345
Жеміс - жидек салмасын қабығы
аршылған езіндісіне қант,
сірне қосып қайнатып дайындайды. Оған шикізат ретінде жеміс-
жидектердің езіндісін, сульфидтелген жеміс- жидектер, пастерлен-
ген жəне қайнатылған жеміс езінділерін пайдалануға болады.
Алма езіндісі мен оның сульфидтенген
езіндісі ең көп тараған
шикізат. Онда жақсы жабысқақ қасиеттер беретін 1%-ға жақын пек-
тин болады.
Салмаларды оқтын-оқтын жұмыс істейтін ауасыз кеңістігі сыртта
орнатылған аппаратта қайнатып суалтады.
Дайын жеміс-жидекті салманың қайнау температурасы 80-85
0
С,
ылғалдылығы 16-19% болу керек. Қайнатып суалту ұзақтығы оқтын-
оқтын тəсілмен 20-45 мин. Орам түтікті
вакуумды аппараттарда сал-
маны 3-4 мин 115-118
0
С-та қайнатып суалтады. Жаңа пайда болған
редуцирленген заттар (қанттар) 30-40%-дан кем болмау керек.
Салманы қайнатқанда жүретін үдерістер:
• басы артық су буланады, суалады. Оның ылғалдылығы 19,5%-ға
дейін төмендейді;
• езіндіні сүрлегенде қолданылатын күкіртті
қышқылдан тазара-
ды. Салманың 1кг-да оның мөлшері 20мг аспау керек;
• пектин заттары ыдырайды. Соның арқасында салма жабысқақ
болып, 80-90
о
С-та сілікпе түрге көшеді;
• сахароза инвертті қантқа айналып,
салмада оның мөлшері
30-40%-ға жетеді. Сонда салма кристалданбайды;
• жоғары температурада зиянды микроорганизмдер жойылып,
салма бұзылмайтын түрге көшеді.
Достарыңызбен бөлісу: