Қазақстан1 Республикасының ғылым және білім министрлігі


Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережесі



бет13/41
Дата13.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#82491
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41

Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережесі


Жеңіл атлетика сабағында жаттығуды орындау барысында жарақат алатын жағдайлар өте көп. Сондықтан студенттер сабақ үстінде және өз бетінше шұғылданған кезде осы көрсетілген ережені мұқият орындауға міндетті.

  1. Жүгіру кезінде тек өз жолыңмен жүгіруің керек, басқа жүгірушінің жолына өтіп кетуге болмайды.

  2. Стадиондағы арнаулы сызып қойылған жүгіру жолымен, орман-тоғай ішімен алыс қашықтыққа жүгірген кезде, қатарласа жүгіріп келе жатқан сыныптастарыңмен әңгімелесуге, оларға тым жақындауға болмайды.

  3. Биіктікке немесе ұзындыққа секіру тапсырмасы берілген кезде, аяқ киім бауының дұрыс байланғанын, секіруге арналған (секіріп түсетін) шұқырдағы ағаш ұнтағы т.б. жұмсартылғанын алдын ала тексеріп алу керек.

  4. Ұзындыққа немесе биіктікке секіруді өзінің алдындағы оқушы секіріп түсу шұқырынан толық шығып кеткеннен кейін бастау кажет.

  5. Допты немесе басқа да бір нәрсені лақтыруды оқушы лақтырған допты немесе басқа бір лақтыру құралын алаңнан алып кеткеннен кейін бастау керек.

Жеңіл атлетика сабақтарында мынадай қауіпсіздік ережелері сақталуы керек:

  1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резеңке аяқкиім кию керек.

  2. Қыста қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүруі қажет. Жүгіріп бара жатып кілт тоқтауға болмайды.

  3. Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік, т.б) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.

  4. Жүгіру секіру, лақтыру алаңдарын (секторларын) көлденең кесіп өтүге рұқсат етілмейді.

  5. Тырма мен күректі сабақ өтілетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі, т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) төмен қаратып қою керек.

  6. Спорт құралдарын лақтырғанда (гранат, диск, найза), серпігенде (ядро), лақтыру, серпу бағытында адамның болмауын қадағалап, бақылап алу қажет.

  7. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды қопсытып алу керек.

  8. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.

  9. Серпіген ядроны қағып алуға болмайды және серпіген кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.

  10. Жауын-шашынды күндері лақтыратын құрал жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану қажет.

Оқушыларға алаңды сағат тіліне қарама-қарсы айналып, бір бағытта жүгіруге рұқсат етіледі; ұзындыққа секіргенде, алдыңғы секіруші секіретін шұңқырдан кеткеннен кейін ғана келесі бала секіре алады; екпін алып биікке секіргенде, сол және оң жақтан екпін алып жүгіру кезегін сақтау қажет; допты және гранатты лақтырар уақытта, жаттығушыларды екі топқа бөліп, қарамақарсы тұрғызуға тіпті де болмайды, мұғалімнің пәрмені бойынша бір бағытқа лақтыруға болады, доптар мен гранаттады жинау пәрмен арқылы ғана жүзеге асырылады.
Салқындау ауа райы жағдайында (+ 15°-тан төмен болса) жеңілдеу жаттығу костюмін кию қажет болады. Кроссовка немесе кеды – жеңіл атлетика үшін ең ыңғайлы аяқкиімдер.

  1. Қысқа қашықтықта тек өз жолымен жүгіруі керек;

  2. Төменгі сөреден шыққанда басқаға тиіп кетпеу;

  3. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтап қалуға болмайды;

  4. Жалпы жеңіл атлетикамен шұғылданған кезде табаны

резеңке аяқ киім киіледі;

  1. Ұзындыққа, биктікке секіретін жердегі шұңқырдағы құмды немесе ағаш үгіндісін қопсытып алу;

  2. Спорт құралдарын (найза, диск, граната т.б.) лақтыру бағытында тұруға болмайды;

  3. Балғаны темір тормен қоршаған арнаулы орыннан ғана лақтырады. Темір тормен қоршалған сөре орны болмаса, болғаны лақтыруға болмайды;

  4. Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды. Ядроны лақтырған кезде оның жерге түсіп кетуінен сақтану керек;

  5. Сабақ жүріп жатқанда жүгіретін, секіретін, лақтыратын алаңдарды кесіп өтуге болмайды;

  6. Лақтыратын адамның оң жағында тұруға болмайды. Оның артында тұру керек. Спорт құралын рұқсатсыз алуға болмайды.

  7. Жауынды күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият құрғатып, сүртіп алып отыру керек;

  8. Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды;

  9. Сабақ барысында жаттығудың қандайы болсын тек мұғалімнің ғана нұсқауымен орындалады;

  10. Жарыс жолында бара жатқанда бір-біріне кедергі жасауға болмайды;

  11. Ұзақ қашықтыққа жүгіргенде жол бойында өзара сөйлесуге болмайды;

  12. Үстін басып секіру тақтайынан жүгіріп өтіп кеткен және секіруді орындай алмаған секірушінің бұл әрекеті қанағаттанғысыз деп есептеледі.

  13. Секіру ұзындығын өлшегенде секірушінің денесі (өкше, қол және т.б.) құмға із қалдырған жерге дейінгі қашықтық есепке алынады.

  14. Жарыс кезінде әрбір қатысушыға 3 секіру мүмкіндігі беріледі. Осы 3 секірудің ең жоғары көрсеткіші есепке алынады.

  1. Снарядтарды тек бір бағытқа, онда да мұғалімнің рұқсатымен лақтыруға болады.

  2. Сөреден жүгіріп шығу ережесін екі рет бұзған жүгіруші жарыс жолынан шығарылады.

  3. Снарядты қарама-қарсы (доп, найза, ядро, гранат. Диск)лақтыруға болмайды.

  4. Жүгіру жолында бәсекелестерге кедергі келтіруге болмайды.

  5. Жеңіл атлетикалық сабақтарда қауіпсіздік ережелерін сақтаңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет