Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Бір сұрыпты 63%-дық еленген қара бидай ұнын алу



Pdf көрінісі
бет19/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   375
Бір сұрыпты 63%-дық еленген қара бидай ұнын алу 
Стандарт бойынша еленген қара бидай ұнының сапасына үлкен 
талап қойылуына байланысты, бұрынғы тəсілдерге қарағанда, 
технологиялық жүйелер едəуір жақсартылуы жəне оның ұлғайтылуы 
қажет. Əсіресе, ұнтақтау жүйесі едəуір өзгеріп, оның саны 6-7 дейін 
көбейтіледі. Бұдан басқа ең басты өзгеріс – жармалау жүйесінің ал-
дына арнаулы жаныштау жүйесінің енгізілуі. Бұл жүйеде беті тақыр 
біліктер қолданылады, олардың айналу жылдамдықтары бірдей 
-1:1, дəнді қысып, жапалақтау арқасында, дəннің қуысындағы шаң-
тозаңдар бөлініп шығып, ұнға қосылады. Сондықтан бұл жүйеден 
1% мөлшерінде жемдік ұнтақ алынады. Жемдік ұнтақтың күлділігі 
өте жоғары 3,5-4,0%-ға жетеді. Осы жүйені қолдану барысында алы-
натын ұнның сапасы едəуір жақсарады.


37
Жарма мен жармашықтарды еленген ұн алу тəсілі бойынша 
ұнтақтауға түскен дəннің мөлшеріне қарай 35-38% шамасында 
I – III жармалау жүйелерінен алады да, оның барлығы I ұнтақтау 
жүйесіне түседі. Ұнды барлық жүйелерінен алады. Еленген ұнның 
жармалау жəне ұнтақтау жүйелерінен алынатын мөлшері тең бола-
ды. Ұнтақтау режимі (08 електен өткені) I ұ.ж. 35-40%, II ұ.ж. 45-
55%, барлық ұнтақтау жүйелерінде 30-40% мөлшерінде болуы ке-
рек, ал соңғы ұнтақтау жүйесінің елеуішінен сырғып түскен ұнның 
мөлшері 3%-дан аспауы керек.
Жармалау жүйелеріндегі біліктердің тістері - 1 см-де 5-тен 9-ға 
дейін көбейтіледі. Тістерінің ылдилығы жармалау жүйесінде 6-12%-
ға дейін, ал ұнтақтау жүйесінде 10-12%-ға дейін өзгереді. Айналу 
жылдамдықтарының қатынасы: жармалау жүйесінде – 2,5, ұнтақтау 
жүйесінде - 1,5 болуы керек. Біліктердің тістеріне қарай орнала-
суы: жармалау жүйесінде – өткірі өткіріне қарсы (өт-өт), ұнтақтау 
жүйесінде - жотасы жотасына (ж./ж.) қарсы орналасады.
Бұрынғы БАҒЗИ-нің (Бүкілодақтық астықтану ғылыми-зерттеу 
институты) тексеруі бойынша, егер дəнді алдын ала қауыздаса 
жəне жармалау (жаныштау) жүйесін қолданса, онда еленген ұнның 
шығымын 63%-дан 72-74%-ға дейін көбейтуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет