Глоссарий Перловка жармасы – гүлді қабығынан босатылған, жақсы
ажарланған арпа ядросы.
Ұнтақталған арпа жармасы (Ячнелі жарма) – ұнтақталған
ядроның бөлшектері жатады. Олардың ірілігі, түрі əртүрлі болып
келеді
,
гүлді қабықтарынан түгелімен, ал тұқымдық қабықтарының
көбінен ажыратылған болады.
Сұлы ұны (толокно) – сұлы зауыттарында ылғалданған жəне
жоғары қысымда буланған сұлыдан ұнтақтау арқылы алынатын ұн.
Толық құнарлы құрама жем – малдың қоректік, минералдық жəне
биологиялық белсенді заттарға деген қажеттілігін толық қамтамасыз
ететін өнім. Тəуліктік жемді рацион мөлшерінде толық құнарлы
құрама жеммен құсты азықтандыруда оған қосымша басқа азық беру
қажет емес. Бұл құрама жемді негізінен құсқа арнап шығарады.
Құрама жем концентраты – протеин, минералды заттар мен
микроқосымшаны көп сақтайды, мал (құс) рационына қосымша
енгізіліп, оны толық құнарлы азықтандыруға арналған азық. Оған
ірі, шырынды азықтар жəне əртүрлі өндірістердің (қант қызылшасы,
сыра, спирт жəне т.б.) қалдықтары қосылады.
Ақуызды-витаминді қосымша (АВҚ) – қажетті дəрежеге дейін
ұнтақталған жоғары ақуызды жемдік азық пен микроқосымшалардың
біркелкі қоспасы. Ол құрама жем өндіру үшін қолданылады.
Премикс – биологиялық белсенді заттардан (антибиотик, вита-
миндер, микроэлементтер жəне т.б.) тұратын микроқосымшалар мен
толықтырғыштың біркелкі ұнтақталған қоспасы. Ол құрама жем не-
месе АВҚ байыту үшін қолданылады.
Нан – ашытқымен жəне сүт қышқылды бактериялармен
ашытылған қамырдан алынған піскен нан.
Газ түзілу қабілеті – белгілі мөлшердегі ұн, су, ашытқыдан
тұратын қамырдан белгілі уақытта ашыған кездегі бөлінетін
көмірқышқыл газының мөлшері.
Ұн күші – белгілі реологиялық қасиетке ие қамыр түзу қабілеті
Желімше – созылғыш, тырысқақ қасиет беретін ұн ақуызының
ішіндегі суда ерімейтін глиадин жəне глютенин.
Нан ауруы – белгілі микроорганизмдердің əсерінен жеуге жарам-
сыз болатын нанның өзгеруі