Қазақстан1 Республикасының ғылым және білім министрлігі


Жеңіл атлетикадағы жүгіру және оның түрлері



бет15/41
Дата13.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#82491
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41

Жеңіл атлетикадағы жүгіру және оның түрлері


Жүгіру, жалпы жеңіл атлетика спорттың ең кең тараған түрлерінінң бірі. Ертеде Гректер «Егер күшті болғың келсе – жүгір, егер әдемі болғың келсе – жүгір, егер ақылды болғын келсе – жүгір» деген екен. Шапшаң жүгіру үшін аяқты тез-тез қозғап, кең адымдап, тізені көтеріп,қолдың қозғалысы еркін, саусақтар бүгілген болуы керек. Шапшаң жүгіру, ең алдымен адымды кең ашып жүгіруге байланысты болады. Адымды барынша кең ашып жүгірген адам жүгіріп өтуге тиісті қашықтықты белгіленген уақытында толық жүгіріп шығады. Адым кең ашылмаса, қанша тез жүгіргенмен, уақыт жағынан ұтылады. Яғни белгілі бір қашықтықты көрсетілген уақыт ішінде жүгіріп өте алмайды. Сондай-ақ жүгіруші адымын кең ашқанымен, тез аттап жүгірмесе, ол жоғары көрсеткішке жете алмайды. Демек шапшаң жүгру үшін әрі кең адымдап, әрі тез аттап жүгіру керек.
ЖҮГІРУ, адамның тәніндегі жылдамдық пен шыдамдылықты жақсы жетілдіретін қарапайым жаттығулар тобы. Жылдам жүгіру үшін көп жаттығып, жүгірудің, әдістәсілдерін жақсы білу қажет. Ж-умен айналысу кезінде жүрекқан тамырлары жүйесіне, тыныс алу органдарына, бұлшық- еттеріне үлкен күш түседі.Жүгіру жаттығуларында қимылқозғалыстар ұзақ уақыт бойы бір қалыпты қайталанып отырады. Сондықтан олар адамның ерік күшін жақсы дамытады. Жаттығу кезінде жасалған қимылдар бір қалыптан өтіп, сол қалыпқа қайтадан келеді. Мұнда аяқ-қол, дене барлығы да бір қалыпты күнделікті өмірде кездесетін қимылдарды қайталайды. Мұнда табанның жермен жанасу уақыты аяқтың алға қарай сермелу уақытынан аз. Бір аяқ алға сермелген соң оның сол қимылын екінші аяқ қайталайды. Осы екі аралықты ұшу фазасы деп атайды.Сөйтіп жүгірудің бір циклі екі рет табанның жерге жанасу және екі рет ұшу фазасынан тұрады.
Жүгірудің қашықтығына байланысты оның әдісі мен қимылы да, оны пайдалану жиілігі де әрқилы.
60-400 м. Жүгіру қысқа; 800-2000 м. Орта; 3-10 км. Ұзақ; 20, 25, 30 км. Жүгірулер өте ұзақ қашақтық деп аталады; бұдан кейін бір сағат уақытта өтетін және – 42 км, 195 м.- марафондық қашықтық бар. Бұлардың барлығы да жайдақ жолмен жүгіру деп аталады.
Тәжірибеде жүгірудің басқа түрлері де кездеседі. Олар: 60, 100, 110 және 400 м.-кедергімен, 3000 м.- тосқауылмен жүгіру және ұзақтығы әртүрлі (5000м.-12 км) кросстар, 4×100, 4×400 м.
Эстафеталық жарыстар. Осы жүгіру түрлері мен қашықтықтырдың көбісі республика, Азия Ә.ч-ттарының, О.одың бағдарламасына енді, рекордтар тіркелді.Жабық, залдарда өтетін жарыстар айналатын жолдың көлеміне байланысты кейбір жағдайларда өзгеріп отырады.
Жеңіл атлетикадан сабақтар өткізу үшін жүгіретін жолдардың ені 1м 25 см-ден кем болмауы қажет, жолдардың аралығы 5см сызықпен (әдетте, ақ сызықпен) белгіленеді, сөренің алдында 3 – 5м бос жер, ал мәреден кейін 12-15м бос жер болуы қажет.
Білімгерлерді дене шынықтыруға тәрбиелеуде жүгіру жаттығуларының алатын орны зор. Жүгіру табиғи қолданбалы жаттығулар.
Жүгіру ішкі ағзаларға жүрек, өкпе, буындарға айтарлықтай күш түсіреді, зат алмасу жүйесінің қызметін күшейтеді. Жүгіру арқылы жылдамдық, төзімділік, қозғалыс үлесімділігі, қайсарлық, табандылық қасиеттері тәрбиеленеді. Жүгіру жаттығұларына үйрету барысында төмендегі міндеттерді шешу қажет: білімгерлерді дұрыс жүгіруге үйрету, ағзаға гигиеналық әсер етуші құрал ретінде қолдану.
Сабақта оқушыларға жеңіл жүгіру, жүруді жүгірумен ауыстыру, бірінің артынан бірі жүгіру, қарама-қарсы жүгіру, тұлғаны дұрыс ұстап жүгіру, қарапайым кедергілерден жүгіру, жоғары мәреден жүгіру, ырғақты дем алу үйретіледі.
Жүгіру жаттығуына үйрету барысында жеңіл атлетика ережесіне сәйкес «аяқты итеру», аяқты сермеу түсініктерін білуге үйрету. Жүгіруге үйрену кезіндегі жаттығудың міндеті қол мен аяқтардың жақсы үйлесімімен жеңіл, тез, еркін, ілгері қарай ұмтылған қозғалысты қалыптастыру болып табылады.
Жүгіру жаттығұларының дұрыс орындалуы техникасының негізі: жүгірушінің денесі сәл алға шығыңқы (денені тік ұстау немесе алға еңкею қолайсыз); бас пен дененің бір сызықтың бойында, иық көтерілмейді; итерілетін аяқ, аяқтың ұшына қойылады, итерілу кезінде толық түзіледі, сермейтін аяқ, тіземен бүгіліп, бөксе алға, жоғары көтеріледі; қолдың шынтағы (900-қа дейін) бүгіледі: аяқ пен қол қайшыланған әдісте бір екпінде қозғалады, саусақтар жартылай бүгілген (оң қол, сол қол).
Білімгерлермен жүгіру жаттығулары көбіне ойында қолданылады, өз еріктерімен іскерлік дағдылары жағдайында байланысты жүгіреді. Сондай-ақ, бірінше сынып оқушылары жүру мен жүгіруді әр түрлі қимылдар арқылы екпінді өзгертіп, жүгіру арқылы үйретіледі. Бірінші сынып оқушыларын жүгіруге үйррету барысында мұрын арқылы дем алуды қадағалау қажет. Ал жоғары бастауыш сынып оқушылары әр 2-3 адымда дем алуын, сондай-ақ, дем алумен дем шығару санлар үйлесімділігін тең келуі қажет.
Сабақта ырғақты жүгіруге көңіл бөлу қажет.Ырғақты жүгіруге үйрету барысында мұғалім сапты өзі бастап, жүгіру екпініне, ырғағына қажетті жағдайды ұстауды ұсынады.
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы – жүгіру. Жүгіру- жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолданады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.
Жүгірудің бірнеше түрі бар дедік. Бірақ әрқайсысының жүгіру тәсілі бар. Айталық, қысқа қашықтыққа жүгіру үшін аяқтың соншалықты адымдаудың қажеті жоқ. Жалпы жүгіру тек қана аяқтың алысына байланысты екенін білу керек. Ал ұзақ қашықтыққа жүгіргенде мүмкіндік болғанша, аяқты алшақтап адымдауға мүмкіндік туады. Себебі, үнемі алдыға қарай, яғни, қысқа қашықтыққа жүгіргендей еңкейіп отыруға болмайды. Міне, жүгірудің осындай өзіндік айырмашалағы бар.
Жүгірген кезде дененің салмақ түсеті нүктесі өзгеріп отырады. Оның себебі сол, адамның итерілетін аяғына байланысты болады. Егер де терілетін аяғы қаншалықты серпілсе, дененің салмақ түсетін нүктесі соншалықты өз мезгілінде өзгеріп отырады.
Адамның қолының қозғаласы, тек сол адамның салмақ түсетін нүктесіне байланысты қозғалып отырады.Міне, табиғи жағдайдағы қолдың қозғалысы да жүгіргенде үнемі жылдамдықты үдету үшін аса ерекше рөл атқарады. Жүгіріп бара жатқанда біреу қалып жоғары сермеуі мүмкін, енді біраз қолының қимылын иық деңгейінен асырмайды. Бұл деген, жүгірудің айлатәсілін меңгеруіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет