130
Құм-тас қоспаларынан тазаланған дəн алдын ала қауыздау
жүйелеріне түседі. Арпаның қабықтары қиын бөлініп алынатын
болғандықтан, оның байланысын бəсеңдету үшін, басқа тəсілдерді
қолданған жөн. Ондай тəсілдердің бірі – дəнді ылғалдау мен булау.
Бұл – дəнді будың 0,2 МПа қысымымен 3
минут аралықта булау,
содан кейін 13,0-14,5%-ға дейін кептіру. Осы тəсілді өнеркəсіпте
қолдану барысында жарманың шығым мөлшері жəне ірі жарма-
лар шығымы артады. Арпаны қауыздау алдында ылғалдау тəсілі
де жақсы нəтиже береді. ОТӨТИ-нің (Одесса тамақ өнеркəсібі
технологиялық өнеркəсібі) тəсілі бойынша дəнді қауыздау алдында
5-6%-ға дейін ылғалдап, 25-30 минут
бөктіріп арнаулы машинада
ақтайды. Бұл тəсілдің кемшілігі – алынатын қауыздың ылғалдығы
жоғары болуына байланысты кептіруді қажет етеді. БАҒЗИ-нің
(Бүкілодақтық астықтану ғылыми-зерттеу институты) тəсілі бойын-
ша дəнді бар болғаны 1,0-1,5% -ке ылғалдап, 8-10
минут бөктіріп
қауыздауға болады. Бұл жағдайда қабықтары көп ылғалданбайды,
кептіруді қажет етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: