнғыш қазақ газеті «Кедей сөзінің»
редакция алқасының мүшесі қызметін атқарды.
169
Мағжан тапшыл ақын емес, біртұтас қазақ ұлтының ақыны болғаны, осы ұстанымы үшін талай ая-
усыз сынға ұшырап соққы көргені белгілі. Мысалы, 1922 жылы жазылған «Жолдасқа» деген өлеңінде
Мағжан өзінің азаматтық ұстанымын былай білдіреді:
Тапсыз бүгін бір елмін,
Тәңірге жалғыз ұсармын
Көбікті күміс бір селмін.
Сасықты сендей басармын
Кіршіксіз ақ ордамын
Бұзылмаған қордамын
Бөле алмассың тап-тапқа!
Ресейдің империялық езгісінде болған тұтас қазақ елін бай-кедей деп екіге жарып, өзара қырқыстырмақ
болған «тапшыл жолдастарға» ақын кезінде осылай жауап берген. Оның бұл ұстанымы Смағұлдың
1920 жылғы 7 қарашадағы «Октябрь төңкерісі һәм қазақ еңбекшілері» атты мақаласындағы: «Біз қазақ
тұрмысын алсақ жоғарыда айтылған екі тапқа қазақты бөлерлік еш себеп жоқ. Қазақ тұрмысын жаппай
бір түрлі құлданушы да, құлдықта жасаушы да тап жоқ. Қазақта шет халықтар құлданбаса, өз ішінен
құлданушылар шыққан жоқ. Олай болса, қазақ халқының бәрі еңбекшіл», - деп батыл жазуына сай
келеді.
1920-1921 жылдары Қазақ автономиялы республикасының іргесін бекітіп, жерін түгендеу шаралары
жүріп жатты. Сол кездегі ең бір қиын мәселе Ресейдің Сібір төңкеріс комитеті бауырына басып алған
Ақмола мен Семей губернияларын Қазақстанға қосу мәселесі еді. Бұл іске Қазақстан Атқару комитеті
торағасының орынбасары Смағұл Садуақасов шұғыл да батыл кірісті. Әсіресе, «отаршыл пиғылдағы
Семей ревкомы мен қазақ емес коммунистердің Семей губерниясын Ресей Федерациясының құрамына
бермек болған арам саясатын Смағұл Садуақасовтың қалай талқандағаны мәлім. Ақыры осы батыл
қимылдары үшін Смағұлға ұлтшыл деген атақ тағылды. Қазіргі ұрпақ Смағұлдың дәл осы бір ғана
ерлігі үшін, оның алдында бас иеді» - деп жазды СҚМУ-нің доценті Зарқын Тайшыбай «Мағжанның
Қызылжары» атты кітабында (З.С. Тайшыбай. Мағжанның Қызылжары. Петропавл, 2006 ж.).
Осы кезде «Кедей сөзі» газетінің 1921 жылғы 12 қаңтардағы санында Мағжан Жұмабаевтың
«Автономия кімдікі?» атты мақаласы шықты. Бұл мақала Кеңес өкіметінің 1920 жылғы 26 тамыздағы
Қазақ автономиялы республикасын құру туралы шешіміне байланысты жазылды. Қазақтар бұл
шешімді большевиктердің «ұлттардың өзін-өзі билеуіне» берген мүмкіндігі деп қабылдаса да іс жүзінде
автономияның иесі кім екені түсініксіздеу еді. Соның өзінде Мағжан газет арқылы халыққа сөз тастап,
қазақтың осы мемлекеттік құрылымын нығайтуға ат салысуға шақырды. Міне, бұл мәселе бойынша да
Смағұл мен Мағжанның ойы, мақсаты үндестік тауып отырған жоқ па?
1925 жылғы сәуірде өткен Қазақстан Кеңестерінің V-съезінде Смағұл Садуақасов республика Халық
ағарту комиссары болып бекітілді, әрі «Еңбекші қазақ» газетінің бас редакторы болып сайланды. Халық
ағарту комиссары қызметінде 2 жыл болғанда ол халыққа қажет талай игі істер тындырды. Қазақтың
тұңғыш педагогикалық институтының, алғашқы ұлттық театрының ашылуына мұрындық болды.
Ақын-жазушыларды, ғалымдарды қанатының астына алды, оқулық, танымдық, ғылыми кітаптардың
көптеп жазылуына бас-көз болып, олардың басылып шығуына қамқорлық жасады.
1924 жылдан бастап Мағжан шығармалары негізсіз сынға ұшырап, оның шығармаларын баспасөз
бетінде жариялауға тыйым салынса да, Смағұл өзі басқарып отырған «Еңбекші қазақта» оның кейбір
өлеңдерін жариялап отырды.
Осы газеттің 1927 жылғы 15-16 ақпандағы № 37-38 сандарында Смағұл Садуақасовтың «Әдебиет
әңгімелері (Айтыс ретінде)» деген көлемді мақаласы шықты. Онда былай делінген: «Мағжан туралы
былтыр Ғаббастың (Тоғжанов – Қ.М.) кітабы шықты. Бірақ бұл да Мағжанды бізге толық көрсеткен жоқ.
Ғаббастың кітабынан біз байшыл, ұлтшыл, төңкеріске қарсы, адасқан Мағжанды көрдік. Ғаббастың
бізге айтқаны Мағжанның «жұмбағы», «дағдарысы» болды. Бірақ 9 жыл төңкеріс Мағжанға текке
кеткен жоқ. Оған күә - оның соңғы жазғандары. Мағжанды қайтседе жақсылайын деген ойдан мен
сірә аулақпын. Бірақ барын бар, жоғын жоқ деу керек. Мағжанды күйдірсек, біз бәрін де күйдіреміз.
Қайткенде де мен Мағжанды «доңыздатып қоңыздатушыларға» қарсымын.
Доңыз демекші, Мағжанның «қоңызы мен доңызын» аузынан тастамайтын кісінің бірі – біздің
Әбдірахман (Байділдин – Қ.М.). Мағжанның ол өлеңі Сібірде Колчактың қара күндері туған кезде
жазылған. Бұны өзге жұрт білмесе де Мағжанмен сол кезде сабақтас-табақтас болған Әбдірахман білсе
керек еді. Бірақ амал бар ма, «қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса». Мінекей, ең атақты, ең
дарынды ақынымыз туралы сыншылар әлі түгел зерттеп біткен жоқ».
Смағұлдың мұндай батыл жазылған мақалалары Қазақстанның бірінші басшысы Ф.И. Голощекинге
170
ұнаған жоқ. Көп кешікпей ол «Еңбекші қазақтың» басшылығынан босатылады. 1927 жылғы қарашада
ол Халық ағарту комиссары қызметінен де шеттетіледі. Біраз уақыт ол Ташкенттегі қазақ педагогикалық
институтының ректоры қызметін атқарады. Алайда 1928 жылғы наурызда бұл қызметтен де босатыла-
ды. Сөйтіп, Қазақстаннан кетуге мәжбүр болады. Сол 1928 жылғы қыркүйекте Мәскеу транспорт-ин-
женерлерін даярлайтын институтқа оқуға түседі. Институтты бітіргеннен кейін Москва-Донбасс темір-
жолында қызмет істеп жүргенде кездейсоқ ауруға шалдығып, Мәскеу ауруханасында белгісіз жағдайда
1933 жылдың күзінде қайтыс болады.
«Известия» газетінің 18 желтоқсандағы санында БОАК-тың (Бүкілодақтық Орталық Атқару
Комитетінің) жанындағы Қазақстан республикасының өкілдігінің Смағұлдың өлімі туралы қазанамасы
(некролог) жарияланды. Оған қол қойғандар: Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, Ғ. Тоғжанов, т.б.
Қазақтың асыл азаматы, ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт жанашыры Смағұл Садуақасовтың
өліміне бүкіл қазақ жұрты қатты қайғырды. Мағжан Жұмабаев оның қазасына мынадай жоқтау өлеңін
арнады:
Жас Смағұл үздік туған бала екен
Байтақ елге асқар таудай пана екен
Сол баладан, сол панадан айырылған
Қайран қазақ, орны толмас жара екен.
Кім білді ердің асыл туған баласын
Байтақ елдің асыл туған ағасын
Ажал шіркін қарамайсың ажарға,
Тағдыр тартып жыртқызыпты жағасын.
Аққуы жоқ, қаздары жоқ көл жетім,
Шүйгіні жоқ, шалғыны жоқ жер жетім.
Смағұлдай баласынан айырылған
Қайран қазақ, болдың бүгін сен жетім.
Мағжан да, Смағұл да қазақтың талантты да дарынды тұлғалары еді. Кезінде олардың өмірі үлкен
қиыншылықта, қуғын-сүргінде өтті. Енді Тәуелсіз Қазақстанда біз олардың күреске толы өмірі мен
шығармашылығын зерттеп, әлі де ашылмаған тұстарын ашуға тырысуымыз керек және олардан
отансүйгіштікті, ұлтжандылықты үйренуіміз қажет.
Әдебиеттер
1. Тайшыбай З.С. Мағжанның Қызылжары. - Петропавл, 2006.
2. Бөкейханов А. Мусылман сиезi // Бөкейханов А. Шығармалары. - А., 1994.
3. Дулатов М. Бiздiн максатымыз //Дулатов М. Шығармалары. - А., 1991.
4. Садвокасов С. Шығармалары 2 том. – А., 2005.
САЛИМГЕРЕЕВА Ш.А.
т.ғ.к., ТЭИ аға ғылыми қызметкері
ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ІV ҚҰРЫЛТАЙЫ
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін ең алғаш 1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының
І құрылтайы өтті. Қабылданған жарғы бойынша 5 жылда бір рет өткізілетін құрылтай, 1990 жылдары
еліміздегі экономикалық қиыншылықтарға байланысты араға 10 жыл салып, 2002 жылы Түркістан
қаласында болды. Дүниежүзі қазақтарының III Құрылтайы 2005 жылы Астана қаласында болды.
Еліміздегі 2011 ж. 25 мамырында Астана қаласында Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайы
тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен тура келді. Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайына әлемнің 35
елінен 365 қазақтар, ал еліміздің барлық аймақтарынан 300-ден астам өкіл қатысты. Тәуелсіздіктің 20
жылдығы қарсаңында орын алған елеулі бұл оқиғаның басты ерекшелігі – жастардың қатысуы бол-
ды. Яғни құрылтайға келген делегаттардың 60 пайызын 30 жасқа дейінгі жастар құрады. Делегаттар
қатарында қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін, қазақ тілін дамыту мен насихаттауға байланыс-
ты кеңінен танымал қоғам қайраткерлері, шығармашылық, ғылыми-педагогикалық, зияткерлік, биз-
нес, спорт, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері
бар. Атап айтқанда, Құрылтай жұмысына Чехияның экс-министрі Жәмила Стехликова, Чувашияның
экономикалық дамуы экс-министрі, қазір Чебоксары жоғары оқу орнының доценті Гүлмира Тағайқызы
171
Акимова, Моңғолияның оқу-ғылым және мәдениет министрінің орынбасары Чоной Күләнда,
мәскеулік профессор Нәйла Ермұханқызы Бекмаханова, техника ғылымдарының докторлары Дәулет
Мұхамеджанұлы мен Асқар Дәулетұлы, армрестлинг жөнінен Иран чемпионы Жүсіп Шаткам және т.б.
қатысады.
Қазақстандық делегаттар ішінде – ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академиктері М. Жұрынов, Ө.
Айтбай, С. Қирабаев, Ә. Бейсенова, Т. Шарманов, К. Байпақов, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары Т.
Молдағалиев, М. Айтхожина, А. Оразақын, А. Әшімов, Т. Әбдік, Ұ. Есдәулет, М. Жүнісова, Қазақстанның
халық әртісі Б.Төлегенова, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Е.Рахмадиев, т.б.
бар. Құрылтай делегаттарының 60 пайызын жастар құрайды. Олардың қатарында Германия, Швеция,
Австрия, Голландия, Норвегия, Ұлыбритания, Моңғолия, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мен
Қазақстанның спортшылары, студенттері, магистранттары мен оқушылары болды.
2011 жылдың мамыр айының 25-27 күндері елордамыз – Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының
ІV құрылтайында Мемлекет басшысының өзі баса назар аударып, қандастарымыздың құжат тапсыру,
тіркеуге тұру, азаматтық алуда кездесетін түрлі кедергілерді жою сияқты жұмыстарды жүйелей түсу
жөнінде нақты тапсырмалар берді. Елбасы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төрағасы Н.Ә.
Назарбаев осы құрылтайда алдағы кезде атқарылуға тиіс жұмыстардың бес бағытын айқындап бер-
ді: бірінші – елге оралатын және оралып жатқан қандастарымыздың жағдайын жақсартуға септігін
тигізетін «Халықтың көші-қоны туралы» жаңа заң қабылдау; екінші – шетелдегі қазақ жастарының
Қазақстанға келіп сапалы білім алуы үшін оларға бөлінетін гранттық квотаны нақтылап, осы бағытта
жүйелі жұмыс жүргізу; үшінші – шеттегі қазақтардың Қазақстанмен жан-жақты байланыс орнатуына
көмектесу; төртінші – қандастарымыз тұратын елдерде ұлттық мәдениет пен өнердің кеңінен таралуы-
на жәрдемдесу; бесінші – шетелдерде кіші құрылтайларды тұрақты өткізіп тұру қажеттігіне жан-жақты
тоқталды.
Н.Ә. Назарбаев баяндамада шетелдегі қазақ диаспорасы мен оралмандарға қолдау көрсетіп,
қамқорлық жасаудың тетіктерін нақты айқындап, бұл жөнінде алда тұрған 5 міндеттерді белгілеп бер-
ді. Бұл міндеттің біріншісі – көші-қонға қатысты. Елбасы көші-қондағы 20 жыл ішінде қол жеткізген
игі істер мен жетістіктерге жан-жақты талдау жасай келе, қандастарымызды отанға оралту жұмысын
одан әрі жүйелеп, оларды ел аумағына тұрақты орнықтырудың саясатын одан әрі жүзеге асыра беру
керектігіне тоқталды. Н.Ә. назарбаев Құрылтайда «Халықтың көші-қоны туралы» жаңа Заңды тездетіп
қабылдау мәселесіне де арнайы тоқталды. Құрылтайда Елбасының шетелдегі ағайындарға қолдау
көрсету жөніндегі алға қойған екінші міндеті – оқу-білім мәселесі. Бұл ең алдымен жастарға қатысты.
Н.Ә. Назарбаев: «Біз әлемдегі барша қазақ жастарының сапалы білім алуына тиісті жағдай жасауымыз
керек... Осыған байланысты, Білім және ғылым министрлігіне қандастарымызға бөлінетін гранттық кво-
таны нақтылап, жастармен жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырамын», - деді. Шетел қазақтарын атажұртқа
тартудың, олардың елімізге көбірек келуіне мүмкіндіктер туғызудың ең ұтымды жолдарының бірі
– оқуға шақыру. Шетелдік қазақ жастарын арнайы орта білім мен кәсіптік мамандық беретін оқу орын-
дарына қабылдаудың да нақты жүйесін жасау қажет.
Елбасының қазақ диаспорасына қамқорлық жасау жөніндегі алға қойған үшінші міндеті бұқаралық
ақпарат құралдарына байланысты болды. Бұл жөнінде Президент: Біз шеттегі қандастардың
Қазақстаннан жан-жақты хабар алып тұруына көмектесеміз» деп байлам жасады. Бұл жөнінде Байланыс
және ақпарат министрлігіне нақты тапсырмалар да берді. Шетел қазақтарының Қазақстаннан тарайтын
бұқаралық ақпарат құралдарына деген сұраныстары өте жоғары. Олар Қазақстанның телерадио ха-
барларын тыңдап, көруге, қазақша газет-журналдарды алдырып оқуға барынша ынталы. Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығының жанынан шетел қазақтарына арналған «Алтын бесік», «Туған тіл» атты
басылымдар жарық көріп, алыстағы ағайындарға таратылуда.
Қазіргі кезде шетелдегі қазақтардың мәдени-рухани салада қол жеткізген табыстары айтарлықтай
мол. Қазақтар тығыз орналасқан жерлерде қазақ халқының тарихына, мәдениетіне байланысты бай
мұралар бар. Елбасының Құрылтайда алға қойған төртінші міндеті осы мәселеге арналды. Шетелдегі
қазақ диаспорасына мәдени-рухани қолдау көрсетудің бір тиімді жолы – кіші құрылтайлар өткізіп тұру.
Соңғы жылдары мұндай құрылтайлар Еуропада тұрақты ұйымдастырылып келеді [1].
Дүниежүзі қазақтарының алғашқы екі жиыны шетелдегі ағайындарды атажұртпен жақын
қауыштырып, оларды Қазақстандағы жемісті жобалармен таныстыру бағытында өткен еді. Ал Үшінші
Құрылтай шетелдегі қандастардың елмен байланысын барынша нығайта түсіп, оларға мәдени-ру-
хани, оқу-білім саласында қолдау көрсету жұмыстарын жетілдіріп, атажұртқа келуіне жағдай жа-
сау мәселелерін талқылауға арналған іскерлік бағытта өтті. Өз кезегінде Төртінші Құрылтай өзінің
172
алдындағы Құрылтайлардың осы жақсы бастамаларын одан әрі жалғастырып, дамытуымен ерекше-
ленді. Алдыңғы басқосулардың қисынды жалғасы, заңды даму стратегиясы.
Бұл Құрылтай өткен басқосуларда ескерілмей қалған мәселелерді қолға алып, әртүрлі себептер-
мен жүзеге аспаған жұмыстарды қайта жандандыруға арналды және бір басты ерекшелігі бұл жиынға
жастардың көбірек шақырылуы. Бұл ретте елімізге жастарды тартудың тиімді екендігі барған сайын
анықталуда. Өйткені жастар Қазақстанға келсе, жаңа ортаға тез бейімделеді. Оқуға түссе де, жұмысқа
орналасса да, жақсы нәтижелерге жетеді. Бір жағынан, жастарды мұндай үлкен жиындарға көбірек тар-
ту шетелдегі қазақ диаспорасының болашақтағы ұлттық-рухани жағдайы үшін де өте қажет. Шетелдегі
қазақ жастарын өзімізге бейімдеп, бауырымызға тартуды жүйелі түрде жүргізу кезек күттірмейтін
мәселе. Яғни, ортақ іске жастарды тарту үдерісі бар. Мысалы, Құрылтайдың бір күні әр елден келетін
қазақ жастарының футбол турниріне арналды. Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар да өткізілді. Жас
ақындар мүшәйрасы мен жас суретшілер көрмесі де ұйымдастырылды [2].
Құрылтайда жүзеге асырылған ең басты іс-шаралардың бірі – Қазақстан Республикасының ше-
телдердегі 5 миллионнан астам қазақ диаспорасымен байланыс жасауына арналған дөңгелек үстел
мәжілістері болды. Қазақстанның 9 министрліктерінің қатысуымен 7 жерде өткен бұл бас қосуларға
шетелдерден келген қонақтар топ-топқа бөлініп түгелдей қатысты. Дөңгелек үстелдің тақырыптары,
көтеретін мәселелері Құрылтай делегаттарының талап-тілегіне сай белгіленді. Соған байланыс-
ты Білім және ғылым министрлігінде бас қосу «Шетелдегі отандастарымызға арналған білім беру
қызметін көрсетудегі ҚР Білім және ғылым министрлігінің алатын орыны мен кезекті міндеттері» де-
ген тақырыппен өтті. Осы дөңгелек үстелде Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов: «Шет елдерден
келген балаларды жоғарғы оқу орындарына дайындау үшін дайындық бөліміне 1400 орын бөлдік.
Жоғарғы оқу орындарына арналған 36 мың мемлекеттік грантымыз бар. Соның 2 пайызын сырттан
келген қандастарға арнадық. Бұл көрсеткіш шектеліп қалмайды» - деген [3].
ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон комитеті және ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық
қызмет департаменті бірлесіп «Қазіргі кезеңдегі этникалық көші-қон: жағдай мен мәселелері» атты бас
қосу өткізді.
ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің
Консулдық қызмет департаменті бірлесіп өткізген бас қосу өте маңызды болды. Бұл жиында шетел
қазақтарының атажұртқа қоныс аударуы үшін құжаттарын дайындап, шақырту, виза алуларынан бас-
тап, келіп орналасып, тұрақты тіркелуге тұру, азаматтық алуға құжат өткізу, көші-қон квотасына кезек-
ке тұрып, оралман ретінде қаржылай көмекке қол жеткізу сияқты жұмыстардың қиындықтары мен ке-
дергілері ашық айтылды. Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген қандастарымыз елге келгеннен кейінгі
уақытша тіркеу мерзімін неғұрлым ұзартуды өтінсе, Моңғолиядан келген ағайындар Қазақстан мен
Моңғолия арасын төте қатынайтын жол салу мәселесін күн тәртібіне қойды. Сондай-ақ, кейінгі жыл-
дарда қыстың қатаң болуына байланысты малдың өлім-жітімінің көбейіп, жұрттың жағдайы ауырлап,
атажұртқа көшіп келудің қиындап отырғанын айтып өтті. Ал Қытайдан келген қандастарымыз ондағы
тұрып жатқан қазақтардың атамекенге қоныс аударуға ынталы екендерін, алайда оған Үрімжідегі
Қазақстанның Паспорттық қызмет мекемесінен виза алудың қиындығы кедергі болып отырғандығын
айта келіп, осы мәселені жеңілдетуді өтінді. Бұдан өзге де көптеген мәселелер егжей-тегжейлі
талқыланды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі кездесу «Оралмандарды әлеуметтік
тұрғыда қолдау: тәжірибе, сабақтар және мәселелері» атты тақырыпқа арналды. Бұл дөңгелек үстел
мәжілісінде оралмандарды жұмыспен, зейнетақымен қамтамасыз етіп, басқа да түрлі әлеуметтік көмек
көрсету мәселелері талқыланды.
ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі мен ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті ұйымдастырған
бас қосу «Шетелдегі қазақтарға арналған бұқаралық ақпарат құралдары: жағдайы және мәселелері» деп
аталды. Бұл бас қосуда шетел қазақтарына мәдени-рухани салада қолдау көрсетудің ең басты мәселелері
талқыланды. Сонымен қатар, шетелдердегі қазақтарға бұқаралық ақпарат құралдары жөнінде қолдау
көрсетуді әрі қарай жақсарту қажеттігі атап айтылды.
ҚР Ауылшаруашылығы министрлігіндегі кездесу «Қазақстанға қоныс аударушылардың жергілікті
жағдайға бейімделу мәселелері мен сабақтары, тәжірибелері» деген тақырыпты қамтыды. Бүгінгі таңда
шетелден келген оралмандардың басым көпшілігі ауылдық жерлерге орналасуда. Соған орай, оларға
бірінші кезекте үй салатын, егін егіп, мал өсіретін жер беру мәселесі өте маңызды. Қазір бұл жөнінде де
шешілмей отырған қиындықтар мен кедергілер аз емес. Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы
министрлігінде өткен дөңгелек үстелде осы жөнінде ашық әңгіме болды.
ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіндегі әңгіме «Қазақстанның қазақ диаспорасымен
173
бизнес серіктестігі» тақырыбына арналды. Бұл бас қосуға шет елдерде тұрып жатқан 40 шақты қоғам
қайраткерлері мен іскер азаматтар қатысты. Дөңгелек үстелде Франциядан келген кәсіпкер Мехмет
Зенгин, Қытайдағы ШҰАА Халық үкіметінің кеңсшісі Зұрғанбек Арып, Өзбекстан Республикасы
Қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Марат Үкібаев, Түркиядан келген дербес қаржы кеңесшісі
Құртұлыс Ялшын, Ресейдегі қазақтардың Федералды ұлттық-мәдени автономиясының президен-
ті Тоқтарбай Дүйсебаев т.б. кәсіпкерлер сөз алып, өз ойларын ортаға салды. Ең бастысы, шетелдік
қандастарымыз өз тарихи Отандарына келіп, кәсіпорындар ашып, жұмыс істегісі келеді. Мысалы,
елімізде тері өңдеу фабрикалары көптеп ашылса, оған шетелдегі қазақ кәсіпкерлері қуана қолдау
көрсетер еді.
ҚР Туризм және спорт министрлігіндегі кездесу «Түрлі елдердегі қазақ жастарын туризм мен
спорт біріктіреді» деген атпен өткізілді. Бұл дөңгелек үстелді Туризм және спорт министрлігінің
жауапты хатшысы Әлішер Пірметов ашып, Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Қарлығаш
Кәкен жалғастырды: «Ұлы Жібек жолы бойындағы туризмді өркендетуді қоса алғанда, Батыс Европа
– Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізімен сыртқы және ішкі туризмді жандандатуға назар аудары-
луда. Бұл жолдың бойында халықаралық талаптарға жауап берген 7 туристік-рекрациялық орталық,
24 ұқсас туристік кешен салу жоспарланған. Бұлардың ішінде ең қомақтысы – Алматы облысының
Қапшағай су қоймасының жағалауында салынатын «Жаңа Іле» туристік орталығы. Сондай-ақ, индус-
трияландыру картасына екі ірі туристік кешеннің құрылысы енгізілгенін атап өтуге болады. Олар –
Маңғыстаудағы Кендірлі халықаралық қорықтық-демалыс аймағы және Ақмола облысындағы Бурабай
туристік орталығы. Ал енді ішкі туризмнің маңызды салаларының бірі – балалар мен жасөспірімдер
туризмі. Бұл бағытта «Жас Отан» және жас бүлдіршіндерге арналған ұйымдар қазіргі уақытта жақсы
жұмыс жүргізіп жатыр» - деген болатын. Дөңгелек үстелде Спорт комитетінің төрағасы Елсияр
Қанағатов, Ұлыбританиядағы қазақ мәдени орталығының төрағасы Исмаил Кессижи, Шыңжаң қазақ
мәдениет мұражайының директоры Қайша Тәбәрікқызы, Германияның Кельн қаласындағы туристік
компанияның жетекшісі Жанна Штарк, Омбы облысының «Мөлдір» мәдени орталығының жетекшісі
Алтынай Жүнісова және т.б. өз ой-тілектерін, ұсыныстарын айтты. Бас қосуда министрліктің жауап-
ты хатшысы Әлішер Пірметов қорытындылап, түскен ұсыныстар талқыланып, оларды іске асырудың
жолдары қаралатынын айтты.
Қазақстан Үкіметінің шеттегі ағайындарға қатысты тағы бір мәселесі – шетелдегі қазақ жастарының
оқу-білімі. Жастар біздің болашағымыз, ел тізгінін ұстар ертеңіміз. Олардың өз отанында білім алуы,
туған жерінде еңбек етуі үшін мемлекетте бар жағдай жасалуы керек. Еліміздің Жоғары оқу орындары
осы істі алға жылжытуға өз үлестерін қосып келеді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанынан
оралман жастарды оқуға қабылдауға арналған комиссия құрылды.
2011 жылы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде шетелдегі
қазақ диаспорасы өкілдерін ҚР жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне қабылдауға арналған
Республикалық комиссияның отырысы өтті. Емтихан нәтижелері бойынша 1138 этникалық қазақ оқуға
қабылданды. Бір өкініштісі білім алуға талап білдірген жастардың саны бұдан әлдеқайда көп. Негізінен,
жоғары оқу орнына арналған сынақтан өте алмай қалған жастар келген бағытымен кері қайтпай, білім
деңгейіне сай кәсіптік мамандық беретін арнаулы оқу орындарына түсіп, оқуын жалғастыруы тиіс.
Тіпті оралман жастарға арналған арнайы колледждер ашу Білім және ғылым министрлігінің тікелей
араласуымен жүзеге асатын мәселе. [4].
Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайында тағы бір көп қозғалған мәселе – виза мәселесі болды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Репатрианттарды әлеуметтік қолдау: тәжірибе,
сабақ және мәселелер» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрі Біржан Нұрымбетов атажұрттағы алқалы жиынға қатысушы қонақтарға алдымен ми-
нистрлік жұмысын таныстырып өттіп, «Көші-қон туралы» заңның жобасы қазір Парламентте қаралуда.
Жаңа жоба бойынша егер оралман елдің солтүстігіне келіп қоныстанамын десе, онда ол оңтүстікке
қарағанда екі жарым еседей көбірек қаражат алмақ. Ал орталыққа келушілер оңтүстіктегілерден 70%
көбірек алатын болады. Өйткені оралмандар көбіне қысы жайлы оңтүстік өңірлерге келуге пейілді.
Вице-министрдің айтуынша: енді шеттегі бауырлар құжаттарын біздің елшіліктер арқылы өткізе ала-
тын болыпты. Барлық рәсімдер өткізіліп болғаннан кейін, шақырту алған оралманның бұрынғыдай
күтуге кететін уақыты азаяды, біз сол жағдайларды да заңмен реттеуді ойластырдық деген ақпарат
шеттен келген туыстардың көңілдеріне жаққандай. Сөйтіп, бұл жиында оралмандардың үй-жаймен
қамтамасыз етілуі, мамандықтары бойынша жұмысқа орналаса алмау жағдайлары, орыс тілін білмеуі-
не байланысты кедергілерге кездесуі сияқты бұрыннан айтылып жүрген мәселелермен қатар, көптеген
174
ұсыныстар да ортаға салынды. Дөңгелек үстелге қатысушылар әңгіме соңында бірнеше тармақтан
тұратын ұсыным қабылдады [5].
Міне, Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайында түскен ұсыныстар мен қабылданған қарарларды
іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 ж. 25 мамырда өткен Дүниежүзі
қазақтарының ІV құрылтайында берген тапсырмаларының іске асырылуын бақылау жөніндегі іс-
шаралардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 2011 ж. 21 маусымда А. Мусиннің № 01-38.72
бұйрығы шықты. Ол бұйрықта ҚР мемлекеттік органдары жоспарда көзделген іс-шаралардың уақытылы
орындалуы туралы айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |