Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Май–қант (салқындатқыш) салмасын



Pdf көрінісі
бет210/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Май–қант (салқындатқыш) салмасын қант ұнтағына кокос 
майын, арнайы дайындалған тəтті тағамдық май қосып дайындай-
ды. Оған аздап жалбыз майы мен жалбыз эссенциясын қосады. Олар 
ауызға салқындатқыш əсер етеді. Дайын салманың ылғалдығы 0,1-
0,5%, майдың мөлшері 29%-дан кем емес болу керек.
Бұлғанған салма. Жұмыртқаның ағын қант-сірне шырынына 
қосып бұлғайды. Ол үшін шырынның ылғалдығы 7-10% болу керек. 
Бұлғанған жұмыртқа ағына 80
0
С-тағы шырынды ақырыңдап қосып
қайтадан жақсылап араластырып бұлғайды да, дəмдік, хош иісті 
заттар, кейде жеміс-жидек тағамдарын қосады. Ылғалдығы 12-15% 
болу керек.
Карамель массасын қалыптауға дайындау
қалыптау жəне салқындату
Карамель массасын қалыптауға дайындау деп оны салқындату, 
бояу қосу, қышқылдандыру, хош иістендіру үдерістерін айтады. 
Егер мөлдір емес карамель шығару керек болса, оны жібек жіп 
сияқты талшықтар пайда болғанша созады. Осы үдерістердің бəрі 
механикаландырған немесе жартылай механикаландырған ағым 
желілерде жүргізіледі.
Карамель массасын суыту, қышқылдандыру, бояу жəне 


347
хош иістендіру. Ауасыз кеңістікті аппараттан шыққан карамель 
массасының температурасы 105-135°С арасында болады. Оны 
тез 90°С-ке дейін суыту керек, сонда ол қоюланып жабысқақтығы 
өсіп қалыптауға икемді болады. Оны механикаландырған тəсілде 
суытады. Ыстык карамель масса 18-20 кг-нан əр 1,5-2,5 минутта 
салқындатқыш машинаға келіп түсіп түрады.
Ол машинаның шұқырағынан, екі суық су құйылған 
барабандардың ортасынан өтеді. Онда карамельді масса жай-
маланады, суыйды. Содан соң карамель массасы көлбеу тақтаға 
түседі: оның бетіне тальк себілген. Онда карамель масса сырғанап, 
қосымша суыйды, орнатылған мөлшерлегіштер арқылы карамель 
массаға бояу, қышқыл жəне хош иісті эссенциялар құйылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет