Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Құрама жем кəсіпорындары шығаратын өнімдердің жал-



Pdf көрінісі
бет82/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   375
3.2. Құрама жем кəсіпорындары шығаратын өнімдердің жал-
пы сипаттамасы
Мал азығында қолданылатын өнім жемдік азық деп аталады. 
Ауыл шаруашылығы малдарына арналған жемдік азықтарға 
өсімдік жəне минералтекті азықтар жатады. Сонымен қатар, мал 
рационына минералды заттар мен ынталандыратын қоспалар 


155
енгізіледі. Азық өзінің шығу тегі, консистенциясы мен қоректілігіне 
байланысты мына топтарға бөлінеді:
- ірі; 
- шырынды;
- жасыл; 
- құнарлы;
- минералды;
- басқа өндіріс қалдықтары.
Ірі азыққа пішен, сабан, топан, ағаш азықтары, ал шырындыға 
(қыстық) – сүрлем, пішендеме, тамыржемістілер, картоп, бақшалық 
дақылдар;
жасылға (жаздық шырынды) – шөптер, шөпті жəне 
жемісті дақылдар; 
құнарлыға – əртүрлі дəндік дақылдар, дəнді өңдеуде 
алынатын қалдықтар мен жанама өнімдер, тамақ өндірісінің əртүрлі 
саласының қалдықтары мен құрғақ жанама өнімдер; 
минералдыға 
 ас тұзы, бор, əктас жəне т.б. əртүрлі өндіріс қалдықтарына – қант 
қызылшасы, спирт, сыра жəне басқа өндірістердің жаңа қалдықтары 
(кептірілмеген) жатады. 
Азықтың қоректік заттарының қолданылуының ең көп тиімділі-
гіне малды азықтың кейбір түрі немесе біртекті азық қоспасымен 
емес, құрамалы жеммен азықтандыруда қол жеткізеді. 
Құрама жем дайындауда алуан шикізат түрлері қолданылады. 
Шикізат- құрама жем зауыттарында құрама жем құрауышын 
дайындауда қолданылатын жемдік азық.
Микроқосымшалар – бұл малдың өсуі мен өнімділігін ынталан-
дыратын биологиялық белсенді заттар: витаминдер (А
1, 
В
2
, РР жəне 
т.б.), микроэлементтер (кобальт, мыс, йод жəне т.б.), антибиотиктер
мен басқа да құрама жем құрамына ең аз мөлшерде (10мг-100г дейін 
1 т құрама жемде) кіретін заттар. 
Құрама жеммен азықтандырғанда мал, құс, терілі аң мен 
балықтың өнімділігі əжептəуір жоғарылайды, яғни ол малдан ең көп 
өсім, жұмыртқалайтын тауықтан ең көп жұмыртқа мөлшері алына-
ды, сүттің сапасы жақсарып, сауылатын сүт мөлшерін көбейтуге 
ықпал етеді. 
Кейбір зауыттарда құрама жемге енгізу үшін ақуызды-витаминді 
қосымша (АВҚ) мен премикс жасалынады. 
Ақуызды-витаминді қосымша (АВҚ) – қажетті дəрежеге дейін 
ұнтақталған жоғары ақуызды жемдік азық пен микроқосымшалар-
дың біркелкі қоспасы. Ол құрама жем өндіру үшін қолданылады. 
Премикс  биологиялық белсенді заттардан (антибиотик, вита-


156
миндер, микроэлементтер жəне т.б.) тұратын микроқосымшалар мен 
толықтырғыштың біркелкі ұнтақталған қоспасы. Ол құрама жем не-
месе ақуызды – витаминді қосымшаны байыту үшін қолданылады. 
Премикс толықтырғышы – микроқосымшалардың дұрыс тара-
луына қажетті орта ретінде қолданылып, премикстің құрама жемде 
араласуының ең жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ететін құрама жем 
құрауышы. Негізінен премикс толықтырғышы ретінде бидай кебегі 
көп қолданылады. 
Физикалық күйіне байланысты құрама жемнің келесі түрлері 
болады: шашыранды, түйіршіктелген, брикеттелген жəне галет 
күйінде.
Шашыранды құрама жем - біркелкі ұнтақталған өнім күйінде 
болады. Шашыранды құрама жем дайындағанда шикізатты 
бөтен қоспалардан тазалап, қауыздайды (қауызды дақылды) жəне 
ұнтақтайды. Осылай дайындалған құрауыштар мөлшерленіп, арала-
стырылады. 
Брикеттелген құрама жем – бұл биологиялық дұрыс пішіндегі 
жəне белгілі өлшемдегі тақта күйіндегі өнім. Мысалы, сегізбұрыш 
пішіндегі брикеттер, ұзындығы – 160-170 мм, ені – 70-80 мм, 
қалыңдығы (биіктігі) – 30-60 мм болады. Оны дайындау үшін 
ұнтақталған құрауыштардың қоспасын дайындайды, алынған су-
сымалы масса арнайы араластырғышқа түседі, оған бір мезгілде 
мөлшерленген меласса да түседі. Ұнтақталған құрауыштар мен ме-
лассадан тұратын қоспа сығымдағышта брикеттеледі. Кейбір бри-
кеттелген құрама жемге ұнтақталған пішен мен сабан қосылады.
Түйіршіктелген құрама жем – белгілі пішін мен өлшемдегі тығыз 
түйірлерден тұратын сусымалы масса. Əдетте: белгілі диаметр мен 
биіктіктегі кішкене цилиндр күйінде болады. Түйіршік жасау үшін
екі əдіс – құрғақ жəне сулы қолданылады. Түйіршіктелген құрама 
жем көбінесе тоған балықтары мен терілі аңдар үшін пайдалы. 
Түйіршіктелген жемді ұнтақтау арқылы тағы бір дайын өнім – 
құрама жем қиыршығын алады. Оны жас балапандарға, балықтарға 
арнап дайындайды. Түйіршіктелген жəне брикеттелген құрама жемдер 
тасымалдау, сақтау мен азықтандыруда қолайлы болып саналады.
Өзінің құрамы мен жемдік құндылығы бойынша құрама жем екі 
негізгі топқа: толық құнарлы құрама жем мен құрама жем концен-
тратына бөлінеді. 
Толық құнарлы құрама жем – малдың қоректік, минералдық жəне
биологиялық белсенді заттарға деген қажеттілігін толық қамтамасыз 


157
ететін өнім. Тəуліктік жемдік рацион мөлшерінде толық құнарлы 
құрама жеммен құсты азықтандыруда оған қосымша басқа азық беру 
қажет емес. Бұл құрама жемді негізінен құсқа арнап шығарады.
Құрама жем концентраты – протеин, минералды заттар мен 
микроқосымшаны көп сақтайды, мал (құс) рационына қосымша 
енгізіліп, оны толық құнарлы азықтандыруға арналған азық. Оған 
ірі, шырынды азықтар жəне əртүрлі өндірістердің (қант қызылшасы, 
сыра, спирт жəне т.б.) қалдықтары қосылады. 
Құрама жем концентраты да шашыранды, брикеттелген жəне 
түйіршіктелген түрде дайындалады. Оны негізінен ірі қара малға, 
шошқаға, қояндарға жəне басқа малдарға арнап шығарады.
Құрама жем өндірісінде ақуыздың тапшылығына байланысты 
карбамидті концентрат қолданылуда. 
Карбамидті концентрат – карбамид, ұнтақталған дəн мен 
бентониттің біркелкі қоспасын экструдерде өңдеу арқылы алынатын 
қиыршық күйіндегі өнім. Карбамидті концентратты күйісті малға 
арналған құрама жем, АВҚ жəне жем қоспасында қолданады.
Қазіргі уақытта құрама жем ауылшаруашылығы малдары мен 
құстарының барлық түрлеріне, терілі аңдар мен балықтарға, иттерге 
арнап шығарылуда. 
Ірі қара, жылқы, құс, қоян, тоғандық тұқы балықтарына арнап 
жəне сонымен қатар мал мен құстың жасы, қолданылу бағытын 
есепке алып құрама жемнің алуан түрлері шығарылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет