Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Бұлғанған массасын дайындау



Pdf көрінісі
бет216/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   375
Бұлғанған массасын дайындау. Бұлғанған кəмпит массасын 
жұмыртқа т.б. көбіршіктендіргіш заттарды, содан кейін қант- сірне 
немесе агар шырынын қосып, жақсылап бұлғап жасайды. Сондықтан, 
олар көбіршік тəрізді болады. Олардың ішіне ауа толған ұсақ қант-
сірне-агар көбіршіктері көп пайда болып, оларды қопсытып тұрады. 
Бұлғанған массаны глазурленген кəмпит жасау үшін қолданады.
Бұлғанған кəмпит массаларын екі негізгі түрге бөлуге болады: 
суфле атты жеңіл жəне нуги атты ауыр бұлғанған массалар.
Жеңіл түріне «Стратосфера» атты жеміс қосылған, сүт қосылып 
бұлғанған шырыннан жасалған «Алтын балық» кəмпиттері жатады. 
Көбіршіктендіргіштер ретінде жұмыртқа ағын, жұмыртқа ұнтағын, 
мұздатылған ақуыз, сүт ақуызын пайдаланады. Егер жұмыртқа 
ақуызының ұнтағын пайдалану керек болса, онда оны алдын ала 
18-20
о
С –тағы суға: ақуыздың 1 бөлігіне 6 бөлік су қосып, бөрткенше 
ұстайды, содан соң 30-40 минут араластырып, ерітеді.
Егер көбіршіктендіргіш ретінде агар қолданылатын болса, онда 
агарды суға салып бөрттіріп, содан соң ыстық суға салып ерітеді.
Бұлардан басқа көбіршіктендіргіш заттар ретінде желатинді 
пайдалануға да болады.
Жеңіл бұлғанған массалар шығару үшін агар ерітіндісін сүзіп, 
қазанға құйып, оған қант, сірне қосады да, оның ылғалдығы 17-25%-ға 
дейін суалғанша қайнатады. Осы кезде бөлек, бұлғау машинасын-
да жұмыртқа ағын бұлғап, оның көлемі 2 есе өскен кезде, оған 60-
70
о
С дейін суытылған агар-қант-сірне шырынын қосып, қайтадан 
жақсылап түгел араласып болғанша бұлғайды. Ең ақыр аяғында 
дəмдік жəне хош иісті заттарды қосады да, кəмпитті қалыптайтын 
машинаға жібереді.
Ауыр бұлғанған массадан жасалған кəмпиттерге «Нуга», «Зо-
ологические» т.б. жатады. Оларды жасау үшін жұмыртқа ағын 
тік орнатылған бұлғау машинасына құйып бұлғап, оған 0,5 бөлігі 


355
сірнеден, 1 бөлігі қанттан тұратын шырынды қосып қайнатып, оған 
бал қосады. Температурасын 115-116
о
С-та ылғалдығы 12-13%-ға 
дейін суалғанша қайнатады.
Бұлғау машинасына алдымен шырынның 1/3 бөлігін құйып 
араластырып, қалған 2/3 бөлігін 120-122
о
С-қа дейін қайнатып, 
ылғалдығы 8-10%-ға дейін суалтып, қосады. Содан соң оны 10-15 
минут араластырып, оған қант ұнтағын, жүгері крахмалын, цукат, 
қуырылған жаңғақ сағын (кесектерін), ванилин қосады. Сонда қант 
ұнтағы мен крахмал көбіршіктердің ішіндегі бос кеуектерге толып, 
масса тығызданады, жəне крахмалды жоғары температурада клей-
стерге айналуының салдарынан жабысқақ қою массаға айналады. 
Ылғалдығы 70
о
С температурада 10-12%-ға тең болады.
Жеміс бұлғанған массасы. Бұлғау машинасында жұмыртқа ағын 
ылғалдылығы 15-17% агар-қант-сірне шырындарымен қосып, арала-
стырып, бұлғайды. Содан соң өрік немесе алқоры езіндісін қантпен 
ылғалдығы 20-25%-ға дейін төмендегенше қайнатып суалған жеміс 
массасымен араластырады. Содан соң рецептура бойынша дəмдік, 
хош иісті заттарды, қуырылған жаңғақ кесектерін, цукат, эссенция 
қосады. Дайын жеміс бұлғанған кəмпит массаның ылғалдығы 
18-20% болу керек.
Сүт бұлғанған массасы. Мұнда жеміс бұлғанған массаны дай-
ындап, оған сүт шырынын (сүт+қант) қосады. Сүт шырынының 
ылғалдығы 9-11% болу керек. Оның 1,2-1,3 бөлігіне 1 бөлік сүт 
бұлғанған массаны қосады. Оларды жақсылап араластырып дəмдік, 
хош иісті заттарды, қуырылған жаңғақ сынықтарын, шарап, эссен-
ция т.б. қосады. Дайын сүт бұлғанған кəмпит массаның ылғалдығы 
14-20% болу керек.
Осы массадан «Птичье молоко» кəмпитін шығарады. Оған агар 
шырынын, бұлғанған жұмыртқа ағын, қойылтылған сүт, сары май, 
дəмдік заттар қосылып шығарылады.
Осы бұлғанған заттардың , мысалы, суфленің тығыздығы 560-
580 кн/м
3
, ал бұлғанған сүт массасының тығыздығы 600-620 кн/м
3
болады.
Жаңғақ пралинді массасын дайындау. Жаңғақ массасын не-
месе пралине деп қуырылған ішкі дəніне қант пен май қосылған 
езіндісін айтады. Оның ең жақсы сорттарын тəтті бадамнан алады, 
ал қатардағы пралине сорттарын фундук пен кешью жемістерінен 
алады. Олардың ішінде жаңғақ пралинесі ең көп тараған.
Жаңғақ пралинесін жаңғақтың ішкі дəнін зауытта тазалап алады. 


356
Оған какао, кокос жəне асханалық май, қант ұнтағын қосады. Дəмін 
кіргізетін заттарының қатарына кепкен сүт, какао ұнтағы, кофе, 
жүгері жаншымалары, шарап жəне спирт жатады, ал хош иісті зат 
ретінде ванилинді қолданады.
Жаңғақ пралинесі шоколад массасына ұқсас. Онда 30-33% май, 
50-60% қант, 1-3% шамасында ылғал болады. Жаңғақ массасы 
(пралинесі) жаңғақтың ішкі дəні мен майдан тұратын болғандықтан, 
ол қою зат, ауа температурасында қатты немесе қою жартылай қатты 
затқа ұқсас болады. Егер оған бадам, фундук т.б. жаңғақтың сұйық 
майлары қосылса, ол шоколадтан да қою зат түрінде болады.
Жаңғақ массасын жасау үшін алдымен оны тазалайтын машинада 
тазалап, сорттап, аршып, қуырады. Қуырғанда оның дəмі жақсарады 
жəне біраз күңгірттенеді. Жаңғақты қуырғанда онда күрделі физика-
химиялық өзгерістер жүреді- суда еритін азотты заттардың жəне 
тиаминнің мөлшері азаяды, əсіресе жер жаңғақ жəне кешью май-
ларында глицириндердің глицерин мен май қышқылдарына дейін 
ыдырауына байланысты қышқылдық саны өзгереді, көптеген 
ұшқыш заттар ұшып шығып кетеді. Сонда оның құрғақ зат салмағы 
0,1-0,5%- ға дейін төмендейді.
Дəнектерді дөңгелек немесе цилиндрлі қуыратын аппараттарда 
қуырады. Қуыру температурасы цилиндрлі аппаратта 125-135
о
С, 
қуыру мерзімі 30-40 минут, ал дөңгелек аппараттарда – 150-160
о
С-да 
15-20 минут. Қуырылған дəнектердің ылғалдығы 1-3% шамасында 
болады. Содан соң оны 35-40
о
С- қа дейін араластырып біркелкі су-
ытады.
Кейінгі кезде толассыз қуыратын аппараттарында 150-160
о
С-ғы 
ыстық ауамен 50 минут кептіріп те дайындап жүр. Ол қуырудан 
гөрі жақсы нəтиже береді. Онда суда еритін ақуыздың мөлшері 
өсіп, глицеридтердің ыдырау мөлшері азаятындығы белгілі болған. 
Кептірілген дəнектердің ылғалдығы 1%-ға дейін кеуіп, содан соң су-
ытылады.
«Мишка косолапый» сияқты жоғарғы сортты кəмпит шығару 
үшін жаңғақ массасын электрлі немесе газ аппараттарында қант 
қосып қайта қуырады. Бірінші рет қуырудың мерзімі қысқарып, 
оның ылғалдығы 4-5% болу керек. Оған қосылатын қанттың 
мөлшері 1 бөлік қуырылған дəнекке: 2 бөліктік қатынаста бола-
ды. Қуыру температурасы 170-180
о
С. Қуырғанда қант балқып, ка-
рамельге айналады да, жаңғақ дəнінің сыртын жұқа қабат түрінде 
қаптап қалады. Осы қуыру қант түгел балқып біткенше созылады.


357
Өндірістерде осы жаңғақты қант қосып қуыру үдерісін толас-
сыз жүргізетін аппарат қойылған. Қуырылып суыған ішкі дəнді 
сегіз білікті немесе басқа да диірменде, түгелдей біркелкі затқа 
айналғанша тартып ұсатады. Үгітілген дəнектерді ішінде жыл-
тып араластырғыш қондырғысы бар ілегіш машинаға салып, қант 
ұнтағын, қосылатын майдың жартысын, дəмдік, хош иісті заттарды 
қосып араластырады (езеді).
Осы араластыруды меланжерде де жүргізуге болады. Онда оны 
30-40 минут араластырып езеді.
Араласқан массаны əр жұп біліктердің арасындағы саңылауы 
0,65мм диірменнен өткізеді. Оларда үш немесе бес жұп білік бола-
ды. Содан соң қалған майдың ¼ бөлігін қосады, доғалайды, қайтадан 
осы диірменнен өткізеді, ал онда саңылау тек 0,02-0,025 мм ғана бола-
ды. Осы қосылған майдың мөлшеріне қарай массаның құрылысы əр 
түрлі болады. Дайын пралиндік кəмпит массаларында ылғалдылығы 
2-3%, май 21-35% аралығында болады.
Қайнатылған жаңғақ массасын қант-сірне-сүт шырыны қосылған 
жаңғақты езіп дайындайды. Қант-сірне-сүт шырынының ылғалдығы 
10-12% болады. Оның құрамы жаңғақ езіндісінің 1 бөлігіне 
1,5-2,5 бөлік қант-сірне-сүт шырыны қосылады. Дайын қайнатылған 
жаңғақ кəмпит массасының ылғалдығы 10-15%, майдың мөлшері 
6-25% болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет