Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет21/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Тістерінің ылдилығы барлық жармалау жүйелерінде 6%, 
тек қана 
V жармалау жүйесінде – 8%, өткірлік бұрышы 110°, 
сүйір жəне доғал бұрыштарының қатынасы 45/65°, тістері - жо-
тасы жотасына қарсы орналасқан, айналу жылдамдықтары: IV, 
V ж.ж. - 1,5-ке дейін азайтылған. Осының бəрі қабыршықтарды 
аздап ұнтақтап, ұнның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 
Қырғылау жүйесінде жылдамдықтардың қатынасын 2,5 етіп 
қойған, тістері доғалы доғалына қарсы орналасқан. Бірінші 
үш ұнтақтау жүйесіне түсетін жоғары сапалы жармалар-
ды жақсы ұнтақтау үшін олардың жылдамдығы 8 м/с дейін 
көбейтілген. 4-6 ұ.ж. жылдамдықтарының қатынастары 1,5-ке 
дейін азайтылған. Барлық жармалау жүйелерінде сүйір бұрышы 
110°, бұрыштарының қатынасы 40/70°, тістерінің орналасуы - 
«Ө/Ө». Мұндай көрсеткіштер эндоспермді сапалы ұнтақтауға, ал 
қабыршақтарының аз ұнтақталуына көмектеседі.
Бірінші сұрып ұнды: II жармалау жүйесінен, III жармалау 
жүйесінен жəне 2,3-сұрыптау жүйелерінен алады, ал қалған 
жүйелерден екінші сұрып ұн алынады. Келтірілген тəсіл бойын-
ша 55%-дай 1-сұрып, 23%-дай 2-сұрып ұн алады. Жалпы пайыз 
мөлшерімен жармалау жүйесінен 22%, қырғылау жүйесінен 3-4%, 
ұнтақтау жүйесінен 42-43% ұн алыну керек.


40
1.11. Желді електі кеңінен қолданып көп сұрыпты ұн алу 
тəсілі
Бұл тəсіл диірмендерде кеңінен тараған: екі жəне үш сұрыптық 
ұн алуда кең қолданылып - жоғары, бірінші жəне екінші сұрыпты 
ұн тартылады. Бұл тəсілмен бір сұрыпты шығымы 72%-дық 
бірінші сұрып макарон ұны алынады. Басқа тəсілдерге қарағанда 
бұл тəсілмен алынатын ұн мөлшері 90% болады. Сапасы тұрақты 
дəннен шамамен мынадай ұндар алатын тəсілдер қолданылады: бір 
сұрыпты 72%-дық 1-сұрып ұн, шығымы 75 немесе 78%-дық екі-үш 
сұрыптық наубайханалық ұн, шығымы 72-75%-дық екі сұрыптық 
макарондық ұн алу, шығымы 75 немесе 78%-дық макарондық үш 
сұрыптық ұн алу тəсілі. Соңғы жылдары диірмендердің көбінде 
ұнның жалпы шығымы 78%-дан 75%-ға дейін азайтылған. Соңғы 
жүйелерден алынатын сапасы төмен ұн мөлшерін азайту арқылы
сапалы ұнның шығымы көбейтілген. Егер ұнның жалпы шығымы 


41
78% болса, оның 55%-дан көбі жоғары сұрыптар, ал шығымы 75% 
болса, оның 62%-дан көбі жоғары сұрыптар. Көп сұрыпты ұн алу 
тəсілінде желдік електерді көп қолданады. Бұл бағытта ұн алудың 
технологиялық кұрылымдық сызбасы көрсетілген.
Желді електі кеңінен қолданып, көп сұрыпты ұн тартудың 
құрылымдық сызбасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет