Қазақстандық жол 2020 стратегиялық жоспары: «ЖАҢА Қазақстан» сериясы



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата02.01.2017
өлшемі11,45 Mb.
#1014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«ЖАҢА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ» 
БАҒДАРЛАМАСЫ — 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТАҢДАУЫ
1.2
Сергей Бирюков, 
саясаттанушы, 
Саяси ғылымдар академиясының академигі

«Ж
аңа  онжылдық  —  жаңа  экономикалық  өрлеу  —  Қазақстанның  жаңа 
мүмкіндіктері»  атты  Қазақстан  Халқына  Жолдауында  мәлімделген 
Президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  елді  индустрияландырудың 
жаңа  тұжырымдамалары  —  шын  мәнінде  стратегиялық  бастама. 
Бұл  модернизациялық  серпілістің  жүйелі  бағдарламасына  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
саяси  және  әлеуметтік-экономикалық  салалардағы  бұрынғы  бастамалары  негіз 
болған.  Мәселен,  2005-2009  жылдардағы  президенттік  Жолдауларда  Қазақстанның 
жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік өрлеуі, шикізат саласына ерекше назар 
аудара отырып инновациялық экономиканы құру, әлеуметтік саланы жаңғырту, кешенді 
саяси реформа және демократияландыру үрдістерін тереңдету, азаматтық қоғам инс-
титуттарын нығайту сияқты ұлттық даму міндеттері талай рет айтылған.
Қазақстан мұқият әзірленген «2020 Стратегиялық жоспарын» ұсынған ТМД елдерінің 
ішіндегі санаулы мемлекеттердің бірі. «Адам капиталы» сапасын көтеру үшін әлеуметтік 
салаға қарқынды инвестиция тартып, инфрақұрылымды дамыту және жедел индустрия- 
ландыру есебінен тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ететін дағдарыстан кейінгі 
даму басты мақсат болып табылады.
19

Осы  стратегиялық  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  Қазақстан  Үкіметі  арнайы  же-
дел  индустриалды-инновациялық  даму  мемлекеттік  бағдарламасын  және  әр  өңірдің 
ерекшеліктерін ескере отырып, елді индустрияландыру картасын әзірледі.
Негізінен, бұл құжаттарда Қазақстанның өз қолынан шыққан «өнеркәсіптік револю-
ция» және «индустриалдық ілгерілеу» бағдарламасы көрсетілген. Мәлімделген «индуст-
рияландыру стратегиясында» көрсетілген басты басымдықтар — оның жүйелілігі, бас-
ты эксперттік базаға негізделуі, нақтылық және бірізділік. Арзан танымалдылықты емес, 
конструкциялық жариялылық және қазақстандық қоғаммен түсінікті диалогты болжай-
ды. Бүгінде қазақстандықтарды қайта құруға «қатысуға» шақырып қана қоймай, сондай-
ақ, оларға модернизацияның басты субъектісі болуды ұсынады.
Ресейлік  сарапшылардың  пікірінше,  Президент  Назарбаев  мәлімдеген  Жолдау-
да  индустриалдық  модернизация  стратегиясы  Қазақстанның  бірқатар  маңызды 
мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Біріншіден, 1990 жылдардағы «деиндустрияландыру» үдерісінің салдарларын жою. 
Қазақстанды  индустриалдық  державаға  айналдыру  мақсатында  нақты  өнеркәсіптік  
саясатты іске асыру қажеттілігі — президенттік Жолдаудың басты мақсаттарының бірі. 
Осы жағдайда «жаңа индустрияландыру» экономиканың айтарлықтай экстенсивті өсуін 
болжап қана қоймайды, сонымен қатар дәл өнімділігі жоғары еңбектің инновациялық 
дамуына әрі қарай ұлттық экономиканың әртараптандырылуы мен барынша заманауи 
салалық құрылымдардың құрылуына әкеледі.
Екіншіден,  индустриалдық-инновациялық  дамуға  ауысу  Қазақстанға  жаһандық 
экономиканың түрлі әрекеттеріне жедел жауап беруге мүмкіндік береді және әлемдік 
нарықта  бәсекеге  қабілеттіліктерін  көтеруге  болады.  Президент  Назарбаев  атап 
өткендей, «Әлемдік дағдарыс жағдайында бізде индустрияландырудың баламасының 
жоқтығына  көз  жеткіздік.  Біз  мұнай,  газ,  металл  және  қазба  байлықтарға  үміт  артып 
отыра  алмаймыз».  Бұл  елдің  сапалы  жаңа  жоғарғы  технологиялық  экономикаға  өтуін 
білдіреді.
Үшіншіден,  елдің  өнеркәсіптік  әлеуетін  модернизациялау  нақты  аумақтардың 
мүмкіндіктерін  ескере  отырып  және  Қазақстан  өңірлері  арасындағы  экономикалық 
байланыстарды  нығайту  мақсатында  жоспарланған.  ҚР-ның  халқы  аз  қоныстанған 
және ұланғайыр даласы үшін бұл аумақтар арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму 
деңгейінің  үзілуін  реттеуге  және  өңірлік  кластерлерді  «өсу  нүктесіне»  айналдыруға 
арналған маңызды фактор.
Төртіншіден,  Н.Ә.Назарбаевтың  өз  Жолдауында  қойылған  міндеттердің  орын-
далуы  жаңа  сапалы  деңгейде  Қазақстанның  саяси  және  әлеуметтік-экономикалық 
мәселелерін шешуге көмектеседі. Немесе елдің бұдан әрі қарқынды дамуының басты 
факторлары ретінде «әлеуметтік капиталды» көтеруге бағытталған әлеуметтік саланың 
модернизациясы инновациялық дамудың басты элементтерінің бірі болады.
Бесіншіден, жарияланған «индустрияландыру жоспары» ХХІ ғасырдың сұранысына 
жауап бере алатындай заманауи жоғарғы технологиялық экономиканы құруға мүмкіндік 
береді. Бұл идеяны «Қазақстан-2030» ұлттық стратегиясына ҚР Президенті Нұрсұлтан 
Назарбаевтың өзі қалаған.
Өткен  кезеңдегі  экономикалық  саясаттың  оң  нәтижелеріне  сүйене  отырып,  бүгінгі 
20

Қазақстан  қайта  құру  мен  мұнай  бағасының  түбегейлі  төмендеуіне  дайын  болатын. 
Мәселен,  2008  жылы  республикадағы  ІЖӨ  2000  жылғымен  салыстырғанда  екі  есе-
ге өсті. 2009 жылы Қазақстан өсу қарқыны оң болатын аздаған елдердің тобына кіріп, 
экономикалық ілгерілеуді қайта жандандыруға қол жеткізді.
Және  соңғысы,  алтыншыдан,  «жаңа  индустрияландыруға»  алынған  бағыт 
Қазақстанның  бұрынғы  кеңестік  кеңістік  аясында  анағұрлым  сапалы  әрі  жаңа  негізде 
экономикалық  интеграция  үдерісіндегі  көшбасшылардың  біріне  айналуына  мүмкіндік 
береді.  Индустрияландыруға  шикізат  экономикасынан  жоғарғы  технологияға  бет 
бұрған көрші мемлекеттермен бірігу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Бұны ТМД-дағы 
интеграциялық үдеріс бастамашыларының бірі болған Қазақстан көшбасшысы жақсы 
түсінеді. 2010 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Ресей және Беларусиямен Кедендік одақ 
құру,  сондай-ақ,  2012  жылдың  1  қаңтарынан  құрылатын  үш  мемлекет  үшін  Бірыңғай 
экономикалық  кеңістік  елдің  әлеуметтік-экономикалық  модернизациясы  міндетімен 
астасып жатыр.
Президент  Назарбаев  жариялаған  «Жаңа  индустрияландыру»  стратегиясы 
Д.С. Львов және С.Ю. Глазьев сияқты көрнекті ресейлік экономистердің «технология-
лық  ілгерушілік»  саласындағы  жаңалықтарымен  рухани  тұрғыда  үндесіп  жатқанын 
мойындауға  тиіспіз.  Либералды-монетаристік  догматизмге  жақын  құрылымдық  ба-
лама  болып  табылатын  «Технократикалық  реформизм»  Ресейде  әзірге  қолдау  таба 
қойған жоқ. Алайда, көршілес әрі серіктес Қазақстанның бастамасы және олардың таң 
қаларлық жетістіктері Мәскеу назардан тыс қалдыра алмайтын үлгі болар. 
Мұнда бәрі 
де айдан анық. Өйткені, қазақстандық экономика дағдарыс салдарларын оңай 
еңсеріп келеді, ал Қазақстанның дағдарысқа қарсы бағдарламасы ТМД елдері 
арасындағы барынша жедел әрі толыққанды әзірленгені боп көрінеді.
Қазақстанның  жаңа  индустриалдық  стратегиясы,  сондай-ақ,  әлемнің 
алдыңғы қатардағы мемлекеттерінің экономикалық даму тұжырымдамаларын 
да есепке алады.
Жаһандық  дағдарыстың  салдарын  жеңуге  ұмтылған  қазіргі  заманғы  Еуропа 
Еуроодаққа мүше елдердің бірқатарын банкроттыққа ұшырата жаздаған «кеңселік эко-
номика» үлгісі мен «қызмет көрсету салаларын» таратудың орнына ұлттық өнеркәсіпті 
жандандыруға  кірісті.  Еуропалық  зерттеу  орталықтарындағы  бірқатар  ұзақ  мерзімді 
сынақ істері барысында осы бір трендтің маңыздылығына көз жеткіздім.
Бірқатар  еуропалық  елдердің  тәжірибелерін  мысалға  ала  отырып,  бір  ғана 
заңдылықтардың  ұлттық  ерекшеліктерге  байланысты  талай  өзгертілгенін  байқадық. 
Осы желі аясында дағдарыс кезеңінде билік басында қалған либералдар экономиканы 
басқарудың  дәстүрлі  либералдық  механизмдерін  пайдалану  мүмкін  еместігін  түсініп, 
біртіндеп «laisser-faire» ережелерінен бас тартып, дирижистік, корпоратившілік (мемле-
кет пен бизнестің белсенді бірлескен жұмыстарын шамалайтын) элементтерді енгізеді.
Германиядағы  Христиан-демократиялық  және  христиан-социалистік  одақтары 
блогының жалпы сайлауалды бағдарламасының өзегі болып экономикалық дағдарыс- 
пен  күрестің  қала  беруі  де  кездейсоқ  емес.  Мәселен,  соңғы  партиялық  форумдар-
дың  бірінде  федералдық  канцлер  Ангела  Меркель  отандастарының  алдында  «не- 
міс  экономикасының  дағдарысы  теңдессіз»  екендігін  және  нашарлаған  жаһандық 
21

экономикалық  конъюнктура  жағдайында  онымен  «дәстүрлі»  (яғни  либералдық-
монетаристік) күрес тәсілдерінің пайдасыз екендігін мойындады. Сондықтан да канц- 
лерин  ханымының  «әлеуметтік  бағдарлы  нарық  экономикасына  жаңа  старт  беру-
мен»  қатар  бір  мезгілде  мемлекеттік  реттеу  элементтері  мен  өнеркәсіптік  саясат-
ты  қарқындата  түсу  ниетіндегі  мәлімдемесі  Еуроодақтағы  әлеуметтік-экономикалық 
ахуалдың нашарлаған жағдайында дер кезінде жасалды.
Францияда  «неоголлист»  Николя  Саркози  бастапқы  кезде  супер-либералды 
бағдарламаны алға тартып, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қалпына келтіруге 
ұмтылған,  халыққа  соңғы  жолдауында  мемлекеттік  капитализм  (дирижизм)  және 
әлеуметтік протекционизм элементтерін пайдалану қажеттілігін мойындайды.
Өз  кезегінде,  Италияда  Сильвио  Берлускони  үкіметі  корпоративизм  және  атау-
лы  әлеуметтік  саясат  элементтері  бар  бағдарламасын  сәтті  іске  асырып  жатыр.  Дәл 
осындай саясат Еуроодақтың саяси және экономикалық локомативтері — еуропалық 
«алыптарға» ірі әлеуметтік шығындарсыз дағдарысты жеңіп, экономикалық өсу траек-
ториясына қайта оралуға мүмкіндік береді.
Бұл  жерде  бұрынғы  социалистік  ел  және  «экономикалық  салмағы»  бойынша 
анағұрлым  қарапайым  еуроодақтың  жаңа  мүшесінің  —  Польша  Республикасының  да 
жағдайын үлгі етуге болады. Экономистердің пікірінше, Польшаның ұлттық өнеркәсібінің 
60  пайызы  дағдарысқа  дейінгі  уақытта-ақ  ішкі  нарықты  басты  бағыт  етіп  алған,  бұл 
Варшаваның шығынға тап болуының алдын алды. Мәселен, жұмыссыздықтың өсуі және 
бюджет тапшылығы, Испания мен Грекия сияқты жаһандық нарыққа анағұрлым тәуелді 
Еуроодақ елдеріне тән болды.
Өз өндірістерін «дағдарыстағы» америкалық жүйеден гөрі ішкі нарыққа және ұлттық 
инфрақұрылымды  дамытуға  қайта  бағдарлап,  әлемдік  дағдарыс  ықпалын  төмендете 
білген,  сөйтіп  әлемді  таң  қалдырған  Қытай  елінің  үлгісін  айтып  өткім  келеді.  Бұл 
мысалдардың бәрі де, менің ойымша, «жаңа индустрияландыру» бағытын таңдап алған 
қазақстандық таңдаудың дұрыс екендігін растайды.
Ең  бастысы  өнеркәсіптік  дамуды  жоспарлаған  индустриалдық  саясаттың  кеңестік 
үлгісінің оң құраушы мәндерінен тұратын қазақстандық индустриалдық модернизация 
бағдарламасында Астананың ұмтылысы да дағдарыстан кейінгі әлемде анағұрлым пай-
далы болмақ. Назарбаевтың оппоненттері ҚР президентінің кеңестік оң тәжірибелерге 
бет бұрғанын жиі сынайды, бұның кез келгенін келешегі жоқ анархогизм деп атайды. 
Алайда бұл негізсіз және мүлдем әділетсіз сын!
Өйткені, бүкіл әлемге танымал француздық «дирижизм», оңтүстік кореялық индикативті 
«бес  жылдықтар»,  сондай-ақ,  Еуроодақтағы  перспективалық  көрсеткіштерді  жүйе- 
лі  жоспарлау  тәжірибесі  —  нарықтық  жүйе  жағдайында  да  заманауи  жоспарлау 
тәсілдерінің жат емес екендігін растайды. Бұл фактілер тағы да Президент Нұрсұлтан 
Назарбаевтың  таңдап  алған  стратегияларының  заңдылығын  және  Қазақстан  көш-
басшысының  даналығын  көрсетеді.  Алайда,  ең  бастысы,  маған  таяудағы  Жолдау-
да  айтылған  қайта  құрылудың  эволюциялық,  сапалы  амалы  әсер  етті.  Бұл  көптеген 
кеңестік мемлекеттердің басым бөлігіне тән қателіктердің алдын алатын Қазақстанның 
мемлекеттік  жетістігіне  жасалған  сенімді  де  көреген  жолы.  Ашығын  айтар  болсам, 
Қазақстан  бұрынғы  реформа  жылдарында  жоспарлы  және  тұрақты  эволюциялық  да- 
22

му  үшін  қажетті  базаның  бәрін  жасақтап  алған.  Дағдарысқа  дейінгі  қарқынды  эко-
номикалық өсу, инновацияны қабылдап, түрлендіре алатын белсенді кәсіпкерлік буын, 
әлемдік экономикаға сапалы интеграциялау және Ресеймен берік серіктестік қатынас — 
барша Қазақстан халқының игілігі үшін сәтті қайта құруға сенімді іргетас бола алады.
Реформаның қажетті жағдайларына негізделетін мемлекет пен қоғамның белсенді 
қарым-қатынасы  түптің  түбінде  тек  азаматтық  және  ұлтаралық  келісімге  қол  жеткізіп 
қана қоймайды. Бұл қазақстандық ұлттың жаңа сапасының күшеюіне әсер етеді. Бұл, 
ең бастысы, ҚР-ның әлемдік мәртебесінің және оның қазіргі заманғы әлемде бәсекеге 
қабілеттілігінің өсуі. ҚР Президентінің халыққа жаңа Жолдауы қазіргі заманғы Қазақстан 
үшін модернизациялық реформаның өте жоғары, бірақ орындалатын үлгісін ұсынды.
Жоғарыда айтып өткенімізді саралай келе, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты 
қоғамды дамудың жаңа сапалы деңгейіне алып шығатын қайта құрудың жүйелі 
жоспарын әзірлеп, жүзеге асыра алатын аз ғана мемлекеттік көшбасшылардың 
бірі  ретінде  сипаттауға  болады.  Бұл  Нұрсұлтан  Назарбаевты  Кемаль  Ататүрік, 
Шарль  де  Голль,  Дэн  Сяопин  және  У.К.  Кекконен  сияқты  ұлттық  реформатор-
лармен бір қатарға қояды. Президент Назарбаевтың саяси стиліне тән ескі мен 
жаңаның, ұлттық дәстүрлер мен әлемдік тәжірибенің, эволюциялық амалдар мен 
«технологиялық ілгерушіліктің» үйлесуі оның реформаторлық бастамаларының 
жетістікке жетуіне ықпал етеді.
Қазақстанның  жаңа  индустрияландыру  бағдарламасының  сапасын  онда  ресейлік 
биліктің  модернизациялау  бағытын  жаңғырта  түсетін  маңызды  ұстанымдардың  аз 
еместігін байқаған ресейлік сарапшылар өте жоғары бағалайды. Ресей экономикасының 
проблемалары  мен  модернизация  және  диверсификация  міндеттері  бойынша 
ұқсастығы екі мемлекеттің стратегиялық серіктестігін экономикалық салада өзара пай-
далы да табысты етпек. Ресей бүгінгі таңда бұрынғы кеңестік кеңістіктегі жүйелі — саяси, 
экономикалық және әлеуметтік модернизация эталоны болып саналатын қазақстандық 
озық тәжірибеден сабақ алады деп үміттенемін.
23

Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ 
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ 
БЕСЖЫЛДЫҚТАРЫ — 
НАҚТЫ ІСТЕР БАҒДАРЛАМАСЫ
1.3
Ярослав Бутаков, 
саясаттанушы

Қ
азақстан  Президентінің  2010  жылғы  қаңтар  айындағы  халыққа  Жолдауы 
алдағы онжылдықтағы ел дамуының басты бағыттарын Назарбаевша нақты әрі 
дәл көрсетіп қана қоймай, осы дамудың әр сала үшін қарқынын да айқындап 
берді.  Жоғары  мемлекеттік  биліктің  бағдарламалық  құжаттарымен  мұндай 
жұмыс стилі әлдеқашан дәстүрге айналған. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жол-
дауы  —  ресми  түрде  айтылған  ұран  сөздер  емес,  керісінше,  мұқият  ойластырылған, 
ғылыми негізделген нақты іс-әрекеттер жоспары. Н.Ә. Назарбаевтың алдыңғы жылда-
ры белгілеген межелердің, бұрынғы белестерінің алынғаны бұл жолғы міндеттердің де 
орындалатынына сендіре түседі.
Мәселен, Жолдауда Қазақстанның 2000 жылғы ІЖӨ-ін екі есеге өсіру жоспарының 
2008  жылы-ақ  орындалғанын  атап  өтеді.  2008  жылдың  соңынан  басталған  әлемдік 
қаржылық-экономикалық  дағдарыстан  өндірістердің  күйреуінің  алдын  алып  қана 
қоймай,  сондай-ақ,  экономикалық  дамудың  оң  қарқынын  сақтай  білген  аз  ғана 
елдердің ішінде Қазақстан да бар. Жаппай жұмыстан шығару жағдайында Қазақстанда 
25

жұмыссыздар санының өсуі де байқалмады. Керісінше, 2009 жылы қосымша 400 мың 
жұмыс орны ашылды.
Өткен жылы БҰҰ Қазақстанды алғаш рет адам әлеуетінің даму индексі жоғары елдер 
тізіміне енгізді. Бұдан басқа оны өмір сапасы деңгейі деп те атауға болады. Бұл көрсеткіш 
үш  белгі  бойынша  есептеледі:  адам  өмірінің  күтілген  орташа  ұзақтығы,  сауаттылық 
және  оқушылардың  жиынтық  үлесі,  сатып  алу  қабілетін  ескере  отырып  бағаланатын 
материалдық өмір сүру деңгейі. Қазақстан тек Орталық Азия бойынша көршілерін ғана 
емес, сондай-ақ, Кавказ елдері мен Украинаны да басып озды. Олардың барлығы да 
даму индексі орта немесе төмен елдер қатарына кірді. Қазақстан бұл көрсеткіші бойын-
ша, ресейліктердің пікірінше, Қытай, Тайланд, Мысыр, Тунис, ОАР, Үндістан сияқты да-
мушы елдердің де алдына шықты.
Президент  Жолдауында  бірінші  кезекте  экономика  тұр.  Бұл  таң  қаларлық  та  жайт 
емес.  Н.Ә.Назарбаевтың  басшылық  етуімен  жүзеге  асырылып  жатқан  Қазақстанның 
модернизациялау  стратегиясы  әу  бастан-ақ  экономикалық  қайта  құрулардың  сая-
си реформалардан басымдығына негізделіп құрылған. Күшті, бірақ әділ саяси биліктің 
болуы  —  жүргізілетін  жедел  модернизация  сәттілігінің  басты  кепілдерінің  бірі.  Бұған 
шығысазиялық «жолбарыстар»: Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия тәжірибелерінен 
көз жеткізуге болады.
Қазақстан  тәуелсіздігін  алғалы  бергі  жылдарда  экономикалық  даму  бойын-
ша  атқарылған  жұмыс  аз  емес.  КСРО  ыдырағанға  дейін  әрекет  еткен  және  бұрынғы 
кеңестік мемлекеттердің бәрінде дерлік орын алған экономикалық дағдарысқа байла-
нысты республиканың өнеркәсіптік деңгейі әлдеқашан бағындырылды. Алайда, бүгінде 
ол  жеткіліксіз.  Қазақстанның  алдында  Президенті  қойған  басты  міндет  тұр:  әлемнің 
бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену. Бұл міндетті орындауда мемлекеттің басқа 
да бастамалары қолға алынды.
Президент  Жолдауында  баяндалған  «2020  Стратегиялық  жоспары»  нақты  сандар-
мен  есептеу  арқылы  іске  асады.  Осы  шартта  Қазақстанның  алдағы  бес  жылға  нақты 
даму жоспары бар. Негізінен, бұл — жаңа жағдайда әлеуметтік-экономикалық дамудың 
бес жылдық жоспарының сыналған әдістерінің қайта жандануы.
Алғашқы  кеңестік  бес  жылдықтар  аграрлық-индустриалдық  елдің  әлемнің 
жетекші  өнеркәсіптік  және  ғылыми-техникалық  алпауытына  айналуында  басты  тари-
хи  рөл  атқарған.  Бұл  кезеңде  стратегиялық  жоспарлау  әдісі  мемлекеттің  директивті 
бағыттаушы  және  таратушы  қызметіне  сүйенеді.  Қазіргі  жағдайда  кез  келген  ұлттық 
мемлекет КСРО сияқты жаппай өкілеттікке ие емес. Алайда Қазақстандағы заманауи 
мемлекет  —  экономиканың  либералды  үлгісін  қарапайым  түсінген  апологет  арманы 
емес, қауқарсыз «түнгі күзетші» де емес. ҚР мемлекеттік билігінде экономиканы бүкіл 
қоғам мүддесінің дамуына бағыттай білетін тиімді тетік жеткілікті.
Тек  күшті  әрі  тиімді  президенттік  билік  институтымен  ғана  емес,  сондай-ақ,  осы 
лауазымдағы  Тұңғыш  Президент  Н.Ә.  Назарбаевтың  бірегей  тарихи  тұлғасымен 
бекітілген  мемлекетке  Қазақстандағы  экономикалық  қайта  құрудағы  шешуші  рөл 
26

тиесілі.  Бұл  әсіресе,  ТМД  кеңістігіндегі  елдер,  айталық,  Ресеймен  салыстыру  кезінде 
байқалады. РФ-да экономиканың дамуындағы стратегиялық жоспарлау мүмкіндіктері 
тым шектеулі. Бұл экономикалық реформаның жоғарғы құндылығы ретінде монетаристік 
тұжырымдама  —  «максималды  нарықтық  бәсекелестік  еркіндігі»  жарияланған  1990 
жылдардың  мұрасы.  Корпоративті  бизнестің  мүдделері  көп  жағдайда  қарапайым 
адамның және жалпы елдің мүдделеріне қайшы келетін өзіндік мәнге айналды.
Мәселен,  екі  елдің  агроөнеркәсіптік  кешенін  салыстырып  көрелік.  Нұрсұлтан  На-
зарбаев  Қазақстан  халқына  кезекті  он  төртінші  Жолдауын  жолдаған  уақытта,  Ресей 
Президенті  Дмитрий  Медведев  РФ  Азық-түлік  қауіпсіздігі  доктринасына  қол  қойды. 
Оған  сәйкес,  Ресей  2020  жылға  дейін  азық-түлік  импортынан  тәуелсіздіктің  жоғарғы 
деңгейіне жетіп, орта есеппен 80 пайызға азық-түлікпен қамтамасыз етуге жетуі тиіс. 
Ал бұндай көрсеткішке Қазақстан 2014 жылы-ақ жетуді көздеп отыр.
Бар мәселе мынада, Ресейде жеке компаниялардың басым бөлігі ішкі нарықта им-
порттаушы өнімдерді көп ретте қайта сатумен айналысады. Азық-түліктің ішкі сатылым-
дарын  бірден  шектеу  осы  компаниялардың  беделді  лоббистерінің  мүдделеріне  ауыр 
тиеді. Осылайша, стратегиялық жағынан маңызды азық-түлік саласындағы жеке биз-
нес тұтастай елдің дамуына кедергі келтіреді. Алайда бекітілген жүйені Ресей мемлекеті 
бірден  өзгертуден  қауіптеніп  отыр,  оның  үстіне,  билікте  отырған  элитаның  бір  бөлігі 
бұған аса мүдделі де емес.
2010  жылғы  1  қаңтарда  өз  жұмысын  ресми  бастаған  Белоруссия,  Қазақстан  және 
Ресейдің  Кеден  Одағының  нақты  жұмыстарын  құру  үдерісінде  қазіргі  заманғы  Ресей 
мемлекетінің  шектеулі  мүмкіндіктерінің  позитивті  әсер  етуі  айқын  көрінді.  Келісілген 
шешімдерді  іске  асыруда  Одақ  аясында  алған  міндеттерді  орындауда  Ресейге 
бұрынғыдай беделді мұнай газ корпорациясының өзімшілдігі кедергі келтірді, бұл, атап 
айтқанда, Қазақстанға ақпанда мұнай жеткізуде болған олқылықтардан көрінді.
Ресеймен  салыстырғанда,  Қазақстандағы  мемлекет  —  экономикалық  үдерістерді 
сырттан  бақылаушы  емес,  бәсекелес  топтардың  үйлестірушісі  де  емес,  керісінше, 
ықпалды, тіпті, экономикалық қатынастардың басты субъектісі. Көрші мемлекеттерде 
орын алған 1991 жылы бастапқы кеңестік базадан үлгі алатын екі экономикалық үлгінің 
түбегейлі айырмашылығы осында жатыр. Меншік формасы қатынастары және олардың 
экономикалық үдерістегі рөлі жөнінде ескіні пайдаланып, бірақ әдеттегі терминдермен 
айтар болсақ, Қазақстан — мемлекеттік-жеке капитализм елі, ал Ресей жеке меншік-
мемлекеттік. Алайда, бұл мәселенің бір жағы ғана.
Келесі, әрі бұдан да маңызды жағы: Қазақстандағы барлық іске асып жатқан қайта 
жаңғыртулардың  басты  мақсаты  —  қатардағы  қазақстандық,  қарапайым  адамның 
игілігі.  Дәл  осы  тезисті  Президент  Н.Ә.  Назарбаев  халыққа  Жолдауында  ерек-
ше  атап  өтеді.  Қандай  жағдай  болмасын,  бірінші  кезекте  адам  тұрады,  сондықтан  да 
«бизнес  мүдделері»  немесе  «нарықтық  тиімділік»  сияқты  түсініктер  өкінішке  қарай, 
бұрынғы  кеңестік  мемлекеттерде  жиі  кездеседі.  Қазақстанда  жалпы  қоғам  мүддесін 
қамтамасыз  етуге  бағытталған  ынтымақшыл  экономикалық  жүйе  қалыптасып  келеді. 
27

Меншіктің кез келген формасындағы ең басты мақсат — халықтың игілігіне арналатын 
әділетті гуманистік қоғам. Онда қоғамдық бүтін жекеден жоғары тұрады. Қазақстанның 
Конституциясының 6-бабында «Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар, 
қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс» деп бекер айтылмаған.
Қазіргі заманғы дағдарыстан кейінгі әлемдегі мемлекеттің арта түсетін рөлі Прези-
дент Жолдауында толық ескерілген. Ол, атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдар-
ды «іс барысында бизнесті дамыту бойынша аумақтық корпорация болуға» бағыттайды. 
Жолдауда  көрсетілген  ауқымды  қайта  жаңаруларды  орындау  бәсекелесетін  немесе  
түзетуші  ретінде  ғана  емес,  сондай-ақ,  экономиканың  реттеуші  субъектісі  ретінде 
мемлекеттің белсенді қатысуымен мүмкін болмақ.
Қазақстанның жаңа тарихи жетістіктері нақтырақ айтқанда, «жаңа экономикалық сая- 
сат»  жолында  КСРО-ның  1920  жылдардың  аяғындағы  сәтті  модернизациясы  арқылы 
қол жеткізген жетістігіне келеді. Тарихшы ретінде айтайын, бұл салыстырулар екі түрлі 
басты себеппен шығарылды.
Біріншісі  —  Қазақстандағы  кеңестік  мұраны  жаңаша  индустрияландырудың 
бұлтартпас қажеттілігі. Естеріңізге сала кетейін, 1920 жылдардағы жаңа экономикалық 
саясат  ұзаққа  созылған  азаматтық  соғыстан  кейінгі  экономикалық  күйзелістің  сал-
дарларын  жоюға  және  ауыл  шаруашылығын  қалпына  келтіруге,  сондай-ақ,  кейінгі 
индустриалдық серпіліс үшін жағдай жасауға бағытталған болатын. Ол жылдары жаңа 
экономикалық саясатты қалжыңға сүйеп, «үстірт тәртіп орнату» деп бекер айтпаған.
Ал енді тағы да бір басқа тарихи ұқсастық. 1990 жылдары КСРО-ның ыдырауы жеке 
мүмкіндіктеріне байланысты әрбір жаңа тәуелсіз мемлекет өз алдына дербес күрескен 
жаңа  «күйреулерді»  тудырды.  Қазақстан  өз  тәуелсіздігін  алған  алғашқы  жылдары  бұл 
қиындықтан сәтті өте білді. Енді, Республиканың алдында реттелетін нарық аясында әрі 
қарай  даму  міндеті  тұр.  Яғни,  шешілетін  міндет  жүйелілігі,  зерттеушілердің  пікірінше, 
жаңа  экономикалық  саясатты  ықшамдауға  дейінгі  КСРО-да  болған  үлгіге  жақын. 
Естеріңізге  сала  кетейін,  КСРО-ның  бесжылдық  жоспарының  бірінші  нұсқасы  (1928) 
нарықтық қатынастарды және жекеменшікті толық жоюды қарастырмаған. Индустрия- 
ландыру  жолындағы  қайта  жаңару  бастапқыда  көпғұрыпты  экономиканың  анағұрлым 
тиімді форматынан көрінген.
Екіншісі — 1990 жылдардағы «күйзелістен» кейінгі сәтті экономикалық қайта құруларда 
жинақталған  тәжірибелер  бұрынғы  кеңестік  экономикалық  жоспарлау  тәжірибесімен 
байланыстырылды. Тек Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ, бұрынғы кеңестік мем-
лекеттер үшін де болашақ дағдарыстан кейінгі өсу кезеңінде біздің жадымызда тарих 
оқулығы арқылы қалған «индустрияландыру бесжылдықтары» өзекті мысалдар болмақ. 
Өйткені, «нарыққа өту» түрінде ұзақ әрі ауқымды деиндустрияланудан өткен бұрынғы 
КСРО үшін қалыптасқан экономикалық мешеулікті жеңу аса маңызды еді. Тоқсаныншы 
жылдардағы  экономикалық  деңгейді  қалпына  келтіру  жеткіліксіз.  Бір  орында  тоқтап 
тұруға болмайды. Міндетті түрде жеделдетілген қарқынмен инновациялық экономика 
жағдайына бейімделе түсу, әрі қарай қозғалу қажет.
28

Осы жағдайларда бір кездері КСРО-ны ілгері дамумен қамтамасыз еткен, тиімділігі 
жағынан  бірегей,  қазіргі  жағдайға  лайықталып  түзетілген  жоспарлау  әдістемесі 
қайтадан өзекті болып келеді. Қазақстан Президенті бір мезгілде екі бірдей «серпінділік 
бесжылдығын»  немесе  «индустрияландыру  бесжылдығын»  жүзеге  асыруды  басты 
мақсат етіп қойды.
Қазақстан  Президенті,  ойларының  осыншалық  ауқымды  болғанына  қарамастан, 
сөзсіз  саяси  прагматик  —  ол  өмірге  тура  қарайтын  адам.  Әсіресе,  бұны  «2020  — 
Стратегиялық  жоспары»  бағдарламасында  индустрияландыруды  баса  атап  көрсет-
кенінен  байқай  аламыз.  Нұрсұлтан  Назарбаев  батыстық  БАҚ-та  дабыра  ғып  айтып 
жүрген,  алайда,  оның  қалай  болатыны,  қаншалықты  жүзеге  асатынын  ешкім  де  біле 
бермейтін, ешкім де түсініп те болмайтын «индустрияландырудан кейінгі қоғам» секілді 
орындалмас  арманға  бас  қатырмайды.  Нұрсұлтан  Назарбаев  ғылыми-технологиялық 
прогрестің жеке алынған бір бағытының өз еліне барлық мәселелерді шешіп, әлемдік 
көшбасшылармен  терезе  теңестіруге  көмектеседі  дегендей  фантастикалық  серпіліс 
сияқты жалған қиялға да бой алдырмайды. Оның жобалары барынша прагматикалық 
болып келеді, үнемі табысты болуының сыры да осында жатыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет