Қазақстан1 Республикасының ғылым және білім министрлігі


Жүгіруде жылдамдық пен шыдамдылықтың қайсысы маңыздырақ



бет11/41
Дата13.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#82491
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Жүгіруде жылдамдық пен шыдамдылықтың қайсысы маңыздырақ
Әрбір білімгер бұл сұраққа жауап беру үшін, бәрінен бұрын өзіне қайсысы қызықты және маңызды екенін нақты түйсініп, неғұрлым ақырын, бірақ ұзақ жүгіруге немесе қысқа уақытқа жылдам жүгіруге өзін машықтандыруы тиіс.
Бағдарлама талаптарына сәйкес, жеңіл атлетика сабақтарында мұның екеуіне де жаттықтыруларды: алыс және қысқа қашықтыққа жүгіруді жеңіл игеру мүмкіндігі дамытылуы қажет. Мұнда жеңіл атлетика сабақтары нені үйретті, өткен тоғыз-он жылда бұл сабақтардан қандай пайда келтірілді деген сауал төңірегінде өзіндік әділ есеп, түйін болғаны жөн. Шынында да, жеңіл атлетиканың әр бір сабағы оқушылардың түрлі дене жаттығуларымен шұғылдануға, бұл жаттығуларды қатесіз, мүдірмей орындай білу құштарлығына баулиды. Егер осындай жете түсіну талпынысына қол жетсе не жалпы дамыту және арнаулы дамыту жаттығуларын қолдану жөнінде іске пайдалы өз тәжірибесі болса, онда төзімділікті де, шапшаңдықты да дамытуға бағытталған шешуші қадамдар жасауға болады. Демек, «Өзіңді өзін тани біл» деген философиялық нақыл осы оқиғаға арнап айтылғандай.
Жүгіру әзірлігінен өтіп, жүгіру мәнін жете игерген оқушы мұндай дайындық өзіне деген сенімділікті шындап, моральдық жағынан қанағаттандыра ма, болашақта қажет бола қоя ма деп те ойлануы мүмкін. Айталық, ол есейіп, өмірге араласқанда тұрақты әскери адам, геолог, кәсіпшілік немесе ауыл шаруашылығы қызметкері, мұнай өндіруші мамандығын қиналмай атқара алады. Мұндайда ойланып-толғану оқушының ынта-ықыласына, тәртібіне ықпал етіп, үйреншікті «дене тәрбиесі» сабақтарын және жалпы алғанда, ішінара жеңіл атлетикаға деген көзқарасын өзгертуіне мүмкіндік жасайды. Демек, «қалған бір-екі жылда сабақ кезінде және өз бетінше жүгірумен айналысып, олқылықтың орнын толтырамын» деген нақты шешімге келуіне түрткі болады.
Шыдамдылық – жүгіру дайындығының негізі. Жүгірудің тұрақты дағдысын қалыптастырамын деген кез келген адам ең алдымен төзімділік сияқты қасиетке жетуге ұмтылуы тиіс.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінде шыдамдылық мықты денсаулықтың негізгі екені ерекше атап көрсетілген. Өйткені ол жүректі нығайтуға, дем алу қызметін, қан айналысын жақсартуға, тез шаршамауға, мінездегі қажырлылық пен табандылықты арттыруға көмектеседі. Мұның бәрі ең алдымен шыдамдылықтың шымырлықты арттыруымен байланысты. Мыңжылдықтар барысында адамдардың тірі қалуы үзіліссіз, ұзақ мерзімді бұлшық ет жұмысын атқаруға лайықталған дене тәрбиесінің әсері болып табылады.
Адамның бірте-бірте дамуында оның жүйке және гормондық жүйелері, зат алмасу мен оттек алмасуы төзімділіктің туындауына бейімделген. Сондықтан ағзаның осы бір ежелден келе жатқан «әдетін» барынша қолдау, шыдамдылықты дамыту жөніндегі оның талабын қанағаттандыру қажет. Оқушы ағзасында төзімділіктің аз болуы жарамсыз жағдай, ертеңгі күні 20-25 жасқа келгенде оның орнын толтырамындеу ағаттық, ал одан әрі жасы ұлғайған шағында тіпті мүмкін емес. Жекелеген жасөспірімдер немесе жастар бойындағы мұндай олқылықтар оларды «әлжуаз адамдар» қатарына қосады.
Сайып келгенде, шыдамдылықты ширату үшін жақсы дене тәрбиесі дайындығы қажает. Ал мұндай даярлық нәтижесі көптеген себептерге: оқушының сабақтарында қаншалықты шын ниетімен «жұмыс істеуіне»; егер жаман атқарса, неліктен олай болғанын; мүмкін, дене тәрбиесі жағдайы нашарлығына, туғаннан әлжуаздығына немесе еріншектігіне, мүмкін, өткен жылдардың бәрінде сабаққа немқұрайлы қарағанына байланысты.
Жас адамға жақсы ақылшы – оның ішкі үні. Ол: «сабақтарға ынтамен кіріс, олқылықтардың орның толтыруға ұмтыл, жүгіруде шыдамдылыққа дағдылану үшін өз бетіңше жаттығу жасауға төсел» дейді. Осы үнге құлақ аса отырып, мұғаліммен ақылдасып, дене тәрбиесі даярлығын жақсатруға дайын екенінді түсінуің қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет