Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет77/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   375
2.12. Жүгері бадырағын өндіру
Жүгеріден бадырақ (жарылған жүгері) алудың сызбасы 
келтірілген. Бұл даяр, құрғақ тағамдарға жататын жоғары қысымда 
2.26-сурет. Жарылған жүгері жармасын шығару тəсілінің сызбасы: 1, 10 – 
иірлікті (шнекті) булағыштар; 2, 7, 14, 16 – қораптар; 3 – автоматты таразы-
лар; 4 – пісіргіш аппарат; 5 – таратушы тостақ; 6 – кептіргіш; 8 – бурат; 9 – 
сындырғыш; 11 – баданақтаушы станок; 12 – кептіргіш лента; 13 – елеуіш; 
15 – дəнді жаратын аппарат «Зеңбірек»; 19 – желсорғыш колонка. 


147
жарылған жүгері бадырағы Грузин комбинаты коллективінің тех-
нологиясы бойынша өндіріледі. Оның дəстүрлі технологиялық 
сызбадан айырмашылығы, тек қуыру аппаратының орнына 
жоғары қысымда жұмыс істейтін «Зеңбірек» деп аталатын аппарат 
қолданылады (2.26-сурет).
Қоспалардан тазаланған жүгері жармасын пісіру алдында 
қысымы 1,5 кг/см
3
бумен 2-3 мин аралығында иірлікті булағышта 
булап, ылғалдап, қорапта сақтайды. Қорапта жарма ісінеді, оның 
ылғалы 6-7%-ға өседі, яғни 21-23%-ға жетеді.
Осылай дайындалған жарманы 800 кг үлестік пісіргіш аппаратқа 
салады, жүгерінің түріне қарай 15-20% су қосып, 5 мин араласты-
рады. Аппаратқа қысымы 1,5 кг/см
3
бу жіберіп, жарманы 2 сағат 
бойы пісіреді. Ылғалдылығы 34-36% піскен жарманы суытып, 
кептіреді. Кепкен жарманың ылғалы барлық көлеміне жайылып, 
оның икемділігін жоғарылату үшін 6-8 сағаттай қорапта сақтайды. 
Кепкен жарманы буратта елеп, майда бөлшектерін бөліп алады. 
Пісіп, кептірілген жарманы қысып жапалақтау алдында, қосымша 
булап, икемділігін жоғарылатады.
Буланған, пісірілген жəне кептірілген жарманы жапалақтағыш 
станокта жапалақтайды. Білік аралығы 1,5-1,7 мм болуы қажет. 
Мұндай саңылауда жарма жұқа болып жапалақтанбайды, тек аздап 
қысылып жапалақшаға айналады. Оны 12-13% дейін кептіріп, 3 мм 
електе елейді де «Зеңбірекке» жаруға жібереді. Жарманы жаруға 
В-35М маркалы «Зеңбірек» аппараты қолданылады. Қосымша 
қыздырылып дайындалған аппараттың жұмыс камерасында 5 кг 
шамасында пісіп, кептірілген жарманы салып, аппаратты тығыздап 
жабады. Одан əрі 10-12 мин аралығында қыздырады. Аппараттың 
қысымы 7-9 кг/см
3
жетеді. Осы қысымды қыздыруды тоқтатып, 
аппараттың қақпағын автоматты қолданып тез ашады. Бұл жағдайда 
қысым тез төмендейді, жапалақтар жарылады, көлемі өседі.
Жұмыс камерасынан жапалақтар қабылдау қорабына түседі, 
одан транспортер арқылы сепараторға, магнитті аппаратқа жəне 
инспекциялық лентаға түседі. Инспекциялық лентада күйген, 
жарылмаған т.б. өнімдерді бөліп алады.
Бұл жапалақтарда, дəстүр бойынша алынатын жапалақтарға 
қарағанда, декстрин мөлшері 9-10%, суда еритін заттар 26-28% 
өседі. Олардың ылғалы 6%-дан аспауы керек.


148


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет