Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет73/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   375
2.21-сурет. Асбұршақты жарма 
алуға дайындау сызбасы: 1 – 
автоматты таразылар; 2 – желді 
електі сепаратор; 3 – магнитті 
сепаратор; 4 – бурат; 5 – булау-
шы аппарат; 6 – кептіргіш аппа-
рат; 7 – суытқыш аппарат. 


139
өзгеріп кетеді. Булаудың орнына асбұршақты 2,0-2,5%-ға дейін 
ылғалдап, 20-30 минут бөктіруге болады. Бірақ бұл жағдайда оның 
сапасы төмендеу болады. Ылғалданған немесе буланған асбұршақты 
14-15%-ға дейін кептіріп, суытып, қауыздауға жібереді. Буланған 
ас 
бұршақтың қабығы оңай алынады, тұтас жарманың шығымы 
көбейіп, жартылай немесе ұнтақталған дəннің мөлшері азайады.
2.9.2. Асбұршақтан жарма алу
Асбұршақты қауыздау алдында елеуіште елеп, ірі жəне уақ 
фракцияға бөледі. Бұл үшін саңылаулары 7,0-6,5-6,0 мм електерді 
қолданады. 7,0 мм електен сырғып түскендері ірі бөлшекке, саңылауы 
6,0 мм електе өткен майда бөлшекке жатады. Қалған екі сырғыманы 
(6,5-6,0 мм електер) ірі немесе майда бөлшектерге қосады (2.22-су-
рет). 
Əр фракцияларды АІ-ЗШН-3 машинасында жеке қауыздап, 
жеке ажарлайды. Тұтас асбұршақты екі жүйеде кезегімен өңдейді, 
ал жартылай асбұршақты жеке жүйеден өткізеді. Бірінші жүйеден 
өңделген өнімдерді елеуіште тұтас жəне жартылай асбұршақтарды, 
2.22-сурет. Асбұршақ 
дəнінен жарма алу сызбасы: 
1 – рассев; 2 – қауыздаушы-
ажарлаушы АІ-ЗШН-З ма-
шинасы; 3 – аспиратор; 4 – 
щеткалы машина; 5 – бурат; 
6 – магнитті сепаратор.


140
ұнтақтар мен ұнтақталған дəндерді бөліп алады. Тұтас ядроны жəне 
ірі бөлшектерді бөліп алу үшін 4,0х20 мм-лік, ал майдаларды 3,0х20 
мм електі қолданады. Осы електерден өтіп, 3,0 мм електен өтпей 
қалғандары жартылай асбұршаққа кетеді. 
Тұтас асбұршақтың ірі жəне майда бөлшектерін араластырмай, 
жеке желсорғыштан өткізіп, екінші қауыздау жүйесінде өңдеп, 
бірінші жүйенің елеуішіне қойылған електей елегі бар елеуіште 
сұрыптайды. 4,0х20 мм жəне 3,0х20 мм електердің сырғыма 
өнімдері (тұтас асбұршақ) желсорғыштан өтіп жылтырату жүйесіне 
түседі. Осы електерде өтіп 3,0 мм електен өтпеген жартылай 
асбұршақтарды (майда жəне ірі бөлшектер) бірінші жəне екінші 
қауыздау жүйелерінен алынғандарымен бірге қосып, желсорғышта 
желдетіп жылтырату жүйесінде өңдейді. Диаметрі 3,0 мм електен 
өткені қалдықтар, олар тексеруден өтеді, ал диаметрі 1,5 мм електен 
өтпегендері І жəне ІІ категориялы қалдықтарды құрайды, осы елек-
тен өткендерін ұнтаққа жібереді.
Жылтыратудың алдында, дəннің бетін жұмсарту үшін, оны аз-
дап булауға болады (будың қысымы 0,03-0,05 МПа). Жарманы 
жылтыратудың мақсаты – сыртында қалған қабығын бөліп алып, 
бетін біркелкілеп тегістеу.
Асбұршақтан өндірілетін жармалар шығымы 2.16-кестеде 
көрсетілген. 
2.16-кесте. Асбұршақ дəнінен алынатын дайын өнімдердің шығымы, %
Өнімдер Шығымы 
Өнімдер 
Шығымы 
Қауыздалған, жылтыра-
тылған тұтас асбұршақ
35,0
Қауыз
Майда асбұршақ
6,0
5,0
Қауыздалған, жылтыратыл-
ған жартылай асбұршақ
38,0
І жəне ІІ категориялы 
қаллдықтар
1,0
Барлық жарма:
73,0
ІІІ категориялы қалдық
0,5
Ұнтақ пен ұнтақталған 
жарма
10,5
Кебуі
4,0
Балығы 100,0


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет