35
І жəне II жармалау жүйелері елеуішінің соңғы №32 капрон
електерінен сырғанап түскен, құрамы барлық түрлі жармалардан
тұратын өнімдер І ұнтақтау жүйесіне түседі, одан еленген жəне
ұнтақталған кебексіз ұн алынады. I жəне II жармалау жүйелерінен
70%-дай
жармашықтар мен ұн алынады, ал III жармалау жүйесіне
түсетін заттарда эндоспермнің мөлшері өте аз болады. Сондықтан
елеуіштен алынатын сырғыма өнімді бірден V жүйеге жіберуге бо-
лады.
3-ші ұнтақтау жүйесінің елеуішінен алынған сырғыма заттарды
III немесе IV жармалау жүйесіне қайтарады. Басқа жүйелерден алы-
натын сырғыма заттарды бір жүйеден келесі жүйеге түсіреді. Елен-
ген ұнды тексеретін елеуіштен алынған
сырғыма затты ұнтақталған
ұнды тексеретін елеуішке, ал одан алынған сырғыманы 3-ұнтақтау
жүйесіне жібереді. Еленген ұнды I, ІІ жармалау жəне І-ұнтақтау
жүйелердің елеуішінен алады. Өйткені бұл жүйелердің
заттары
таза эндоспермнен тұрады. Еленген ұнды алу үшін №46,49 капрон
електерін қолданады, ал тексеретін елеуіште №32 капрон елегін пай-
даланады. Ұнтақталған кебексіз ұнды №16,18 капрон електері ар-
кылы тексереді. 1.11-кестеде қара бидайдан
екі сұрыпты ұн тартуда
қолданылатын режимдер көрсетілген.
Еленген ұнның – 27,1% жармалау, 4,9%-ын ұнтақтау жүйелерінен
алады. Ұнтақталған кебексіз ұнның 32,5%-ын жармалау, ал 20,0%-
ын ұнтақтау жүйелерінен алады.
1.11-кесте. Қара бидайдан екі сұрыпты ұн тартуда қолданылатын режимдер
Аттары
Жармалау жүйелері
I
II
Тексеретін
електің нөмірі
08
08
Өндіру, % (жүйеге түскен
заттың мөлшеріне қарай)
40-50
50-60
Достарыңызбен бөлісу: