Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Жылдам дайындалатын арпа жармасын алу



Pdf көрінісі
бет78/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

2.13. Жылдам дайындалатын арпа жармасын алу
Бұл үшін Перловка жармасының бірінші, екінші жəне үшінші 
нөмірлерін пайдаланады. Жарманы алдын ала елеу арқылы 
біркелкілігін қамтамасыз етеді. Жылдам дайындалатын жарманың 
технологиялық кезеңдеріне: ылғалдау, қорапта сақтау, булау, 
жапалақтау, елеу операциялары (65-сурет) кіреді.
Жуғышта жарманы жуып, ылғалын 25-28%-ға жеткізіп, 30 минут 
қорапта сақтайды. Жарманың икемділігін жоғарылату үшін оны будың 0,1 
МПа қысымында 1 мин булап, 30 минут қорапта сақтайды. Жапалақтаудың 
алдында жарманы 22-23-ке дейін кептіреді жəне суытады.
Жарманы жапалақтауға тісті немесе тіссіз білікті станок-
ты қолдануға болады. Тістің тығыздығы 10 тіс, ылдилығы 8%, 
жылдамдық қатынасы 1:1, білік аралығы 0,5:0,5 мм.
Дайын жарманы ленталы кептіргіште кептіреді, суытады, елейді: 
№1 жарманы елеу үшін, саңылауы 5,0 жəне 3,5 мм; №2 жарма үшін 
саңылауы 4,5 жəне 3,0 мм; №3 – 4,0 жəне 2-5 мм електерді қоладады. 
Жоғары електің сырғымасын жəне төменгі електен өткендерін ұн алуға 
пайдалануға болады. Жапырылған жарманың шығымы 52%-ға тең.
Жылдам дайындалатын жарма – бұл екі бетінде білік тістерінің 
ізі қалған, жапалақтанған, қалыңдығы 1,7 мм-ге дейінгі бөлшектер. 
Пісіру ұзақтығы ірілігіне қарай 5-15 минут.
2.14. Сұлы ұнын, сəбилерге арналған ұн жəне диеталық тағам 
өндіру технологиясы
Сұлы зауыттарында ылғалданған жəне жоғары қысымда буланған 
сұлыдан сұлы ұнын (толокно) алады. Одан басқа да қарақұмық
күріш жəне сұлы жармаларынан балаларға арналған жəне диеталық 
тағамдар жасауға арналған ұн шығаруға болады.
2.14.1. Сұлы ұнын (толокно) өндіру
Толокно – бұл сұлы ұны, оның күлділігі 2%-дан аспайды, ірілігі 
№27 електе қалғаны 2% (көп емес) жəне №38 електен өткені 60%-
дан кем болмауы керек.
Сұлы ұнын өндіру үшін қолданылатын операциялар: дəнді 
қоспалардан тазарту, ылғалдап-булау, жарма алу, жарманы ұнға 
ұнтақтау (2.27-сурет).


149
Сұлыдан қоспаларды бөліп алу үшін жарма алуға дайындаудағы 
əдістер қолданылады. Бірақ ылғалдап-булау бірнеше сатыдан 
тұрады. Алдымен дəнді 35
0
С-ке дейін жылытылған сумен арнайы 
ыдыста (резервуарда) ылғалын 30%-ға жеткенше 2 сағат бойы 
сақтайды. Одан кейін сұлыны пісіргіш аппаратта бумен өңдейді, 
будың қысымы 0,15-2,0 МПа, өңдеу ұзақтығы 1,5-2,0 сағат. Буланған 
сұлыны тік кептіргіште 5-6%-ға дейін кептіріп, суытады. Осындай 
терең ылғалдап – булаудың нəтижесінде сұлының ядросында суда 
еритін заттар – декстриндер мен қанттар 15%-ға, (буланбағанда 
7-8%) көбейеді. Олардың сіңімділігі өте жоғары болады, əсіресе, 
балаларға арналған тағамдар үшін маңызы зор. 
Кептіріліп суытылған дəнді ажарлағыш поставта өңдейді. 
Центрофугалды қолданып ұнтақ пен ұнтақталған (2,0 мм елек-
тен өткені) өнімдерді бөліп алады. Желсорғышты пайдала-
нып қауызын бөледі. Қауыздалған дəнді қауыздалмаған дəннен 
бөліп алу үшін жарма бөлгіш машинаға түсіреді. Қауыздалмаған 
дəнді қайта қауыздауға жібереді. Қауыздалған дəнді қосымша 
желсорғыштан өткізіп, ұнтақтағыш машинада ұнтақтайды. 
Жарманы ұнтақтау сызбасы екі ұнтақтау жəне ұнды тексеру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет