Қазақстан1 Республикасының ғылым және білім министрлігі



бет16/41
Дата13.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#82491
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41

Жүгіру


Білімгерлердің еркін, жеңіл жүгіруі аяқтың ұшымен орындалады. Алғашқыда жүгіру бір бағытта, кейіннен жанжаққа жүгіру ұсынылады.
I-II курс білімгерлермен жүгіруді жарыс топ, жұптасқан түрде өткізіледі. Жеңіске жеткен білімгерлер аңықталмайды.
III-IV курс білімгермен жылдам жүру өткізіледі. Бұл жүгіру түрлерін өткізу үшін жүгіретін жол 10-15 мәреден 3-4 бөлікке бөлінеді. Бірінші бөліктегі білімгерлер (топтағы 3-4 бала) жай, екінші-жылдам, үшінші-өте жылдам жүгіреді, содан кейін қайтадан жай жүгіреді, жай жүгіруді жылдам жүгіруге ауыстырады.
Білімгерлер жүгірудің негізгі техникасын дұрыс меңгергеннен кейін, жүруді жүгірумен алмастыра отырып, кедергілерден өту әдісі қарастырылады (үрленген доптар, секіртпелер, тіректерге байланған жіптер, т.с.с.). Алғашқы кезде кедергі бір түрде болса, бірте –бірте түрленеді.
Жоғары сөрені төмендегідей әдістер бойынша үйретеді: а) білімгер көрсетеді және түсіндіреді;
ә) жоғары сөреде жүгірудің жеке бөліктері, бөлшектерін
көрсетеді, түсіндіріледі;
б) бұйрық барысында қандай қалыпты ұстауы;
в) 2-3 білімгерге түсінгенін көрсетуі ұсынылады;
г) топтағы барлық білімгерлерге үйретіледі.
«Сөреге!» бұйрығы бойынша білімгерлер сөрелік сызықтың алдына тұрады; бір аяқ сызықта, екінші аяқ жарты адым артта, аяқтар бірінің артында бірі, «Көңіл аудару» бұйрығында денені алға сәл еңкейтіп бір қолы бүгілген, екінші қолы артта, аяқтар тізеден сәл бүгілген, бүкіл дене салмағы алда тұрған аяққа түседі. «Жүгіріндер» бұйрығында оқушылар жүгіре бастайды.
Жүгіру аяқтың ұшымен орындалады. Адам жылдамдыққа байланысты ұлғаяды.
Білімгерлерге бір қолға тіреліп сөреге тұру әдісі де үйретіледі. Бұл сөреде сол (оң) сөрелік сызықтан 20-25см қашықтыққа қойылған, оң аяқ (сол) бірінші аяқтың артына 20-25 см қашықтыққа аяқтың ұшымен қойылады. Бұйрық бойынша жүгіру басталады.

Сөре және мәре


«Сөре» дененіміз - жүгіру ұзақтығын есептеудің басталатын жері. Сөре ережесі бойынша жүріруші сөре сызығына келіп, өзін белгілі бір дайындық қалпына келтіріп, белгілі бір мерзімге тыныс алмастан қозғалыссыз тұра қалады да, «Жүгір» деген бұйрықты тағатсыз күтеді.
Жеңіл атлетикада сөренін қалыптың екі түрі бар: төменгі сөре қысқа қашықтыққа жүгіру үшін қолданылады. Жоғары сөре орташа және ұзақ қашықтыққа жүгірту үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет